Известные имена

Нұрахметов Т.

Нұрахметов Тоқтархан - генерал (1942)Нұрахметов Тоқтархан

Нұрахметов Тоқтархан, 1942 жылдың 12 наурызында Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралиха ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, 1959 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі» мамандығына оқуға түседі. Еңбек жолын Марқакөл ауданының (қазір Күршім ауданы) Горное орта мектебінде мұғалімдіктен бастайды.
Ал бұл кезде ортақ Отанның қауіпсіздік саласына талапты, жауапты жас мамандарды тарту жүргізіліп жатқан болатын. 1967 жылы Шығыс Қазақстан БЛКЖО облыстық комитеті мен Күршім аудандық партия комитеті Т.Нұрахметовті мемлекеттік қауіпсіздік органдарына қызметке ұсынады. 1968 жылы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Жоғары курстарын (Минск қаласы) табысты аяқтаған жас Шығыс Қазақстан облысы бойынша МҚК басқармасына жедел уәкіл болып тағайындалады. Сол жерде басқарма бастығының орынбасары лауазымына дейінгі жолдан өтеді.
1985 жылы жедел-қызметтік іс-әрекеттегі оң нәтижелері, ұйымдастырушылық қабілеттері ескеріліп Т.Нұрахметов МҚК конституциялық құрылымды қорғау жөніндегі басқарма бастығының лауазымына көтеріледі. Қазақстан үшін аса жауапты 1991-1992 жылдары ол Қарағанды облысы бойынша МҚК басқармасының бастығы лауазымында болды. Бұл облыс – жедел ахуалы бойынша үлкен, әрі күрделі аймақтардың бірі. Т.Нұрахметовтің іскерлік және кәсіби қасиеттері жоғары бағаланып, мемлекет басшылығы тарапынан оған генерал-майор әскери шені берілді.
1991 жылы Қазақстан әлемге өз тәуелсіздігін жариялаған соң елімізде қауіпсіздік саласына байланысты түбегейлі бетбұрыстар жасалды. Бұл МҚК басшылығынан ізденісті, елдік жауапкершілікті талап етті. 1992 жылы Т.Нұрахметовке республикалық МҚК-ҰҚК жоғары курстарын басқару жүктелді. Жаңа басшыға жедел бөлімшелерде жұмыс істеп жүріп жинақтаған өмірлік бай тәжірибесі ұлттық қауіпсіздік органдарында білім беру жүйесін одан әрі дамытуға мүмкіндік берді. КСРО тараған соң іс жүзінде өмір сүруін тоқтатқан орталық жоғары курстар тәуелсіздік талабына байланысты қайта құруды қажет етті. Генерал-майор Т.Нұрахметов басқарған курстар егемен Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдары үшін кадрлар дайындау жөніндегі міндеттерді орындауға жұмылдырылды. Жоғары курстар 1994 жылы – институт, ал 1999 жылы – ҰҚК Академиясы болып қайта құрылды.

Тоқтархан Нұрахметұлы туған жерімен байланысын үзбейді. Ауылына, оқыған және қызмет істеген мектебіне әрдайым қамқорлық жасап тұрады. Отаншыл азаматтарға, жас ұрпаққа жөн сілтейді. Әлеуметке қол ұшын созады.
2001 жылы Күршім аудандық мәслихатының шешімімен Т.Нұрахметовке «Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Ғылыми-педагогикалық жұмысындағы жаңашылдығы, жоғары оқу орны ғылымын қалыптастырғаны және ғылыми кадрларды даярлағаны үшін 1998 жылы ол «профессор» ғылыми атағын иеленді. Сөйтіп, соңғы жылдары философия ғылымының докторы, профессор жетекшілігімен ұлттық қауіпсіздік органдары іс-әрекетінің көкейкесті мәселелері бойынша онға жуық кандидаттық диссертация қорғалды.
Ғалымның ғылыми еңбегін тек Қазақстан ғана танымай, 1996 жылы Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясы оны толық мүшелікке (академик) өткізді. Сондай-ақ ол 1997 жылдан Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесіне сайланды.
Т.Нұрахметовтің басшылық лауазымындағы уақытында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік органдары жедел қызметкерлерінің жаңа буыны, талапшыл, білікті мамандары қалыптасып, қатарға қосылды. Олардың көпшілігі қазіргі уақытта Комитеттің ірі бөлімшелерін басқарып отыр. Кейбірі елдің арнайы қызметтерінде жоғары деңгейдегі басшылық дәрежеге көтерілді.
Генерал-майор Т.Н.Нұрахметовтің Отан алдындағы еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағаланды. Елбасы жарлығымен 2-дәрежелі «Даңқ» орденін кеудесіне таққаны өміріндегі ерекше сәттердің бірі. Басқа да медальдары мен «Қауіпсіздік саласының Құрметті қызметкері», «Білім саласының Құрметті қызметкері» төсбелгілері де көп жәйттерді аңғартса керек.

 

Т. Нұрахметов туралы әдебиет

Литература о Т. Нурахметове

 

Генералы Казахстана [Текст] : биографический справочник. - Алматы : Арыс, 2006. - 400 с.
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті- http://knb.kz/m/kz/news.htm?id=10322993@cmsArticle
Казахстанская правда -http://kp.kazpravda.kz/rus/partijnaja_zhiznj/general_uchenij_grazhdanin.html

Нұрғалиев Т. С.

Нургалиев Турар Сапаргалиевич

Нұрғалиев Тұрар Сапарғалиұлы (1947) - авиация генерал-майоры

1947 жылы 22 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое кентінде дүниеге келген. 1970 жылы Сызран жоғары авиациялық ұшқыштар училищесін, 1983 жылы Ю. А. Гагарин атындағы әскери-әуе академиясын үздік бітірген.

1970-1995 жылдары белоруссиялық ВО, ГСВГ, Қиыр Шығыстағы ВО, ТУРКВО, САВО, ПРИБВО, ЗГВ, СибВО әскери қызметтерінде болады. Жеке жауынгерлік тікұшақ полкінің командирі және округ ӘӘК басқармасы бастығының орынбасары болған.

1984-1985 жылдары Ауғанстанда жеке жауынгерлік тікұшақ полкінің командирі болып қызмет етеді, 250 жауынгерлік ұшуды орындайды. Әскери ұшқыш-мерген. ҚР Қарулы Күштерінде 1995 жылдан бастап әуе-атыс және тактикалық дайындық бастығы болып қызмет етті. 1996 жылдан Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесінің бастығы, 2001 жылдан ҚР Әуе қорғанысы күштері штабы бастығының орынбасары, басқарма бастығы қызметтерін атқарған.

2002 жылы запасқа шығарылады.

Екі рет «Қызыл жұлдыз» және 3-дәрежелі «Отанға қызмет еткені үшін» ордендерімен марапатталған.

Т. С. Нұрғалиев туралы әдебиет

Литература о Т. С. Нургалиеве

Генералы Казахстана. Биографический справочник .- Алматы : Арыс.-2006.-400 с.

Рыков Е.

 Евгений Павлович Рыков

Рыков Евгений (1906-1941) - кеңес әскери қайраткері, РККА дивизиондық комиссары (1940), кеңес-фин және Ұлы Отан соғысына қатысушы.

1906 жылы 12 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Алтай ауылында дүниеге келген. 1928 жылы жұмысшы-шаруа Қызыл әскеріне қызметке кетеді. 1929 жылы Рыков полк комсомол комитетінің хатшысы болып тағайындалады, содан кейін 1931 жылдан бастап эскадронның саяси жетекшісі болады. 1933-1938 жылдары кавалерия полкінің 4-ші Харьков Червон казактарының саяси бөлімі бойынша эскадрон командирінің көмекшісі, кейіннен кавалерия дивизиясының 1-ші Червон казактарының комсомол мүшелері арасындағы жұмыс жөніндегі нұсқаушы болған.

1938 жылдың маусымынан бастап 6-шы кавалериялық корпустың саяси бөлімінің бастығы, 1939 жылдың қыркүйегінен бастап Беларусь армиясының кавалериялық тобының саяси бөлімінің бастығы болды. 1938 жылы Ленин атындағы РККА әскери-саяси академиясын бітірді. 1939 жылдың қарашасынан 9-шы армияның Әскери кеңесінің мүшесі болды. Кеңес-фин соғысына қатысқан. 1940 жылы Рыковқа дивизиялық комиссар атағы беріледі.

1940 жылдың сәуір-маусымында РККА саяси басқармасының қарамағында болады. 1940 жылдың маусымынан бастап Ортаазиялық әскери округінің әскери кеңесінің мүшесі қызметін атқарды.

Ұлы Отан соғысының басында Рыков Оңтүстік-Батыс майданының әскери кеңесінің мүшесі болды. 1941 жылы 21 қыркүйекте Киев түбіндегі шайқас кезінде Лохвица қаласы маңындағы Оңтүстік-Батыс майданының штабымен бірге тұтқынға түсіп, ауыр жарақат алады. Ары қарайғы тағдыры туралы ақпарат әртүрлі. Бір жерлерде, ол тұтқында, концлагерьде, 1941 жылы қарашада қайтыс болды делінген. Ресми мәліметтер бойынша, Рыков 1941 жылдың қыркүйегінде немістердің қолынан қаза тапқан деп жазылған.

1967 жылы Е.П. Рыковтың құрметіне Киевте, Семейде көше атаулары берілді. Катонқарағай (Алтай) ауылындағы орта мектеп Е.П. Рыковтың есімімен аталады. Қайтыс болған жерде – Украинаның Полтава облысы, Шумейково шатқалында стелла орнатылды.

Кеңес-финляндия соғысына қатысқаны үшін Қызыл Ту орденімен марапатталған.

 

Е. Рыков туралы әдебиет

Литература о Е. Рыкове

Генералы Казахстана. Биографический справочник . - Алматы : Арыс.-2006.-400 с.

Мусин, М.В преисподнюю уходит Мюллер / М.Мусин  - Текст // Рудный Алтай. - 2000. - 24 июня. - С. 4.

 

 

Рақышев О. Қ.

 Ракишев Ораз КалиоллаевичРақышев Ораз Қалиоллаұлы (1943) - Генерал-майор

1938 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Чернова (қазіргі Аққайнар) ауылында туған. Ол Чернова мен Шыңғыстай мектептерінде оқып, білім алған. Сонымен қатар, Ярославль әскери училищесінің, Ленинград жоғары әскери Академиясының түлегі. Әуелгіде бірер жыл Германия Демократиялық Республикасында, одан кейін Ресейдің Мәскеу, Ленинград, Горький, Нижегородск сияқты ең басты қалаларында жауапты қызметтер атқарды.


Ораз Қалиолдаұлы жоғары командалық деңгейлердегі қызметтерге тартылып, әскери бригадалардың, дивизия командирлерінің орынбасары міндеттерін атқарды. Әскери өмірінің басым бөлігін шет жерлерде өткізген генерал запасқа да Венгриядан шықты.

Еліміз егемендігін алар алдында ғана оралған Ораз Қалиолдаұлы мол әскери тәжірибесі өзіміздің әскери күшімізді жасақтауға, өз армиямызды құруға аса қажет болды.
1994 жылы Қазақстан Республикасы Материалдық құндылықтар жөніндегі министрлігінің бас маманы болып жүрген жерінен қайтадан әскери қызметке шақырылады. Семейдегі армия корпусы командирінің тыл жөніндегі орынбасары, одан кейін құрлық әскерлері командирінің орынбасары, Республика Қорғаныс Министрінің орынбасары болып қызмет істеді.
Катонқарағай ауданынан шыққан тұңғыш қазақ генералы Ораз Қалиолдаұлының еліміздің қорғаныс қуатын арттыруға қосқан ұзақ жылғы мінсіз еңбегі еліміздің жоғары марапаттарымен бағаланған. Екінші дәрежелі Даңқ, «Құрмет белгісі» ордендері мен он шақты медальдардың иегері.

О. Қ. Рақышев туралы әдебиет

Литература об О. Ракышеве

Генералы Казахстана [Текст] : биографический справочник. - Алматы : Арыс, 2006. - 400 с.
Жер жаннаты - Қатонқарағай [Мәтін] / құраст. Ж. Қызыр. - Алматы : Орхон, 2008. - 368 б.
Назырбаев, Қайырды. Катонқарағай [Мәтін] / Қ. Назырбаев. - Астана : Фолиант, 2011. - 280 б.

 

Салханов Д.

Салханов Д. Салханов Дәулет - Генерал (1949)

Дәулет Қамарұлы Салханов 1949 жылы 4 сәуірде Семей қаласында дүниеге келген. Әскери қайраткер, генерал-майор (1993). Ішкі әскерлердің Саратов әскери училищесін 1969 жылы, Мәскеудегі әскери академияны 1979 жылы бітірген. 1969-1992 жылдары Қазақ КСР-і және Қырғыз КСР-і ІІМ-нде взвод, рота, полк командирі болды, әскерлерді басқару штабында қызмет істеді. Орта Азия және Қазақстан бойынша оперативті әскери бөлім штабын, әскерлердің шұғыл әскери тобын, дивизияны басқарды.

1992 жылдан ҚР Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары - ішкі әскерлер штабының бастығы болды.

Екінші дәрежелі “Айбын” орденімен, көптеген медальмен марапатталған.

 

Д. К. Салханов туралы әдебиеттер

Литература о Салханове Д. К.

 

Генералы Казахстана: биографический справочник. - Алматы: Арыс, 2006. - 400 с.


Интернет ресурстар
Интернет ресурсы

 

Тех, кто посвятил жизнь ратной службе, мы называем патриотами // Казахстанская правда: сайт. – Режим доступа: https://kazpravda.kz/n/teh-kto-posvyatil-zhizn-ratnoy-sluzhbe-my-nazyvaem-patriotami/ (04.05.2025)

 

Офицер долга, чести и совести // dknews: сайт. - Режим доступа: https://dknews.kz/ru/v-strane/321708-oficer-dolga-chesti-i-sovesti (04.05.02025)