Известные имена

Қазақбаев С.А.

Қазақбаев Сержан Абдолдаұлы (1961) – запастағы офицер, полковник, Ауған шиеленісіне  қатысқан жауынгер (1979-1989).

1961 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Өрел ауылында (Өрел ауылдық округінің әкімшілік орталығы) дүниеге келген. 1978 жылы Солдатов орта мектебін бітіргеннен кейін Симферополь жоғары әскери-саяси құрылыс мектебіне түседі.

1982 ж., шілде - Қызыл Тулы Ортаазиялық әскери округінің 32610 ә/б әскери-құрылыс жасағында қызмет атқарады, рота командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары болған.

1982 ж., қараша - Алматы облысы, Қапшағай қаласының арнайы мақсаттағы әуе-десанттық бригадасында қызмет атқарды, рота командирінің саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары болады.

1983 ж., шілде - 1985 ж., қаңтар - Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағында 70-ші гвардиялық мотоатқыштар бригадасының құрамында қызмет етті. Осы кезеңде өткізілген барлық ұрыс қимылдарына қатысады. Үш рет жараланған.

1985 ж., қаңтар - 1986 ж., қараша - И. С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінде курсанттар батальоны БЛКЖО комитетінің хатшысы.

1986 ж., тамыз - 1987 ж., қараша - Жамбыл облысы, Гвардейский кентінің оқу мотоатқыштар дивизиясы (қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Гвардейский кенті), оқу мотоатқыштар ротасы командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары.

1987 ж., қараша - 1988 ж., тамыз - Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка кентіндегі мотоатқыштар полкі (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылы), мотоатқыштар батальоны командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары.

1988 ж., тамыз - 1991 ж., маусым – В. И. Ленин атындағы Әскери-саяси академияда оқиды (қазіргі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Әскери университеті, Мәскеу қ.), жалпы әскери факультеті.

1991 ж., маусым - 1992 ж., қаңтар - Түркістан әскери округі, мотоатқыштар полкі командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары.

1992 ж., қаңтар - 1995 ж., қаңтар - Түркістан әскери округі, Барлау орталығы бағыты бастығының орынбасары.

1995 ж., қаңтар - 1997 ж., шілде - Б. Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектебі (қазіргі Б. Момышұлы Жас Ұлан атындағы Алматы республикалық әскери мектебі.), бастықтың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1997 ж., шілде - 2001 ж., шілде - Т.Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектебінің бастығы (қазіргі Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты мемлекеттік мекемесі) Т. Бигельдинов атындағы Кеңес Одағының екі мәрте батыры авиация генерал-майоры).

2001 ж., шілде - 2013 ж. - Б. Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектебінің бастығы (қазіргі Б. Момышұлы атын. Жас Ұлан атындағы Алматы республикалық әскери мектебі.)

Ауғанстан Демократиялық Республикасында интернационалдық борышын адал атқарғаны үшін Қызыл Ту және Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Сондай-ақ 1-дәрежелі «Әскери қызметтегі үздігі үшін», «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», 3-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.

С.Қазақбаев кітаптары
Книги С. Казакпаева

Қазақбаев, С. Ауған ақиқаты [Мәтін] : офицер жазбалары / Қазақбаев С. - Алматы : [б. и.], 2006. - 224 б.

***

Казакпаев, С. Кандагарский дневник [Текст] / Казакпаев С. - Алматы : Казахстан ГИС Центр, 2006. - 352 с.

С. Қазақбаевтың мерзімді басылымдардағы жарияланымдары

Публикации С. Казакпаева в периодической печати

Қазақбаев, С. Батыр болып туа ма [Мәтін] : [ауған соғысының ардагері С. Қазақбаев туралы] / С. Қазақбаев // Арай. - 1987. - 2 июль.

Қазақбаев, С. Ауған соғысының ақиқаты [Мәтін] : Ауған соғысына қатысқан офицердiң жазбасынан / С. Қазақбаев // Дала мен қала. - 2006. - 30 маусым. - Б. 12.

Қазақбаев, С. Ауған дәптерiнен [Мәтiн] : жолжазбадан  / С. Қазақбаев // Дала. - 2006. - N 7/8. - Б. 10-11.

***

Казакпаев, С. Школа солдата, школа гражданина  [Текст] : [беседа с начальником военной школы-интерната и его заместителем по воспитательной работе]/ С. Казакпаев, Д. Абраимов; Ю. Алексеев // Мысль. - 2003. - N 7. - С. 54-59.

Казакпаев, С. Кандагарский дневник [Текст] / С. Казакпаев // Айбын. - 2009. - № 2. - С. 34-37.


С. Қазақбаев туралы

О С. Казакпаеве

Қапанов, Б. Анамдай әлпештеген Асқар Алтай [Мәтін] / Б. Қапанов. - Өскемен : [б. и.], 2011. - 566 б.

***

Кривопалов, О. Политработники в Афганистане [Текст] : Политработники 40-й общевойсковой армии в Афганистане (1979-1989 гг.). Документальное исследование / О. Кривопалов. - Днепропетровск: ИМА-пресс, 2015. - С. 264.

*** 

Бөкенбаева, Э. Кандагарда өткен 730 күн [Мәтiн] : Ауғанстанда әскери борышын өтеп қайтқан қазақстандық жауынгерлер хақында / Э.Бөкенбаева // Дала мен қала. - 2005. - 11 ақпан. - Б. 9.

Құлмаханова, Г. Қандағар күнделiгi кiтапқа айналды [Мәтiн] : Ауған ардагерi С.Қазабаевтың "Ауған ақиқаты" атты кiтабы жайында /  Г.  Құлмаханова // Айқын. - 2006. - 24 қазан. - Б. 5.

Әуелбек, Ә. Саясатқа сiлтенген балта [Мәтiн] / Ә. Әуелбек // Ел мәдениетi. - 2007. - 15 мамыр. - Б. 7. - Ауған соғысына қатысқан аға лейтенат С. Қазақбаев туралы.

***

Кудабаева, М. Человек, который восстановил память [Текст] : о полковнике, нач. Алматин. респ. военной школы им. Б.Момышулы С. Казакпаеве / М. Кудабаева // Огни Алатау. - 2006. - 1 июля. - С. 9.

Барат, Г. Записки половника [Текст] / Г. Барат // Страна и мир. - 2007. - 19 октября. - С. 20. - О книге полковника С.Казакпаева "Кандагарский дневник".

Шашкова, Л. Афганский дневник [Текст] / Л. Шашкова // Казахстанская правда. - 2013.- 7 мая. - С. 14. - О кн. ветерана афган. войны, полковника С. Казакпаева "Кандагарский дневник".

Қайдаров Р.

Қайдаров РүстемҚайдаров Рүстем, генерал (1940 - 2019гг.) -

Қайдаров Рүстем 1940 жылы 18 мамырда бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданының Сосновка ауылында дүниеге келген.
1970 жылы ҚАЗМУ-дің заң факультетін бітірген. 1966 жылдан Семей және Жезқазған облыстары ішкі істер бөлімдернің жедел басқарушылық қызметтерінде істеді.
1992 жылдан ҚР ішкі істер министрінің орынбасары, 1995 жылдан ҚР МТК төрағасының бірінші орынбасары болды.
1996 жылдан МТК Жоғары тергеушілік мектебінде және Қазақ мемлекеттік Заң университетінде кафедраларды басқарды.
1997 жылдан Республикалық қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы күресті қолдау қорының президенті болған.
1999 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Қорғау» жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ президенті.
Қазақ КСР, ҚР заңдық актілерін және ТМД Парламентаралық Ассамблеясында (Санкт Петербург) қылмыстық процессуальдық , қылмыстық атқарушылық кодекстерді жасап шығуға қатысқан.
20-дан аса мақалалардың авторы. Әділет генерал-майоры.
1998 жылдан Қазақ мемлекеттік заң университетінің профессоры, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі (2000 жылдан), БҰҰ Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2002).
«Генералдар кеңесі» коғамдық бірлестігі Төралқасының төрағасы. Бірнеше медальдармен марапатталған. КСРО IIМ-нің еңбегі сіңген қызметтері.

Р.Е. Кайдаровтуралы әдебиеттер

Литература о Кайдарове Р. Е.

 

Генералы Казахстана [Текст] : биографический справочник. - Алматы : Арыс, 2006. - 400 с.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

 

Кайдаров Рустем Есимханович. Электронный ресурс] [биография] // Официальный интернет-ресурс Республиканского общественного обьединения «Совет генералов» : сайт. - Режим доступа : https://sovetgen.kz/kajdarov

Койчубаев С. А.

Койчубаев Садык Ахметович

Койчубаев Садық Ахметович (1917 – 1994 жж.) - генерал-майор

1921 жылы 7 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген.

1928 жылы мектепке түсіп, 1933 жылға дейін Өскемен қаласында оқиды. Ата-анасының Алексеевкаға көшуіне байланысты Алексеевка орта мектебінде оқуын жалғастырады. 1935 жылы 8-сыныпты бітіріп, мектепте қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істеп, 1937 жылға дейін жұмыс істейді.

1937 жылдан 1938 жылға дейін Семей қаласындағы Геологиялық барлау рабфакта оқиды. Рабфакты бітіргеннен кейін Алматы қаласының тау-кен металлургия институтына түседі.

1938 жылы комсомолдың "Отанға 150 мың ұшқыш береміз" шақыруы бойынша Вольск авиациялық техникалық училищесіне оқуға түсіп, оны аяқтаған соң Закавказье әскери округінің 50-ші авиациялық жойғыш полкінде қызмет етеді .

1941 жылы 4 тамызда Кеңес Әскері қатарына шақырылды. 1941 жылдың 22 қазанынан бастап Мәскеу түбіндегі Волокаламск бағытындағы Гитлер армиясына қарсы ұрысқа қатысқан. 1942 жылы 27 желтоқсанда сол қолынан жарақат алады. 1942 жылы 2 наурызда госпитальдан шығып, жаралануына байланысты Алматыға Қаз.ҰМУ-ға оқуға келеді.

1943 жылы 17 шілдеде Тау-кен металлургия институтын бітіргеннен кейін Қазақстан КП ОК қарамағына жіберіледі. ОК тапсырмасы бойынша 1945 жылдың желтоқсанына дейін ұзақ іссапарда болады. Келгеннен кейін 1946 жылдың қаңтарында БЛКЖО ОК лекторлық тобының меңгерушісі болып бекітілді, онда 1948 жылдың 9 шілдесіне дейін жұмыс істеді. 1948 жылдың шілдесінен партиялық жұмыста. Өскемен, Лениногор қалалық партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді. 1956-1958 жылдары КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінде оқыды. Мектепті бітіргеннен кейін Лениногор қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, 1959 жылдан облыстық партия комитетінің Өнеркәсіп және көлік бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1963 жылдың қаңтарында Өскемен қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.

1965-1982 жылдары - Қазақ КСР МҚК кадрлар жөніндегі көмекшісі, төраға орынбасары.

С. А. Койчубаев туралы әдебиет

Литература о С. А. Койчубаеве

Генералы Казахстана. Биографический справочник .-Алматы : Арыс.-2006.-400 с.

Қалматаев М.

Қалматаев МұратҚалматаев Мұрат, генерал (1936-2016)

Қалматаев Мұрат 1936 жылы 8 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Мариновка ауылында дүниеге келген.
1959 жылы ҚАЗМУ-ді, 1967 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген.
1959-1965 жылдары Семей облысы Көкпекті ауданында комсомол комитетінің бірінші хатшысы, «Жұлдыз» газетінің редакторы болды.
1967-1975 жылдары Семей облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, 1967-1975 жылдары партиялық ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1975-1980 жылдары Қазақстан КП ОК-нің инспекторы, 1980-1983 жылдары Орал облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.
1983 жылы республикалық IIМ –нің жаңадан ұйымдастырылған саяси бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
Мұрат Қалматаевтың азаматтық тұлғасы 1986 жылы Кеңес Одағының әміршіл-әкімшіл басқару жүйесін, отаршыл империяның шаңырағын шайқалтқан оқиғалар кезінде айқын көрінді.
Ол көтерілісші жастарға ашық пейіл танытып, жазалаушы отрядтардың қимылдарын тежеуге, жарақат алған қыздар мен жігіттерге медициналық көмек ұйымдастыруға барша күш салды. Республика Бас прокурорына Қазақстан КП ОК-нің екінші хатшысына кіріп, алаңда заңсыздыққа жол беріліп жатқанын айтып, бұл тағылықты тоқтатуды талап етті.
Әділдік жолындағы осы заңды әрекеттері үшін «өз қызметіне лайықсыз адам» ретінде дереу Ауғанстан соғысына жөнелтілді. 1988-1989 жылдары Ауғанстан соғысында бірнеше жауапты операцияларға қатысып, басшылық етті.
Майданнан аман-есен елге оралып, 1989-1994 жылдары Семей облыстық ішкі-істер басқармасын басқарды.
1995 жылы ҚР IIМ-нің кеңесшісі болып тағайындалды.
12,13 сайланған қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, Құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі комитеттің төрағасы болды.
1986 жылғы қарашада генерал-майор атағы берілді.
«Құрмет белгісі», «Қызыл Жұлдыз», «Халықтар достығы», «Отан күзетінде» ордендерімен, КСРО және шетел медальдарымен марапатталған.

2016 жылы маусымда қайтыс болды.

 

Қалматаев Мұрат туралы :

Генералы Казахстана [Текст] : биографический справочник. - Алматы : Арыс, 2006. - 400 с.
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.

Интернет ресурстар

Уикипедия ашық энциклопедиясы- http://kk.wikipedia.org/wiki
Халық сөзі газетінің сайты - http://www.halyksozi.kz/news/view/id/1418
Асар жаршысы - http://www.aymak.kz/vestnik/produkt_8_9/doclib/007.aspx
Айқын республикалық саяси газетінің сайты- http://www.aikyn.kz/articles/view/27451

Копылев И. Д.

Копылев Иван Дмитриевич (1904) - генерал-майор, Ұлы Отан соғысына қатысушы

1904 жылы Семей облысы, Өскемен уезінің Алтайск станицасында дүниеге келген.

1921-1922 жылдары Катонқарағай аудандық комсомол комитетінің нұсқаушы-ұйымдастырушысы, 1922 жылдың тамызы мен 1923 жылдың қаңтары аралығында уездік атқару комитетінің хатшысы, 1924 жылы уездік комсомол комитетінің саяси ағарту бөлімінің меңгерушісі, губерниялық комсомол комитетінің экономикалық бөлімін басқарды.

1925 жылы қазан айында губерниялық комсомол комитетінің тапсырмасы бойынша Риддерде фабрикалық-зауыттық тәжірибе мектебін ұйымдастырды.

1926 жылы әскерге шақырылып, 40 жыл қызмет етті. 44-ші арт полкінің қарапайым взводынан басталды.

1929 жылы батареяның политругі, 1931 жылдан бастап полк парбюро жауапты хатшысы болып тағайындалды.

1932 жылы батарея командирі және политрук болып тағайындалды.

Қазақстан комсомолының III-съезіне, БЛКЖО VI-XVI съездеріне делегат болып сайланды.

Ұлы Отан соғысына 1941 жылы 22 маусымда Вильнюстің батысындағы 179-атқыштар дивизиясының штаб бастығы лауазымында қатысты. Дивизия солтүстік-шығысқа, Великие Луки аудандары арқылы шегінді. Штабпен бірге қоршалды. Командир қайтыс болғаннан кейін дивизия командиріне кірді.

Соғыстан кейін генерал ретінде КСРО Қарулы Күштерінің Бас штабында қызмет етті. Бұрынғы Марқакөл ауданының Орловка ауылында (қазіргі Шанағатты ауылы) мектеп Әскери даңқ мұражайында генералдың өмірі мен қызметі туралы құжаттар мен материалдар жиналды.

И. Д. Копылев туралы әдебиет

Литература об И. Д. Копылеве

Генералы Казахстана. Биографический справочник .-Алматы : Арыс.-2006.-400 с.