Известные имена

Есімдер

Как сделать потолок из гипсокартона. Как сделать подвесной потолок в доме. Какой потолок лучше сделать. Отделка ванной комнаты. Быстрая отделка ванных комнат панелями. Отделка ванной комнаты пластиковыми панелями. Кровля крыши профнастилом. Качественные материалы для кровли крыш. Крыша из мягкой кровли. Самоделки для сада. Успешные самоделки для сада своими руками. Самоделки для сада и огорода. Ванная мебель для ванной комнаты. Купить мебель для ванных комнат недорого. Заказ мебели для ванной комнаты. Бизнес малое производство. Самый малый бизнес идеи производство. Новый бизнес производство. Монтаж дверей своими руками. Быстрый монтаж входных дверей. Легкий монтаж пластиковых дверей. С чего начать ремонт квартиры. Быстрый ремонт дома с чего начать. Ремонт своими руками для начинающих.

Полторанин А.Ю.

Алексей Юрьевич ПолторанинАлексей Юрьевич Полторанин, спортшы (1987)

Алексей Юрьевич Полтаранин ,1987 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қаласында (қазіргі Риддер) қаласында туған.
Қазақ шаңғышысы. Италияның Валь-ди-Фьемме деген курортында шаңғы спорты түрлерінен ХХХІХ әлем чемпионатында 2013 жылы екі қола жеңген, ал 2010 жылы Әлем кубогынын Давос қаласында жеңген. 1994 жылдан - Риддер қаласы «Шығыс Қазақстан облысы қысқы спорт түрлері бойынша жоғары спорттық шеберлік мектебінің» шаңғы жарысының спортшысы. 1998 жылдан бері - республикалық жарыстардың қатысушысы.
2001 жылдан бері жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында ойын көрсетеді.

Эстафеталық жарыста жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (Норвегия, 2004); Италияда өткен Қысқы олимпиада ойындарының қатысушысы (Турин, 2006); VI қысқы Азия ойындарының спринттен күміс жүлдегері (Қытай, Чангчун, 2007); еркін үлгідегі 10 км қашықтықтан күміс жүлдегер (Италия, 2007); Италияда өткен Бүкіләлемдік универсиада және Әлем чемпионатының қатысушысы (2007); жастар арасындағы Әлем чемпионатының шаңғы жарысында 15 км классикалық сырғанаудан күміс жүлдегер (Италия, 2008); Әлем чемпионатының 15 км қашықтықтағы еркін жүрістен 23 жасқа дейінгілер санатындағы күміс жүлдегер (Франция, 2009); Әлем чемпионатының қатысушысы, ҚР II Қысқы спартакиадасының чемпионы, күміс, екі мәрте қола жүлдегері. Ванкувер қаласында өткен Олимпиадада 5-ші орынға ие болған (Канада). VII Азиада ойындарының чемпионы (Астана, Алматы, 2011) шаңғы жарыстарында (спринт 1,6 км), 2x3 шаңғы жарысындағы командалық спринтте, 4x10 км эстафетадағы шаңғы жарыстарында, 30 км-лік марафонда, 10 км-лік классикалық стильдегі шаңғы жарыстарының қола жүлдегері.

Шаңғы жарысынан халықаралық санаттағы спорт шебері (2004).

Италияның Валь-ди-Фьемма қаласында өткен шаңғы жарысы бойынша әлем чемпионаты жеңімпаздарының бірі қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин. «Елу шақырымдық жарыстың жеңімпазы швед Юхан Олссон болса, екінші орын Швейцариядан келген Дарио Алонсо Колоньяға бұйырды. Ал үшінші орынды қазақстандық Алексей Полторанин иеленді.

Үздік үштікті тұйықтап тұрған Алексей Полторанин жарыс жеңімпазынан 16,8 секундқа кеш келді.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлем чемпионатында Алексей Полторанин Николай Чеботькомен бірге 6х1,5 км командалық спринтте үшінші болған еді. Сол кезде бірінші орынды иеленген ресейліктерден Қазақстан командасы небәрі 0,7 секундқа төмен боп қалған болатын.

Әдебиет:

Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық Алматы, 2011. -515 б.

Әбішев Е. Спортшыларды марапаттады [Мәтін] / Әбішев Е. // Дидар. - 2007. - 31 наурыз.- Б.3.
Елубай, Оңдасын. Төрт алтын медаль [Мәтін] : Азиада аламанында Алексей Полторанин осындай жетістікке қол жеткізді / О. Елубай // Егемен Қазақстан. -
2011. - 23 ақпан.- Б.16.
Қадылбекұлы , Әлімжан. Сочиде қай спортшыларымызға сенім артамыз? [Мәтін] : [Шығысқазақстандық спортшылар Сочи олимпиадасына әзірленуде.] / Ә.
Қадылбекұлы // Дидар. - 2013. - 4 қаңтар.- б.23.
Елубай, Оңдасын. Топжарған [Мәтін] : Сочи Олимпиадасы жүлдесінен үмітті шаңғышы Алексей Полторанин жайлы / О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2013. -
7 ақпан.- б.10.
Елубай О. Топжарған [Текст] / Елубай О. // Егемен Қазақстан. - 2013. - 7 ақпан (№ 62). - 10