Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Фотосуретшілер

Қабдешев Қ.

kabdeshevҚабдешев Қалиқұмар – фотожурналист

Қалиқұмар Қабдешев – Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл өңірінің, Шығанши (қазіргі Қазақстан) ауылынде дүниеге келген. Әкесі Сталинград түбінде опат болған. Анасы сауыншы болған.

1957 жылы Жаңауыл орта мектебін бітіреді. Мектепте оқып жүрген кезінде сурет салумен шұғылданып, Шишкин, Айвазовскийдің картиналарын көшіріп салуды ұнатқан.

1962 жылы Алматыдағы зооветеринарлық институтқа оқуға түседі. Екінші курста оқып жүрген кезінде Абай даңғылында Ш. Айманов түсіріп жатқан киноның үстінен шығып, кездейсоқ массовкаға кіріп кетеді. Осы кездейсоқтық жерлесіміздің өміріне үлкен өзгеріс енгізген еді. Көп ұзамай «Қазақфильмге» «внештатный актер» болып бекітіледі. Фотосуретпен шұғылдана бастайды.

Әскери борышын Өзбекстанның Наманган қаласында өтейді. Әскери өмірі өте қызықты өтеді. Қазақстанның топографиялық картасын жасау үшін, Қазақстанды аралап, өзен-көлдерді, тау- тасты суретке түсіреді. Туған өлкесі Шығыстың табиғатын түгелдей аралап, тәнті болады. Үш жыл бойы әскер қатарында жүргенде түсірген суреттері одақтық «Красная звезда» газетіне үзбей жарияланып тұрған. Әскер қатарынан босағанда «фототілші» деген құжат алып қайтады.

Досы Марат Тұраровтың кеңесімен «заветті» тастап, фотостудияға жұмысқа шығу үшін комиссиялық іріктеуден өтеді. Жұмысқа шақырту алған соң ел жаққа барып келу үшін Марқакөлге аттанады. Сол барғаннан Алматыға қайтпай ауылда қалып қойған. «Пионерлер үйінен» фотостудия ашып, аудандық «Шамшырақ» газетіне жұмысқа орналасады. Еңбек озаттарының фотоларын облыстық «Коммунизм туы», республикалық «Социалистік Қазақстан» газеттеріне шығарып жүрді.

1973 жылы «Шамшырақ» газеті ұжымының жолдамасымен журналистика факультетіне жолдама алып, отбасымен Алматы қаласына қоныс аударады. Оқуын оқи жүріп, сүйікті жұмысын одан әрі жалғастырады.Театрдағы қойылымдарды түсіру кезінде ескі танысы атақты актер Асанәлі Әшімовты кездестіреді. Қазақ театр өнерінің майталмандары Ә. Мәмбетов, А. Әшімов, Д. Жолжақсыновтың фотоальбомдарын, «Әкем театрдың» жарнамалық суреттерін шығарған. Қазақ театр өнерінің майталмандарымен қатар еңбек еткен жерлесіміз ел ағасы Д.А. Қонаевтың қасында жүріп, талай тарихи суреттер түсірген.

Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында фотоаппарат ұстаған қазақ ілеуде біреу ғана болатын. Сирек мамандық иесі, бар өмірін фотоөнерге арнаған Қалиқұмар Қабдешевтің жеке көрмелері ертеректе Үндістан, Цейлон, Мальдив, Болгария, Румыния, Чехословакия, Азия, Еуропа елдерінде өткен екен. Биылғы жылы Алматы жұртшылығы фотошежірешінің өткен күндерден сыр шерткен суреттерімен қуана қауышты.

Қ. Қабдешев туралы мақала

Статья о К. Кабдешеве

Қайнарұлы, М. Фотошежіреші [Мәтін] / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2020. - 20 ақпан. - Б. 8.

Қайнарұлы М.

kainaruliМерей Қайнарұлы (1985 ж.) Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, суретші, фотограф.

1985 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.

2003 жылы Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің «Бейнелеу өнері және сызу» факультетіне оқуға түсіп, ойдағыдай тәмамдаған.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кентіндегі Оралхан Бөкей атындағы орта мектепте мұғалім болып бастайды. Кейін Глубокое аудандық «Ақ бұлақ» газетінде тілші болады.

2011 жылы Өскеменде ашылған облыстық «Менің өлкем» газетіне ауысады. Мұнда журналист, редактор болып қызмет етеді.

2014 жылы облыстық «Дидар» газетіне журналист болып орналасады. Бүгінгі күні осы газетте жауапты хатшының орынбасары болып еңбек етеді.

Қосымша фотоөнермен, карикатура салумен айналысады. Республикалық, облыстық фотобайқауларда, карикатурашылар байқауында жүлделі орындар алған.

Республикалық «Менің Отаным» атты фотобайқауда бас жүлде (2016), «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен облыстық фотобайқауда «Менің замандастарым» номинациясынан 1-орын (2017), «Егемен Қазақстан» газеті ұйымдастырған республикалық карикатурашылар байқауында 2-орын (2018), Республикалық БАҚ арасындағы байқауда «Үздік фоторепортаж» аталымы бойынша 1-орын (2019), Облыстық жастар шығармашылық байқауында «Көркем фотосурет» номинациясы бойынша 1-орын (2019) иеленген.

2025 жылғы 23 маусымдағы Президенттің Жарлығымен "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталды. 

 

М. Қайнарұлының мерзімді басылымдардағы мақалалары

Статьи М. Кайнарулы в периодических изданиях  

Қайнарұлы, Мерей. Шыңғыстай шамшырақтары: [Қатонқарағай ауданы Шыңғыстай мектебі, оның негізін қалаушы Ә. Ережепұлы (суретімен) туралы.] / М. Қайнарұлы // Менің өлкем. - 2012. - 9 ақпан.- Б. 9.

ҚайнарұлыМерейПолигон перзенті / М. Қайнарұлы // Менің өлкем.- 2012. - 15 наурыз. - Б. 3.

ҚайнарұлыМерей. Оралхан тіпті де өлген жоқ: [Жазушы Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойы Қатонқарағай өңірінде дүбірлеп өтті.] / М. Қайнарұлы // Менің өлкем. - 2013. - 19 қыркүйек. - б. 9.

ҚайнарұлыМерей. Кешенге келушілер қатары көбейіп келеді: [Тарбағатай өңірінде туризмді дамыту мәселесі сөз болды] / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2014. - 6 қараша. - б. 9. 

ҚайнарұлыМерей. Катонқарағайда қар барысы тұңғыш рет суретке ілінді / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2015.- 9 қаңтар. - Б. 9.

ҚайнарұлыМерей.  Дәулет олимпиада чемпионы болсам дейді / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2015. - 13 ақпан. - Б. 10.

ҚайнарұлыМерей. Ержүрек жерлестеріміз жайында сыр шертеді: [А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды] / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2015. - 18 наурыз. - Б. 6. 

ҚайнарұлыМерей. Сәлемдесу кеші өтті / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2015. - 24 сәуір. - Б. 6.

ҚайнарұлыМерей. Ағайындарының зиратын Польшадан тапқан / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2015. - 24 сәуір. - Б. 16. 

Қайнарұлы, Мерей. Алтайдағы «Арал» немесе шекарада қалған екі үй / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2017. - 14 қыркүйек. - Б. 16.

Қайнарұлы, М. Индустрияның дамуына жол ашылады : [Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде "EKTU RnD forum-2024 халықаралық форумы шеңберінде "Ғылым және өндіріс: міндеттер, шешімдер және стратегиялар атты пленарлық отырысы өтті] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2024. - 11 сәуір (N70). - Б. 5.
Қайнарұлы, М. Бозанбай көгінде қыран самғады / М. Қайнарұлы // Тәңіртау. - 2024. - N5. - Б. 68-71.
Қайнарұлы, М. Құсбегілерді қомдаған сайыс : [Дәстүрлі "Шығыс салбурыны-2024" халықаралық турнирі Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында өтті] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2024. - 15 қазан (N200). - Б. 14.
Қайнарұлы, М. Самардың сары алтыны / [Алтын өндіретін "Каскад-н" компаниясының тыныс-тіршілігінен] // Егемен Қазақстан. - 2024. - 21 қараша (N226). - Б. 1, 4.
Қайнарұлы, М. Маралдыдағы алтын фабрикасы / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2024. - 6 желтоқсан (N237). - Б. 1, 4.
Қайнарұлы, М. Жетістік те бар, күрмеулі мәселе де жоқ емес / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2024. - 10 желтоқсан (N239). - Б. 3.
Қайнарұлы, М. Алтай аясындағы Аршаты : [Катонқарағай ұлттық паркіне қарасты Аршаты орманшылығының тыныс-тіршілігінен] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 30 қаңтар (№19). - Б. 1, 6. ; Тәңіртау. - 2025. - N2. - Б. 64-70.
Қайнарұлы, М. Шаңғы базасын салуға не кедергі? : [қысқы туризмді дамытудың өзекті мәселелері қозғалған ] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 31 қаңтар (№20). - Б. 14.
Қайнарұлы, М. "Таганкадағы тозақ" : [жерлес жазушы А. Алтайдың "Таганка" әңгімесі жайында] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 7 наурыз (№45). - Б. 12.
Қайнарұлы, М. Ұлттық өнер ұлықталды / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 19 наурыз (№53). - Б. 12.
Қайнарұлы, М. Құсбегі Айзере / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 20 наурыз (№54). - Б. 10.
Қайнарұлы, М. Алтай мен Сауыр баурайында әуежай құрылысы басталды / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 29 наурыз (№59). - Б. 3.
Қайнарұлы, М. Жаңбырлатып суару машинасын шығарады : [Серебрянка қаласында жаңбырлатып суару машинасын жасайтын жаңа зауыт іске қосылды] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 9 сәуір (№66). - Б. 1, 4
Қайнарұлы, М. Жаңа Бұқтырмада мектеп ашылды / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 16 сәуір (№71). - Б. 1, 6.
Қайнарұлы, М. Трансформатор стансалары Өскеменде әзірленеді : [Өскемендегі "Кэмонт" АҚ жұмысы жайында] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 18 сәуір (№73). - Б. 1, 4.
Қайнарұлы, М. Шығыстың ұны шетелге шығады : [Өскемен ұн тарту комбинатының тыныс-тіршілігінен] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 24 мамыр (№96). - Б. 5.
Қайнарұлы, М. Үздік омарташылар ардақталды : [жұмысшы мамандықтары жылына орай "Шығыстың үздік омарташысы" байқауы өткізілді] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 3 маусым (№102). - Б. 8.
Қайнарұлы, М. Ерекше балаларға арналған құрылғы Өскеменнен шығады : [Облыс орталығындағы ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған жиһазды жасайтын орталықтың тыныс-тіршілігінен] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 13 маусым (№109). - Б. 1, 6.
Қайнарұлы, М. Төр Алтайдағы төртүл дүние көз тіккен той : [Катонқарағай ауданында "Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі" атты халықаралық фестивалі өтті] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 17 маусым (N111). - Б. 9.
Қайнарұлы, М. Заманауи мектеп - өркениет нышаны : [білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысында заманауи мектептер пайдалануға берілді] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 4 қыркүйек (№170). - Б. 6.
Қайнарұлы, М. Елеулі өзгеріс - озық технология : [білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысында заманауи мектептер пайдалануға беріліп, цифрлық технологиялар енгізілуде] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 10 қыркүйек (№174). - Б. 9.
Қайнарұлы, Мерей. Бозанбайдағы бекзат өнер байқауы : [дәстүрлі "Шығыс салбурыны-2025" халықаралық турнирі Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында өтті] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 15 қазан (N199). - Б. 8
Қайнарұлы, М. Ұланда ілкімді істер көп / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 24 қазан (№206). - Б. 8.
Қайнарұлы, М. Алтайдың аңыз батыры : [Шығыс өңіріне танымал батыр Балтабай Әлханұлы туралы] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 4 қараша (№212). - Б. 9.
Қайнарұлы, М. Өскеменнің өніміне шетелден сұраныс көп / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 4 қараша (№212). - Б. 4.
Қайнарұлы, М. Күздің ұзақ кеші : элегия / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 22 қараша (№226). - Б. 9.
Қайнарұлы, М. Бақ қонған ауыл : [Ұлан ауданына қарасты Украинка ауылының тыныс--тіршілігінен] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 25 қараша (№227). - Б. 4.
Қайнарұлы, М. Салбурын шежіресі : [[А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада фотосуреттер көрмесі ашылды] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 3 желтоқсан (№233). - Б. 12.
Қайнарұлы, М. Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2025. - 30 желтоқсан (№250). - Б. 1, 6.

Қайнарұлы, М. Күршім көгінде қыран самғады : [Күршім ауданында құсбегіліктің II облыстық чемпионаты өтті] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2026. - 10 ақпан (№28). - Б. 8.
Қайнарұлы, М. Жақұт тастың зергері : [зергер Байболат Айтқалиұлы туралы] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2026. - 19 ақпан (№35). - Б. 6.
Қайнарұлы, М. Түтінге тұншыққан Өскемен / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2026. - 24 ақпан (№38). - Б. 5. 

Қайнарұлы, М. Шығыстағы сәтті серпіліс : [өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2026. - 14 наурыз (№51). - Б. 7.

 Қайнарұлы, М. Көз түскен көне кітап : [А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында өткен "Open Library: Ашық аспан астындағы кітапхана" акциясы туралы] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2026. - 25 сәуір (№78). - Б. 20.

Қайнарұлы, М. Шығыста ауқымды жобалар жүзеге асады : [туризмді дамыту мәселелері] / М. Қайнарұлы // Егемен Қазақстан. - 2026. - 19 маусым (№113). - Б. 15.

Орынбаев Е.

esim

Орынбаев Есімхан (1955-2017) – фотограф

1955 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Иркутск мемлекеттік университетінің фотография бөлімін тәмамдаған. Өмірінің басым бөлігі Шығыс Қазақстанмен байланысты болды. Кәсіби қызметін 1988 жылы «Дидар» газетінен бастап, 30 жылға жуық өмірін осы басылымға арнаған. Оның суреттерінде түрлі адамдар, оқиғалар мен фактілер бейнеленген және бір жұмыс екіншісіне ұқсамайды. Ол әр сәттің керемет көріністерін сомдай білген. Ол өз саласының нағыз маманы, керемет отағасы әрі дос, қалжыңқұмар әрі мейірімді де қайырымды жан болған. Оны жай ғана – Есаға дейтін.

 

Е. Орынбаев туралы әдебиет

Литература о Е. Орынбаеве

 

Галиева, М. Остановись, мгновение... : [о персональной выставке фотокорреспондента газеты "Дидар" Есимхана Орынбаева: биография] / М. Галиева. - Текст // Рудный Алтай. - 2018. - 3 марта. - С. 4.

Скоропостижно скончался известный фотокорреспондент ВКО Есимхан Орынбаев [Электронный ресурс] : [сайт]. - Режим доступа:  https://www.inform.kz/ru/skoropostizhno-skonchalsya-izvestnyy-fotokorrespondent-vko-esimhan-orynbaev_a3052625

Персональная выставка известного фотокорреспондента областной газеты «Дидар» Есимхана Орынбаева открылась в ВКО [Электронный ресурс] // Официальный сайтАltaynews. - Режим доступа: https://altaynews.kz/ru/detail-personalnaya-vystavka-izvestnogo-fotokorrespondenta-oblastnoy-gazety-didar-esimhana-orynbaeva-otkrylas-v-vko/

 

Бейнематериал:

Видеоматериал:

 

«Остановить мгновение...» Памяти Есимхана Орынбаева (1955 – 2017) [Электронный ресурс] : [Восточно-Казахстанский музей искусств Усть-Каменогорск]. - Режим доступа: https://www.facebook.com/watch/?v=2509501622609340

Мазницын А. А.

maznicyn a a

Мазницын Алексей Алексеевич (1952) – фотожурналист, суретші.

23 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. 7 жасында анасы «Смена-6» фотоаппаратын сыйға тартып, Металлургтер мәдениет сарайына фото үйірмесіне берген. Алғашқы фотосуреттерін сол кезде түсіре бастаған. 8-сыныпты бітіргеннен кейін Казэлектромонтажға электр монтері болып жұмысқа орналасады. Алайда өзінің әуестігін тастамай, қабырға газетін шығарады. Құрылыста жұмыс істей жүріп, фотогазет шығарады, әскер қатарында болғанда қасындағыларға дембель альбомдарын жасайды. Әскерден кейін «Кристалл» клубының құрамында болады. Көптеген дипломдар мен грамоталарды иеленген.

Мансабын әуесқойлықтан бастаған, фотосурет жасауды ешқашан тастамаған. 1986 жылдан бастап – кәсіпқой фотосуретші болып, алдымен өндірісте, кейін Алтайэнерго, ВНИИЦветМет ұйымдарында қызмет атқарған. 1999 жылдан бастап әртүрлі газет пен баспаларда штаттан тыс фототілші болған.

Фототілші қызметі барысында түрлі жерлерде болған. Мысалы, шахтада, зауытта, кең далаларда, тіпті шалғай ауылдарда. Оның суреттерінің басты кейіпкерлері - қарапайым адамдар, жануарлар және Шығыс Қазақстанның табиғаты. Фотосуреттен басқа тау, жаяу, шаңғы туризмімен айналысады. Бірнеше шақырым жерді жаяу жүріп өткен.

А.А. Мазницынның керемет суреттері Шығыс Қазақстанның үздік фотоальбомдарына енген, сондай-ақ ол Андрей Кратенконың  «В центре Евразии» атты екі томдық шығармасындағы суреттердің авторы, бірнеше фотокөрмелерге қатысқан және өзі де ұйымдастырған.

 

А.А. Мазницын туралы әдебиет
Литература о Мазницыне А.А.

 

Токобаев, М. Радужный мир Алексея Мазницына [Текст] / М. Токобаев // Рудный Алтай. - 2007. - 15 сентября. - С. 8

Трухачев, А. Прошел тысячи километров, но лучший мой кадр еще впереди [Текст] : [о фотовыставке А. Мазницына] / А. Трухачев // Рудный Алтай. - 2012. - 14 июня. - С. 13.
Кратенко, А. Мастер объектива [Электронный ресурс] / А. Кратенко // Усть-Каменогорск. - 2015. - 5 февраля. - С. 6.
Гаврилова, А. В обнимку с фотоаппаратом [Текст] : [о фотографе из Усть-Каменогорска А. Мазницыне] / А. Гаврилова // Рудный Алтай. - 2015. - 25 сентября. - С. 12.