Известные имена

Айманов Ш. К.

Айманов Шәкен (Шаһкерім) Кенжетайұлы — қазақ совет актёрі, кинорежиссёр. КСРО халық әртісі, Сталиндік сыйлықтың және Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Айманов Шәкен (Шаһкерім) Кенжетайұлы (1914-1970) — қазақ совет актёрі, кинорежиссёр. КСРО халық әртісі, Сталиндік сыйлықтың және Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

1914 жылы 15 ақпанда Баянауылда (қазір Павлодар облысы) дүниеге келген.

1924 жылы Зайсанда (Шығыс Қазақстан облысы) орыс мектебіне оқуға түседі. 1928 жылы Семейде (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Казкоммуна мектебінде (жетім-балаларға арналған мектеп-интернат) оқиды.  

1931-1933 жылдары Семейде Қазақ ағарту институтында оқыды. 1933 жылы Алматыға келіп, Қазақ драма театры (қазір М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры) труппасына қабылданады, 1947-1951 жылдары – осы театрдың бас режиссері.

1940 жылы «Ленфильм» режиссері М.Левин Аймановты Мұхтар Әуезовтің сценарийі бойынша түсірілген «Райхан» фильміндегі Сәрсен рөліне шақырады. Кейін Ш.Айманов «Белая Роза» фильмінде майдангер (ЦОКС, 1942), «Абай әндері» (1946) фильмінде Абайдың шәкірті Шәріп, «Золотой рог» (1948) фильмінде Досанов рөлін ойнайды.

Ш. Айманов түсірген   «Жамбыл», «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Атаманның ақыры» фильмдері қазақ киносының биік шыңына айналды.

1952 жылы «Жамбыл» фильмінде Жамбыл бейнесін сомдайды. Осы күрделі рөлді сомдағаннан кейін актердің кинематография саласындағы танымалдығы артады.

1954 жылы экранға «Махаббат туралы аңыз» фильмі шығады.

Шәкен Айманов оннан аса көркем фильм түсірді, соның бәрі ұлттық кинематографияның Алтын қорына енген.

1953-1970 жылдары ұлттық киностудия басшысы, сценарист, актер, режиссер қызметтерін атқарды. Қазақстан кинематографистер Одағына басшылық етті.  

Ең үздік рөлдерінің қатарында: Ақансері (Ғ.Мүсірепов «Ақан-Сері-Ақтоқты»), Қобыланды (М.О.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды»), Казанцев (М.О.Әуезов «Ночные раскаты»), Петруччио (У.Шекспир «Асауға тұсау»), Отелло (У.Шекспир «Отелло»). 1963 жылы – Қазақ ССР Кинематографистер одағының бірінші хатшысы болды. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 4 және 7 шақырылымының депутаты болып сайланды.

1947 жылы Шәкен Аймановқа Қазақ ССР Халық әртісі, ал, 1959 жылы КСРО Халық әртісі атағы; 1952 жылы «Абай» спектаклі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Екі рет Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. Ленин ордені, орден-медальдармен марапатталды. 2007 жылы «Экран шебері» титулы тағайындалды.

Шәкен Айманов аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.

Марапаттары:

   1952 – Сталиндік сыйлықтың иегері (Театрға сіңірген еңбегі үшін);

   1958 – Бүкілодақтық кинофестиваль (Үшінші жүлде, «Біз осында тұрамыз» фильмі үшін);

   1958 - Ташкентте өткен Азия және Африка елдерінің Халықаралық кинофестивалі (Естелік диплом «Біздің сүйікті доктор» фильмі үшін);

   1959 - Бүкілодақтық кинофестиваль (Ынталандыру дипломы, «Біздің сүйікті доктор» фильмі үшін);

   1963 – Орта Азия және Қазақстан кинематографистерінің смотр-конкурсы (Үздік режиссерлік жұмыс, «Перекресток» фильмі үшін);

   1967- Байсейітова атындағы Қазақ ССР-і Мемлекеттік сыйлығы (Көркемдік жетекшілігі үшін, «Крылья песни» фильмі);

   1969 – Орта Азия және Қазақстан кинематографистерінің смотр-конкурсы (Диплом, «Тақиялы періште» фильмі);

   1972 - Қазақ ССР-інің Байсейітова атындағы Мемлекеттік сыйлығы («Атаманның ақыры» фильмі, қайтыс болғаннан кейін);

   Ленин ордені;

   Еңбек Қызыл Ту ордені;

   «Құрмет белгісі» ордені, екі мәрте.

1970 жылы 23 желтоқсанда Мәскеу қаласында қайғылы қазаға ұшырады

Ш. Аймановтың мерзімді басылымдардағы жарияланымдары

Публикации в периодических изданиях и сборниках

Айманов, Ш. Мұқан Төлебаевтың қайтыс болғанына байланысты айтқан сөзi [Мәтін] // Қазақ әдебиетi.- 1960.- 8 апр.

Айманов, Ш. Творчестволық ынтымақ керек [Мәтін] : [Қазақстанда көркем суреттi киноларды шығару iсiн жақсарту жайында] // Қазақ әдебиетi. - 1962. - 20 сәуір.

Айманов, Ш. "Келер ұрпаққа сенiмдiмiз" [Мәтін] : [қазақ театры, киносы, өз творчествосы туралы айтқан ойлары] / Әзiрлеген Ш.Құттаяқов // Қазақ әдебиетi. - 1988.- 19 тамыз.

Айманов, Ш. Тарс-тұрс ашулануды бiлмейтiн, жәбiрге көнбейтiн, ақылды, бiрбеткей едi [Мәтін] // Аңыз адам.- 2013. - № 6. - Б. 20. - С.Торайғыров туралы естелiктер.

****

Айманов, Ш. Как я работал над образом Джамбул: [Изв.каз.арт.рассказывает о своей роли Джамбул в одноимен.худож.фильме] // Сов.Казахстан.- 1953.- N 7.- С. 90 – 92.

Айманов, Ш. Мысли о родном театре: [о творческой связи писателей с театром] // Сов .культура.- 1955.- 29 октября.

Айманов, Ш. Наш подарок - веселая кинокомедия : [о художественном фильме "Наш милый доктор"] // Сов.культура.- 1957. - 19 сентября.

Айманов Ш. Новые возможности, новые задачи: [к созданию Союза работников кинематографии Казахстана] // Казахст. правда.- 1958.- 19 июня.

Айманов, Ш. По воле партии: [Кинореж. рассказывает о своих творч.планах] // Искусство кино.- 1958.- N 9.- С. 3

Айманов, Ш. Самое молодое : [о киноискусстве Казахстана] // Казахстанская правда.- 1958. - 12 декабря.

Айманов, Ш. Новые задачи, новые замыслы : [о своих творческих планах рассказывают популярный .артист каз. кино] // Искусство кино. - 1959. - N 6. - С.118 – 121.

Айманов, Ш. Главное - современность: [о развитии киноискусства в Каз.ССР] // Сов. культура.- 1959. - 27 августа.

Айманов, Ш. Три рождения : [из истории каз.кинематографии] // Новый фильм. - 1969. - N 1. - С. 5.

Айманов, Ш. Наш Щепкин : [к 70-летию со дня рождения народного артиста СССР К. Куанышпаева] // Казахстанская правда.- 1963.- 22 мая.

Айманов, Ш. Обращаясь к друзьям : [о киноискусстве Казахстана] // Искусство кино. - 1965.- N 10. - С.17 – 19.

Айманов, Ш. Твори, дерзай, пробуй! : [к открытию зон. фестиваля киноискусства республик Сред. Азии и Казахстана в Алма-Ате] // Казахстанская правда.- 1965.- 19 сентября.

Айманов, Ш. Служение искусству: [о кинорежиссере Е. Е. Ароне] // Казахстанская правда. - 1966. - 26 марта

Айманов, Ш. Поиски и возмужание: Беседа с нар. арт. СССР о фестивале каз. фильмов // Коммунист Таджикистана.- 1967.- 21 мая

Айманов, Ш. Оружие огромной силы: [о проблемах .каз. кинематографии] // Казахстанская правда.- 1969. - 23 января.

Айманов, Ш. Последнее слово за зрителем: [о каз. кинематографии] // Сов.культура.- 1969.- 17 апреля.

Айманов, Ш. Дружба помогает творить: [статьи: А. Умурзакова, О. Зеки, Ш. Айманов. К неделе каз. фильмов] // Сов. Латвия.- 1969.- 14 февраля

Айманов, Ш. Щедрое наследство : [о вкладе М. Ауэзова в развитие казахского театра и кино] / Лит.запись Л. Варшавского // Новый фильм. - 1987. - N 9. - С. 18.

Айманов, Ш. "Конец атамана": [Худож.фильм] / сцен.: А. Михалков-Кончаловский; пост.: Ш. Айманов. "Казахфильм" // Казахст. правда. - 1970.- 24 ноября.

Ш. Айманов туралы әдебиеттер

Литература об Айманове Ш.

Кітаптар – Книги

Қазақстан [Мәтін] : ұлттық энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. – Айманов Шәкен: Б. 136-137.

Қазақ мәдениеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: Аруна Ltd, 2010. – Айманов Шәкен (Шаһкерім) Кенжетайұлы: Б. 22-23.

***

Кенжетаев, К. Дархан дарын [Мәтін] : [Ш.Аймановтың өмірі мен шығармашылығы туралы] / К. Кенжетаев ; ред. К. Уалиев. - Алматы : Өнер, 1980. - 152 б.

Омаров І. Әдеби толғамдар [Мәтін] : сын мақалалар, зерттеулер / І. Омаров. - Алматы : Жазушы, 1988. - 400 б.

Сығай, Ә. Сахна саңлақтары [Мәтін] / Ә. Сығай. - Алматы : Жалын, 1998. - 512 б.

Кекілбайұлы Ә. Он екі томдық шығармалар жинағы [Мәтін] / Ә. Кекілбайұлы. - Алматы : Өлке, 1999. - Т. 11. - 400 б.

Боранғалиұлы, Т. Ғасырға сыр [Мәтін] / Т. Боранғалиұлы. - Астана : Елорда, 2001. - 308 б.

Шәкен Айманов [Мәтін]. - Павлодар, 2003. - 116 б.

Жүз тұңғыш [Мәтін] : жинақ. 2-ші кітап, 2005. - 352 б.

Сығай, Ә. Актер әлемі [Мәтін] Т. 1 / бас ред. Т. Ахметжан, 2008. - 272 б.

Топжарған [Мәтін] : [Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналады]. - Алматы : Раритет, 2014. - 400 б.

Шәкен Айманов= Шакен Айманов [Мәтін] : кітап-альбом. - Алматы : Өнер, 2014. - 320 б.

***

Казахстан [Текст] : Национальная энциклопедия. - Алматы : Казак энциклопедиясы, 2004. -(Культурное наследие)

***

Сиранов, К. Киноискусство Советского Казахстана [Текст] / К. Сиранов. - Алма-Ата : Казахстан, 1966. - 400 с.

Федулин, А. Искусство, рожденное дружбой [Текст] : Страницы истории казахского кино / А. Федулин, Ю. Резников. - М. : Бюро пропаганды советского киноискусства, 1972. - 67 с.

Богатенкова, Л. И. Народный артист СССР Шакен Айманов [Текст] / Л. И. Богатенкова . - Алма-Ата : Наука, 1973. - 118 с.

Актеры советского кино [Текст]. Вып. 11 : Шакен Айманов и д.р / сост. Л. Польская, М. Хаджимуратова. - 1975. - 223 с.

Варшавский, Л. Памятные страницы [Текст] / Л. Варшавский. - Алма-Ата : Жалын, 1978. - 144 с. Каирбаев, А. К. Свет негаснущих звезд [Текст] : [очерки о деятелях науки, литературы, культуры, памятных местах Казахстана] / А. К. Каирбаев. - Алма-Ата : Жалын, 1983. - 112 с.

Беркович, М. Кадры неоконченной киноленты [Текст] : Шакен Айманов без контурнов / М. Беркович. - Алма-Ата : Өнер, 1984. - 149 с.

Варшавский Л. Алдар-Косе [Текст] : Кинокомедия / Л. Варшавский, Ш. Айманов // Сценарии казахского кино. - Алма-Ата : Өнер, 1984. - С.178

Богатенкова, Л. И. Услышать и понять человека [Текст] / Л. И. Богатенкова. - Алма-Ата : Өнер, 1987. - 304 с.

Айнагулова, К. Тенденции развития киноискусства Казахстана [Текст] / К. Айнагулова, К. Алимбаева. - Алма-Ата : Гылым, 1990. - 158 с.

Кенжетаев, К. Высокий дар призвания [Текст] / пер. с каз. Л. Каирбековой. - Алма-Ата : Өнер, 1990. - 136 с.

Кино и вся жизнь [Текст] : [сборник статей и воспоминаний о Ш. Айманове]. - Алматы : Онер, 1994. - 174 с.

Мэтры казахского кино [Текст]. - Алматы : Аруна Ltd, 2002. - 12 с.

ХХ век. Корифеи казахского искусства [Текст]. - Алматы : Аруна Ltd, 2003. - 10 с.

Двадцатый век. Корифеи Казахского искусства [Текст] : [для детей школьного возраста]. - Алматы : Аруна, 2003. - 5 с.

XX век. Корифеи казахского искусства [Текст]. - Алматы : Аруна, 2006. - 11 с.

Они были первыми [Текст] : [справочник]. - Алматы : Алматыкiтап, 2007. - 296 с.

Мақалалар – Статьи

Кенжетаев, К. Шәкен аға [Мәтін] : [СССР халық артисі Ш.Айманов туралы. Естелік] / К.Кенжетаев // Жұлдыз . - 1978. - № 6. - Б. 76 - 189.

Әшімов, А. Шәкен Айманов хақында бірер сөз [Мәтін] / А. Әшімов // Парасат. - 1994. - №4. - Б. 1.

Кекілбаев, Ә. Саңлақ [Мәтін] : [Белгілі өнер жұлдызы Ш.Айманов жайлы] / Ә.Кекілбаев // Қазақ әдебиеті. - 1995. - №7 ақпан.- Б.10 - 11.

Кәпқызы, Е. Шәкен Айманов [Мәтін] / Е.Кәпқызы // Түркістан http://www.turkestan.kz. - 2002. - 21 ақпан. - Б. 6.

Бектасова, Г. Айтулы актер Айманов [Мәтін] / Г. Бектасова // Түркістан һttp://www.turkestan.kz. - 2004. - 20 ақпан.- Б. 5.

Қаратайқызы, М. Айманов әлемі [Мәтін] / М.Қаратайқызы // Қазақстан - Заман. - 2004. - 20 ақпан.- Б. 6.

Тарази, Ә. Шәкен [Мәтін] : Эссе / Ә.Тарази // Егемен Қазақстан. - 2004. - 12 қазан. - Б. 4. – Шәкен Айманов туралы эссе.

Төлепберген, М. Қазақ киносының құты [Мәтін] / М.Төлепберген // Егемен Қазақстан. - 2004. - 14 ақпан.- Б. 3. – Ш. Айманов туралы.

Ахмадиев, А. "Мен Шәкен Аймановтың өкiл баласымын" [Мәтін] / әңгімелеск. Қ. Тоқсанбай // Егемен Қазақстан. - 2010. - 12 қаңтар. - Б. 5.

Айманова, И. Шәкендей тұлғаның келiнi боламын деп ойламаппын [Мәтін] / әңг. М.Шапиян // Аңыз адам.- 2011. - № 13. - Б. 11. - Шәкен Аймановтың келiнiмен сұхбат.

Әбдіраш, Р. Шәкен Айманов - нағыз тума талант [Мәтін] / Р.Әбдіраш // Аңыз адам. - 2011. - № 13. - Б. 37.

Жәкібаев, Қ. Ең үздік фильмі - "Алдаркөсе" [Мәтін] / Қ. Жәкібаев // Аңыз адам. - 2011. - № 13. - Б. 36.- Ш.Айманов түскен фильмдер жайында.

Кенжетаев, К. Қайда ойын-сауық болса, Шәкен сол жерден табылатын [Мәтін] / К.Кенжетаев // Аңыз адам. - 2011. - № 13. - Б. 8 - 10.

Кенжетайұлы, К. Сый сақина [Мәтін] / К.Кенжетайұлы // Парасат. - 2001. - №11. - Б.5 - 7. - Халқымыздың дарынды өнер жұлдызы Шәкен Айманов туралы сыр.

Райымбеков, Ә. "Тақиялы періште" болған оқиға негізінде түсірілген [Мәтін] / Ә.Райымбеков // Аңыз адам. - 2011. - № 13. - Б. 47.

Рақымқызы, Р. Бала Шахкәрімнен - "қазақ киносының атасы" Шәкен Аймановқа дейін [Мәтін] / Р.Рақымқызы // Аңыз адам. - 2011. - № 13. - Б. 5 - 7.

Сүлейменов, О. Қазақ киносының нағыз атасы [Мәтін] / О.Сүлейменов // Аңыз адам. - 2011. - №13. - Б. 35.

Тарази, Ә. "Алдаркөсе" Шәкеңнің өзі туралы фильм еді [Мәтін] / Ә.Тарази // Аңыз адам. - 2011. - № 13. - Б.34 - 35.

Төлегенова, Б. "Гауһартастың" екінші шумағын Шәкен аға жазған [Мәтін] / Б.Төлегенова // Аңыз адам. - 2011. - №13. - Б. 31.

Сығай, Ә. Шәкен Айманов [Мәтін] / Ә. Сығай // Мәдениет. - 2011.- №6. - Б.2 - 11.

Сығай, Ә. Таңғажайып театр [Мәтін] : эсселер / Ә. Сығай. - Алматы : Ана тілі, 2014. - 480 б. - Театр тарланы Шәкен Айманов туралы мәліметтер берілген.

Елебекова, Х. "Елден ерек жаралған, Шыңға біткен шынарым" [Мәтін] / Х.Елебекова // Егемен Қазақстан. - 2014. - 15 ақпан. - Б.7. - Қазақтың тұңғыш режиссері Шәкен Аймановтың 100 жылдығына орай сұхбат.

Көбек, Г. Шәкен Айманов әлемі [Мәтін] / Г.Көбек // Ақиқат. - 2014. - №9. - Б. 69 - 72. - Қазақ өнерінің

қайраткері Ш.Айманов туралы.

****

Кешин, К. Вся жизнь Шакена [Текст] : [рецензия на сборник статей и воспоминаний "Кино и вся жизнь" Ш. Айманова] / К. Кешин // Казахстанская правда. - 1994. - 15 сентября

Наш милый Шакен [Текст] // Казахстанская правда. - 2003. - 16 сентября. - С. 5

Айнагулова, К. Звезда Шакена [Текст] / К. Айнагулова // Казахстанская правда. - 2003. - 27 сентября. - С. 8

Барлыбаева, Л. "Наш милый доктор..." [Текст] : Время / Л. Барлыбаева, С. Барлыбаева // Мысль. - 2013. - №8. - С. 34 - 37.

Ахметова, С. Музейное дело : павлодарский опыт [Текст] : Культура / С. Ахметова // Мысль. - 2014. - №1. - С. 58-62.

Шимырбаева, Г. Шакен Айманов: каким он был? [Текст] / Г. Шимырбаева // Казахстанская правда. - 2014. - 21 февраля. - С. 20

Шакабаев, Р. Час кино [Текст] / Р. Шакабаев // Наше дело. - 2014. - 20 февраля. - С. 3

Горбунов, С. Экран казахстанского классика [Текст] / Горбунов С. // Казахстанская правда. - 2014. - 30 апреля. - С. 14

Енисеева-Варшавская, Л. Открытое сердце Шакена [Текст] : Культура / Л. Енисеева-Варшавская // Мысль. - 2014. - №4. - С. 53-63.

Енисеева-Варшавская, Л. Открытое сердце Шакена [Культура] / Л. Енисеева-Варшавская, С. Хайдаров // Мысль. - 2014. - №5. - С. 66-76.

Беккулова, С. Шакен Айманов и моя Кульшара [Текст] / С. Беккулова // Простор. - Алматы, 2016. - № 9. - С. 185-189

8

Әшімбеков С.

ashimbekov saparbek

Әшімбеков Сапарбек  (1942-2020) – актер, композитор, ҚР Мәдениет қайраткері.

1942 жылы 24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданы, Қоныстан ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Аягөз ауданы Сергиополь мектеп-интернатын тәмамдаған. Төлебаев атындағы музыкалық училищеге түсіп, оны «Халық аспаптар оркестрі» мамандығы бойынша бітірген. 1966 жылы М. Төлебаев атындағы Семей музыкалық училищесін домбыра мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1966 жылы Абай атындағы Қазақ музыкалық драма театрында бастаған. Жиырма жылға жуық театр жанындағы музыка факультетін басқарған.

1974,1976 жылдары «Мелодия» студиясы Сапарбек Әшімбековтің әндер жинағымен грампластинкалар шығарды. Оның бірқатар спектакльдері бар, олардың қатарында: «Досымның үйленуі», «Үйленгім келмейді», «Тойым-той», «Әнім сен едің», «Менің атым Қожа», «Махаббат неге оянбады?»

Сапарбек Әшімбеков 150-ден астам ән мен әуен жазды: «Келші құрбым», «Тыраулайды тырналар», «Жайлау еді», «Дариға жүрек», «Қыз сөзі», сондай-ақ Абайдың өлеңдеріне музыкалық композициялар жазды. Ол «Сырласу», «Саятта», «Дауылдатқан қараша», «Нұр-Астана» күйлерінің авторы.

Қазақ КСР-інің «Үздік мәдениет қайраткері» және «Қазақ КСР кәсіподағының үздік қайраткері», Қазақстан Республикасының Ертіс өңірі Композиторлар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қызметкері» төсбелгілері бар, «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» төсбелгісіне ие (2004 ж.), Семей қаласындағы Абай атындағы Музыкалық-драма театрында қызмет атқарған. 2014 жылы «Құнанбай» деректі фильмінде бидің рөлін сомдаған. 2014 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталды.

2020 жылы 28 тамызда Семей қаласында қайтыс болды.

Интернет-ссылки

Ашимбеков Сапаргали [Электронный ресурс]: [Творческая биография] // Официальный сайт музыкально-драматического театра им. Абая. – Режим доступа: http://teatr-abai.kz/teatr-abaya/artisty/ashimbekov-saparbek.html

Ашимбеков Сапаргали. Некролог. http://forum.guns.ru/forummessage/15/2591436-m61262716.html

 

Имаханов Б.

Имаханов Б.

Имаханов Бекен (1936-2023 жж.) – актер, Қазақ КСР халық әртісі

1936 жылы 20 қарашада Семей облысы, Абай ауданында туған.
Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік факультетін бітірген (1959). 1959 жылдан Семей облыстық музыка драма театрының сахнасында өнер көрсетеді. Тұңғыш ойнаған рөлі – Ғ.Мүсіреповтың
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектакліндегі - Қодар. Имаханов сахнада Ақан, Бекежан (Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқтысы» мен «Қыз Жібегінде»), Абай (М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің осы аттас трагедиясында), Қобыланды, Кебек (Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыландысы» мен «Еңлік – Кебегінде»), Бауыржан Момышұлы (А.А. Бектің «Волоколам тас жолы» повесі бойынша қойылған спектакльде), Дуанбасы (Н.В. Гогольдің «Ревизорында»), Танат (М.Сәрсекеевтің «Жарылысында»), Құрманғазы (М.Ибраевтың «Кісен ашқанында»), Құрбан (Қ.Мұхамеджановтың «Жат еліндесінде»), т.б. басты тұлғаларды өзіндік өрнекпен мүсіндеді. Актер 1971–1972 жылғы театр маусымында Қазақ драма театрына арнайы шақырылып, бірнеше спектакльге (Д.Файзидің «Башмағым»-да Тыңшы рөлі, т.б.) қатысып ойнады. Имаханов «Шәкерімнің соңғы күзі» атты толық метражды түрлі-түсті фильмде Шәкерім бейнесін сомдады.

 

Б. Имахановтың шығармалары
   Произведения Имаханова Б.
         Кітаптар - Книги

 

Имаханов, Бекен. Естен кетпес естеліктер: естеліктер / Б. Имаханов. - Семей: Интеллект, 2016. - 276 б.

 

Б. Имахановтың мерзімді басылымдардағы жарияланымдары
Публикации Имаханова Б. в периодических изданиях

 

Имаханов, Бекен. Сахнадағы дүниелердің барлығы өмірден алынады / Б. Имаханов; сұхбат. М. Иманғали // Дидар. - 2010. - 8 ақпан. - Б. 5

Имаханов, Бекен. Тұлғалар бар тумысынан бірегей: [Кеңес Одағынынң батыры З. Белібаев туралы] / Б. Имаханов // Ертіс өңірі. - 2010. - 24 наурыз. - Б. 18

Имаханов Б. "Театр -рухани жан серігім" / Б. Имаханов // Абай. - 2014. - № 6. - Б. 62-67

***

Имаханов, Б. Отождествляя интересы народа и власти / Б. Имаханов, Б. Тастекеев, М. Калачян, М. Жанболатов // Спектр. - 2015. - 3 июня. - С. 2

 

Б. Имахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
         Литература о жизни и творчестве Имаханова Б.
                             Мақалалар – Статьи

 

Қамбаров Ж. Жаңа ғасыр өнерін жүдетпесе екен: [ҚР Халық әртісі Б.Имаханов туралы] / Ж. Қамбаров // Үш анық. - 1999. - № 18

Тоқпатаев У. Сахнада өткен саналы ғұмыр / У. Тоқпатаев // Дидар. - 2003. - 11 қараша. - Б. 4

Исламбаева З. Семей сахнасының саңлағы: [халық әртісі Б.Имаханов туралы] / З. Исламбаева // Мәдениет. - Алматы, 2009. - № 4. - Б. 8-11

Әлімбек Қ. 50 жыл сахна төрінде / Қ. Әлімбек // Ертіс өңірі. - 2009. - 16 желтоқсан. - Б. 17

Нұғманбекова, Раушан. Сексенінде де образдар сомдап жүр: [Абай театрының белгілі актері Б. Имаханов жайлы.] / Р. Нұғманбекова // Дидар. - 2016. - 8 желтоқсан. - Б. 4

***

Гуляева, Е. «Золотая маска» служителям Мельпомены: [о премии «Золотая маска» актерам Восточного Казахстана. Премии в номинации «За многолетнее служение театру» удостоились Бекен Имаханов и др.] / Е. Гуляева // Рудный Алтай. - 2012. - 27 марта. - С. 1, 2.

Гуляева Е. Театральный фестиваль // Наше дело. - 2014. - 29 мая. - С. 3

  

Байқошқарова Г.

012

Байқошқарова Ғайникамал (1943) – кеңес, қазақ кино және театр актрисасы.

1943 жылы 8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген.

1965-1969 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясына түсіп, театр және кино актері мамандығы бойынша театр бөлімін бітірді.

1969 жылдан 1974 жылға дейін Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істейді.

1974 жылдан М. О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актриса болады. Г.Байқошқарова музыкалық-комедиялық жанр, фарс, психологиялық драма және трагедия қойылымдарында 80-нен астам рөл ойнап, жанрлық мүмкіндіктерінің кең ауқымын көрсетті.

Ұлттық классика мен әлемдік драматургияда келесі рөлдерді сомдаған: «Қарагөз» трагедиясында Қарагөз, «Қара қыпшақ Қобыландыда» Көклан, «Айман-Шолпанда» Шолпан, Қ.Шаңғытбаев пен К.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Күнсұлу, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Майқанова, Қ.Мұхамеджанов пен Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Алмагүл, Д.Исабековтің «Әпкесінде» Гауһар, Б.Римованың «Қос мұңлық» драмасында Самал, А.Сүлейменовтің «Қыздай жесір – штат қысқартуында» Рита, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Қапиза, С.Балғабаевтың «Сағыныш пен елесінде» Анар, Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?» комедиясында Сары апа және басқа да көптеген рөлдерде ойнаған.

Б. Ғайникамал 15 көркем фильмде ойнаған, оның сомбаған образдары түрлі сипаттағы бейнелер. Актриса түсірген фильмдердің ішінде режиссер Қ.Әбеновтің 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған «Аллажар», «Ауылым Көктөбенің бөктерінде», «Күнә» және т. б. фильмдерін атап өту қажет.

Марапаттары:

2001 – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі

2003 – Құрмет Ордені

2005, 2006 – ҚР Әдебиет және өнер мемлекеттік стипендиясының лауреаты

2011 – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі

2011 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

2016 – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі

Ғайникамал Байқошқарова – М.Әуезов атындағы драма театрдың ең жарқын әрі тәжірибелі жұлдыздарының бірі. Оның таланты мен кәсібилігі жас әріптестері үшін үлкен өнеге болмақ.

Кайров П. О.

Кайров Павел ОсиповичКайров Павел Осипович – (1904 – 1962) – актер, Заслуженный артист Казахской ССР (1947), Народный артист Казахстана (1955).

Родился в г. Таллин, Эстония. Путь в искусстве начал с кружка художественной самодеятельности в Усть-Каменогорске (Восточно-Казахстанская область). Актер Усть-Каменогорского городского театра (1936). В 1936 -1956 – актер Государственного академического русского драматического театра в Алма-Ате (Алматы). Выступал в разнообразных ролях: Василий Царев («Шел солдат с фронта» В. Катаева), Серьга («Лодочница» Н. Ф. Погодина), Караман («Каракыпчак Кобланды» М. Ауэзова), Минутка («Победители» Б.Ф. Чирскова), Боровцов ("Пучина", А.Н. Островского), Якорев, Гриша, Назар Авдеевич («Последние», «Варвары», «Дети солнца» М.Горького), Труффальдино («Слуга двух господ», К. Гольдони) и мн. др.

П. Кайров также известен как киноактер: Чаусов («Беспокойная весна», 1956), Кошкин («Ботагоз», 1957), Поздняков («Шквал», 1958)

Умер 8 апреля 1962 (г. Санкт-Петербург, Россия)

П. С. Кайров туралы әдебиет

Литература о Кайрове П. С.

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. - IV том - П. О. Кайров

Казахстан. Национальная энциклопедия [Текст] : энциклопедия . - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — Т. III. – Павел Осипович Кайров.

Культура Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан ; Комитет информации и архивов. - Алматы : Аруна, 2010. - П. О. Кайров : С. 305.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы:

Павел Осипович Кайров [Электронный ресурс] : [биография] // Кино-Театр.РУ : сайт. – Режим доступа : https://www.kino-teatr.ru/kino/acter/m/sov/254772/bio/print/

Тағы мақалалар...

  1. Манап М. С.