Известные имена

Еңсеұлы Т.

Еңсеұлы Таңғыт (1879-1952) – қоғам қайраткері, ру басы, Алаш қозғалысының өкілі.

Ол 1879 жылы Қытайда, Тарбағатай аймағы, Дөрбілжің ауданында дүниеге келген. Әкесі Еңсе үкірдай қажыға барарда Таңғытты өз орнына найман елінің жұмық руына үкірдай етіп қойып кеткен. Ол осы орында 1897 жылдан 1936 жылға дейін болды. Таңғыт өзінің әділдігімен, парасаттылығымен ел көңілінен шығып отырған. Халықтың оқу-білімін жетілдіру жағына баса назар аударды. Азамат соғысы жылдары А. Байтұрсынов, М. Дулатов және Р. Мәрсеков басталған Алаш қайраткерлері Қытайға өтіп, Таңғыттан жергілікті қазақтармен кездестіруді сұраған. Таңғыт қарсы болмай Шәуешек қаласында Тарбағатай аймағындағы төрт үкірдайдың басын қосқан. Алашорда басшыларының келу мақсатынан хабарланған кеңес үкіметі өкілдері іске араласып, бұларды таратып жіберді. 1944 ж. Шығыс Түркістан Республикасы құрылғанда Таңғыт әскер жинап, заттай көмек берді. Осы еңбегіне орай Шығыс Түркістан өкіметінің тәуелсіздік орденімен марапатталған (1946). 1933 ж. Таңғыт қытай билігіне қарсы дүнгендермен бірлесіп қарулы көтеріліске қатысты. 1938 ж. осыған байланысты оны жергілікті қытай өкіметі 10 жылдық қамау жазасына отырғызып,  елден шықпауға ұйғарым жасады. Қытайда коммунистік партиясы билік басына келгенен кейін «Алашордамен тіл табысқан, Кеңес Одағына қарсы шыққан» деген айып тағылып, ату жазасы кесілді (1952).

Таңғыт Еңсеұлы туралы әдебиеттері

Литература о Тангыте Енсеулы

 

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы : Арыс, 2009. – Таңғыт Еңсеұлы: б. 300-301.

 

Айбын[Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2011. - 880 б.

 

Қаниұлы, М. Таңғыт үкірдай [Мәтін] : [Қытай жеріндегі құлыстай қазақтарының аға сұлтаны болған қазақ азаматы Таңғыт үкірдай жайында] / М. Қаниұлы // Жұлдыз. - 2000. - № 2. - Б. 131-137.

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Шығыс Түркістан һәм «Алаш қозғалысы» идеясы [Электрондық ресурс] : [Таңғыт Еңсеұлы туралы] // qasym.kz : сайт. – Режим доступа : http://qasym.kz/shygys-turkistan-am-alash-kozgalysy-ideyasy/ (07.02.2017)

Таңғыт Еңсеұлы [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия – ашық энциклопедиясы : сайт. – Режим доступа : https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%82_%D0%95%D2%A3%D1%81%D0%B5%D2%B1%D0%BB%D1%8B (07.02.2017)