Звание
"Герой Советского Союза"
Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.
Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.
Фонов Николай Яковлевич (1911-1950) - Кеңес Одағының Батыры.
Воронеж майданының 47-армиясының 30-атқыштар дивизиясының 59-артиллериялық полкінің атқыштар командирі, сержант.
1911 жылы 11(24) қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Карач деревнясында (қазіргі Көкпекті ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) қызметкердің отбасында дүниеге келген. Ұлты орыс. 1943 жылдан Коммунистік партия мүшесі. Білімі орта. Өскемен және Семей қалаларында қаржы органдарында аға инспектор қызметін атқарды.
1941 жылдың маусымынан Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1942 жылдың маусым айынан Ұлы Отан соғысында. Брянск, Солтүстік Кавказ, Воронеж, 1-ші Украина майдандарында болды.
Сержант Николай Фонов 30-шы атқыштар дивизиясы59-шы артиллериялық полк құрамында үлкен әскери жолдан өтті. Өз басынан қуанышты, жеңіс пен жеңілісті бәрін өткізді Соғыста бірнеше рет ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетті. Сум облысының Ахтыр ауданының Карпиловка селосының маңында Николай Фонов ерен ерліктің үлгісін көрсетті. (Белгород-Харьков бағытындағы Румянцев стратегиялық шабуылы, Курск шайқасының соңғы этапы 1943 жыл.) Курск облысының Марьино селосында жаудың 2 ауыр, 4 орта салмақты танкісін, өздігінен жүретін зеңбірегі, станокты пулеметі, взвод әскері мен офицерін жойып жіберді.
Ол қызмет атқарған дивизия 1943 жылдың 27 тамызында Олешня-Чупаховка-Зеньков бағытында қарсы шабуылға шығып, Курск облысы Жигаловка селосында артиллериямен жаудың екі қорғаныс шебін бұзып өтті. Карпиловка селосында болған ұрыстарда сержант Николай Фоновтың расчеті жаудың 8 қарсы шабуылын тойтарып, 5 танкіні, 6 сүмбілі, 2 минометті және ротаға жуық неміс әскерін жойды. Днепрден өту кезінде Фоновтың зеңбірегі дәлдеп атып, жаудың 12 танкісін металл сынығына айналдырды.
Осы жасаған ерліктері үшін 24 желтоқсан 1943 жылы Николай Фоновқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды. (N4408). Қызыл Жұлдыз ордені мен бірнеше медальдармен марапатталды.
Ұрыстардың бірінде ауыр жараланып, госпитальда ұзақ жатып емделген соң Семей қаласына оралды. Ауыр науқастан 1950 жылы 27 қарашада қайтыс болды.
Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Н. Я. Фонов туралы әдебиеттер
Литература о Фонове Н. Я.
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін]:энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Б.785.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 265
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.4.
Черных С. Солдат күнделігі [Мәтін] / Черных С. // Коммунизм туы. - 1980. - 15 апр.- Б. 11
Интернет-ресурстар
Интернет-ресурсы