Известные имена

Құлжанова Н. С.

Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы – педагог-ағартушы, журналист-аудармашы, этнограф, Орыс Географиялық қоғамының мүшесіҚұлжанова Нәзипа Сегізбайқызы (1887-1934) – педагог-ағартушы, журналист-аудармашы, этнограф, Орыс Географиялық қоғамының мүшесі.

1887 ж. Торғай қаласында дүниеге келген. Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған орыс-қазақ мектебінде оқыды. 1902 жылы Қостанай әйелдер гимназиясын бітірген. 1903-04 жж. 15 жасында Торғай әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі міндетін атқарды. Соңынан Орынбор мұғалімдер семинариясын аяқтайды. 1905-20 жж. Семей қ. Мұғалімдер семинариясында оқытушы болды. 1902 ж. Нәзипа Шұбар болысы мектебінің мұғалімі Нұрғали Құлжановпен танысып, кейіннен оған тұрмысқа шығады. 1905 жылы олар Семей қаласына көшеді. 1913 ж. Нәзипа Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің «Гражданские спутники» («Азамат серіктігі») тобының мүшесі болады.

Семейде қызмет істеген жылдары Нәзипа ұлы Абайдың отбасы, көптеген белгілі қайраткерлермен жақын танысады, олардың арасында жер аударылған революционерлер де болған еді. Семей Географиялық қоғамының мүшесі ретінде маңызы зор әдеби-музыкалық және этнографиялық кештер ұйымдастырады. Нәзипа Құлжанова Абайдың ақындық мұрасын қазақ және орыс халқы арасында насихаттаушының бірі болды. Ол Абайдың «Махаббат туралы», «Желсіз түнде жарық-ай» («Безветренная ночная луна») өлеңдерін орыс тіліне аударды. Соңғы аударылған өлеңі 1915 жылы «Сибирский студент» журналына басылды.

Нәзипа Құлжанова ұйымдастырған екінші ірі іс-шара – 1915 ж. 13 ақпанда өткізілген әдеби-музыкалық қайырымдылық кеші еді. Бұл оқиға жайында «Айқап» және «Қазақ» журналдары шағын мақала жазды. Нәзипа Құлжанованың әдеби-музыкалық кешін өткізу тәжірибесі ұлттық театрды қалыптастыруда қолданылды. Ол өз қызметінде жастар тәрбиесі мен халықтың мәдени жаңғырту мәселелерін көтерді.

1917 жылы Нәзипа Семей облысы қазақтарының съезіне қатысып, Съезд басқармасы қатарына кіреді. 1920 жылы Нәзипа Құлжанова Қазақ автономиялық республикасының Ағарту комиссариаты комиссиясының оқулықтар, кітаптар әзірлеу, баспа ісі жөніндегі құрылымына кіреді. 1922 ж. Нәзипа «Еңбекші қазақ» газетінің редакциялық коллегиясының мүшесі болады.

1920-1922 жж. Н. Құлжанова Ақмола қаласында мұғалім болып қызмет етті. Ол 1923-1925 жж. «Қызыл Қазақстан» («Красный Казахстан»), «Равенство женщин» журналдарында қызмет атқарып, «Айқап», «Қазақ», «Знамя единства», «Алаш» газеттеріне мақалаларын жариялады. 1925-1929 жж. Н. Құлжанова қоғамдық-саяси және әдеби-көркем «Әйел теңдігі» журналында жауапты хатшы болды. Н. Құлжанованың өтінішімен орыс композиторы Александр Затаевич «Ғайни-ау, сәулем», «Плач Кадыра» әндеріне музыка жазды.

Нәзипа жолдасы қайтыс болғаннан кейін екі жыл бойы Ақмола қ. мұғалім болады. 1923 ж. «Қызыл-Қазақстан» журналына ауысып, әдеби-аудармамен айналысады. Ол орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударады. Соның ішінде, ол В. Г. Короленко мен Б. А. Лавреневтің кітаптарын қазақ тіліне, сондай-ақ, қазақ тілінен орыс тіліне аударды (Ы. Алтынсарин «Көктем»).

Н. Құлжанова әйелдер қозғалысын дамытуға күш салып, әйелдердің қоғам өміріне белсенді араласуына қолдау берді. Ол Шығыс әйелдерінің Бірінші съезін ұйымдастыруға қатысты.

Қазақстанның мерзімді басылымдарына мақалаларын жариялап, аударма ісімен айналысты. Өзі де кітап жазды. Ол 1923 ж. Орынборда шыққан «Дошкольное воспитания» («Мектептен бұрынғы тәрбие»), 1927 ж. Орынборда шыққан «Мать и дитя» («Ана мен бала») кітабының авторы. Ол кітаптар бүгін де өзекті.

«Мать и дитя» («Ана мен бала») кітабы ана болу және қазақ әйелінің педагогикалық білімі мәселелеріне арналды, ол кезде қазақ тілінде педагогикалық кітаптар болған жоқ. Н. Құлжанова мектепке дейінгі мекемелерді ұйымдастырып, ашуға белсенді түрде қатысты. «Дошкольное воспитание» еңбегінде қазақ даласындағы мектепке дейінгі тәрбиенің негізгі міндеттері ашылған. Нәзипа Құлжанова қазақ педагогикасын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан.

Н. Құлжанова 1934 жасында қырық алты жасында қайтыс болды. Соңында мол шығармашылық мұрасы қалды.

 

Н. Құлжанованың еңбектері

Труды Кулжановой Н.

 

Құлжанова, Н. Халқыма деп іс қылдым [Мәтін] : педагог, журналист, әдебиетші Нәзипа Құлжанованың мұрасы / Н. Құлжанова. - Алматы : Рауан, 1993. - 168 б.

Құлжанова, Н. Шығармалары [Мәтін] : мақалалар, очерктер, педагогикалық ой-пайымдар, аудармалар / Н. Құлжанова. - Алматы : Ана тілі, 2014. - 384 б.

 

Н. Құлжанова туралы әдебиетер

Литература о Кулжановой Н.

 

Кітаптар - Книги

 

Ибраев, М. Құтты қойнау [Мәтін] : (Семей облысы туралы кітап) / М. Ибраев. - Алматы : Жалын , 1986. - 80 б.

Ахметова, Л. Қарлығаш қаламдастар [Мәтін] / Л. Ахметова. - Алматы : Қазақ университеті, 1993. - 112 б.

Жарықбаев, Қ. Б. Қазақ тәлім-тәрбиесі [Мәтін] : қазақ ұлттық педагогикасы мен ұлттық психологиясының тарихы. Оқу құралы / Қ. Б.Жарықбаев, С. К. Қалиев. - Алматы : Санат, 1995. - 352 б.

Қожакеев, Т. Сара сөздің сардарлары [Мәтін] : көмекші оқу құралы / Т. Қожакеев. - Алматы : Санат, 1995. - 168 б.

Қалиев, С. Қазақ этнопедагогикасының тарихы (Кеңестік дәуір-1920-1990) [Мәтін] : мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы / С. Қалиев. - Алматы : Білім, 1999. - 160 б.

Кәрібжанова, Г. А. Н. С. Құлжанованың өмірі және қоғамдық-ағартушылық қызметі (1887-1934) [Мәтін] : тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Г. А. Кәрібжанова. - Алматы, 2003. - 36 б.

Қалиұлы, С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы [Мәтін] : оқу құралы / С. Қалиұлы. - Алматы : Білім, 2003. - 280 б.

Хакімжанова, М. Үш томдық шығармалар жинағы [Мәтін] : естеліктер, мақалалар. Т. 3, 2006. - 368 б.

Этнопедагогика [Мәтін] : оқулық / С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б. Иманбекова. - Астана : Фолиант, 2007. - 400 б.

Жарықбаев, Қ. Жантану оқулығы [Мәтін] / Қ. Жарықбаев. - Алматы : Дарын, 2008. - 630 б.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Арыс, 2009. - 544 б. – Құлжанова Нәзипа: б. 231-232.

Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы [Мәтін] : 10 томдық. Т. 6 : Ұлттық тәлім-тәрбиелік ғылымдардың дамып, қалыптасу тарихынан : 1920-2000 жылдар. - Алматы : Сөздік - Cловарь, 2009. - 400 б.

Әлемдік педагогикалық ой-сана [Мәтін] : 10 томдық / Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы. Т. 10 : XV-XX ғғ. қазақ ойшыл оқымыстыларының тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері. - Алматы : Таймас, 2010. - 400 б.

Кәріпжанова, Г. А. Нәзипа Құлжанова [Мәтін] / Г. А. Кәріпжанова. - Семей : Интеллект, 2012. - 198 б.

Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Ш. Құрманбайұлы . - Алматы : "Сардар", 2014. - 528 б.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы: б. 481.

Мұхтар Әуезовтің мұражай-үйі [Мәтін]. - Семей, [ж. ж.]. - 53 б.

***

Список организаторов Алашского конного партизанского полка, участников организации против Советской власти 1918 года правительства Восточной Алаш-Орды [Текст] : [значится в списках как Кульджанова Назифа] // Восточное отделение правительства Алашорды : сборник документов / сост.: Е. Б. Сыдыков. - Семей : 2010. - С. 310.

Назипа Сагызбаевна Кульжанова (1887-1934) - первая казахская журналистка[Текст] // История Восточного Казахстана с начала XX века до современности: хрестоматия для 9 класса общеобразовательных школ ВКО / сост. Д. И. Бралинова [и др.]. - Семей : Тенгри, 2013. - С. 172-174.

 

Мақалалар - Статьи

 

Қазақша бастапқы ойын [Мәтін] : [1915 жылы Ұлы Абайдың туғанына 70 жыл толуына арнап өткізілген әдеби кеш туралы] // Абай. - 1992. - № 2. - Б. 8-10.

Бейсенова, Ш. Дәстүр жалғастығы немесе журналдың алғашқы шығарушылары Сара Есова, Нәзипа Құлжанова, Нағима Арықова туралы] [Мәтін] / Ш. Бейсенова // Қазақстан әйелдері. - 1995. - № 9. - Б. 7-9.

Қалиев, С. Нәзипа Құлжанова және Ахмет Байтұрсынов [Мәтін] : [Н. Құлжанованың туғанына-110 жыл] / С. Қалиев // Қазақстан мектебі. - 1997. - № 7. - Б. 72-76.

Сағыбаева, З. Ардақты,бар Нәзипа ханым [Мәтін] : [журналист Н. Құлжанова туралы] / З. Сағыбаева // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1997. - № 3-4. - Б. 119-124.

Сағыбаева, З. Қайраткер қыз [Мәтін] : [қоғам қайраткері Н. Құлжанова туралы] / З. Сағыбаева // Қазақстан мектебі. - 1997. - № 3. - Б. 64-66.

Орынбаева, Р. Қазақтың зиялы -қайраткер әйелдерінің идеялары мен ағартушылық қызметі [Мәтін] : [Н. Құлжанова туралы] / Р. Орынбаева // Ұлт тағылымы. - 2000. - № 3. - Б. 72-77.

Ілиясова, К. Қазақтың күрескер әйелдері [Мәтін] : [Н. Құлжанова туралы] / К. Ілиясова // Қазақ тарихы. - 2000. - № 5. - Б. 20-24.

Дүкенбаева, З. О. Қазақ әйелдері арасынан шыққан ұлттық шығармашылық интеллигенцияның тұңғыш өкілдері (ХХ ғасырдың 1- ші жартысы) [Мәтін] / З. О. Дүкенбаева // Білім - Образование. - 2003. - № 1 - Б. 77.

Белгібаев, М. Семей Орыс Географиялық бөлімінің XX ғасырда атқарған жұмысы [Мәтін] / М. Белгібаев, Ж. Әділбекқызы // География және табиғат. - 2004. - № 3. - Б. 5-15; № 4. - Б. 3-10; № 5. - Б. 10.

Қазбалинов, Т. Ең алғашқы баспахана [Мәтін] / Т. Қазбалинов // Семей таңы. - 2004. - 3 қыркүйек. - Б. 14.

Қазбалинов, Т. Ірі аймақтың хикаясы [Мәтін] : [Н. Құлжанова туралы] / Т. Қазбалинов // Ертіс өңірі. - 2004. - 17 маусым.

Байжұманова, Г. Ұлы ақынды ұлықтаған Нәзипа [Мәтін] / Г. Байжұманова // Семей таңы. - 2007. - 30 тамыз. - Б. 3.

Мағауина, З. Қазақтың ардақты қызы [Мәтін] : [Н. Құлжанова туралы] / З. Мағауина // Семей таңы. - 2007. - 24 мамыр. - Б. 3.

Жәрімбетова, Н. Екеуі де еліне еңбек етіп еді, алайда қостанайлықтар Құлжановтар атын елемей отыр [Мәтін] / Н. Жәрімбетова // Егемен Қазақстан. - 2008. - 13 мамыр. - Б. 6.

Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш журналист [Мәтін] : [тұңғыш журналист Н. Құлжанова туралы] / әзірлеген: А. Қасым // Дидар. - 2011. - 3 маусым. - Б. 8.

Селкебаева, А. Нәзипа Құлжанова [Мәтін] : қоғамдық саяси және ұстаздық қызметі / А. Селкебаева // Қазақ тарихы. - 2011. - № 2. - Б. 29-30. - Мақала соңында библиогр.

Хасан, С. Алашшыл абайтанушы [Мәтін] / С. Хасан // Ақиқат. - 2011. - № 11. - Б. 25-32.

Аусарбаева, М. Ұлылардың ұлағаты қазіргі таңға ұласты [Мәтін] : Н. Құлжанованың туғанына 125 жыл / М. Аусарбаева // Семей таңы . - 2012. - 5 қазан. - Б. 7.

Ерсәлімов, Б. Орысша оқыған алғашқы қазақ қызы [Мәтін] : [белгілі қоғам қайраткері, журналист Н. Құлжанова туралы] / Б. Ерсәлімов // Дидар. - 2012. - 27 желтоқсан. - Б. 26.

Исабай, Е. Қайраткер қызға құрмет көрсетілді [Мәтін] / Е. Исабай // Семей таңы. - 2012. - 25 желтоқсан. - Б. 2.

Исабаев, Е. Мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салған [Мәтін] : Н. Құлжанованың туғанына 125 жыл / Е. Исабаев // Семей таңы. - 2012. - 19 қазан. - Б. 2.

Кәрібжанова, Г. Қазақтың қайраткер қызы [Мәтін] : [Н. Құлжанова туралы] / Г. Кәрібжанова // Егемен Қазақстан. - 2012. - 26 желтоқсан. - Б. 6.

Мағауина , З. Ұстаздықтың алғашқы қарлығашы [мәтін] : Н. Құлжановаға - 125 жыл / З. Мағауина // Семей таңы . - 2012. - 22 мамыр. - Б. 3.

Нұғманбекова, Р. Халық Құлжанованы қашанда қадір тұтады [Мәтін] : [Семей қаласында белгілі журналист, қоғам қайраткері Н. Құлжанованы еске алу кеші өтті] / Р. Нұғманбекова // Дидар. - 2012. - 27 желтоқсан. - Б. 26.

Бөлеев, Қ. Ұлт мектептерінің ұлы мұраты [Мәтін] : [Н. Құлжанова туралы] / Қ. Бөлеев, Л. Бөлеева, П. Бөлеева // Қазақстан мектебі. - 2013. - № 8. - Б. 27-31.

Сәрпеков, Р. Қазақтың мақтанышына айналған ғұламалар Құлжановтардың шәкірті болған [Мәтін] : [Семей қаласында алаш ардагерлері Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтарғв арналып ас берілді] / Р. Сәрпеков // Дидар. - 2013. - 4 қаңтар. - Б. 20-21.

Сейсенұлы, Д. Депутат сыйы [Мәтін] : Семейдегі М. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің құрылғанына - 110 жыл / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2013. - 7 маусым. - Б. 7.

Садықова, Ә. Нәзипа Құлжанова мен Ахмет Байтұрсынұлы [Мәтін] / Ә. Садықова // Қазақ тарихы. - 2013. - № 4. - Б. 33-34.

Теміров, Б. Алғашқы сахналық қойылым [Мәтін] : [XX ғасырдың басында Семей қаласында өткен алғашқы әдеби кеш туралы] / Б. Теміров // Ертіс өңірі. - 2015. - 11 наурыз; 18 наурыз. - Б. 8.

Абдуллина, А. Қос қарлығаш [Мәтін] / А. Абдуллина // Абай. - 2016. - № 1. - Б. 68-74.

Балтабаева, З. Қ. Ыбырай Алтынсариннің шәкірттері мен ізбасарлары [Мәтін] : Ы. Алтынсаринның 175 жылдық мерейтойына орай / З. Қ. Балтабаева // Білім. - 2016. - № 3. - Б. 69-82. - [Н. Құлжанова туралы].

Хасан, С. Алғашқы журналист қыздар [Мәтін] : [Н. Құлжанова туралы] / С. Хасан // Айқын. - 2016. - 5 тамыз. - Б. 11.

***

Азмухамбетов, Ш. Ступени, хранящие следы гения [Текст] : к 110-летию Мухтара Ауэзова / Ш.Азмухамбетов // Рудный Алтай. - 2007. - 24 апр. - С. 6. - о супругах Кулжановых Н. и Н.

Биданова, А. Союз любви и мысли [Текст] : [о супругах Кулжановых Нургали и Назипе] / А. Биданова // Казахстанская правда. - 2008. - 9 янв. - С. 12.

Ерсалимов, Б. Женщина - легенда [Текст] / Б. Б. Ерсалимов; сост. Я. Иванченко // Наше дело. - 2012. - 4 окт. - С. 10.

Ерсалимов, Б. Назипа - гордость нации [Текст] / Б. Б. Ерсалимов // Казахстанская правда. - 2012. - 21 декабря. - С. 14.

Титова, С. Преподаватель гимназии в... 14 лет [Текст] : [первая женщина-казашка педагог, просветитель и журналист Н. Кульжанова] / С. Титова // Рудный Алтай. - 2012. - 24 мая. - С. 12.

Иванченко, Я. В память о великих [Текст] : [о Н. Кулжановой] / Я. Иванченко // Наше дело. - 2013. - 10 янв. - С. 2.

Первая журналистка Казахстана [Текст] : [о Н. Кулжановой] // Вести Семей. - 2014. - 2 декабря. - С. 12.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Нәзипа Құлжанова [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия – ашық энциклопедиясы : сайт. – Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D3%99%D0%B7%D0%B8%D0%BF%D0%B0_%D2%9A%D2%B1%D0%BB%D0%B6%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B0 (25.02.2017)

Сүйінкина, П. Нәзипа Құлжанова – мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалаушы [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] / П. Сүйінкина // Біздің Қостанай : сайт. – Пайдалану орны : http://top-news.kz/index.php?np=00013550&nl=1&tp=N&npN=00013550&sR=61430745&npMWp=---&npAWp=&npWp=1&npKd=60480952 (25.02.2017)

Нұрланұлы, М. Нәзипа Құлжанова – қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] / М. Нұрланұлы // Қазақстан тарихы порталы : сайт. – Пайдалану орны : http://e-history.kz/kz/publications/view/1234 (25.02.2017)

НАЗИПА ҚҰЛЖАНОВА ЕҢБЕКТЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ [Электрондық ресурс] // Инфоурок : сайт. – Пайдалану орны : https://infourok.ru/nazipa-lzhanova-ebekteri-zhne-azirgi-pedagogikani-zekti-mseleleri-konferenciya-722653.html (25.02.2017)

Нәзипа Құлжанова (1887-1934) [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Презентация : сайт. – Пайдалану орны : http://referatikz.ru/load/aza_sha_referattar/aza_debieti/n_zipa_lzhanova/10-1-0-1110 (25.02.2017)

"Кітапхана" - Нәзипа Құлжанова [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] : [телехабар] // Massaget.kz - Жастар порталы : сайт. – Пайдалану орны : http://massaget.kz/video/adebiet_alemi/kitaphana/916/ (25.02.2017)

Сексенбаева, Р. Б. Назипа Кулжанова – выдающийся педагог-просветитель XX века(1887–1934 гг.) [Электронный ресурс] : [биография] / Р. Б. Сексенбаева // collegy.ucoz.ru : сайт. – Режим доступа : http://collegy.ucoz.ru/publ/9-1-0-14293(25.02.2017)

Нурланулы, М. Первая казахская женщина-журналист — Назипа Кулжанова [Электронный ресурс] : [биография] / М, Нурланулы // yvision.kz : сайт. – Режим доступа : http://yvision.kz/post/517327(25.02.2017)

Белякина, А. Назипа КУЛЖАНОВА. Ее судьба – быть первой [Электронный ресурс] : [биография] / А. Белякина // Караван : сайт. – Режим доступа : http://www.caravan.kz/gazeta/nazipa-kulzhanova-ee-sudba-byt-pervojj-78619/ (25.02.2017)