Петров Василий Игнатьевич (1925-2006 жж.) - ғалым-тарихшы.
Петров Василий Игнатьевич Қытай Халық Республикасының Синьцзян провинциясында Шәуешек қаласында 14 қаңтар 1925 жылы туған. Оның отбасы өте нашар тұрды, сондықтан он жасынан бастап жұмыс істеді. 1940 жылға дейін Василий Петров Шәуешек қаласында орыс мектебінде оқыды, 1940 жылы өз достарымен Үрімші қаласына көшіп, сонда гимназияға қабылданды, гимназияны 1944 жылы бітірді.
Гимназияны бітірген соң 1945 жылдың маусым айына дейін орыс клубының меңгерушісі болды. Осы уақытта Синьцзян халқының өз тәуелсіздігі үшін гоминьдан билігіне қарсы күресі басталды. 1945 жылдың май айынан 1946 жылдың маусым айына дейін партизан отрядының құрамында Манас өзені үшін күреске қатысты. Осы шайқаста қатты жараланды.
1945 жылдың қазан айының соңында партизан отряды таратылды. В. И. Петров 2-ші Құлжа атқыштар полкінің, ату бөлімінің штаб бастығы болып тағайындалды. 1946 жылдың маусым айына дейін осы қызметте жұмыс атқарып, 1946 жылдың аяғында Қазақстанға келді.
1955 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін қызыл дипломмен бітіріп, тарихшы-мамандығын алды. Өскемен білім басқармасына қызметке жіберіліп, 1956 жылдың қазан айына дейін В. И. Ленин атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болды. 1956 жылдың 1 қазанынан бастап Өскемен педагогикалық институтының марксизм-ленинизм кафедрасында СССР тарихынан дәріс берді. Қызмет істеген жылдары өзін шебер оқытушы ретінде көрсетіп, көптеген тарих пәнінің мамандарын даярлап шықты. 1956-1960 жылдары марксизм-ленинизм кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарды. Доцент, тарих ғылымдарының кандидаты В. И. Петров 1960 жылы тарих-филология факультетінің деканы болып сайланып, 20 жылдан аса уақыт осы қызметін адал атқарды.
1974 жылы Петров В. И. «Жоғары білім беру үздігі», «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» деген құрмет белгілерімен марапатталды. Туғанына 50 жыл толуына орай, тарих пәнінің мұғалімдерін дайындағаны үшін 1975 жылы Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің Құрмет қағазымен марапатталды. 1995 жылы В.И.Петровқа Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді.
В. И. Петровтың ғылыми еңбектері
Научные труды В. И. Петрова
Кітаптар – Книги
Петров, В. И. Мятежное "сердце" Азии [Текст] : Синьцзян : краткая история народных движений и воспоминания / В. И. Петров. - М. : Крафт, 2003. - 526 с.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Петров, В. И. Қалибекке қарай жол тарту [Мәтін] / В. И. Петров; құраст. Ә. Iлиясұлы // Қалибек Хакiм туралы естелiктер. - Алматы, 2009. - Б. 29-40.
Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности
Наш исторический.... - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2006. - 187 с.
Дурново, Ирина. Сквозь призму документа : [Текст] : сборник статей / И. Дурново. - Усть-Каменогорск : Шығыс-Полиграф, 2013. - 400 с.
***
Дементьев, М. Его служение исторической правде [Текст] / М. Дементьев // Рудный Алтай. - 2006. - 10 окт. - С. 5
Обухов, В. Неизвестный солдат неизвестной войны [Текст] / В. Обухов // 7 дней. - 2015. - 8 января. - С. 5.
Осипова, И. Вся жизнь – как учебник истории : [о декане исторического факультета УКПИ, профессоре ВКГУ В. И. Петрове] / И. Осипова. - Текст : непосредственный // Рудный Алтай. - 2015. - 5 февр. - С. 4.
Вольский, В. Приподнимем занавес за краешек [Текст] / В. Вольский // 7 дней. - 2015. - 2 июля. - С. 5.