Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Боштаев (Поштаев) М.

Боштаев (Поштаев) Мұқыш (1897 – 1921) – Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер.

1897 жылы Семей облысы Павлодар уезінде дүниеге келген. 1917 ж. Қазан университетінің заң факультетін бітірді. Уақытша үкімет жағдайында Павлодар уезі сотының төрағасы болды. Семей облысы қазақ комитетінің жұмысына белсенді түрде қатысты. Тұңғыш Жалпықазақ съезінде «Алаш» партиясы атынан Жалпыресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылды. Екінші Жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі мүшелігіне сайланды.  

Алаш қозғалысының белсенді мүшесі Мұқыш Боштаевтың өмірі мен қызметі Павлодар уезімен тығыз байланысты. Баянауылдан шыққан М. Боштаев Қазан университетінің (енді бір деректе Петербург) заң факультетін бітірген. Мамандығы - заңгер.  

Мұқыш Боштаев студент кезінен қоғам өміріне белсенді араласты. Ресейде оқыған басқа студенттермен бірге ұлттық «Қазақ» газетінің ашылуына орай редакцияға хат жазады. «Қазақ» газетіне білім беру мәселесі туралы (1915; № 111) мақалалар жариялайды. М. Боштаев студенттерді материалдық тұрғыда қолдайтын «Игілік» атты мәдени-ағарту қоғамын құру жөнінде бастама көтереді. Мақала «Игілік қауымы» деп аталып, газет оқырмандарының ерекше қызығуын туындатты. Біраз уақыттан кейін редакцияға Баянауыл мешітінің имамы Хабиболла Лекеровтан пікір келді, онда «Игілік» қоғамының оригиналды үлгісі ұсынылған.

Ә. Бөкейханов жас заңгердің көрегендігін, оның халыққа білім беруге көмек, талантты жастарды әлеуметтік жағдайына қарамай ағарту ісіне тарту, ерекше мұқтаж адамдарға ақшалай-материалдық жәрдем беруге ұмтылысын атап өтеді.

Жас зиялы азамат М. Боштаев 1916 жыл оқиғаларынан қалыс қалмады. Ол басқа студенттермен бірге тыл жұмысына аттанған қазақ жігіттеріне жәрдем беру қажеттігі туралы «Қазақ» газетіне жариялайды. Тылдағы адамдарға материалдық, заңнамалық және рухани қолдау берген «Земство одағын» ұйымдастыруға ат салысады. Оны Ә. Бөкейханов және басқа да Алаш қайраткерлері ерекше атап өткен. Ол туралы Ә. Бөкейхановтың «Мәскеу хаты» мақаласында ерекше айтылған. «Сарыарқа» газетіне де мақалалар жариялаған. М. Боштаев жалпықазақ съездеріне белсене қатысты. 1917 ж. 21-26 шілдеде Орынбор қ. өткен съезде М. Боштаев Семей облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат болып ұсынылады. 1917 ж. қазан айында «Алаш» партиясы мүшелігіне қабылданады. «Қазақ» газеті 1917 ж. Құрылтай жиналысы депутаттығына кандидаттар тізімін жариялап, М. Боштаевқа келесідей мінездеме береді: «Қазан университетінің түлегі, жас заңгер, уезд комиссары». Бұл мінездемеде М. Боштаев «Алашорданың» Павлодар уездік комитетінің мүшесі болды. Бұл кезеңде М. Боштаев туған жері Баянауылда, Павлодар уезіндегі білім беру ісі туралы мақалалар жариялайды. М. Боштаев жергілікті Алаш комитеттерін, милиция отрядтарын құру, үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруда белсенді жұмыстар жүргізді.

 

М. Боштаев (Поштаев) туралы әдебиеттері

Литература о Боштаеве (Поштаеве) М.

 

Қазақстан [Мәтін] : ұлттық энциклопедия / бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 1998.

Шаяхметов, Н. Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін [Мәтін] / Н. Шаяхметов. - Алматы, 2001.

Казахстан [Текст] : национальная энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004. -Боштаев Мукыш: с.449.

«Алаш» қозғалысы [Мәтін] : құжаттар мен материалдар жинағы, сәуір 1901 ж. – желтоқсан 1917 ж. Т. 1. - Алматы, 2008.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы : Арыс баспасы, 2009. - 544 б. - Боштаев (Поштаев) Мұқыш: б. 107.

История Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник. - Алматы: Аруна, 2010. - Боштаев Мукыш: с.120.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Боштаев (Поштаев) Мұқыш: б. 280.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки


Мұқыш Боштаев [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия – ашық энциклопедиясы : сайт. – Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D1%88_%D0%91%D0%BE%D1%88%D1%82%D0%B0%D0%B5%D0%B2 (09.02.2017)

Мұқыш Боштаев [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // turkaramamotoru.com : сайт. – Пайдалану орны : http://www.turkaramamotoru.com/kk/%D0%9C%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D1%88-%D0%91%D0%BE%D1%88%D1%82%D0%B0%D0%B5%D0%B2-9250.html (09.02.2017)

Боштаев, Мукыш [Электронный ресурс] : [биография] // ru.rfwiki.org : сайт. – Режим доступа : http://ru.rfwiki.org/wiki/%D0%91%D0%BE%D1%88%D1%82%D0%B0%D0%B5%D0%B2,_%D0%9C%D1%83%D0%BA%D1%8B%D1%88 (09.02.2017)