Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Урзля В.М.

Урзля Владимир Матвеевич (1916-1945), Кеңес Одағының Батыры.

Владимир Матвеевич Урзля – 504 - Мгинск Қызыл Тулы миномет полкы штабының бастығы (Кутузов орденді 40-шы минометтік бригада, Суворов орденді 24-артиллерия, РГК майдан шебі дивизиясы 4-Украина майданы), майор.

1916 жылы 20 қаңтарда Алтай өлкесі (қазіргі Ребриха ауданы) Клочки селосында дүниеге келген. Орыс. 1932 жылы Алтай өлкесі, Алейск қаласында 7 сыныпты бітіріп, соңынан бастауыш сынып мұғалімі курсында оқыды. Алтай өлкесі, Топчиха ауданы, Парфеново селосында, соңынан Алейскі қант комбинаты жанындағы мектепте мұғалімдік қызмет істеді. Соңынан Семей ауылшаруашылығы техникумын бітірді. Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Бородулиха ауданы Белағаш поселкесінде мал дәрігері болды.

1939 жылы Белағаш аудандық әскери комитетінің шақыруымен әскер қатарына алынады. 1941 жылы Хабаровскіде әскери миномет училищесін бітіреді. Хабаровскіде, қыркүйек айынан бастап Барнаулда әскери міндетін өтейді.

1942 жылдың қаңтарынан әрекеттегі армия қатарында болды. Ленинград, Волхово, тағы Ленинград, 1-Украина майданында жаумен шайқасты. 1945 жылы 28 сәуірде 4-Украина майданының Моравско-Остравскі шабуылы кезінде, Моравска-Острава қаласы маңындағы (қазір Острава, Чех Республикасы) ДолниЛгота елді мекені жанындағы ұрыста ерекше көзге түсті. Майор В.М.Урзля болған алдыңғы қатардағы бақылау пунктіне жау шабуыл жасады. В.М.Урзля соңғы патроны қалғанша айқасты, бірақ гитлершілер қолға түсіріп, соңынан азаптап өлтірді.  

1946 жылы 15 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Чехословакияны азат етуде көрсеткен ерлігі үшін Урзля Владимир Матвеевичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (қаза тапқаннан кейін).

Глучин қаласының кеңес әскерлерінің зиратында жерленген (Моравско-Силезия Өлкесі, Чех Республикасы), Острава қаласынан 10 км жерде. Оның есімі Барнаулдың Даңқ мемориалында мәңгілікке жазылған.

Ленин (15.05.1946), Қызыл Жұлдыз (10.02.1944) ордендерімен, «За боевые заслуги» (18.01.1943) медалімен марапатталған.

Әдебиеттер:

  • Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.771.
  • Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.263.
  • Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.

Интернет-ресурстар: