Кеңшілікұлы Бақыт (1966) - ағаш технологы, ұлттық аспап жасаушы шебері
1966 жылы 15 Тамызда Моңғол Халық Республикасының Баян-Өлгей өлкесінде дүниеге келген. 1984 жылы мектепті бітіргеннен кейін Барнауыл қаласындағы (Ресей) технологиялық училищеге "Ағашты көркем өңдеу" бейіні бойынша оқуға түсті. Содан кейін Ұлан-Батырдағы Моңғол мемлекеттік университетінің көркем графика факультетін бітірген.
Қазақтың барлық халық аспаптарынан ішінде нақ осы домбыра жасау аса күрделі болып табылады, ал шебердің ағашты таңдаудың, өз домбыраларына желім мен лакты пайдаланудың өз құпиялары бар. Бақыт Кеншілікұлы домбыра, қобыз, сыбызғы сынды жеке дыбыстары мен ерекшеліктері бар 500-ден астам аспап жасаған. Сонымен қатар, шебер ағаштан қазақтың ұлттық ыдыстарын, кәдесый өнімдерін, тіпті жиһаз жасайды.
2013 жылы шебердің кәдесыйлық қобызы "Поле чудес" бағдарламасы мұражайының көркі болды.
Кеңшілікұлы Бақыттың қолынан шыққан осы қолөнер бұйымдары шетелдік сыйлы қоңақтар үшін тапсырыспен жасалған. Оның ішінде: Америка, Германия, Қытай, Жапония, Корея, Франция, Италия және Ресей елдерінен өз орнын тапты.
Осы кәдесыйлар Бақыт Кеңшілікұлының көрмесіне келген шетел азаматтарының зор қызығушылығына ие болды.
Бақыт Кеңшілікұлының жетістіктері:
- Мәскеуде өткен «Жастар мен студенттердің халықаралық фестивалінің» 2-ші орын жүлдегері.
- 2009 жылы Шығыс Қазақстан, Өскемен қаласында «Алтайым аңсаған атажұртым» атты шығармашылық кеші өтті.
- 2011 жылы Астана қаласында «Жан әуені атты» шығармашылық кеші өтті.
- 2011 жылы Алматы қаласында өткен «Шебер» байқауында, ұсынылған 128 жұмыстың арасында, туындысы 20-шы орынға ие болды.
- 2013 жылы Астана қаласында өткен «Ел іші – өнер кеніші фестивалінің» 2- ші орын иегері.
- 2013 жылы Атырау қаласында Құрманғазы Сағырбайұлының 190 жылдығына арналған Республикалық «Үкілі домбыра» байқауының дипломанты.
- 2018 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық «Аңыз домбыра конкурсының дипломанты.
- 2021 жылы «Жыл шебері» номинациясының жеңімпазы;
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кәдесыйлар байқау-көрмесінің жеңімпазы.
Кеңшілікұлы Бақыт қазақ елінің қолөнеріне өзіндік үлесін қосып келе жатқан шебер.
Деректер
Источники
Тоқпатаев, У. Нағыз қазақ домбыра [Мәтін] / У. Тоқпатаев // Дидар. - 2000. – 8 тамыз.
Тоқпатаев, У. Бақыттың домбырасы [Мәтін] : [әңгіме Бақыт Кеңшілік жасаған қазақтың қасиетті қара домбырасы жайлы] / У. Тоқпатаев // Дидар. - 2002. - 19 қазан. - Б. 5.
Мәжікенқызы, З. Ұсталық зергерлік - киелі өнер [Мәтін] / З. Мәжікенова // Мәдениет жаршысы . - 2008. - № 10. - Б. 5-7.
Нұролдина, Н. Қасиетті домбыраның шебері [Мәтін] / Н. Нұролдина // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - 2009. - № 11. - Б. 39-40.
Құсанбаев, С. Шеберханасы жоқ шебердің көрмесі [Мәтін] / С. Құсанбаев // Дидар. - 2009. - 21 желтоқсан. - Б. 3.
Кеңшілікұлы, Б. Домбыра қазақтың рухани азығы: саз аспаптар шебері Бақыт Кеңшілікүлы туралы / Б. Кеңшілікұлы; сұхб. Қ. Мұхамадиева. - Мәтін (визуалды) // Менің өлкем. - 2024. - 11 шілде. - Б. 5.
***
Кусанбаев, С. Из дерева извлечь музыку [Текст] : [о мастере прикладного искусства Бакыте Кеншиликулы] / С. Кусанбаев // Рудный Алтай (прил. "Дом дружбы"). - 2009. - 21 марта. - С. 11.
Естаева, Гульжан. Когда поет душа домбры : житель областного центра Бакыт Кеншиликулы изготавливает около 30 видов музыкальных инструментов / Г. Естаева. - Текст // Рудный Алтай. - 2020. - 2 апреля. - С. 8. - https://rudnyi-altai.kz/kogda-poyot-dusha-dombry/