Известные имена

Ермеков Ә.

Ермеков Әлімхан Әбуұлы – қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, тұңғыш қазақ профессор-математик Ермеков Әлімхан Әбуұлы (1891-1970) – қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясы жетекшісінің бірі, ғалым, тұңғыш қазақ профессор-математик.

1891 жылы Семей облысы Қарқаралы уезі Темірші болысында (қазір Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы) дүниеге келген. 1912 жылы Томск технологиялық институтын аяқтайды.

1917 ж. Қазан төңкерісі күндері Әлімхан Ермеков бесінші курста оқып жүрген еді, қазан оқиғалары оқуын жалғастыруға мүмкіндік бермеді. 1917 жылы Орынборда «Алаш» партиясының Жалпықазақ съезі өтті. Съезде төрағасы Әлихан Бөкейханов болып, «Алашорда» үкіметі сайланды. Үкімет құрамына алдыңғы қатардағы интеллигенция өкілдерімен бірге Әлімхан Ермеков те кірді.

1920жылы Ә.Ермеков Қазақ ССР-і Орталық Атқару комитетінің мүшесі ретінде Мәскеуге жіберіледі, онда В.И.Лениннің басшылығымен болған жиында Қазақстанның жағдайы туралы баяндама жасайды. Шекара мәселесі туралы өткір талқылау барысында ол Қазақстанға бұрын Ресей қарамағында болған маңызды аумақтарды қайтарады Олар: Коростылев даласы, Семей және Ақмола облыстары, Каспий теңізінің солтүстік жағалауы.  

1920 жылы Әлімхан Ермеков Өлкені басқару жөніндегі коллегияның төрағасы қызметін атқарады. Томскі технологиялық институтын бітірген соң, тау инженері және геологиялық барлау мамандығы дипломын алады. 1921 жылы Әлімхан Ермеков Қарқаралыда екі сатылы мектеп және педагогикалық техникум ашады. 1925 жылы Ә.Ермеков Семей қаласына шақырылып, Қазақстанның Орынбордағы Жоспарлау комитетінің төрағасы болып бекітіледі және өнеркәсіп секциясына жетекшілік етеді. 1926 жылдан бастап ол жоғары білімді маман ретінде Ташкент және Алматы жоғары оқу орындарына тартылады. Ә.Ермеков Қазақ Педагогикалық университетінде, Алматы зооветеринарлық институтында математика кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарады.    

1935 жылы СССР ВАК-сы оған математика және теориялық механика профессоры атағын береді. Ол Алматы тау-кен – металлургия институтында жалпы техникалық факультет деканы болды. Ә.Ермеков – тұңғыш қазақ-математик, прфессор, жоғары математикадан қазақ тіліндегі оқулықтың авторы, Европа тілдерінің білгірі, жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті және білімді педагог. 1932-1936 жж. жоғары техникалық оқу орындары үшін қазақ тілінде математика терминологиясын әзірлеп, ұсынды. 1937 ж. күзде Ә.Ермеков Мәскеуге кетіп, Куйбышев математика кафедрасының меңгерушісі қызметіне жіберіледі және онда 1938 ж. дейін қызмет істейді. Сол жылы тұтқындалып 10 жылға сотталады, бірақ мерзімі 6 жылға азайтылады. Дегенмен, Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты лагерьде тоғыз жыл, 1947 жылға дейін қамауда болды. 1948 жылы тағы он жылға қамалады. 1955 жылы Ә.Ермеков босап, Қарағанды қ. оралады. Ә.Ермеков тергеу мен қамауда жалпы он сегіз жыл болды. Дегенмен, ресми түрде ақталғаннан кейін де, Ермековтың есімі ұзақ жылдар бойы аталмады. Ол 1955 жылы 7 наурызда ақталып, құқығы толығымен қайтарылды.          

1955 жылдан бастап Қарағанды Политехника университетінде оқытушы болады. 1970 жылы 79 жасында қайтыс болды.

Қарағанды, Қарқаралы қ. көшелері, арнайы Кітап Үйі, Ағадырдағы №131 орта мектеп Ә.Ермековтың есімімен аталады. 1998 жылы Ә.Ермековтың туған жері Ақтоғайда Алашорда» қозғалысының белсенді жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаевқа ескерткіш ашылды.

 

А. Ермеков туралы әдебиеттері

Литература об Ермекове А.

 

Кітаптар – Книги

 

Аманжолова, Д. А. Партия Алаш [Текст] : история и историография / Д. А. Аманжолова. - СГПИ имени Шакарима, 1993. - 137 с.

Тәбәрікұлы, С. Алаш Арыстары [Мәтін] / С. Тәбәрікұлы. - Алматы : Кайнар, 1999. - 48 с.

Алаш қозғалысы [Текст] : құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917 ж. - мамыр 1920 ж. Движение Алаш : сборник документов и материалов. Декабрь 1917 г.- май 1920 г. Т. 2. - Алматы, 2005. - 496 б.

Алаш ақиықтары [Мәтін] : мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар. - Алматы, 2006. - 288 б.

Ескендірұлы (Әбдешев) М. «Алаш Орда» министрлері=Министры «Алаш Орды» [Мәтін] / М. Ескендірұлы (Әбдешев). - Алматы, 2008. - 114 с.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы : Арыс баспасы, 2009.- 544 б. - Ермеков Әлімхан Әбуұлы: б. 152-153.

Жанбосинова, А. С. Краткая энциклопедия истории Алаш и Алаш орда [Текст] / А. С. Жанбосинова. - Усть-Каменогорск : Берель, 2013. - 204 с.

История Восточного Казахстана [Текст]. Ч. 2 : История Восточного Казахстана с начала XX века до современности : хрестоматия для 9 класса общеобразовательных школ ВКО / сост. Д. И. Бралинова [и др.]. - Семей : Тенгри, 2013. - 452 с.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Ермеков Әлімхан Әбуұлы: б. 329-330.

Картаева, А. М. Әдеби өлкетану: ( Шығыс Қазақстанның қаламгерлері шығармашылығы бойынша ) оқу құралы / А. М. Картаева. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ "Берел" баспасы, 2016. - 166 б.
Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек: Ахмет Байтұрсынұлы мен Алаш қозғалысы қайраткерлеріне қатысты шетелдердегі архивтерден табылған материалдар жинағы. / құраст.: Е. Тілешов, Н. Аитова; жауапты ред.: Г. Төкенқызы, Д. Оспан. - Алматы: Полиграфкомбинат, 2022. - 224 б.
Жүнісов, Қ. Кейіпкер ғұмыр: драмалық шығарма / Қ. Жүнісов. - Алматы : ЖК Сакенова, 2024. - 368 б.

 

Мақалалар – Статьи

 

Өзбекұлы, С. Автономия жөніндегі айтыс [Мәтін] : Ә. Бөкейханов, Р. Мәрсеков және Ә. Ермековке қатысты Томскіден табылған тың дерек / С. Өзбекұлы, Қ. Құдайбергенов // Егемен Қазақстан. - 2002. - 29 қараша. - Б. 12.

Өскембаев, Қ. Ә. Ә. Ермековтің қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметі [Мәтін] / Қ. Өскембаев. - Қарағанды, 2003. - 278 б.

Аязбаева, Г. Алаштың алғашқы математигі [Мәтін] / Г. Аязбаева // Семей таңы. - 2011. - 31 мамыр. - Б. 3.

Үдербаев, А. Әлімхан Ермеков «Ұлы математика курсы» оқулығы [Мәтін] / А. Үдербаев // Дала мен қала. - 2011. - 21 наурыз. - Б. 14.

Құсайынұлы, С. Қазақтың қуаты артық Әлімханы / С. Құсайынұлы // Дарабоз. - 2013. - № 7. - Б. 4-7.

Әбдиманұлы, Ө. С.Торайғыровтың "Таныстыру" поэмасындағы алаш қайраткерлерінің әдеби тұлғасы : [Мәтін] / Ө. Әбдиманұлы // Айқап. - 2018. - №1. - Б. 101-112.
Бек, К. Шекараны шегендеген Әлімханды ұмытуға бола ма?: / К. Бек // Ертіс өңірі. - 2020. - 26 тамыз. - Б. 13.
Жанаев, Т. Ұлылардың ғибраты: [қазақ халқының зиялы азаматтары Ә. Ермеков, Д. Қонаев, М. Әуезов туралы тарихи естелік әңгімелер] / Т. Жанаев. - Мәтін // Үш қоңыр. - 2020. - 16 қазан. - Б. 6.
Ақсұңқарұлы, С. Алашорданың соңғы көзі: [Әлімхан Ермеков туралы тарихи-таным] / С. Ақсұңқарұлы. - Мәтін // Қазақ әдебиеті. - 2021. - 15 қаңтар. - Б. 10-11.
Уалханова, Р. Н. Шекараны шегендеген Ермеков : алаш ардагері Әлімхан Ермековтің өмірі мен атқарған қызметі, кітапханада өткен іс шаралар туралы мақала / Р. Н. Уалханова // Ертіс өңірі. - 2021. - 10 наурыз. - Б. 8. // Үш қоңыр. - 2021. - 12 наурыз. - Б. 3.
Орынтаева, Р. Әлімхан Ермеков - қазақтың тұңғыш математигі, қоғам қайраткері / Р. Орынтаева // Қазақстан мектебі. - 2021. - №8. - Б. 59-61.
Бек, К. Шекараны шегендеген кім? / Б. Бек. - Мәтін // Жас алаш. - 2022. - 30 тамыз. - Б. 3.
Бейсенұлы, Б. Ермековтей ер ел есінен шықпаса... / Б. Бейсенұлы. - Мәтін // Ана тілі. - 2022. - 15-21 қыркүйек. - Б. 1,2.
Мәдібайұлы, Ж. Алаштың алғашқы математиктері / Ж. Мәдібайұлы // Жас Алаш. - 2025. - 20 ақпан (N13). - Б. 6.
Бірлікұлы, Қ. Ермековтің құпия хаты: [Мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі Ә. Ермеков туралы] / Қ. Бірлікұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 11 сәуір (№68). - Б. 9.
Сағынтайұлы, С. Әлімхан - ғылымда да төңкеріс жасаған қайраткер : математик Әлімхан Ермеков туралы / сұхб. Ә. Қали // Айқын. - 2025. - 31 мамыр (№59). - Б. 12.

***

Попов, Ю. Алимхан Ермеков [Текст] : страницы жизни / Ю. Попов // Индустриальная Караганда. - 1992. - 7 мая.

Попов, Ю. Иван Шухов и Алимхан Ермеков [Текст] / Ю. Попов // Простор. - 2011. - № 3. - С. 187-188.

Домбровский, Я. Завтра было вчера [Текст] / Я. Домбровский // Экспресс К. - 2013. - 7 февраля. - С. 6.

Кыдыралина, Ж. Алимхан Ермеков [Текст] : служение Отчизне / Ж. Кыдыралина // Мысль. - 2013. - № 5. - С. 72-75.

Кыдыралина, Ж. Алимхан Ермеков и Каныш Сатпаев [Текст] : линии судеб / Ж. Кыдыралина // Мысль. - 2014. - № 8. - С. 87-91.

Каренов, Р. Патриоты из плеяды Алаш / Р. Каренов // Мысль. - 2022. - № 8. - С. 54-62.
Айтенова, А. Гордость далекого выпуска: [материалы госархивы Томской области об известных казахских политиках и ученых] / А. Айтенова // Мысль. - 2024. - № 11. - С. 35-39.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Ермеков, Алимхан Абеуович [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – открытая энциклопедия : сайт. – Режим доступа: https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%80%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D0%B2,_%D0%90%

D0%BB% D0%B8%D0%BC%D1%85%D0%B0%D0%BD_%D0%90%D0%B1%D0%B5%D1%83%D0%BE%D0%B2%

D0%B8%D1%87(09.02.2017)

Алимхан Ермеков [Электронный ресурс] : [биография] // Студенческая библиотека онлайн : сайт. – Режим доступа : http://studbooks.net/614977/istoriya/alimhan_ermekov (09.02.2017)

Попов, Ю. Алимхан Ермеков - один из создателей Казахской автономии "Алаш" (история) [Электронный ресурс] : [биография] / Ю. Попов // ЦентрАзия : сайт. – Режим доступа : http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1453844400 (09.02.2017)

Научно-педагогическая деятельность Алимхана Ермекова [Электронный ресурс] : [биография] // articlekz.com : сайт. – Режим доступа : http://articlekz.com/article/10771 (09.02.2017)

Алимхан Абеуович Ермеков [Электронный ресурс] : [биография] // Карагандинский Государственный Технический университет : Музейный комплекс КарГТУ : сайт. – Режим доступа : http://museum.kstu.kz/ErmekovAE.html (09.02.2017).