Омаров Ғани Қалиханұлы (1961) – тарих, археология және этнология факультетінің археология, этнология және музеологиякафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Ғани Омаров 1961 жылы 3 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы (қазіргі Күршім ауданы) Горное (қазір Ақбұлақ) ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Бала кезінде азамат болып қалыптасуына ата-анасымен бірге Омар болыстың келіні – әжесі Сарқыттың да үлесі көп болды.
1968 жылы Тарбағатай ауданы Шілікті орта мектебінің 1-сыныбына барады. Ата-анасының қызметіне байланысты Марқакөл ауданы Боран орта мектебінде оқуын жалғастырады. Жалпы ата-анасының қызметіне байланысты көшіп-қонып жүріп Ғани Қалиханұлы жеті рет мектеп ауыстырыпты. Соның бірі КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиев басқарған мектеп болса, екіншісі Социалистік Еңбек Ері Рафиқа Нұртазина басқарған Алматы қаласындағы №12 орта мектеп еді. 1978 жылы мектепті үздік бітірген кейін еңбек жолын 8 жылдық мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беруден бастады. Келесі жылы Қазақ политехникалық институтының құрылыс факультетіне оқуға түсті. Құрылыс инженері мамандығына оқыса да әдебиет, тарихқа деген құштарлығы тыным бермеді. 1984 жылы ҚазМУ-дің тарих факультетіне сырттай оқуға түседі. 1984- 86 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтейді.
1989 жылы Археология және этнография кафедрасына алғашқы мамандығы бойынша аға инженер болып қызмет істейді, кейіннен аспирантурасына түседі. 1989 жылдан бастап Тарбағатай Теріскейі, Шыңғыстау мен Алтайдың қола, ерте темір, түркі дәуірі ескерткіштерін зерттеумен айналысып, бірнеше экспедицияға қатысады.
1997-2002 жылдары З. Самашев басқарған Қазақ-Француз біріккен археологиялық экспедиция құрамында Берел қорымындағы сақ дәуірінің мәңгілік тоң басқан қорғандарында, 1999 жылы Қазақ-Ресей біріккен археологиялық экпедициясының зерттеулері бойынша Марқакөл (Күршім) өңіріндегі кешенді зерттеулерге қатысты.
2002-2011 жылдары Археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды.
2004-2011 жылдарда көптеген археологиялық барлау жұмыстарына қатысты. 2012жылдан бері әл-Фараби атындағыҚазҰУ Археология және этнология кафедрасының доценті, 2016-2020 жылдарда кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
2012-2014 жылдарға арналған ғылыми жобалар аясында Ғани Омаровтың басшылығымен «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының археологиялық ескерткіштері, 2015ж. Оңтүстік Батыс Алтай, ежелгі және орта ғасыр көшпелілері: пәнаралық зерттеу, «Үржар ауданының археологиялық ескерткіштері», 2018-2020 жылдары «Көне заманнан орта ғасырғадейінгі Қазақ Алтайы тұрғындарының сакральді кеңістігі және жерлеу-ғұрыптық рәсімдері» тақырыбында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Бүгінгі таңда Ғани Қалиханұлының жетекшілігімен «Аягөз ауданының археологиялық ескерткіштері: пәнаралық байланыс», «Шелек-Талғар» қосөзені аралығындағы ерте көшпелілер қорғанының конструктивті ерекшеліктері» атты 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми жобалар аясында зерттеу жұмыстарын жүргізілуде.
Ғани Қалиханұлы 2014 ж «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленді. «Ыбырай Алтынсарин » төсбелгісімен марапатталған.Ғани Омаров 200-ден аса ғылыми еңбектердің, 7 монография мен 8 әдістемелік оқулықтардың авторы. Көптеген халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, баяндамалар жасаған. Кандидаттық диссертациясын «Алтай-Тарбағатай өңірінің ерте темір ғасыры археологиялық ескерткіштері» атты тақырыпта қорғады.
Ғани Омаров - отандық археология ғылымының дамуына, археолог мамандарын даярлауға сүбелі үлес қосып жүрген ұлағатты ұстаз, елімізге, алыс –жақын шетелдерге белгілі кәсіпқой археолог.
Ғ. Қ. Омаровтың мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары
Публикации Г. К. Омарова в периодической печати
Омаров Ғ.Қ. С.С.Черниковтың Шығыс Қазақстан ерте темір дәуірін зерттеуге қосқан үлесі [Мәтін] / Ғ. Қ. Омаров. // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. историческая . - 2008. - № 4. - С. 138-141 б.- Библиогр.: 27 атау.
Омаров Ғ.Қ. Алтай мен Тарбағатай көшпелілер мәдениетіндегі кейбір ортақтастықтар мен ерекшеліктер [Мәтін] / Ғ. Қ. Омаров, Р. С.Жұматаев. // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. историческая . - 2008. - № 4. - С. 142-145 б.- Библиогр.: 9 атау.
Омаров Ғ.Қ. Археология және этнология кафедрасының көне дәуір археологиясы тобының зерттеулері [Мәтін] : Шығыс Қазақстанда 1985-2002 жж. жүргізілген қазба жұмыстары туралы / Ғ.Қ. Омаров. // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. историческая . - 2004. - № 4. - С. 161-163 б.- Библиогр.: 12 атау.
Омаров Ғ. Ақтоғайлықтар асуы [Мәтін] / Ғ. Омаров. // Егемен Қазақстан. - 2011.- 12 қазан (№ 491/492). – Б.9.
Ғ.Қ. Омаров туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар
Литература об Г.К. Омарова на страницах периодической печати
Шәмерхан, К. Күршімнен шыққан археолог : [күршімдік археолог Ғани Омаров жайлы] / К Шәмерхан. - Мәтін // Рауан. - 2021. - 30 шілде. - Б. 5.
Омаров Ғ.Ұлттық құндылықтарымыз көп-ақ. Бірақ соның қадіріне жете алмай отырмыз/ Ғ. Омаров. – Мәтін//Дидар. -2021. -1 қазан. – Б.5