Известные имена

Сарқытбаев С.

SarkytbaevСарқытбаев Сәдуақас (1905-1985 жж.) – педагог-ағартушы, ҰОС ардагері.

Сарқытбаев Сәдуақас халыққа білім беру ісін дамытуға үлкен үлес қосты.

1905 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Көлбай ауылында дүниеге келген. Ата-анадан ерте айрылып, қарындасымен бірге Күршім өзені бойындағы Бестерек ауылында тәтесінің қолында тәрбиеленеді. 1926 жылы Ақтүбек ауылында ашылған мектепте оқып, ВЛКСМ қатарына кіреді. Мектептен кейін ол Семей қ. педагогика училищеге оқуға түседі. Училищеден кейін Семей қ. педагогика институтына оқуға түседі. Институттан кейін Ақтүбек ауылына оралып, мұғалімдік қызмет істейді. Мұғалімдік қызметімен бірге, «Бестерек», «Көкжота» колхоздарын құруға белсенді түрде қатысады. Төрт ауылға хатшы болады. 1930-1931 жж. Қойтас ауылында, соңынан, Ақтүбек ауылында бастауыш мектеп мұғалімі және мектеп меңгерушісі; кейін Маралиха с. мектеп директоры, аудандық газет редакторы қызметтерін атқарады. 1938 жылы ҚазССР-і Жоғары Кеңесі депутаты болып сайланады.

1938-39 жж., 1941-1942 жж. және 1946-1950 жж. Күршім ауданы партия комитетінің, бірнеше рет Пленум мүшесі болған. 1942 жылы командирлік курсты бітірген соң өз еркімен майданға аттанады, онда үш жыл жаяу әскер ротасын басқарады. Гвардия аға лейтенанты Сарқытбаев Сәдуақас Қызыл Жұлдыз ордені, ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені, соғыста көрсеткен ерлігі үшін көптеген медальдармен марапатталды. 1945 жылы соғыстан кейін туған жері Теректібұлақ ауылына оралып, құрметті демалысқа дейін сонда еңбек етті. Теректібұлақ ауылында орталық көшеге есімі берілді. Қазір директор және мұғалім болған мектепте мұражай ашылған, онда жеке заттары, фотосуреттері, орден-медальдары сақтаулы.

 

С. Сарқытбаевтың өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и деятельности С. Саркытбаева

 

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. - Сарқытбаев Сәдуақас: б. 660.

***

Қанапиянов, З. Ұстаздық еткен жалықпас [Мәтін] : [Күршім өңіріндегі алғашқы ұстаздың бірі С. Сарқытбаев туралы] / З. Қанапиянов // Коммунистік еңбек. - 1966. - 16 август. - Б. 3.

Жақпаров, Т. Жақсының аты өшпейді [Мәтін] : [ұстаз С. Сарқытбаев туралы] / Т. Жақпаров // Семей таңы. - 2005. - 22 сәуір. - Б. 3.

Қайырбаев, Т. Алдыңғы толқын ағалар [Мәтін] : [ұстаз С. Сарқытбаев туралы] / Т. Қайырбаев //Рауан. - 2008. - 28 маусым. – Б. 2.

Жақпаров, Т. Артында өнегелі ісі қалды [Мәтін] : [күршімдік, ардагер-ұстаз С. Сарқытбаев туралы] / Т. Жақпаров // Дидар. - 2010. - 6 мамыр. - Б. 7.

Жолдыбай, Б. Соңында өнегелі ісі қалған [Мәтін] / Б. Жолдыбай // Егемен Қазақстан. - 2015. - 6 мамыр. - Б. 7.

 

Интернет-сілтемелер

Интернеи-ссылки

 

http://moypolk.ru/node/297920/detailinfo