Қосанов Ғұсман Сыйтықұлы (1935-1990) - жеңіл атлет, Олимпиада чемпионы
Ғұсман Қосанов Сыйттықұлы 1935 жылдың 25 мамырында сол кезде Семей (казіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Новопокровка (Бесқарағай) ауданының Изатолла ауылында туған. Сол ауылдағы Абай атындағы 7 жылдық мектепті тамамдаған. Ауылдың шаңдақ жолын бұрқырата жүгірген қараторы бала жастайынан желаяқ атаныпты. Арада жылдар өтеді. Ғұсман әскер қатарына шақырылып, алыстағы Молдавия жерінде азаматтық борышын өтейді. Оның хас саңлақ, нағыз спортшы ретінде танылған кезі осы кез еді. Бір ойға аларлығы, Ғұсман байрақты бәсекелердің бірінде тағы бір даңқты желаяғымызбен кездесіп қалады.
– Сонау қашықта жүріп, қандасыңды көргеніңде туған жеріңді көргендей боласың. Тұйықтау, көп сөйлемейтін жігіт екен. Қуана қарсы алды. Біраз әңгімелесіп шер тарқаттық. Кейінде 1964 жылы Токиода өткен ХVІІІ олимпиадалық ойында КСРО командасының құрамында бірге болдық. – деп еске алады Әмин Тұяқов.
Ғұсман Қосанов - КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяқ. 1960 жылы Рим олимпиадасынан күміс медальға ие болды. Жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1964). Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1965). 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан 17-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (Рим, 1960), КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1960), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Днепропетровск, 1966), КСРО – АҚШ матчының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1965) болды. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері « атағына ие болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан “Қосанов Мемориалы” атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Ғұсман Қосанов Лос-Анджелес қаласында АҚШ пен КСРО арасында өткен «Гиганттар додасы» атты жарыста басынан кешкен бір өкінішін былай баяндайды. «...Аяқ тірейтін тіреуішімді қапелімде таба алмай қалдым. Бір жігіттің тіреуішін алуға тура келді. Апыл-ғұпыл асығыс қақтым да, жігіттердің қатарына бардым... Пистолеттің жағымсыз үні құлағымның түбінен шықты. Ілкі ілгері ұмтылдым. Сол кезде тіреуіш орнынан босап, кейін кетіп қалды да, жанымдағылардан 3-4 метр қалып қойдым. Соның өзінде жетуге тырыстым. Бірақ 100 метрлік қашықтықта екі-үш метріңіздің өзі жеткізбейтін дүние». Ғұсман марқұм өкінішін осылай жеткізеді...
Қазақтың тұңғыш олимпиада жүлдегері Ғұсман Қосанов 1993 жылы 17 маусымда Алматы қаласында қайтыс болды. 1991 жылдан бастап атақты спортшы құрметіне «Қосанов мемориалы» атты халықаралық жарыс өтіп келеді.
Г. С. Косанов туралы әдебиеттер
Литература о Г. С. Косанове
Шиманбаев, С. Олимпиада оттары [Мәтін] : Афиныдан Москваға дейін. / Шиманбаев С. - Алматы : Қазақстан, 1980. - 138 б.
Нәсенов, Б. Абыралы - Сарыарқаның кіндігі [Мәтін]. Т. 3, 4-ші кітап : Абыралы - Сұңқарлары, 2002. - 758 б.
Қазақ олимпиадашылары [Мәтін]. - (Спорт саңлақтары). Т. 1 / құраст. Р. Қыдырбек. - Астана : Ер-Дәулет, 2009. - 558 б.
Тарихи тұлғалар [Мәтін] : (жалпы орта білім беретін мектептерге арналған көмекші құрал). - Алматы : Өлке, [200?]. - 30 б.
***
Они были первыми:[справочник]. - Алматы: Алматыкiтап, 2007. – С. 240-241.
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Қосанов Ғұсман Сыйтықұлы [Электронный ресурс] [биография] : сайт. - Режим доступа : http://zhasorken.kz/?p=4445