Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Потапов А. В.

Потапов Андрей Викторович

Потапов Андрей Викторович (1923-1987 жж.) - зерттеуші, өлкетанушы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы.

1923 жылы 25 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Киров ауданы (қазіргі Глубокое ауданы), Винное ауылында дүниеге келген. Оның ата-анасы егіншілікпен айналысқан. Отбасында жеті бала болған. 1931 жылдан бастап бастауыш, содан кейін Тарханка ауылының орта мектебінде оқиды, оны 1941 жылы үздік аяқтайды. Барлық ауыл ұлдары сияқты, Андрей колхоздағы жұмысқа ерте араласып, жер жырту жүргізушісі, кейінірек соқашы, шөп шабу жұмыстарын істеді. Әскерге шақырылғанға дейін екі жыл Андрей өзінің туған жері «Красный Восток» колхозында, ал оқу уақытында – Жоғарғы Үлбі жеті жылдық мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

1942 жылы 8 тамызда А. В. Потапов әскерге шақырылып, майданға жіберіледі. Батыс, Оңтүстік-Батыс, Орталық, Воронеж, Степной, 1 және 2 Украин және Беларусь майдандарында 48-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында байланысшы ретінде шайқастарға қатысады.

1944 жылдың қазан айында А.В. Потапов Энгельс атындағы Ленинград әскери-саяси училищесіне оқуға жіберіліп, оны 1946 жылы бітірген. Гатчин қаласының әуе бөліміне партия және комсомол ұйымының хатшысы болып тағайындалады. 1948 жылы Кеңес Армиясы қатарынан босатылады. Біраз уақыт Украинадағы балалар үйінде мұғалім, орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Герцен атындағы Ленинград мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетінің сырттай бөлімінде оқуды қатар алып жүреді. Оны 1950 жылы үш жыл ішінде бітіреді. Сол жылы КСРО тарихы кафедрасы бойынша сол институттың жанындағы сырттай аспирантураға қабылданады.

Туған өлкесіне оралып, партия органдарында жұмыс істейді. 1957 жылдың қыркүйегінде Андрей Викторович Потапов КОКП тарих пәнінің оқытушысы болып бүкілодақтық инженерлік-құрылыс сырттай Институтының Өскемен консультациялық пунктіне ауыстырылады, ал кейін жаңадан құрылған Өскемен құрылыс-жол институтының (қазіргі Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ), КОКП тарих кафедрасының аға оқытушысы оқытушы болады.

1965 жылы А. В. Потапов «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Шығыс Қазақстан облысы еңбекшілерінің әскери және еңбек ерліктері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Оған тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі, ал бір жылдан кейін – «КОКП тарихы» мамандығы бойынша доцент атағы берілді.

1971 жылы Потапов Өскемен педагогикалық институтына (қазіргі С. Аманжолов атындағы ШҚУ) жұмысқа ауыстырылды, онда 1983 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді.

Өмір бойы Андрей Викторович Потапов жерлес батырлар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы құжаттар жинады. Ол соғысқа қатысушыларға облыстардың орталық, республикалық, мемлекеттік мұрағаттарында және партиялық мұрағаттарда, мұражайлар мен кітапханаларда материалдар жинап, орасан зор жұмыс жасады. Соғыс тарихы бойынша көптеген әдебиеттерді, 1941-1980 жылдар аралығында облыстық «Большевик Алтая», «Коммунизм туы», «Рудный Алтай» газеттерінің басылымдарын, қалалық, аудандық, көп тиражды газеттерді оқыды.

А. В. Потапов жасаған жұмыстың нәтижесінде Кеңес Одағының Батырлары, үш дәрежелі Даңқ орденінің толық кавалерлері, Социалистік Еңбек Ерлері туралы толық мәліметтер анықталды, әйелдердің соғысқа қатысуы анықталды, көптеген естеліктер жазылды. Партизандық қозғалысқа қатысушылар туралы құжаттар жиналды.

Андрей Викторович Потапов келесі кітаптардың авторы және бірлескен авторы: Кеңес Одағының Батырлары – шығысқазақстандықтар туралы «Бесстрашные» очерктер жинағы («Қазақстан» баспасы, 1964 ж.), «Герои Советского Союза - казахстанцы» екі томдық («Қазақстан» баспасы, 1968 ж.), «Солдатская доблесть» үш дәрежелі Даңқ орденінің иегерлері туралы очерктер жинағы («Қазақстан» баспасы, 1974 ж.), «Гвардейцы фронта и тыла» монографиясы (Алма-Ата, 1974 ж.).

Андрей Викторович Потапов 1987 жылы 3 желтоқсанда 64 жасында қайтыс болды.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін А. В. Потапов II, III дәрежелі Даңқ орденімен (1944), «Жауынгерлік еңбегі үшін» (1943) және «Батырлығы үшін» (1944) медальдарымен марапатталған.

А. В. Потаповтың шығармалары

Произведения Потапова А. В.

Кітаптар - Книги 

Потапов, Андрей Викторович. Гвардейцы фронта и тыла : Рудный Алтай в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг. / А. Потапов ; Усть-Каменогорский педагогический институт. - Алма-Ата : Казахстан, 1974. - 251 с.

А. В. Потаповтың қатысуымен жарық көрген басылымдар

Издания, вышедшие при участии Потапова А. В.

Бесстрашные: очерки о Героях Советского Союза из Восточного Казахстана / сост. А. Потапов. – Алма-Ата: Казахстан, 1964. – 159 с.: портр.

Герои Советского Союза - казахстанцы : В 2 т. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. - 475 с.

Белан П.С. Доблесть солдатская: очерки / П.С. Белан, А. Потапов, С. Честнов. – Алма-Ата: Казахстан, 1974. – 335 с.: ил. 

А. В. Потаповтың мерзімді басылым беттерінде жарық көрген жарияланымдары

Публикации Потапова А. В. в периодических изданиях

Потапов, А. Бессмертие / Потапов А. // Знамя коммунизма. - 1962. - 9 сент.

Потапов, А. Герой - наш земляк : [о Герое Советского Союза Харине М. Т.] / А. Потапов // Рудный Алтай. - 1963. - 8 мая

Потапов, А. Подвиг танкиста / Потапов А. // Ленинская смена. - 1963. - 9 мая

Черных, С. Начальник штаба : [о Герое Советского Союза А. Г. Попове] / С. Черных, А. Потапов // Рудный Алтай. - 1963. - 12 мая

Потапов, А. Отзовитесь друзья однополчане / Потапов А. // Знамя коммунизма. - 1963. - 4 июня

Потапов, А. Не меркнет слава / Потапов А. // Знамя коммунизма. - 1964. - 5 февр.

Потапов, А. Пятнадцатая атака : [о Герое Советского Союза Н. С. Шелихове] / А. Потапов // Знамя коммунизма. - 1964. - 11 апр.

Потапов, А. Мужество / Потапов А. // Рудный Алтай. - 1964. - 9 мая

Потапов, А. Разведчик : [о Герое Советского Союза Харине М. Т.] / А. Потапов // Знамя коммунизма. - 1964. - 20 сент.

Потапов, А. Гвардеец Балтики : [материалы на основе наградных листов о Герое Советского Союза] / Потапов А. // Рудный Алтай. - 1984. - 10 авг.

Потапов, А. Полный кавалер ордена Славы / Потапов А. // Рудный Алтай. - 1984. - 4 сентября

Потапов, А. Применительно к военным условиям / Потапов А.// Рудный Алтай. - 1986. - 22 января

А. В. Потаповтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиет

Литература о жизни и деятельности Потапова А. В.

Мақалалар - Статьи

Корсунский, В. Награды и книги А. Потапова / Корсунский В. // Рудный Алтай. - 1975. - 22 февр.

Дурново, Ирина. Скромный подвиг солдата-связиста : [воспоминания ветерана, восточноказахстанского историка Андрея Викторовича Потапова о Великой Отечественной войне] / И. Дурново // Семь дней. - 2010. - 6 мая. - С. 6. : портр.

Интернет-ресурстар

Интернет-ресурсы

Андрей Викторович Потапов - жизненный путь и краеведческое наследие / Государственный архив Восточно-Казахстаской области и его филиалы. - Текст : электронный // http://e-arhiv.vko.gov.kz [сайт]. - URL: http://e-arhiv.vko.gov.kz/ru/Page/Index/1425 (дата обращения: 15.12.2022).