Известные имена

Құсанова Ш.

Кусанова Шагила Акимбаевна - Ветеран Великой Отечественной войны

Құсанова Шағила Әкімбайқызы(1923-2019) - Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих ғылымдарының докторы (1978), гуманитарлық ғылымдар академигі.

1923 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылында туған. Ата-анасынан ерте айырылған Шағила Әкімбайқызы жетімдік пен жалғыз­дықтың ащы дәмін ерте татты. Балалар үйі мен интернатта тәрбиеленді. Табиғатынан қайсар, жаратылысы­нан табанды жан тағдырдың сал­ған тауқыметіне мойынсұнбай орта мектепті бітірген соң, Алматы қа­ласындағы Киров атындағы Қа­зақ мемлекеттік университетінің тарих және филология факультетіне оқуға түседі. Бұл Шағила Әкімбайқызы үшін ғылым­ның даңғыл жолындағы алғаш­қы баспалдақ еді. Алайда, ол уни­вер­ситеттің бірінші курсын бітірген 1941 жылы маусым айында фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына қарсы соғыс ашады. Ұлы Отан соғысы басталған кезде елімізден ер-азаматтармен қатар, қазақ қыздары да өз еріктерімен майданға аттанған қыздардың қатарында Шағила Әкімбайқызы да болды. Әрине, қайсарлық пен қайраттылыққа өмірдің өзі тәрбие­леген Шағила Әкімбайқызының сол бір ел басына күн туған қиын-қыстау заманда басын өлімге тігіп, Отанды жаудан қорғауға аттануы, үлкен ер­лік еді.

1941 жылдың қыркүйек айында Ташкентте қысқа мерзімді байланыс­шылар курсынан өткеннен кейін, жел­тоқсан айында Қырым майда­нын­­дағы Керчь қаласын азат етуге қа­­тысқан десант­тық әскер құрамында болды. 1942 жылдың мамыр айында 14-атқыштар дивизиясы құрамында Дон майданындағы, Степной және Ста­линград майдандарындағы қанды шайқастарға қатысты. Сталинград түбіндегі жеңістен соң, 14-атқыштар дивизиясы Оңтүстік-Батыс, І және ІІ Украин майдандары құрамына енгізілді.

Гвардиялық атқыштар дивизиясының сержанты Шағила Құсанова Румыния, Польша, Чехославакияны азат етуге бағытталған батыл шайқастарда да майдандастарымен бірге Ұлы Жеңісті жақындата түсу үшін ерліктің тамаша үлгілерін танытты. Осылайша қайсар мінез иесі «Жауынгерлік еңбектері үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Қаһармандығы үшін» және т.б. медаль-ордендерімен марапатталды.

Ұлы жеңісті Берлинде қарсы алған Шағила Әкімбайқызы – сұрапыл соғысты, өлім мен өмір арасындағы қыл көпірді әрбір секунд сайын бар болмысымен сезініп, санасымен түйсінген қазақ жауынгері. Шағила Әкімбайқызы соғыстан кейін оқуын қайтадан жалғастырады. Кейін­нен үлкен ғылым жолына түсіп, канди­дат­тық, докторлық диссертация қорғап, ұзақ жылдар бойы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде еңбек етті. Бірқатар монография мен жүз елуден астам ғылыми еңбектердің авторы. Ол – бірнеше ғылым докторы мен кандидаттарын даярлаған танымал ғалым, ұлағатты ұстаз. 1981 жылы педагогикалық саладағы үздік еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Ал 1995 жылы «Құр­мет» ордені иегері атанды. Өз шәкірттерін ғылым жолына бағыттағанда олардың жан-дүниесіне терең бойлай отырып, оларда адами болмыстың дұрыс қалыптасуына да ерекше көңіл бөледі. Оларға өз тәлім-тәрбиесін беруден еш аянған емес. Шағила Әкімбайқызы мен отағасы Асылғазы Бекбайұлы үш бала тәр­биелеп, өсірді. Абай елінің тумасы Асылғазы Бекбайұлы кезінде мәде­ниет саласында бірқатар лауазымды қызметтер атқарған мемлекеттік қайраткер, Ұлы Отан соғысы ардагері. 14 қаңтар 2019 жылы қайтыс болған.

.

Ш.А. Құсанованың ғылыми еңбектері

Научные труды  Ш.А. Кусановой

Кітаптар – Книги

 

Кусанова, Ш.А. Укрепление аульных и сельских партийных организаций в Казахстане в период коллективизации [Текст] / Ш.А Кусанова. - Алма-Ата, 1958.- 34 с.

Кусанова, Ш. А.   Укрепление аульно-сельских партийных организаций и их роль в развертывании массового колхозного движения в Казахстане (1929-1930гг.) [Текст] : дис. на соиск. учен. степ. канд. ист. наук / Науч. рук. А. Б. Турсунбаев; КазГУ им. С. М. Кирова ; Алматы. - Алма-Ата, 1962. - 199 c.

Кусанова, Ш.А. Партийное руководство деятельностью массовых организаций трудящихся.- Алма-Ата, 1976.- 180с.

Кусанова, Ш.А. Партийное руководство деятельностью массовых организаций трудящихся [Текст] : (На материалах Казахстана, 20-30-е гг.) [Текст] / Ш. Кусанова. - Алма-Ата : Казахстан, 1976. - 180 с.

Кусанова, Ш. А. Руководство КПСС деятельностью массовых организаций трудящихся Казахстана в период создания фундамента социализма (1926-1932 гг.) [Текст] : автореферат / Кусанова Ш.А. - Алма-Ата, 1977. - 35 с

Кусанова, Ш.А. Григорий Федорович Дахшлейгер - гуманист, интеллектуал, ученый-историк, человечный Человек.- Сост.: С.С.Каракулов, В.Г.Дахшлейгер; Сост.: С.С.Каракулов, В.Г.Дахшлейгер; Сост.: С.С.Каракулов, В.Г.Дахшлейгер; Сост.: С.С.Каракулов, В.Г.Дахшлейгер; Сост.: С.С.Каракулов, В.Г.Дахшлейгер; // Дахшлейгер Григорий Федорович/ Сост.: С.С.Каракулов, В.Г.Дахшлейгер.- Алматы, 2009.- С.113-115.

 

Мақалалар

Статьи

Кусанова Ш.А. Партийное руководство развитием социальной активности рабочих промышленных предприятии Казахстана (1971-1975гг.) [Текст] / Кусанова Ш.А. // Деят.КП Казах-на по повыш.труд.и общ.-полит.актив.масс в услов.раз.соц. - 1976. - С.12-21. - б. . - 15.

Кусанова, Ш. А.  Судьба и жизнь [Текст] / Ш. А. Кусанова // Столичное обозрение. - 1998. - 10 апр.. - С. 22.

 

Ш. А. Құсанова туралы әдебиет

Литература о Кусановой Ш.А

Қойгелдиев, М. Ғалым,педагог, қайраткер [Мәтін] : [Ұландық жерлесіміз ,профессор Ш.Құсанова туралы үзік сыр] / Қойгелдиев М., Қаратаев Т. // Егемен Қазақстан. - 1998. - 14 сәуір.

Салықбаева, Н. Өр ұрпақтың өкілдері [Мәтін] / Салықбаева Н. // Ұлан таңы. - 2004. - 7 ақпан. - Б. 2.

Қинаятқызы, С. Ержүрек қыз Шағила [Мәтін] / С. Қинаятқызы // Ұлан таңы. - 2009. - 9 мамыр. - Б. 2.

Қазақ әйелі қаһарман [Мәтін] : [бір топ қазақ әйелдерінің өшпес ерліктері жайлы] // Аудан тынысы. - 2010. - 7 мамыр. - Б. 5.

***

Пока бьется сердце [Текст] : сборник очерков. - Алматы : Жибек жолы, 2005. - 184 с.

 

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

 

Кусанова, Ш. А. [Электронный ресурс] : [видеообращение к потомкам] // Победители : сайт. – Режим доступа : https://tengrinews.kz/pobediteli/video/?page=2#video17 (18.10.2019)

Кусанова, Ш. А. Герои победы. Ветеран Великой Отечественной войны [Электронный ресурс] : [видео, интервью] Массагет : сайт. – Режим доступа : https://massaget.kz/video/klipter/141/ (18.10.2019)