Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Ефремов Д.И.

Ефремов Дмитрий Иванович Ефремов Дмитрий Иванович (1926-2005) – Кеңес Одағының Батыры.

68-атқыштар полкі (3-Белорус майданы, 43-армия, 70-атқыштар дивизиясы) пулеметшілер тобының командирі, сержант.
1926 жылы 10 шілдеде Симбирск губерниясы Ардатов уезінің Пашино ауылындағы шаруа отбасында дүниеге келген (қазіргі Мордовия Атяшев ауданы).
1943 жылдың қараша айында Атяшев аудандық әскери комиссариатынан Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1944 жылдың қыркүйегінен майданда, 70-атқыштар дивизиясының 68-ші атқыштар полкінің құрамында соғысқан.
Ол әсіресе Балтық жағалауы мен Шығыс Пруссияны (Шығыс Пруссия (Кенигсберг) операциясы, 1945) азат ету кезінде ерекше көзге түсті.
1945 жылдың 3-6 наурызы күндері Пертельтникен (қазіргі Калининоград облысы, Зеленоград ауданы Терновка кенті) ауылы үшін болған ұрыста сержант Ефремов өзінің пулеметімен тас жолға орналасып алып, 80 фашистен тұратын топтың жолын қиды. Жаудың барлық қарсы шабуылдарына тойтарыс беріп, 40 жауынгерінің көзін жойды. Сол аудандағы белгісіз биіктікті алу кезінде тиімді жағдайға ие болып, пулеметтен оқ жаудырды. Сөйтіп өз іс-әрекетімен биіктікті алуды қамтамасыз етті.
1945 жылдың 6-8 сәуірі аралығында Фридрихсберг (қазіргі Зелёное кенті Калининоград қаласының аумағы) елді мекеніне мықтап орналасқан жау бекінісіне шабуыл кезінде сержант Ефремов жаудың төккен оғына қарамастан Ланд-Грабен каналынан өтіп, автоматтан оқ жаудырып батальонның табысқа жетуіне ықпал етті. Тірек бекінісіне шабуыл жасау кезінде өз бастамасымен пулеметін жау тылына жеткізіп алып, жауға қарсы оқ жаудырды. Өз әрекетімен жауға үрей тудырып, елді мекенді тартып алуға септігін тигізді. Снаряд оғы тиіп зеңбірек істен шыққан кезде қаза тапқан қаруласының карабинін алып, атысты жалғастыра берді. Өзі ауыр жараланып қалғанша атысты жалғастырумен қатар, сарайға Қызыл туды желбіретіп іліп қойды.
1945 жылдың 19 сәуіріндегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы күресте әскери тапсырманы үлгілі орындап, көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін қызыләскер Ефремов Дмитрий Ивановичке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» (№ 8923) медалі тапсырылды.
Батыр жеңіс күнін ауруханада қарсы алды. Соңғы шайқаста алған жарақатына байланысты ұзақ емделіп, тек 1946 жылы ғана әскер қатарынан босады. Туған жеріне келіп, орта мектепті бітіріп, колхозда жұмыс істеді.

1955 жылы қыркүйек айында Лениногор (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы) қаласына қоныс аударды. 1956 жылы Бүкілодақтық сырттай оқитын кеңес саудасының институтын бітірді. Аудандық тұтынушылар одағында, аудандық партия комитетінде есепші-ревизор, Лениногор полиметалл комбинатында есепші, 1964 жылдан Лениногор әскери кен апатынан құтқару отрядында есепші болып қызмет істеп, 1988 жылы құрметті демалысқа шықты.
Риддер қаласында тұрып, қала мектептері мен оқу орындарында жастар арасында патриоттық тәрбие жұмысын белсене жүргізді. 2005 жылы 5 қарашада дүниеден өтті.
Ленин, 1-ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен, оның ішінде «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы батыр тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған.

                                                         Д. И. Ефремов туралы әдебиет
                                                         Литература о Д. И. Ефремове
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – 132 б.
Отан батырларын мадақтайды : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.

                                                                                             ***
Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов [и др.] ; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 493 – Т. 1
Живые голоса Победителей войны 1941-1945 гг. : сборник. - Усть-Каменогорск : Берел, 2015. - 194 с.

                                                                 Мақалалар– Статьи

Катаева, С. Один против взвода / С. Катаева // Рудный Алтай. - 1985. - 9 мая.
Манаков, Ю. Герой Советского Союза / Ю. Манаков // Рудный Алтай. - 2005. - 19 март. - С. 17.

                                                                Интернет ресурстар
                                                                  Интернет ресурсы
Ефремов Дмитрий Иванович [Электрондық ресурс] : [өмірбаяны] // Герои страны : [сайт] : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=13766