Известные имена

Аханов К.

akhanovАханов Кәкен Аханұлы (1928-1978 жж.) – тілтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚазССР ҒА мүше-корреспонденті.

 

Шығыс Қазақстан облысыҰлан ауданы, Никитинка (қазіргі Бозанбай) ауылында туып-өскен. С. М. Киров атындағы ауыл мектебін үздік бітірген. 1950 жылы Қазақ мемлекеттік университетін  (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) аяқтайды. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң, осы оқу орнында 1950-1976 жж.  оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, филология факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 1977-1978 жж. Алматы шет тілдері институтының ректоры қызметтерін атқарды.  

1956 жылы кандидаттық, ал, 1966 жылы докторлық диссертация қорғады. 1969 жылы профессор атағы берілді. 1978 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды.

К. Аханов қазақ тіл білімінің теориясы, методологиялық тұрғыдан жүйеленуі, негізделуі, сондай-ақ қазақ тілінің әлемдік тілдер арасындағы алатын орны мен ерекшеліктерін зерттеді. “Тіл білімінің негіздері” деген монографиялық еңбегі жоғары оқу орындарында негізгі оқулық ретінде қолданылып келеді. Орта мектептер үшін “Қазақ тілі” оқулықтарын әзірлеп шығарды. Жалпы тіл білімінің теориясын зерттеген ғылыми еңбектері отандық тіл ғылымына қосылған бағалы үлес болып табылады.

 

К. Ахановтың ғылыми еңбектері

Научные труды К. Аханова

Аханов, К. Қазақ тiлi лексикасының мәселелерi [Мәтін] / К. Аханов. - Алматы : Қаз. мем. оқу-пед. баспасы, 1955. - 62 б.

Аханов, К. Қазақ тiлiндегi омонимдер [Мәтін] / К. Аханов. - Алматы : Казмембас, 1958. - 128 б. 

Аханов, К. Грамматика теориясының негіздері [Мәтін] : университеттер мен педагогтық институттардың филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы : Мектеп, 1972. - 214 б.

Аханов, К. Қазақ тілі [Мәтін] : лексика, сөздің жасалуы, морфология / К. Аханов, Б. Кәтенбаева, Т. Әбдіғалиева. - Алматы : Рауан, 1993. - 189 б.

Аханов, К. Тіл білімінің негіздері [Мәтін] : оқулық / К. Аханов. - Алматы : Санат, 1993. - 496 б.

Аханов, К. Грамматика теориясының негіздері [Мәтін] : оқу құралы / К. Аханов. - Алматы : Санат, 1996. - 240 б.

Аханов, К. Тіл білімінің негіздері [Мәтін] : оқулық / К. Аханов. - Алматы : Санат, 2003. - 496 б.

Аханов, К. Грамматика теориясының негіздері [Мәтін] : оқу құралы / К. Аханов. - Алматы : Өлке, 2010. - 240 б.

Аханов, К. Тіл білімінің негіздері [Мәтін] : жоғарғы оқу орындарының филология факультеттеріне арналған оқулық / К. Аханов. - Алматы : Өлке, 2010. - 558 б.

 

К. Ахановтың қатысуымен шыққан кітаптар

Книги, вышедшие при участии К. Аханова

 

Қазақ тілі [Мәтін] : 5-класқа арналған оқулық / А. Ысқақов, К. Аханов, Б. Кәтенбаева. - Алматы : Рауан, 1994. - 172 б.

 

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации в периодических изданиях и сборниках

 

Аханов, К. Әдемiде әсерлi тiл үшiн [Мәтін] : [шығарманың тiлi туралы] / К. Аханов // Қазақ әдебиетi. - 1959. - 13 ноябрь. - Б. 3.

Аханов, К. Ғылым мен өнер мүддесi [Мәтін] : ["Абай жолы" эпопеясы жайында] / К. Аханов // Соц. Қазақстан. - 1977. - 9 сентябрь. - Б. 3.

Аханов, К. Сылдырап өңкей келiсiм... [Мәтін] : ["Абай жолы" эпопеясының тiлi жайында] / К. Аханов // Қазақ әдебиетi. - 1977. - 23 сентябрь. -  Б. 2.

Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и деятельности

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. - Аханов Кәкен:  б. 192.    

***

Ағаның бір мінезі  [Мәтін] : [профессор Кәкен Аханов туралы сыр] // Парасат. - 1998. - № 12. - Б. 21-22.

Оразбаева, Ф. Шынайы зерттеуші, шыншыл адам [Мәтін] : [ғалым К. Аханов туралы ] / Ф. Оразбаева // Егемен Қазақстан. - 1998. - 13 мамыр. - Б. 4.