Известные имена

Дюкенов А. Р.

Дюкенов Амангельды РезуановичДюкенов Амангелді Резуанович (1956) - генерал-майор

1956 жылы 12 қыркүйекте Семей облысы (Шығыс Қазақстан облысы), Жаңасемей ауданы, Күзембай ауылында дүниеге келген. Генерал-майор, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері.

1974-1977 жылдары Алматы өрт сөндіру училищесінде оқыды, одан кейін Семей облыстық атқару комитетінің ІІБ өрт сөндіру күзеті бөлімінің, Абай ауданының өрт қадағалау инспекторы болып жұмыс істеді.

1982-1994 жылдары әскерилендірілген өрт күзетінің өрт сөндіру штабы бастығының көмекшісі лауазымын атқарды.

1996 жылы ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары болып тағайындалды.

1997-2001 жылдары ҚР ІІМ жоғары әскери училищесінің бастығы , ҚР ІІМ ІӘ Қолбасшысының орынбасары, Бас штаб бастығының орынбасары.

2003 жылы ҚР ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары болып тағайындалды.

«ІІМ үздік қызметі үшін», «Өрт күзетінің үздік қызметкеріне» төс белгілерімен, «Өрттегі ерлігі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

А. Р. Дюкенов туралы әдебиет

Литература о А. Р. Дюкенове

Генералы Казахстана. Биографический справочник .-Алматы : Арыс.-2006.-400 с.