Известные имена

Оразбаева Ф. Ш.

OrazbaevaFОразбаева Фаузия Шамсиқызы (1949 ж.) – филология ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

1949 жылы 3 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Талапкер (қазір Көкжыра) ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын республикалық медицина училищесінің хатшысы мамандығынан бастап, соңынан облыстық репертуарлы библиография бөлімінің әдіскері қызметін атқарды. 1971 жылы С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дің филология факультетін, 1975 жылы аспирантураны бітірді. 1977 жылы Алматы қ. №52 орта мектебінде мұғалім болды. 1977-1989 жж. – Алматы шет тілдері институтының оқытушысы (қазір Қазақ халықаралық қарым-қатынастар және әлем тілдері университеті), аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты (1979), доцент (1988). ҚазМУ доценті (1989-1991). 1991-1993 жж. ҚазҰПУ проректоры. 1996 жылдан бері Абай ат. ҚазҰПУ қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі. Педагогика ғылымдарының докторы (1997), профессор (1999). 2001-2010 жж. Д.14.09.04 филология және педагогика ғылымдары бойынша диссертациялық кеңес басшысы: 10.02.02 – қазақ тілі; 10.02.01 – орыс тілі; 13.00.02 – оқытып-үйрету және тәрбие теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ және орыс тілдері).

2008-2011 жж. Қырғыз Білім академиясы және Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз мемлекетттік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми атағын тағайындау жөніндегі Д.13.09.382 диссертациялық кеңес мүшесі. ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін анықтау жөніндегі Лингвистикалық комиссия мүшесі және хатшысы (1998, 2005, 2011).

Ф. Ш. Оразбаева - 300 ден аса ағылыми-әдістемелік еңбектің авторы, соның ішінде, монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқу құралдары, сөздіктер, мемлекеттік стандарттар мен типтік бағдарламалар, мақалалар мен баяндамалар.

Ол келесідей ғылыми жобалардың авторы: «Қазақ тілі салаларының коммуникативті байланысқа негізделген ғылыми негіздері», «Тілтану: қазақ және түрік тілдерінің лексикасы», «Лингвистер мен әдебиетшілер туралы энциклопедия», « Үздіксіз білім беру жүйесінде қазақ тілі салаларының теориялық және әдістемелік негіздерін дифференциялау – адам ресурстарын дамыту кепілі», «Филологтарға тіл мен әдебиетті оқытудың ғылыми-инновациялық әдістемесі», «Қазақ әліпбиі мен латын харпінің ғылыми-лингвистикалық негіздері», «Маман әзірлеуде тілдің үш тұғырлығын қалыптастыру әдісі мен технологиясы» (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)».

Ф. Ш. Оразбаева ҚР тіл білімдерін қадағалау бойынша (2006-2007) Еуропа және Халықаралық стандарттар (DALF/DELF, IETS, TOEFL және т.б.) негізінде алғаш рет әзірленген қазақ тілін оқыту бойынша 6 деңгейлі оқу-әдістемелік кешен авторы және жетекшісі. DEMO қазақ тілі курсының авторы, «Edusoft» (2007) израилдік орталық бірге әзірленген.

10.02.02 – қазақ тілі, 13.00.02 – қазақ тілін оқыту әдістемесі мамандығы бойынша 11 доктор, 40 кандидат әзірледі.

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2003), ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Алғыс хаты» (2005), «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» ерекшелік белгісі (2008). ҚР белгілі ғалымы және педагогы атағы (2005), Білім беру ісі саласының құрметті қайраткері (2006), Ресей Педагогика ғылымдары халықаралық академиясының академигі (2009), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (2009). Ш. Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлық иегері (2006). «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантының иегері. (2006),Мемлекеттiк ғылыми стипендияның иегерi (2012).

 

Ф. Ш. Оразбаеваның ғылыми еңбектері

Научные труды Ф. Ш. Оразбаевой

 

Кітаптар – Книги

 

Оразбаева, Ф. Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдері [Мәтін] / Ф. Ш. Оразбаева. - Алматы : Мектеп, 1988. - 127 б.

Оразбаева, Ф. Ш. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар [Мәтін] : фонетика, лексика : оқу құралы / Ф. Ш. Оразбаева, Ә. Қ. Ахметов, К. Ж. Жүнісбекова. - Алматы : РБК, 1999. - 171 б.

Оразбаева, Ф. Ш. Тілдік қатынас [Мәтін] : теория және әдістемесі : оқу құралы / Ф. Ш. Оразбаева. - Алматы : РБК, 2000. - 208 б.

Оразбаева, Ф. Ш. Қазақ тiлi [Мәтін]: учебник / Ф.Ш. Оразбаева. - Алматы : Атамұра, 2005. - 192 с.

Оразбаева, Ф. Ш. Қазақ тілін оқыту әдістемесі [Мәтін] : оқу құралы / Ф. Ш. Оразбаева, С. Рахметова. - Алматы : Print S, 2005. - 170 б.

Оразбаева, Ф. Ш. Мемлекеттiк тiлдегi iс қағаздар [Мәтiн] : оқу құралы / Ф. Ш. Оразбаева, Қ. Мұхамади. - Алматы : Арда, 2005. - 278 б.

Оразбаева, Ф. Ш. Тілдік қатынас негіздері [Мәтін] : оқулық / Ф. Ш. Оразбаева. - Алматы : Print S, 2005. - 147 б.

Оразбаева, Ф. Ш. Кәсіби қазақ тілі [Мәтін] : дәрігер мамандарға арналған практикалық курс : оқу құралы / Ф. Ш. Оразбаева, К. Қ. Аяпбергенова. - Алматы : Литера "М", 2007. - 144 б.

Оразбаева, Ф. Ш. Тіл әлемі [Мәтін]: мақалалар, зерттеулер / Ф. Ш. Оразбаева. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. - 368 б.

Оразбаева, Ф. Ш. Қазақ тiлi [Мәтін]: дидактикалық материалдар / Ф. Ш. Оразбаева. - Алматы : Мектеп, 2014. - 136 б.

Оразбаева, Ф. Ш. Қазақ әдебиетi [Мәтін] : оқу орыс, ұйғыр, өзбек тiл. жүретiн мектепке арн. оқу құралы. - Алматы : Бiлiм, 2014. - 88 б.

***

Оразбаева, Ф. Ш. Ускоренный практический курс обучения казахскому языку[Текст] : задания и упражнения / Ф. Ш. Оразбаева. - Алматы : Бiлiм, 1996.- 128с.

Оразбаева, Ф. Ш. Научно-теоретические основы языковой коммуникации и коммуникативного метода [Текст] : автореферат дис. ... доктора педагогических наук : 13.00.02 / Ф. Ш. Оразбаева. - Алматы, 1996.- 57 с.

 

Ф. Ш. Оразбаеваның қатысуымен шыққан кітаптар

Книги, вышедшие при участии Ф. Ш. Оразбаевой

 

Құрманбаева, К. С. Әдебиет [Мәтін] : орыс, ұйғыр, өзбек мектептерінің 5-сыныбына арналған оқулық / К. С. Құрманбаева, Ф. Ш. Оразбаева, А. Қ. Рауандина. - Алматы : Білім, 2002. - 100 б.

 

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации в периодических изданиях и сборниках

 

Оразбаева, Ф. Ш. Тіл мен рух [Мәтін] / Ф. Ш. Оразбаева // Жұлдыз. - 2009. - № 12. - Б.160-167.

Оразбаева, Ф. Ш. Алтынның сынығы [Мәтін] / Ф. Ш. Оразбаева // Егемен Қазақстан. - 2012. - 10 қараша. - Б. 6.

Оразбаева, Ф. Ш. Қазақ жырының қазынасы [Мәтін] / Ф. Ш. Оразбаева // Айқын. - 2016.- 11 ақпан. - Б. 6.

***

Оразбаева, Ф. Ш. Социально-гуманитарное пространство вуза как фактор формирования готовности будущих учителей к успешной профессиональной деятельности [Текст] / Ф. Ш. Оразбаева // Alma mater = Вестник высшей школы. - 2014. - № 6. - С. 48-53.

 

Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и деятельности

 

Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық.Т. 1 : А-К. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2012. - Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы: б. 247.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. - Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы: б. 595.      

Шалабай, Б. Қазақ тілі білімінде тілдік қатынасымның теориясы мен әдістемесін негіздеуші [Мәтін] : [пед. ғыл. докторы, профессор Ф. Оразбаева туралы] / Б. Шалабай // Қазақстан - ZAMAN. - 2009. - 24 желтоқсан. - Б. 10.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

www.famous-scientists.ru/12795/

http://famous.ukz.kz/orazbaeva-fauziya-shamsievna.html

http://www.rusnauka.com/35_OINBG_2012/Philologia/1_122504.doc.htm

https://kk.wikipedia.org/wiki/Фаузия_Шамсиқызы_Оразбаева

http://kk.sciencegraph.net/wiki/Фаузия_Шәмшиқызы_Оразбаева