Котухов Юрий Андреевич (1935 ж.т.) - ботаник, Алтай ботаникалық бағының жетекші ғылыми қызметкері.
16 қаңтар 1935 жылы Алтай өлкесінің Алтай ауылында колхозшылар отбасында дүниеге келген. Алты жасында ата-аналары Шығыс Қазақстан облысының Лениногорск қаласына (қазіргі Риддер қ.) көшеді. Орта мектепті аяқтаған соң ол Алтай ботаникалық бағында бірнеше жыл жұмыс істейді. 1965 жылы Ю. А. Котухов Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Биология» мамандығын тәмамдайды. Оның мұғалімдері керемет ботаниктер В. С.Корнилова, В. В. Фисюн, Н. Х. Кармышева болды. Ол өзінің алғашқы Cystopteris almaatensis түрін бесінші курс студенті болған кезінде сипаттады. Оқуды бітіргеннен кейін Лениногорск қаласына (қазіргі Риддер қ.) оралады. Қазақстан Республикасының Алтай ботаникалық бағында ол 1965 жылдан бастап, алдымен кіші ғылыми қызметкер, 1970 жылдан бастап аға ғылыми қызметкер, 1986 жылдан бастап жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.
Ю. А. Котуховтың ғылыми қызығушылықтарының негізгі саласы ботаника болып табылады: дәнді дақылдар систематикасы, флористика; Шығыс Қазақстанның табиғи флорасының пайдалы өсімдіктерін енгізу және бейімдеу. Оның басшылығымен Қазақстанның ботаникалық бақтарындағы ең көлемді және маңызды өсімдіктердің бірі болып саналатын өсімдіктердің бірегей коллекциясы құрылды. Ол табиғи флорада жиналған 3000-нан астам түрді, пішіндерді және үлгілерді сынақтан өткізді. Ю. А. Котухов 70 мыңнан астам парақтан тұратын қазақ Алтай өсімдіктерінің бірегей гербарийін жинады. Оның жинақтары жиналған материалдың толықтығы әрі сапасымен ерекшеленеді. Көптеген онжылдықтар бойы ол Poaceae (Еlytrigia, Stipa, Elymus, Еlymotrigia, Agropyron, Agrotrigia) таксономиясымен, сондай-ақ Allium, Gagea, Thalictrum тұқымдарымен айналысады. Ол ғылым үшін 53 жаңа түрді сипаттап, Қазақстан үшін 200-ден астам жаңа түрді тапты. Көпжылдық флористикалық зерттеулерді Ю.А. Котухов Батыс, Оңтүстік, Қалба Алтай, Сауро-Манрак жоталарында және Зайсан бассейнінде жүргізді. Осы зерттеулердің материалдары бойынша Қазақстандық Алтайдың тамырлы өсімдіктерінің флорасына түгендеу жүргізіліп, Батыс, Оңтүстік, Қалба Алтайы, Сауро-Манрак және Зайсан ойпатының кадастрлары жасалды. Ю. А. Котуховтың нақтыланған деректері бойынша Қазақстандық Алтай флорасының 2450 түрі бар.
1990 жылдан бастап Юрий Андреевич Шығыс Қазақстан флорасының биологиялық түрлілігін сақтау проблемасын әзірлеумен айналысады, оның негізгі бағыттары табиғат пен мәдениеттегі сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төнген және эндемикалық өсімдіктердің экологиясы мен биологиясын зерттеу, қарқынды азайып бара жатқан немесе жойылып кету қаупі төнген түрлерді реинтродукциялау принциптерін әзірлеу болып табылады. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен Шығыс Қазақстанның ең сирек кездесетін 40 түрінің экологиясы, биологиясы және популяцияларының қазіргі жағдайы зерттелді, өсіру әдістері пысықталды және қазіргі уақытта 150-ден астам түрі мен формасы бар Шығыс Қазақстанның сирек өсімдіктерінің коллекциясы жиналды. Сондай-ақ, ол жойылып кету қаупі төнген өсімдіктерді реинтродукциялаудың оңтайлы нұсқаларын әзірледі. Юрий Андреевич Котухов 200-ден астам ғылыми еңбек пен бес монографияның авторы. 2013 жылы Ю. А. Котуховқа «Еңбек Даңқы», «Қазақстан Даңқы» ордені және «Жыл маманы» Ұлттық сертификаты табысталды. Ол Риддер қаласының құрметті азаматы.
Ю. А. Котуховтың ғылыми еңбектері
Научные труды Ю. А. Котухова
Кітаптар – Книги
Котухов, Ю. А. Дополнение к «Флоре Казахстана», II / Ю.А. Котухов // Ботанические материалы Гербария Ин-та ботаники КазССР. - Алма-Ата. 1971. Вып. 7. С. 10-14.
Котухов, Ю. А. Папоротники Восточного Казахстана и их интродукция : диссертация ... кандидата биологических наук : 03.00.05. - Алма-Ата, 1984. - 203 с.
Флора Восточного Казахстана / [Б. В. Щербаков, Л. И. Щербакова, Ю. А. Котухов и др.; Отв. ред. И. О. Байтулин]; АН КазССР, Ин-т ботаники. - Алма-Ата : Гылым, 1991. - 182.
Котухов, Ю. А. Флора сосудистых растений Западно-Алтайского заповедника / Ю. А. Котухов , А. А. Иващенко, Д. Лайман. - Алматы, 2002. - 108 с.
Котухов, Ю.А. Список сосудистых растений Казахстанского Алтая // Ботанические исследования Сибири и Казах- стана. - Кемерово: Ирбис. - 2005. - № 11. - С. 11-83.
Котухов, Ю. А. Современное состояние популяций редких и исчезающих растений Восточного Казахстана / Ю. А. Котухов, А. Н. Данилова, О. А. Ануфриева ; отв. ред. Л. М. Грудзинская, А. А. Иващенко ; ДГП "Алтайский ботанический сад", РГП "Центр биологических исслед." КН МОН РК. - Алматы : Tethys, 2009.
Котухов, Ю. А. Современное состояние популяций редких и исчезающих растений Восточного Казахстана. - Алматы : Tethys, 2009. - Кн. 2. - 2009. - 140 с.
Котухов, Ю. А. Современное состояние популяций редких и исчезающих растений Восточного Казахстана / Ю. А. Котухов, А. Н. Данилова, О. А. Ануфриева ; отв. ред. Л. М. Грудзинская, А. А. Иващенко ; ДГП "Алтайский ботанический сад", РГП "Центр биологических исслед." КН МОН РК. - Алматы : Tethys, 2009
Флористические исследования казахстанского Алтая, Саура, Манрака, Зайсанской котловины: спецвыпуск. - Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2015. - 209 с.
Орхидные Казахстанского Алтая : перспективы сохранения (методические рекомендации) / Министерство образования науки Республики Казахстан, Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Алтайский ботанический сад». - Усть-Каменогорск: Медиа - Альянс, 2020. - 89 с.
Флора гор Коктау : монография о редких и исчезающих видах растений / Министерство образования науки Республики Казахстан, Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Алтайский ботанический сад». - Усть-Каменогорск: Медиа - Альянс, 2020. - 185 с.
Ю. А. Котухов туралы әдебиет
Литература о Ю. А. Котухове
Агарков, А. Чудо-сад / А. Агарков // Экосфера : Восточно-Казахстанский информационно-аналитический ежегодник. - Усть-Каменогорск : Б. и., Б. г. - С. 35
Немцев, М. С. "Лениногорск литературный" : биографический справочник / М. С. Немцев. - Лениногорск: Полиграф-Сервис, 2002. - 167 с.
Черных, С. Подарок Петра Ермакова / С. Черных // Одна, но пламенная страсть / С. Черных. - Алма-Ата : Казахстан, 1986. - С. 80
Черных, С.Е. Одна, но пламенная страсть / С. Е.Черных. - Алма-Ата: Казахстан, 1986. - 160 с.
Немцев, М. С. Литературный Риддер : биографический справочник / М. С.Немцев. - Усть-Каменогорск: Медиа - Альянс, 2012. - 245 с.
Мақалалар-Статьи
Козловский, М. Узелки на память / М. Козловский, А.Старченко // Рудный Алтай. - 1995. - 14 января.
Рыльский, Н. Из племени / Н. Рыльский // Лениногорская правда. - 1997. - 22 января.
Данилова, А. И., Иващенко А. А., Нелина Н. В. Юрий Андреевич Котухов (к 85-летию со дня рождения) / А. Н. Куприянов, Л. М. Грудзинская [и др.] // Ботанический журнал. - 2020. - Т. 104, № 11/12. - С. 1802-1806.
Польских, Ф. В саду горит костер... науки / Польских Ф. // Устинка плюс. - 2004. - 19 ноября.
Троценко, Л. Два юбилея / Л. Троценко // Мой город Риддер. - 2024. - 4 января (№ 1). - С.4.