Известные имена

Ағзамов М. С.

Ағзамов М. С.

Ағзамов Мұхамедолла Сағидоллаұлыхалықаралық дәрежедегі спорт шебері және армрестлинг пен гір спорты бойынша халықаралық деңгейдегі төреші. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері, Қазақстан армрестлинг және гір спорты федерациясының құрметті президенті, Азия армрестлинг федерациясының (AAF) құрметті президенті, Дүниежүзілік армрестлинг федерациясының құрметті вице-президенті.

1951 жылы 2 желтоқсанда Көкпекті ауданы Өрнек ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Үлгілі Малшы ауылындағы Абай атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірген. Еңбек жолын совхозда тракторшы болып бастады, содан кейін Қызыл Ту орденімен марапатталған Қазақ ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) механизация факультетіне түседі.

1972-1975 жылдары Өскемен ауыл шаруашылығы техникумында әдіскер, сырттай бөлім меңгерушісі және комсомол ұйымының хатшысы болып жұмыс істейді.

1972-1975 жылдары Өскемен ауыл шаруашылығы техникумында оқытушы болып жұмыс істеді.

1975-1978 жылдары Үлбі металлургия зауытында слесарь болған.

1978 жылы Ұлан ауданының «Передовой» совхозында бас инженер, 1992-1997 жылдары совхоз директоры қызметін атқарды.

1997-2007 жылдары «Колос» шаруа қожалығын ұйымдастырып, оны басқарды. 2007 жылдан бастап Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институтының директоры болды және ғылыми қызметпен айналысты. Қазіргі уақытта «Колос» ШҚ басқарады.

Мұхамедолла Сағидоллаұлытехника ғылымдарының кандидаты, философия докторы. 27 ғылыми жарияланымның авторы және 6 авторлық куәліктің иегері. Алматыдағы Қазақ аграрлық университетінің құрметті профессоры және Шығыс Қазақстан өңірлік университетінің профессоры.

«КСРО ауыл шаруашылығындағы Үздік инженерлік-техникалық қызметкер» Бүкілодақтық байқауының жеңімпазы. Еңбегі үшін «Тыңға 50 жыл» және «Тәуелсіздікке 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Жеті дүркін Азия чемпионы және армрестлингтен әлем чемпионы, Әлем чемпионаттарының жүлдегері. «Спортты дамытудағы еңбегі үшін» медалімен марапатталған (Моңғолия).

Сондай-ақ армрестлингтен 5 дүркін Азия чемпионы, халықаралық санаттағы төреші, гір спорты және армрестлинг федерациясының Құрметті Президенті, Дүниежүзілік армрестлинг федерациясының Вице президенті, гір спорты бойынша Шығыс Қазақстан облысының 9 дүркін чемпионы.

V сайланған Ұлан аудандық мәслихатының XXIV сессиясының 21.04.2014 ж. № 185 шешімімен «Ұлан ауданының Құрметті азаматы» атағы беріледі.

М. С. Ағзамовтың мерзімді басылымда мақалалары
Публикации Агзамова М. С. в периодических изданиях

 

Ағзамов М.С. Әлем чемпионаты Өскеменде өтеді: [Кіртасы спорты мен армрестлингтен Қазақстан Федерациясының резиденті...сұхбат.Сұхбаттасқан О.Елубай] / Ағзамов М.С. // Егемен Қазақстан. - 1994. - 27 шілде. - Б.
Ағзамов М.С. Білектілер бізде бәсекелеседі: [Өскемен қ. "Динамо" спорт комплексінде гир көтеру бойынша өтетін халықаралық жарыс туралы...әңгіме.Әңгімелескен Қ.Сапарғалиев] / Ағзамов М.С. // Дидар. - 1994. - 1 қазан. - Б.
Ағзамов М.С. "Айыртау" ұжымында: ["Айыртау" акционерлік қоғамының("Передовой" совхозы) бүгінгі тыныс-тіршілігінен] / Ағзамов М.С. // Дидар. - 1994. - 13 қазан. - Б.
Ағзамов, Мұхамедолла. Түрлі марапаттарға ие болдым: [М.Ағзамов туралы] / М Ағзамов. // Ұлан таңы. - 2015. - 1 қаңтар. - Б. 2
Ағзамов, Мұхамедолла. Қартайса да қайраты қайтпаған : [Көкпектілік Мұхамедолла Ағзамов қол күрестен әлемді бағындырды] / М. Ағзамов. - Мәтін // Менің өлкем. - 2022. - 25 тамыз. - Б. 5.

 

М. С. Ағзамовтың өмірі туралы әдебиеттер
Литература о жизни Агзамова М. С.
Кітаптар - Книги

 

Қасымұлы А. Арулар әлемі / Қасымұлы А. - Усть-Каменогорск: Шығыс баспа, 2000. - 121 б.
Елубай О. Аялайық Алтайды: (Деректі әңгіме, жолжазба, очерк,толғау, мақалалар) / Елубай О. - Өскемен, 2004. - 227 б.
Бидельманов С. Е. Ұлан ауданының спорт жұлдыздары / С. Е. Бидельманов. - Өскемен: Рекламный Дайджест, 2008. - 272 б
Атажұртым - Көкпекті [Электрондық ресурс]: [Көкпекті ауданының 80 жылдығына арналған.] / А. Тлеухан, Ә. Жайсан. Т. 2., 2010. - 371 б.
Тлеухан, Айбек. Тұлға. Личность. Personage / А. Тлеухан. – Семей, 2011. - 228 б.
Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. — Астана: Фолиант, 2011. – С.200
Мәлікаждар, Қайрат. Тау көтерген толағайдай Мұхамедолла Ағзамов : әңгіме, өлең / Қ. Мәлікаждар. - 15 б.

 

Мақалалар - Статьи

 

Бота Ә. М. Ағзамов- ғылым кандиданты: [Ұлан ауд. Завидное ауылының "Колос" шаруа қожалығының төрағасы техника ғылымының кандиданты] / Бота Ә. // Дидар. - 1999. - 12 қаңтар.- Б.
Елубай О. Мұқан жасаған мәшине: [Шегірткіні қыратын қондырғыны өндіріске енгізген М.Ағзамов туралы ] / Елубай О. // Егемен Қазақстан. - 2000. – 24 наурыз.- Б.
Әліпбаев С. Мұқан Ағзамовтың әлемі / Әліпбаев С. // Дидар. - 2000. - 15шілде.- Б.
Шөмшеков С. "Қаңбақ шалдан" хат: [Ұлан ауданы "Масақ" шаруа қожалығының төрағасы Мұхамедолла Ағзамов туралы бір үзік сыр] / Шөмшеков С. // Дидар. - 2001. - 4 желтоқсан.- Б.3
Тоқпатаев У. Ар - намыстан жаралған / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2003. - 29 қараша.- Б.4
Тоқпатаев У. Арнамыстан жаралған азамат / Тоқпатаев У. // Егемен Қазақстан. - 2003. - 20 желтоқсан.- Б.6
Қадылбекұлы, Әлімжан. Осы спорт түрлерін республикада дамытып отырғаныма 30 жылдай болды / Ә. Қадылбекұлы // Дидар. - 2010. - 7 қыркүйек.- Б.5.
Қадылбекұлы Ә. Жігері мұқалса, ол Мұқан ба?: [Спортшы Мұқан Ағзамов туралы] / Ә. Қадылбекұлы // Ертіс өңірі. - 2011. - 24 тамыз.- Б.13.
Елубай , Оңдасын. Жастар - бірінші,ересектер -екінші орында. / О. Елубай . - // Егемен Қазақстан. - 2017. - 6 қазан. - Б. 11
Елубай, Оңдасын. Ыстықкөлден Әлем чемпионы болып оралды / О. Елубай. - Мәтін // Дидар. - 2022. - 17 қыркүйек. - Б. 4.
Елубай, Оңдасын. Ауылда тұратын әлем чемпионы.... / О. Елубай. // Қазақ спорты. - 2024. - 10 қаңтар (N1). - Б. 5
Елубай, Оңдасын. Әлем чемпионы Айыртауда тұрады: [Хайдарабад қаласындағы стритлифтингтен өткен Әлем чемионатында алтын медаль алған Ағзамовтар әулеті туралы] / О. Елубай. // Егемен Қазақстан. - 2024. - 24 қаңтар (N16). - Б. 15