Бияров Төлеухан Нұралдаұлы (1949-2008 жж.) – қолданбалы математика мен кибернетика саласы бойынша қазақ ғалымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор.
1949 ж. 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, қазіргі Еңбек ауылында дүниеге келген. 1967 жылы С. М. Киров атын. Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атын. ҚазҰУ) механика-математика факультетіне оқуға түскен. Екінші курстан бастап ЖОО оқытушыларын даярлайтын арнайы топта «Математикалық логика» мамандығы бойынша Аслан Таймановтың жетекшілігінде білім алған. 1972 ж. университеттің «Қолданбалы математика» мамандығын тәмамдаған соң, еңбек жолын С. М. Киров атындағы ҚазМУ жанындағы Қазақстан ЖМ АЖА (АИС ВШ Казахстана) ғылыми-зерттеу лабораториясында инженер-бағдарламашы ретінде жалғастырған.
1973-1976 жж. «Математикалық кибернетика» мамандығы бойынша аспирантурада оқыған. 1976-1989 жж. БАЖ (АСУ) математикалық қамтамасыз ету кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қызмет атқарған.
1989-2002 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ЭЕМ және кибернетика, Кибернетика, Математикалық кибернетика, ЭЕМ математикалық қамтамасыз ету және математикалық кибернетика, Математикалық кибернетика және ақпараттық жүйе кафедраларын басқарған.
2002-2008 жж. Қазақстан-Британ техникалық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің деканы қызметін атқарды. 1989 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да алғаш рет «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша «Математикалық кибернетика» бөлімін ашқан.
1996 ж. «Ақпараттық жүйелер» (бизнесте) және 1998 ж. «Информатика» мамандығы бөлімдерін ашқан (Мемлекеттік стандарт авторы). ҚР БҒМ ОӘБ (УМО) осы мамандықтар бойынша әдістемелік комиссия төрағасы міндетін қатар атқарған.
Т. Н. Бияров 243 ғылыми-әдістемелік еңбектің, 17 оқу-әдістемелік құралдың, 8 монографияның авторы. Профессор Т. Н. Бияров Қазақстан кибернетика мектебінің негізін қалаған. 19 ғылым кандидатын, оның ішінде үшеуі «Математикалық кибернетика» мамандығы бойынша, 1 физика-математика ғылымының докторын дайындаған.
Оның шәкірттерінің қатарында Ж. Күлекеев, Б. Жұмағұлов, М.Н. Қалимолдаев, Ж.Д. Ертілесов, А. Д. Сапарбаев т.б. болды.
Мемлекеттік ғылыми шәкіртақыға Т. Н. Бияров есімінде мемлекеттік ғылыми шәкіртақы тағайындалған. Т.Бияровтың өлеңдері «Ағажай, Алтайдай жер қайда» және «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты бір топ катонқарағайлық ақындар жинағына енген.
Марапаттары: Көрнекті ғалымдар мен мамандарға арналған Мемлекеттік ғылыми шәкіртақы иегері, «Тың жерлерді игеруге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған (1970 ж.). Ғалымға Ұлттық инженерлік академиясының академигі атағы берілген.
Т. Н. Бияровтың ғылыми еңбектері
Научные труды Биярова Т. Н.
Кітаптар - Книги
Бияров, Т. Н. Қозғалыстың орнықтылық теориясы [Мәтін] : жоғары оқу орындарының студенттеріне көмекші құрал / Т. Н. Бияров. - Алматы : Қазақ университеті, 1991. - 50 б.
Бияров, Т.Н. Өлеңдер. Мақалалар. Естеліктер [Мәтін] / Т. Н. Бияров. - Алматы : Орхон, 2009. - 256 б.
***
Бияров, Т. Н. Основы динамики и вопросы устойчивости механизмов высоких классов и машин со многими степенями свободы[Текст]: диссертация на соискание ученой степени доктора технических наук / Т. Н. Бияров; Каз.ГНУ им. Аль-Фараби; науч. конс. У. А. Джолдасбеков.- Алматы, 1993.- 380 с.
Бияров, Т.Н.Макромоделирование национальной экономики на конечном горизонте планирования[Текст]: монография / Т. Н. Бияров. - Алматы: Экономика, 1999. - 124с.
Авторларымен бірігіп шығарған басылымдары
Издания, вышедшие в соавторстве
Бияров, Т. Н.Элементар математика есептерінің жинағы [Мәтін] : оқу құралы / Т. Н. Бияров, М. М. Молдабеков. - Алматы : Кітап, 1992. - 348 б.
Бияров, Т. Н. Экономикалық кибернетика [Мәтін] / Т. Н. Бияров, А. Ө. Биярова ; ҚМҰУ. - Алматы : Қазақ университеті, 2000. - 218 б.
Бияров, Т. Н. Оңтайландыру және басқару [Мәтін] : оқу құралы / Т. Н. Бияров, Ә. С. Әжібекова, А. О. Биярова. - Алматы : ҚБТУ, 2008. - 196 б.
Бияров, Т. Н. Оптимизация и управление [Текст]. Ч. 1 : учебное пособие / Т. Н. Бияров, А. С. Ажибекова. - Алматы, 2007. - 123 с.
Бияров, Т. Н. Оптимизация и управление [Текст]. Ч. 2 : учебное пособие / Т. Н. Бияров, А. С. Ажибекова. - Алматы, 2007. - 136 с.
Т. Н. Бияровтың қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии Т. Н. Биярова
Функционалдық анализ [Мәтін] : методикалық оқу құралы : 2-бөлім: Сызықтық операторлар теориясы / құраст. Т. Н.Бияров, А. А. Бедельбаев. - Алматы, 1985. - 68 б.
Методические указания по кредитной системе обучения [Текст] / сост. Т. Н. Бияров, С. Т. Тилемисов. - Алматы, 2004. - 28 с.
Оңтайландыру тәсілдері [Мәтін] : оқу құралы / құраст. Т.Н. Бияров, С.Б. Беркімбаева. - Алматы, 2005. - 72 б.
Т. Н. Бияровтыңмерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Т. Н. Биярова в периодических изданиях и сборниках
Мақалалары – Статьи
Бияров, Т. Н. Экономикалық реформаны баяулатуға болмайды [Мәтін] / Т. Н. Бияров // Егемен Қазақстан. - 2003. - 19 тамыз. - Б. 2.
Сұхбаттары - Беседы
Бияров, Т. Н. XXI ғасыр - технология ғасыры [Мәтін] : [техника ғылымының докторы, профессормен сұхбат] / Т. Н. Бияров; әңг. Е. Сахариев // Ана тiлi. - 2005. - 10 наурыз. - Б. 5.
Өлеңдері - Стихи
Бияров, Т. Н. Ауылдың ерке қыздары; Жаңбыр [Мәтін] : өлеңдер / Т. Н. Бияров // Лениншiл жас. - 1970. - 12 июнь.
Бияров, Т. Н. "Гүлдер" ансамблiне [Мәтін] : өлең / Т. Н. Бияров // Лениншiл жас. - 1971. - 25 март.
Бияров, Т. Н. Өлеңдері [Мәтін] / Т. Н. Бияров // Ағажай, Алтайдай жер қайда : өлеңдер жинағы / құраст. Ш. Оразаев. - Алматы : Полиграфия, 1999. - Б. 259-302.
Бияров, Т. Н. Шарықтатып әкетсе өлең жанды; Атамекен; Аруға; Сырласу; Сол бiр үй; Сағыныш; Таң жырлары; Алтай; Еңбек; Жаңбырдан соң; Элегия [Мәтін] / Т. Н. Бияров // Мұқағали. - 2009. - № 8. - Б. 11,13-14.
Т. Н. Бияровтың өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о научной деятельности Биярова Т. Н.
Назырбаев, Қ.Катонқарағай [Мәтін] / Қ. Назырбаев; ред. С. Бақтыгерейұлы ; ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі. - Астана : Фолиант , 2011. - 280 б. - Бияров Төлеухан: б. 221.
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Астана : Фолиант, 2011. - Бияров Тілеухан: б. 138.
Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : А-К. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2012. - Бияров Тілеухан: б. 408.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Бияров Тілеухан : б. 273.
Сахариев, Е. Тәуелсіздік : не ұтып, неден ұтылдық? [Мәтін] : саяси және әскери ғылымдарының докторы профессор Әскер Бақаев және техника ғылымының докторы, профессор Төлеухан Бияровтың пікірі / Е. Сахариев // Қазақстан - ZAMAN . - 2005.- 16 желтоқсан. -Б. 1, 3.
Әшімханұлы, Д. Азамат. Академик. Ақын [Мәтін] : Төлеухан Бияров туралы / Д. Әшімханұлы // Түркістан. - 2009. - 7 мамыр. - Б. 11.
Назырбаев, Қ. Ғылымды мұрат еткен досым еді [Мәтін] : [кибернетика және механика саласындағы еліміздің белгілі ғалымы, профессор Төлеухан Нұролдаұлы Бияров 60 жасқа толды] / Қ. Назырбаев // Дидар. - 2009. - 29 сәуір. - Б. 6.
Уалханова, Р. Н. Катонқарағайдан шыққан тұңғыш академик: академик Бияров Төлеухан Нуралдаұлының туғанына 75 жыл толуына орай мақала / Р. Н. Уалханова. - Мәтін (визуалды) // Арайлы Катонқарағай. - 2024. - 3 мамыр (N18). - Б. 6.
Райысова, Б. Толқында туған тұлға : ақынг, техника ғылымдарының докторы, Төлеухан Бияровтың 75 жылдығына / Б. Райысова. - Мәтін (визуалды) // Арайлы Катонқарағай. - 2024. - 21 маусым (N25). - Б. 5.
Бақытқызы, А. Таңбадан шыққан қос ғалым: [А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада аудармашы Баламер Сахариев 95 жылдығына және профессор Төлеухан Бияровтың 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті] / А. Бақытқызы. - Мәтін (визуалды) // Дидар. - 2024. - 28 қараша (N46). - Б. 9.
Сілтемелер - Ссылки
https://ru.wikipedia.org/wiki/Бияров,_Телеухан_Нуралдаулы
http://edu.semgu.kz/ebook/umkd/2b897be1-46e8-11e4-973d-f6d299da70eebook_inf.pdf с. 352.
http://yavix.ru/имя%20Телеухан
http://famous-birthdays.ru/data/01_maya/biyarov_teleuhan_nuraldaulyi.html
Бөжеев Мұратбек (1910-1980 жж.) – оқытушы, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері.
Шығыс Қазақстан облысы, Шұбартау ауданының (қазіргі Аягөз) №1 ауылында дүниеге келген. Семей педагогикалық техникумы мен Мәскеу педагогикалық институтын аяқтаған соң, ҚазПИ, ҚазМУ-да оқытушы, КСРО ҒА Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер, М. Әуезовтың әдеби-мемориалдық мұражайында аға ғылыми қызметкер, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері болған. М. Бөжеев М. О. Әуезовтың 12 томдық шығармаларын даярлап, ғылыми түсініктеме жазуға ат салысқан. «Құрмет Белгісі» орденімен, «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
М. Бөжеевтің ғылыми еңбектері
Научные труды Божеева М.
Кітаптар - Книги
Бөжеев, М. Мұхтар Әуезов [Мәтін] : библиографиялық көрсеткіш / М. Бөжеев. - Алматы : Мектеп, 1966. - 75 б.
Бөжеев, М. Абайдың ақындық айналасы [Мәтін] : зерттеу / М. Бөжеев. - Алматы : Жазушы, 1971. - 110 б.
***
Божеев, М.Об идейно-художественных особенностях творчества Абая[Текст] / М. Божеев. - Алма-Ата, 1960.- 15 с.
Авторлармен бірігіп шығарған кітаптары
Книги, вышедшие в соавторстве
Бөжеев, М. Замана кейiпкерлерi [Мәтін] : ғылыми зерттеулер / М. Бөжеев; жауап. ред. С. Қорабай; құраст.: Г. Бөжеева, А. Бөжеева. - Алматы : М-АРИ, 2013. - 312 б.
Бөжеев, М. Абай және әдеби дәстүр [Мәтін]. Т. 28 / М. Бөжеев, Ы. Дүйсенбаев; жалпы ред. басқ. У. Қ. Қалижанов. - Алматы : Әдебиет әлемі, 2014. - 367 б. - (Классикалық зерттеулер. «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы).
М. Бөжеевтің қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии М. Божеева
Революцияға дейін қазақ тілінде шыққан әдеби кітаптар. 1807-1917 [Мәтін] : (аннотацияланған библиографиялық көрсеткіш) / жалпы ред. басқарған М. Бөжеев; Қазақ ССР Ғылым академиясы; Орталық ғылыми кітапхана. - Алматы, 1978. - 170 б.
М. Бөжеевтіңмерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации М. Божеева в периодических изданиях и сборниках
Бөжеев, М. Абайдың ақындық тәсiлдерi туралы [Мәтін] / М. Бөжеев // Жұлдыз. - 1958. - № 4. - Б. 104-108.
Бөжеев, М. Абай реализмi [Мәтін] / М. Бөжеев // Қазақ тiлi мен әдебиетi. - 1959. - № 1. - Б. 32-35.
Бөжеев, М. Қисса-хикаят жазған ақындар туралы [Мәтін] / М. Бөжеев // Қазақ әдебиетi. - 1959. - 23 январь.
Бөжеев, М. Еңлік-Кебектің нұсқалары туралы [Мәтін] / М. Бөжеев // Жұлдыз. - 1965. - № 6. - Б.154-157.
Бөжеев, М. Революцияға дейiнгi проза үлгiлерi [Мәтін] / М. Бөжеев // Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. - 1965. - № 2. - Б. 40-49.
Бөжеев, М. Қисса-хикаялар [Мәтін] : Шығыстан келген ертегi-аңыздар тарихынан зерттеу жайлы / М. Бөжеев // Жұлдыз. - 1972. - № 2. - Б. 212-216.
Бөжеев, М. Абай шығармаларының текстологиясы [Мәтін] / М. Бөжеев // Қазақ әдебиетi. - 1976. - 11 июнь.
Бөжеев, М. "Евгений Онегин" Абай аудармасында [Мәтін] / М. Бөжеев // Абай тағлымы : әдеби-сын зерттеулер мен мақалалар / құраст. Н. Ғабдуллин. - Алматы, 1981. - Б. 209-224.
Бөжеев, М. Абай шығармаларының текстологиясы [Мәтін] / М. Бөжеев // Қазақ әдебиеті. - 1991. - 11 июнь. - Б. 3.
Бөжеев, М. Мәшһүр Жүсiп мұралары хақында [Мәтін] / М. Бөжеев // Сөз өнерiнiң зергерi : дiнтанушы, фольклорист Мәшһүр Жүсiп Көпеевке арналады. - Алматы, 2008. - Б. 171-180.
Бөжеев, М. Қазақ әдебиетi мен орыс әдебиетiнiң байланысы [Мәтін] / М. Бөжеев // XX ғасыр басындағы қазақ ақындары мен жазушылары. - Алматы : М-АРИ, 2013. - Б. 250-307.
Бөжеев, М. Замана кейiпкерлерi [Мәтін] / М. Бөжеев. - Алматы : М-АРИ, 2013. - Мұрат Мөңкеұлы : [1842-1906 жж. аралығында өмiр сүрген ақынның өмiрi мен шығармашылығы]: 97-117;
Абай Құнанбаев: б. 118-199.
Бөжеев, М. Абай Құнанбаев [Мәтін] / М. Бөжеев // Классикалық зерттеулер : көп томдық. Т. 28. - Алматы : Әдебиет Әлемi, 2014. - Б. 49-122.
Бөжеев, М. Замана кейiпкерлерi [Мәтін] / М. Бөжеев // Классикалық зерттеулер : көп томдық. Т. 28. - Алматы : Әдебиет Әлемi, 2014. - Б. 16-29.
М. Бөжеевтің өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о научной деятельности Божеева М.
Қазақстан ғылымы [Мәтін] : энциклопедия. Т. 1 : А-К. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2009. - Бөжеев Мұратбек: б. 269.
Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : А-К. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2012. - Бөжеев Мұратбек: б. 414.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Бөжеев Мұратбек: б. 281.
Бөжеева, А. Қазақ сериалының қарлығашы немесе "тоғысқан тағдырлардың" тұңғыш режиссері [Мәтін] : [абайтанушы, ғалым Мұратбек Бөжеевтің қызы Айбарша туралы] / А. Бөжеева; сұхбат. Ә. Ермырза // Ертіс өңірі. - 2015. - 4 наурыз. - Б. 7.
Ермырза, Ә. Қайсар ғалым [Мәтін] : [әдебиеттанушы-ғалым Мұратбек Бөжеев 105 жаста] / Ә. Ермырза // Ертіс өңірі. - 2015. - 25 ақпан. - Б. 8.
***
Галкина, Г. Возвращение имени [Текст] : [о жизни и деятельности доктора филологических наук Муратбека Божеева]/ Г. Галкина // Новое поколение. - 2011. - 14 апреля. - С. 4.
Гуляева, Е. Он в нашей жизни будет вечно [Текст] : [о М. Божееве] / Е. Гуляева // Рудный Алтай. - 2015. - 14 августа. - С. 9.
Буктуков Николай Сәдуақасұлы (1948) – жер қойнауын ашық игеру саласы бойынша кеңестік және қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі.
1948 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл (Қазіргі Күршім) ауданының Уранхайка ауылында дүниеге келген.
1971 жылы Қазақ политехникалық институтын үздік бітіргеннен кейін 1972 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының тау-кен ісі институтына аға инженер болып жұмысқа түседі, ал 1975 жылы «Жер қойнауын ашық игеру» зертханасының кіші ғылыми қызметкері лауазымына ауыстырылады. 1976 жылы Кузпиде «Көлденең жатқан күрделі кен орындарын селективті игерудің технологиясы мен экономикалық тиімділігін зерттеу» атты кандидаттық диссертация қорғады. 1978 жылы Н.С. Буктуков кен орындарын игеру зертханасына аға ғылыми қызметкер болып сайланады. 1986 ж. «Көмір сапасының біркелкілігін қалыптастырудың ағымдық технологиясын жасау» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
1986-1987 жылдары көмір кен орындарын ашық тәсілмен игеру зертханасының меңгерушісі, 1987-1989 жылдары жетекші ғылыми қызметкер, 1989-1994 жылдары кен орындарын аралас игеру зертханасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1994 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясында бөлім бастығы, 1994-1996 ж. ҚР ҰҒА Президентінің инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары, 1989-1997 ж. «Кен орындарын аралас игеру» зертханасының меңгерушісі, 1997-2001 ж. «Жер қойнауын ашық игеру» зертханасының бас ғылыми қызметкері, 2001 ж. директордың экономика және ғылымды коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, сонымен қатар «Жер қойнауын ашық игеру» зертханасының бас ғылыми қызметкері. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Жер туралы ғылымдар бөлімшесінің академик-хатшысы болып тағайындалды.
Бұл лауазымда ҚР ҰҒА таратылғанға дейін 2003 жылғы желтоқсанға дейін жұмыс істеді, 2004 жылдан бастап 2006 жылғы наурызға дейін - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Химия-технологиялық зерттеулер орталығы» РМК бас директорының орынбасары, сонымен бірге кен орындарын игерудің физика-техникалық проблемалары зертханасының меңгерушісі, 2007 жылдан бастап жер қойнауын кешенді игерудің физика-техникалық проблемалары бөлімінің меңгерушісі болған. 27 тамыз 2010 ж. Буктуков Н. С. –«ҚР МШКҰЖ ҰО» РМК «Д. А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институты» ЕМК директоры болған.
Н.С. Буктуков ашық тау-кен жұмыстарында технологияларды әзірлеу саласындағы жетекші ғалым болып табылады. 200-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монография мен 20-дан астам өнертабыстың авторы, бірқатар өнертабыстар Жапония, Оңтүстік Корея, ГФР патенттерімен қорғалған.
Н.С. Буктуковтың ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметтегі еңбегін ғылыми қоғам мен Үкімет жоғары бағалады. Оның есімі Комсомол даңқы шежіресіне енгізілген, ол БЛКЖО ОК Құрмет Грамотасымен, КСРО ХШЖК қола медалімен және «КСРО өнертапқышы» белгісімен, ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және ҚР ИЖТМ «Кенші даңқы» төсбелгілерімен, ҚазКСР ҒА Президиумының Құрмет грамоталарымен, КОКП ОК, КСРО Жоғарғы Кеңесінің және БЛКЖО ОК Құрмет грамотасымен марапатталған. Ол Қ. И. Сатпаев атындағы сыйлықтың лауреаты. 2003 жылы институттың Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде тау-кен ғылымын дамытудағы көп жылғы және жемісті еңбегі үшін оған «Д. А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институтының құрметті ғылыми қызметкері» атағы берілген.
Н. С. Буктуковтың ғылыми еңбектері мен өнертабыстары
Научные труды и изобретения Н. С. Буктукова
Буктуков Н. С. База патентов: https://kzpatents.com/patents/buktukov-nikolajj-sadvakasovich
Н. С. Буктуков туралы әдебиет
Литература о Н. С. Буктукове
Буктуков Николай Садвакасович НАН РК. Энциклопедический справочник. — Алматы, 2016. — 186 с.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Буктуков Николай Садвокасович: б. 285.
Буктуков Николай Садвакасович [Электронный ресурс]: [Биография и научная деятельность]// https://centrasia.org/person2.php?st=1072876647
Боқаев Сәдуақас Хасенұлы (1907-1942) - физика-математика ғылымдары бойынша қазақтан шыққан тұңғыш ғалым
1907 жылы 17 наурызда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданы Көкбай ауылында туған. Сауатын Зайсанда ашқан. Әкесі Сәдуақасты кішкене күнінен бастап, інісі Тайыр Жомартбаев (қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, ақын және драматург) пен келіні Адгия Фархисламовнаның тәрбиесіне береді. Соның арқасында мектеп бағдарламасы көлемінде математиканы жақсы игеріп, Орынбор халық ағарту институтының физика- математика бөліміне оқуға жіберген. Институтта сабақ берген К.И. Торопов Сәдуақастың қабілетін байқап, институт директорының алдына С. Боқаевты Мәскеуге оқуға жіберу туралы мәселе қояды. Сөйтіп С.Боқаев Орынбор Халық ағарту институтының физика- математика бөлімін, 1928 жылы І Мәсеку мемлекеттік университетінің астрономия –математика бөлімін бітірген.
Сол жылы аталмыш университеттің аспирантурасына түсті. Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің негізін қалаушылардың бірі, физика-математика факультетінің алғашқы деканы.
1932-1936 жылдары Қазақ педагогикалық институтының ассистенті, кафедра меңгерушісі, деканы, профессоры, Қазақ мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарып, студенттерге математиканың арнаулы салаларынан дәріс оқыды. Жас ғалым 1935 жылы 28 жасында Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы математика және механика ғылыми-зерттеу институтында кандидаттық диссертация қорғады.
Сәдуақас Хасенұлы дифференциалдық теңдеулер, арнаулы функциялар, конформдық түрлендіру теориясының және олардың механикада қолданылу мәселелерін зерттеумен айналысты. Орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырды. «Сырттан оқитын педагогикалық техникум» (1932) оқулығының авторы. Ол Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы терминология комиссияның мүшесі болды.
Садуақас Хасенұлы - дарынды математик, өзінің қысқа, бірақ жарқын да мазмұнды өмірінде қазақстандық математиктердің, педагогтардың, инженерлердің, экономистердің, сондай-ақ еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының жаңа әрі жас толқынын дайындауға баға жетпес үлес қосқан ғалым.
1937 жылы 30 жасында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. .
2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика факультетінде Сәдуақас Боқаевтың туғанына 100 жыл толу құрметіне «Физика-математика пәнін оқытудың әдістемесі мен теориясы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция және Семей қаласындағы педагогикалық институттың студенттері арасында олимпиада өтті.
С. Боқаев туралы әдебиеттер
Литература о С. Бокаеве
Шығыс Қазақстан облысы. Әнциклопедия. /Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.- 848 б. – Боқаев С:275.
Мерзімді басылым беттерінен
Публикации в периодической печати
Жаңбырбаев, Б. Ерте жанған жұлдыз [Мәтін] / Б. Жаңбырбаев // Егемен Қазақстан. - 2005. - 30 қараша.- Б.8
Өтеғұлова, Г. Е. Математиканы оқыту үрдісінде патриоттық тәрбие [Мәтін] / Г. Е. Өтеғұлова // Білім. - Алматы, 2009. - N 4.- Б.65-68.
Өтеғұлов, Г.Е. Математиканы оқыту үрдісінде патриоттық тәрбие [Текст] / Г.Е. Өтеғұлов // Білім = Образование . - 2009. - № 4. - С. 65-68 б.- Библиогр.: 2 атау.
Жәлелов, Ә. Сәдуақас Боқаев - қазақтың алғашқы математик-ғалымы [Мәтін] : [Семей облысы Абай ауданынан шыққан тұңғыш математик туралы] / Ә. Жәлелов // Қазақ тарихы. - 2020. - №7.- Б.33-35.
Варшавский Див Соломонович -техника ғылымдарының кандидаты, философия докторы, профессор, электротехника саласындағы көрнекті ғалым.
Див Соломонович Варшавский 1928 жылы дүниеге келген (нақты туған жері анықталмаған). Әкесі қайтыс болғаннан кейін отбасы Харьков қаласына көшеді. Ұлы Отан соғысының басында отбасымен бірге Қазақстанға, Лениногор қаласына (қазіргі Риддер), Шығыс Қазақстан облысына көшіріледі. 1945 жылы Лениногорск қаласындағы № 12 мектепті бітіріп, Ленинград политехникалық институтына оқуға түсіп, инженер дипломын алады. 1951 жылы институтты бітіргеннен кейін Д. С. Варшавский өзінің еңбек жолын тұрақты ток ғылыми-зерттеу институтында бастады, онда ультра алыс электр желілерін бойлық өтеу үшін конденсаторларды әзірлеу бойынша зерттеулермен айналысты.
1951 жылдан 1956 жылға дейін Өскемен Мемлекеттік конденсатор зауытында жұмыс істейді, шебер мен инженерден бастап ОТК бастығының орынбасары мен сынақ станциясының бастығына дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды. Осы кезеңде ол сонымен қатар оқытушылық қызметті белсенді жүргізді, біліктілікті арттыру курстарының оқытушысы және Лебедеватындағы КСРО Ғылым академиясының Физикалық институты зертханасының техникалық қызмет көрсету тобының жетекшісі ретінде толық емес жұмыс істеді.
1956 жылдан бастап Д. С. Варшавский Өскемен конденсатор зауытында бас инженер болды. Осы уақытта ол ҚазКСР Ғылым академиясымен белсенді жұмыс істей бастады, күш конденсаторлары мен диэлектриктер саласындағы зерттеулері мен әзірлемелерін жалғастырды. Ереван, Ленинград, Томск және Харьков оқу орындарын қоса алғанда, политехникалық институттар студенттерінің өндірістік практикасының жетекшісі болды. 1958 жылдан бастап ҚазКСР Ғылым Академиясының жүйесіне ғылыми жұмысқа ауыстырылып, Қазақстан Ғылым академиясы Энергетика институтының Өскемен бөлімшесінің ғылыми қызметкері болды.
1964 жылдан бастап техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алғаннан кейін Д. С. Варшавский Өскемен құрылыс-жол институтында (қазіргі Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті) жұмыс істей бастады, онда электротехника кафедрасының доценті, кейін кафедра меңгерушісі болды. Осы уақытта ол ғылыми жұмысты белсенді түрде жалғастырып, қуат конденсаторлары мен электр оқшаулағыш материалдармен айналысты. 1970 жылдан 1993 жылға дейін Өскемен конденсатор зауытының конденсатор зертханасының ғылыми жетекшісі және әртүрлі ғылыми және техникалық кеңестердің, соның ішінде ВНИИСК пен Қазақстан жоғары оқу орнының ғылыми-техникалық комиссиясының мүшесі болды.
1993 жылы Давид Соломоновичке философия докторы ғылыми дәрежесі, ал 1997 жылы - Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің профессоры академиялық атағы берілді. 2000 жылы оған Кембридждегі (Англия) халықаралық өмірбаяндық орталық ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы атағын берді және Ғасырдың көрнекті ғалымдарының кітабына енгізілді.
Варшавский көптеген марапаттардың иегері, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін», «Ұзақ мерзімді ерен еңбегі үшін» медальдары, «КСРО өнертапқышы» күміс медалі, сондай-ақ Болгария мен Венгрияныңкәсіпорындары мен жоғары оқу орындарына ғылыми-техникалық көмек көрсеткені үшіносы елдердің медальдарымен марапатталады. Оның ғылыми қызметі электротехника саласында елеулі із қалдырды, ал қуат конденсаторлары мен диэлектриктері бойынша жұмысы энергетика мен электротехника өнеркәсібінің дамуына маңызды үлес қосты.
2002 жылы 1 наурызда қайтыс болды.
Д. С. Варшавскийдің ғылыми еңбектері
Научные труды Д. С. Варшавского
Методические указания к лабораторным работам по электротехнике. В 2ч./ Д.С.Варшавский, Г.Ф.Платонов, В.В.Луконин; УКСДИ. - Усть-Каменогoрск:, 1964. - 90с.
Методические указания к лабораторным работам по электротехнике. В 2ч./ Д.С.Варшавский, С.П.Макаревич, С.И.Лесневский, З.И.Попова, Г.Е.Тыныбекова; УКСДИ. - Усть-Каменогoрск, 1986. - 100с.
Методические указания к дипломному проектированию для студ. специальности 3401 «Приборостроение», специализация «Приборы и системы автоматизации»/ Д.С.Варшавский, С.П. Макаревич; ВКТУ. - Усть-Каменогoрск, 1991. - 16с.
Методические указания к лабораторным работам по электротехнике. В 2ч./ Д.С.Варшавский, С.П.Макаревич, Ю.Г.Шмигирилов, З.И.Попова, Г.Е.Тыныбековa; УКСДИ. - Усть-Каменоroрск, 1993. - 144с.
Методические указания по дисциплинам «Основы научных исследований» и «Технология сборки и испытания приборов». - ВКТУ: Усть¬-Каменогoрск, 1998. - 68с.
Основы научных исследований. Ч.I. Планирование эксперимента: Методическое пособие. - ВКТУ: Усть-Каменогoрск, 2000. - 51с.
Основы научных исследований для специальности «Приборостроение»// Проблемы совершенствования методическогo обеспечения учебногo процесса.: Сб. - ВКТУ: Усть-Каменогoрск, 1998. - С.12З.
Срок службы электротехническогo оборудования и eгo проектирование в курсе «Электротехника»// Проблемы совершенствования методическогo обеспечения учебногo процесса: Сб. – ВКТУ: Усть-Каменогoрск, 1998. - С.124.
Экономия электрической энергии в курсе «Электротехника»// Проблемы совершенствования методическогo обеспечения учебногo процесса: Сб. - ВКТУ: Усть-Каменогoрск., 1998. - С.125.
Прогpамма, задания и методические указания к контрольным работам по основам электротехники для студентов заочной формы обучения по специальности «Таможенное дело». - ВКТУ: Усть-Каменогoрск, 1999. - 24с.
Варшавский, Д. С. Разработка и исследование электротехнических конденсаторных комплексов для продольной и поперечной компенсации : автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора технических наук / Варшавский Д. С. - Алматы : б. и., 2002. - 34 с.
Д.С.Варшавский туралы әдебиеттер
Литература о Д. С. Варшавском
Немцев, М. С. Литературный Риддер : биографический справочник / Немцев М. С. - 2-е изд. - Усть-Каменогорск : Медиа - Альянс, 2012. - 245 с. - С. 57-58.
***
Семенова, О. Выдающийся ученый столетия : [Звание выдающегося ученого XX столетия с вручением сертификата и большой серебряной медали присвоено Международным Кембриджским биографическим центром профессору ВКТУ Диву Варшавскому] / О. Семенова // Казахстанская правда. - 2001. - 17 марта. - С. 2 ; Рудный Алтай. - 2001. - 15 март. - С. 1
Интернет ресурстар
Интернет-ресурсы
Научные труды [Электронный ресурс] : [Восточно-Казахстанский технический университет им. Д. Серикбаева] : сайт. – Режим доступа : https://www.ektu.kz/researchlibrary/proceedings.aspx?lang=ru