Известные имена

Қозбағаров А. А.

Қозбағаров А. А.

Қозбағаров Алаш Ахметжанұлы (1917-1996) - ҚР еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, Семей облыстық акушерлер мен гинекологтар ғылыми қоғамының негізін салушы.

Семейдің көші-қон ауруханасы аумағында, аурухана фельдшері Ахметжан Қозбағаров отбасында дүниеге келген. ҚазМИ-ды бітірген соң, емдеуші-дәрігер дипломымен Ақмола облыстық денсаулық сақтау бөліміне жолдама алады. А. Қозбағаров еңбек жолын Шортанды ауданында КазЦИК атындағы астық совхозында учаскелік аурухана меңгерушісі болып бастайды. Кейінірек, Жоламбет кенішінде медициналық учаске меңгерушісі, соғыс жылдары әрекеттегі әскерде дәрігер болған. Әртүрлі майдан бөлімдерініңэвакогоспитальдарында ординатор-дәрігер, хирургиялық бөлім бастығы, туберкулез бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. Жауынгерлердің өмірін құтқару кезінде көрсеткен жанкешті ерлігі үшін екінші Қызыл Ту орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды. Әскерден оралған соң ұзақ уақыт Талдықорған және Семей қаласы ауруханаларында емделеді. 1948 жылдан акушер-гинеколог, кейін Семей қаласы Затон ауданында емдеу бірлестігінің бас дәрігері, перзентхананың бас дәрігері болған. Семей медициналық институтында акушерлік және гинекология кафедрасын басқарып, сонда 20 жыл еңбек етеді. Еңбектене жүріп, кандидаттық диссертация қорғайды. Зейнеткерлікке шыққан соң, Алаш Ахметжанұлы етконсервілер комбинаты медициналық санитарлық бөлімінің гинекологиялық бөлімшесін басқарды.

70-ке жуық ғылыми жұмыс пен көптеген мақаланың авторы. Ғалымға құрмет ретінде Семей қаласындағы бір көшеге Алаш Қозбағаров есімі берілген. 

 

 

А. Қозыбағаровтың өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и деятельности А. Козбагарова

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. - Қозыбағаров Алаш: б. 463-464.

Саған өмір сыйлаймын... [Мәтін] : [А. Қозбағаровтың туғанына 90 жыл толуына орай] // Ертіс өңірі. - 2007. - 24 қазан. - Б. 2.

***

Куттыбаева , С. Памяти врача Алаша Козбагарова [Текст] / С. Куттыбаева // Вести Семей.- 2010. - 1 апреля. - С. 3.

Силина, Э. А. Козбагаров :жизнь, отданная матерям [Текст] / Э. А. Силина // Рудный Алтай. - 2007. -  4 декабря. - С. 2.

Смирнова, Д. Алаш Козбагаров: врач, даривший людям счастье [Текст] / Д. Смирнова // Вести Семей. - 2007. - 6 декабря. - С. 3.

Гуляева, Е. Полвека счастья [Текст] : [о Козбагарове А.]/ Е. Гуляева // Наше дело. - 2014. - 4 декабря. - С. 2.

Дарю тебе жизнь…[Электронный ресурс] // КГУ "Центр документации новейшей истории ВКО" Управление архивов и документации ВКО: сайт. - Режим доступа: http://www.cdni-arhiv.vko.gov.kz/ru/publications2_22.htm (дата обращения 15.10.2016)

Кафедра акушерства и гинекологии [Электронный ресурс] // Государственный медицинский университет г. Семей: сайт. - Режим доступа: http://ssmu.kz/ru/pages/default/view?id=kaf-akush-ginek (дата обращения 15.10.2016)