Аккузинов Әсет Қайролдаұлы – қазақстандық әскери қайраткер, ғалым, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің полковнигі, тарих ғылымдарының докторы, саяси ғылымдар кандидаты.
1976 жылы 22 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар ауылында дүниеге келген.
1998 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясында (бұдан әрі – ҚР ҚК ӘА) «жоғары әскери-арнайы білімі бар тәрбиеші-офицер» мамандығы бойынша толық оқу курсын аяқтап, «педагогика, тәрбиелік жұмыстың әдістемесі» біліктілігі және «лейтенант» әскери атағын алған.
ҚР ҚК Әскери академиясын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланында (бұдан әрі – ҚР РҰ), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызмет өткерді.
Академиялық және ғылыми дәрежелері:
– 2012 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық қорғаныс университетін тәмамдады – 6M100300 «Әскери және әкімшілік басқару» мамандығы бойынша «Әскери іс және қауіпсіздік» магистрі академиялық дәрежесі берілді.
– 2019 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының күндізгі адъюнктурасын тәмамдап, 20.01.02 «Стратегия. Мемлекет қауіпсіздігінің әскери аспектілері (әскери саясаттану)» мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін офицер кадрларды даярлау саласындағы саясаты және оны мемлекеттік әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде жетілдірудің негізгі бағыттары» тақырыбында диссертация қорғады. «Саяси ғылымдар кандидаты» ғылыми дәрежесі берілді.
– 2025 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясы жанындағы соғыс тарихы және әскери өнер кафедрасының күндізгі докторантурасын тәмамдап, 5.6.2 «Жалпы тарих» мамандығы бойынша «Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы (1941–1945 жж.) КСРО Жеңісіне қосқан үлесі: тәжірибе мен сабақтар» тақырыбында диссертация қорғады. «Тарих ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесі берілді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс ұлттық университетінің «Қарулы Күштердің Бас штабы академиясы» факультетінің жедел өнер және әскери тарих кафедрасының аға оқытушысы, әскери атағы – полковник.
А. К. Аккузиновтың шығармалары
Произведения Аккузинова А. К.
Кітаптар - Книги
Аккузинов, А. К. Плечом к плечу : вклад Казахстана в достижение победы СССР в Великой Отечественной войне (1941-1945 гг.): опыт и уроки / А. К. Аккузинов. - М. : Восточный экспресс : ИП Орлова Полина Георгиевна, 2025. - 432 с
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Аккузинов А.К. Политика Республики Казахстан в области подготовки офицерских кадров Вооружённых Сил и основные направления её совершенствования в интересах обеспечения военной безопасности государства // Вестник Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилёва. - 2022. - № 2 (139). - С. 72-85. - Точка доступа: https://www.journalgmu.ru/index.php/journalgmu/article/view/139 (дата обращения: 28.04.2026).
Алдабергенов Әділбек Қалибекұлы (1961) – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және әскери қайраткері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор.
1961 жылы 6 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым (Қазіргі Катонқарағай) ауданының Жұлдыз ауылында дүниеге келген.
1979 жылы КСРО ҚК қатарына мерзімді қызметке шақырылды. 1980 жылы, бір жылдық мерзімді қызметтен кейін, Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесіне оқуға түсті. 1984 жылы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесін бітірді. 1984 жылы офицерлік қызметін ҚазКСР Алматы облысы Қапшағай қаласы, САВО арнайы мақсаттағы 22-ші жеке бригадасында (42610 ә/б) арнайы мақсаттағы топ командирі лауазымынан бастайды.
1996 жылыМ. В. Фрунзе атындағы Әскериакадемияныбітірген (сырттай).
Қызметті арнайы мақсаттағы жасақтың арнайы мақсаттағы тобының командирі болып бастады.
1988 жылдан 1992 жылға дейін – арнайы мақсаттағы рота командирі, штаб бастығы – арнайы мақсаттағы жасақ командирінің орынбасары.
1992 жылдан 1993 жылға дейін – жеке әуе-десанттық бригадасы парашют-десанттық батальоны командирінің орынбасары, командирі.
1995 жылдан 2001 жылға дейін – штаб бастығы – десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары, командирі.
2001 жылдан 2004 жылға дейін – мобильді күштер қолбасшысының орынбасары, штаб бастығы – қолбасшының бірінші орынбасары.
2004 жылдан 2007 жылға дейін – «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері штабының бастығы – қолбасшының бірінші орынбасары.
2007 жылдан 2009 жылға дейін – өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы штабының бастығы болды.
2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы ҚК Құрлық әскерлері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы.
1985 жылдың сәуірінен 1986 жылдың тамызына дейін Ауғанстанда әскери көмек көрсету үшін Кеңес әскерлерінің құрамында қызмет етті.
Генерал-майор.
2-дәрежелі «Қызыл Жұлдыз», «Айбын» ордендерімен және 9 медальмен марапатталған.
Ә. Алдабергенов туралы әдебиет
Литература о А. Алдабергенове
Малғаждаров, Н. Ерліктің алауы бар жүрегінде : [ауған соғысының ардагері Ә. Алдабергенов туралы] / Н. Малғаждаров // Дидар. - 2021. - 9 ақпан. - Б. 3.
Асылов Нұрғали Жұмажанұлы (1951) – Әскери ғылымдар Академиясының Вице-президенті, әскери ғылымдар докторы, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚҒА-ның толық мүшесі, запастағы генерал-майор.
1951 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1969 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылды. Сол жылы КСРО МҚК Жоғары шекаралық командалық училищесіне түсіп, 1973 жылы бітірді. 7 жыл бойы КСРО МҚК Шығыс шекара округінің әскерлерінде қызмет етті, шекара бөлімшелерінде және шекара отрядының штабында офицерлік қызметтен өтті. 1983 жылы Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген. Академияны бітіргеннен кейін мемлекеттік шекарадағы Шығыс шекара округінде қызмет етті. 1985-1986 жылдары Ауғанстан Демократиялық Республикасында қызметтік іссапарда болды. 1989 жылы Н. Ж. Асылов қазақтардың алғашқысы КСРО МҚК Жоғары шекаралық командалық курстары жанындағы күндізгі адъюнктураны бітіріп, әскери ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 1989 жылдан бастап Мәскеу қаласындағы әскери-оқу орындарында: КСРО МҚК Жоғары шекаралық әскери-саяси училищесінде және Фрунзе атындағы Әскери академияда қызмет атқарды. 1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ҰҚК Дзержинский атындағы Жоғары шекаралық командалық училищесінің, Алматы Жоғары шекаралық командалық училищесінің, Қазақстан Республикасы ҰҚК Әскери институтының, Қазақстан Республикасы Шекара әскерлері Әскери институтының бастығы болды. 1997 жылдан 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасының "Барлау" қызметінде қызмет етті, арнайы барлау Оқу орнын құрды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясының жедел-тактикалық факультетінің тактика және жедел өнер кафедрасының профессоры. Қызмет еткен жылдары қатардағы қызметкерден генерал-майорға дейін өсті. Н. Ж. Асыловтың Қазақстан Республикасындағы әскери қызметі негізінен әскери жоғары оқу орындарындағы педагогикалық қызметпен және ұйымдастырушылық жұмыспен тығыз байланысты болды.
Интернет-ресурсы
Интернет-ресурстар
Вице-президент АВН (по направлению ПС КНБ РК) [Электронный ресурс]:[биография] : //Академия наук Республики Казахстан : сайт. – Режим доступа: https://avn.kz/component/k2/content/2.html?start=28
Аманжолов Майдан Молдақашұлы (1942) - милиция генерал-майоры
1942 жылы 14 қазанда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.
1974 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
1983 жылы КСРО ІІМ Академиясын бітірді (Мәскеу қ.).
1994 жылы АҚШ полиция академиясында тағылымдамадан өтті (Даллас қ.Техас штаты).
1993 жылы Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан генерал шенін алған Аманжоловтың өмірі көптеген адамдарға үлгі бола алады. Еңбек жолын Семей қ. ІІБ учаскелік инспекторы лауазымынан бастаған Майдан Молдақашұлы Маңғыстау облысының жаңадан құрылған ІІБ бастығына дейін өсті, ал кейін Шығыс Қазақстанның ІІБ басқарды. Бұл біздің еліміз үшін ауыр болған 90-жылдар еді. КСРО-ның күйреуі, әлеуметтік-экономикалық формацияның өзгеруі және нәтижесінде экономикадағы дағдарыс қылмыстың өршуіне себеп болды. Осы қиын-қыстау кезеңде егемен Қазақстанның ішкі істер органдары жергілікті жерлердегі генерал-майор Аманжолов сияқты басшылардың арқасында қылмыс толқынымен сәтті күресе алды.
КСРО және ҚР 16 медальдарымен марапатталған. КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері.
М. М. Аманжолов туралы әдебиет
Литература о М. М. Аманжолове
Генералы Казахстана. Биографический справочник .-Алматы : Арыс.-2006.-400 с.
Первый генерал независимой страны [Текст] : [о генерале М. М. Аманжолове, получившем в 1993 г. из рук Президента генеральские погоны] // Рудный Алтай. - 2012. - 14 дек. - С. 12.
Батырханов Раджан Армияұлы (1975-1994) интернационалист-жауынгер, батыр-шекарашы
Раджан Батырханов 1975 жылы 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауылында туған. 1994 жылы 28 қыркүйекте қазақстан-тәжік шекарасында жауынгерлік парызын өтеу кезінде қаза тапты. Әкесі – Армия «Алтай» кеңшарының механизаторы, анасы – Қизат СЭС қызметкері болып еңбек етті. Раджан 1982 жылы Е. П. Рыков атындағы орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, он жыл оқып білім алды. Ынта жігері мол, білім алуға құштар, өзінің шыншылдығымен, адалдығымен достарының арасында беделді болды.
Көп балалы отбасынан шыққан Раджан айналасындағыларға көмек жасауға әрқашан да дайын еді. Сабағын жақсы оқыды. Раджан талантты суретші ғана емес, жақсы спортшы да болды. Волейболдан мектеп құрама командасының капитаны ретінде де мектепте спорттық бұқаралық шаралардың қызықты өтуіне зор үлес қосты. Раджан 1992 жылы орта мектепті бітіріп, орта білімі туралы аттестат алды.
1993 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылып, әскери борышын Күршімдегі шекарашылар отрядында атқарды. 1994 жылы Тәжік-Ауған шекарасындағы Ресей Федерациясының әскери құрамасының сапында келісім - шартпен таулы Бадахшан автономиялық облысының Хорог деген қалашығының маңында топтастырылған Қазақстан шекаршылар батальоны құрамында пулеметші болып қызмет етті. Әскери борышын өтегеннен кейін Алматы қаласындағы Жоғарғы Құрылық Әскери училищісіне құжаттарын тапсырмақ ойы болды, себебі оның арманы әскери қызметкер болу еді...
1994 жылы 28 қыркүйекте Хакім бандасының 200-ден астам қарулы содырлары тоғыз автокөлікпен ТМД-ның оңтүстік шекарасын кесіп өтіп, Хорог қаласына бет алады. Олардың жолын қазақстан-ресей шекарашылары кеседі. Биіктік үшін кескілескен шайқаста ресей офицері Владимир Селюк пен Қазақстан қарулы күштерінің кіші сержанты Раджан Батырханов бірінші болып көзделген нысанды алады.
Ауыр жараланған лейтенантты 19 жастағы қазақ жігіті қарша бораған оқтың астынан алып шығып, өзі қол автоматынан содырларға оқ жаудыруын тоқтатпайды. Сөйтіп бөлімше жауынгерлерінің орын ауыстырып, моджахеттерді тылдан соғуға жағдай жасайды. Әскери тапсырманы орындау барысында қазақ батыры ерлікпен қаза тапты.
ҚР Президентінің жарлығымен ТМД шекарасын қорғау кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін кіші сержант Раджан Батырханов қаза тапқанннан кейін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Батырдың туған жері Катонқарағай ауылындағы көшеге Раджан есімі берілді. 2000 жылы 5 қыркүйекте ҚР Үкіметінің қаулысымен Күршім шекара отрядының «Чиндагатуй» заставасына Раджан Батырхановтың аты беріліп, обелиск орнатылды. Душанбе қаласында кіші сержант Раджан Батырханов атында мектеп және көше бар.
Жарыс жеңімпазы ретінде берілген Батыр шекарашының қаруы - атақты конструктор М. Калашников автоматын - бүгінде ең үздік шекарашы ғана ұстай алады. Ең бірінші болып осы автоматты ұстаған үздік жауынгер-сержант Дидар Хамзин.
2021 жылғы 30 қыркүйекте Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон 27 жыл бұрын Ауғанстан шекарасында ерлікпен қаза тапқан қазақстандық әскери қызметкер Раджан Батырхановты (Батркановты) бірінші дәрежелі "Спитамен" орденімен марапаттады.
Р. Батырханов туралы әдебиет
Литература о Р. Батырханове
Мақалалар - Статьи
Тұманбайұлы, К. Қыршын ғұмыр /К. Тұманбайұлы// Ақ желкен. - 2003. - №4. - Б. 14-15.
ҚазБаттың қайсар жауынгері еді : [Р. Батырхановтың ерлігі туралы] // Дидар. - 2012. - 23 наурыз (№33). - Б. 8
Абесов, Н. Раджандай батырларымыз ұмытылмайды /Н. Абесов. // Дидар. - 2019. - 12 ақпан. - Б. 2.
Молдахметова, Б. Пяндж өзеніндегі ерлік : тәжікстанда ерлік көрсеткен Катонқарағайлық Раджан Батырханов /Б. Молдахметова // Егемен Қазақстан. - 2021. - 27 қыркүйек. - Б. 9.
Базар, Ж. Өрелі ел өз батырын ұмытпайды /Ж. Базар // Егемен Қазақстан. - 2021. - 22 қазан. - Б. 5.
Қайнарұлы, М. Батырхановтың батырлығы: интернациональдық борышын өтеп жүріп, иран-тәжік шекарасында қайтыс болған Раджан Батырханов туралы. /М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2022. - 24 ақпан.- Б. 5
Кеңесұлы, Е. Батырхановтың ерлігі бағаланды ма? : [Былтыр тәжік президенті "Спитамен" орденімен марапатталған тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан Раджан Батырханов туралы] /Е. Кеңесұлы // Дидар. - 2022. - 7 мамыр. - Б. 1-2
Зұлқарнай, Е. Батырдың өшпес ерлігі: тәжік шекарасында қайтыс болған катонқарағайлық батыр Раджан Батырханов туралы /Е. Зұлқарнай // Егемен Қазақстан. - 2024. - 2 тамыз (N148). - Б. 11.
Әбдікәрім, Дана. Батыр шекарашыға "Халық қаһарманы" атағы берілмек : интернационалист-жауынгер Раджан Батырханов туралы /Д. Әбдікәрім // Арайлы Катонқарағай. - 2024. - 4 қазан (N40). - Б. 2.
***
Кулев И. Именами героев : [Орден "Айбын" вручен матери Р. Батырханова, погибшего на таджикско-афган. границе. Катон-Карагайс. р-н] /И. Кулев // Рудный Алтай. - 1997. - 11 февр.
Мартынов, Александр. Памяти пограничника : [о герое-пограничнике, уроженце Катон-Карагая Раджане Бытырханове, награжденном посмертно орденом "Айбын"] /А. Мартынов // Луч. - 2012. - 14 марта. - С. 2.
Багаутдинов, Ш. Памяти Раджана Батырханова /Ш. Багаутдинов // Рудный Алтай. - 2015. - 14 марта. - С. 4
Молдахметова, Б. Подвиг на реке Пяндж : [о подвиге жителя Катон-Карагая Раджане Батырханове] /Б. Молдахметова // Казахстанская правда. - 2021. - 27 сентября. - С. 7.
Абитов, Е. Ценой своей жизни : президент Республики Таджикистан посмертно наградил казахстанского пограничника Раджана Батрканова /Е. Абитов // Рудный Алтай. - 2021. - 16 октября. - С. 4.