Нұрғалиев Тұрар Сапарғалиұлы (1947) - авиация генерал-майоры
1947 жылы 22 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое кентінде дүниеге келген. 1970 жылы Сызран жоғары авиациялық ұшқыштар училищесін, 1983 жылы Ю. А. Гагарин атындағы әскери-әуе академиясын үздік бітірген.
1970-1995 жылдары белоруссиялық ВО, ГСВГ, Қиыр Шығыстағы ВО, ТУРКВО, САВО, ПРИБВО, ЗГВ, СибВО әскери қызметтерінде болады. Жеке жауынгерлік тікұшақ полкінің командирі және округ ӘӘК басқармасы бастығының орынбасары болған.
1984-1985 жылдары Ауғанстанда жеке жауынгерлік тікұшақ полкінің командирі болып қызмет етеді, 250 жауынгерлік ұшуды орындайды. Әскери ұшқыш-мерген. ҚР Қарулы Күштерінде 1995 жылдан бастап әуе-атыс және тактикалық дайындық бастығы болып қызмет етті. 1996 жылдан Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесінің бастығы, 2001 жылдан ҚР Әуе қорғанысы күштері штабы бастығының орынбасары, басқарма бастығы қызметтерін атқарған.
2002 жылы запасқа шығарылады.
Екі рет «Қызыл жұлдыз» және 3-дәрежелі «Отанға қызмет еткені үшін» ордендерімен марапатталған.
Т. С. Нұрғалиев туралы әдебиет
Литература о Т. С. Нургалиеве
Генералы Казахстана. Биографический справочник .- Алматы : Арыс.-2006.-400 с.