Николай Николаевич Тепфер 1959 жылы 28 қазанда Өскемен қаласында туған.
1974 жылы Өскемен музыка мектебінің фортепиано класын бітіріп, Өскемен музыкалық училищесіне оқуға түседі. Сонымен бірге Өскемен педагогикалық институтының физика-математика факультетінде де оқиды. Кейінірек Мәскеу аспирантурасы мен Гнесиндер атындағы институттың теориялық-композиторлық факультетінде бір мезгілде оқуын жалғастырады.
12 жасынан музыка жаза бастаған. Фортепиано, скрипка, флейта, виоленчелге арналған оркестрлік шығармалар жазды.
Н.Н. Тепфер әнші композитор ретінде танымал. 100-ден астам әндер мен романстардың авторы.
Әндерін Шығыс Қазақстан ақындары М. Чистяков, Е. Курдаков, М. Немцев, Ю. Манаковтардың сөзіне жазады. Оның вокальдық шығармалары әр жылдары Ертіс бойы композиторларының сьезінде, авторлық әндер фестивалінде орындалып жүр.
Н. Тепфер 2013 жылы автомобиль апатынан қаза тапты.
Тепфер, Н. Огонь осин [Ноты] : вокальный цикл на стихи Михаила Чистякова / Н. Тепфер. - Усть-Каменогорск : КАСУ, 2008. - 67 с.
Тепфер, Н. Ты - звезда [Текст] : песни на стихи Евгения Курдакова / Н. Тепфер. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2014. - 112 с.
Н. Тепфердің жинақтардағы еңбектері
Произведения Н. Тепфера в сборниках
Туған жер әуендері [Мәтін] = Земли родной напевы : ШҚО композиторларының шығармалар жинағы : Сборник произведений композиторов ВКО. - Өскемен : б. ж., 2005. - 200 б.
***
Пусть станут музыкой стихи [Ноты] : сборник песен И. Кабанова, Н. Тепфера, В. Ступницкого на стихи М. Чистякова / лирик М. И. Чистяков ; комп.: И. В. Кабанов, Н. Н. Тепфер, В. С. Ступницкий. - Усть-Каменогорск : Шығыс Ақпарат, 2008. - 163 с.
Н. Тепфер туралы әдебиет
Литература о Н. Тепфере
Гимн Усть-Каменогорску [Текст] : [Доцент ВКГУ Николай Тепфер и его мама написали гимн в честь 280-летия родного города] // Рудный Алтай. - 2000. - 18 нояб. - С. 18. - Публикуются ноты и слова гимна.
Тарлыкова, О. "Что ж молчишь, баян мой фронтовой?" [Текст] : [поэзия и музыка в творчестве М. Чистякова] / О. Тарлыкова // Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. - 2009. - № 12. - С. 16-21.
Қабдолда Тұраров (1921-2003 жж.) – ақын, композитор, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.
1921 жылы Күршім ауданы, Қойтас ауылында дүниеге келген.
1939 жылы Маралиха ауылындағы орта мектепті бітірісімен ауыл мектебінде мұғалім болып орналасады. 1950-1953 жылдары Шірікаяқ кенішіндегі кешкі мектептің, 1953-1956 жылдары Ленинскі мектебінің директоры бола жүріп, 1956 жылы Өскемен мұғалімдер институтының матаматика факультетін сырттай бітіреді.1956-1960 жылдары Жолнұсқау мектебінің директоры қызметін атқарады. 1960-1964 жылдары Тарбағатай аудандық партия комитетінде инспектор болды. 1965 жылдан 1982 жылға дейін Күршім аудандық мәдениет бөлімін басқарады. Осы жылдар ішінде Ақсуат ауылында «Айдын» атты ән-би ансамблінің құрылуына ықпал жасады. Аудандағы үш ұжымға «халық театры» атағын әперді. Аудандық мұражай ашып, оның ғимаратын салдырды. Экспонаттардың жиналуына ықпал жасай отырып, мұражай жұмысының алға басып кетуіне сіңірген еңбегі ұшан теңіз.
Қ. Тұраров айтыс ақыны ретінде де танымал болған. Облыстағы өнер саласындағы еңбегі ерекше. Айтыстың тұралап жатқан шағында облыста ақындар мектебін ұйымдастырып, өзі басқарды. Ол тәрбиелеген әуесқой айтыс ақындарының саны 50-ден асады. Олар облыстық, республикалық айтыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып, елімізге танымал болды.
Қ. Тұраров кеудесінен ән қалқып, күй шалқыған жан. Өлең жазумен, ән шығарумен жастайынан айналысып, республикалық радио фонотекасына 20-дан астам әндері қабылданды. Өлеңдерінде туған жерін, елін тебірене жырлады.
1959 жылы «Алтай әуендері» атты жеке жинағы жарық көрген. 1984 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Жайқоңыр» өлеңдер жинағындағы «Нұр Зайсан», «Жер жәннаты Күршім», «Түлегімін Күршімнің», «Толғаныс тарамдары» т/б. Күршімнің көрікті жерлерін, Зайсандай атақты көлін әнге қосып, туған жерге деген кең пейілін, ыстық ықыласын көрсетеді. Оның әнін шырқап, жырын жырлап, күйін күмбірлете тартып, өлеңін өлкеге танытып жүрген әншілер мен домбырашылар да көп.
Композиторлар одағының мақұлдауымен «Өнер» баспасынан 1987 жылы шыққан «Жастық шақ әуендері» әндер жинағына Қабдолда Тұраровтың көп әндері кірген. Қазақ ССР Ғылым академиясының өнер зерттеу бөлімі мен республика Композиторлар Одағы Қабдолда Тұрарұлының әндерін жоғары бағалап, Бақытжан Байқадамов пен Құдыс Қожамияров жақсы пікір айтқан.
Аудан тарихы туралы көп жазған өңір шежірешісі. Шығармаларына туған жері оның тарихы, батырлары, азаматтары арқау болған. Еңбектері республикалық «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат», «Жұлдыз» журналдарында, республикалық «Қазақ батырлары» облыстық «Дидар» газеттерінде жиі басылды.
«Ер Күркебай», «Жаман батыр», «Шерубай сыбызғышы», «Шанақ сыбызғышы», «Күйші Шайқы» шығармаларының авторы. Жарияланбаған еңбектері қаншама.
Күршім жерінде қазақтың өнері үшін саналы өмірін арнаған еңбегі еленіп ауданның «Құрметті азаматы» атағы берілген, Күршім ауылындағы бір көше және аудандық мәдениет үйі Қ. Тұраровтың есімімен аталады.
«Мәдениет қайраткері», облысқа өнер саласында сіңірген еңбегі ұшан теңіз ақын-сазгер.
2003 жылы Алматы қаласында қайтыс болып, Алматыда жерленді.
Чибисов Сергей Яковлевич (1945), композитор
Сергей Яковлевич Чибисов Новосібір облысы, Болотинск ауданында 1945 жылы бірінші қаңтарда дүниеге келген. 4 жасынан музыкамен (гармонь, баян) айналыса бастаған. Кемеров қаласындағы музыка училищесінің кларнет класын бітірген. Армия қатарында жүріп әскери оркестрде аранжировщик пен дирижердің мектебінен өтті.
1977 жылы Ленинградтың жоғары мәдени мектебін бітірді. Кемеров облысының Топки қаласындағы орта мектепте музыка және ән сабағының мұғалімі, осы қаладағы теміржолшылардың мәдениет үйінде 1962-1964 жылдары баянист, көркемдік жетекші болып қызмет атқарды. 1968 жылы Өскемен қаласындағы Орталық мәдениет үйінде «Элегия» эстрада оркестрін құрды. 1977-2001 жылдары Өскемен қаласындағы орталық мәдениет үйінде директор, 2001 жылдан бастап шығармашылық қызмет бойынша директордың орынбасары міндетін атқарды.
60-тан астам әннің авторы, Үлбі металлургия зауытының және «Торпедо» хоккей командасының гимнін жазған. «Наш дом Казахстан» атты әні Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан туралы ең үздік ән» номинациясына ие болған. 2000 жылы Президент шыршасына арнап «У Деда Мороза в снегу борода» әнін, В. П. Потанинге арналған фильмнің әні мен сөзін, Е. П. Славскийге арналған деректі фильмнің музыкасын жазған.
2002 жылы «Нет песен без любви» атты лазерлі дискісі шығарылды. ҚР Композиторлар Одағының мүшесі. 1982-1991 жылдар аралығында СССР атом өнеркәсібі Сарайлар мен Мәдениет үйлерінде бүкіл дүниежүзілік директорлар кеңесінің мүшесі болды.
Мадақтаулар: Еңбектегі ерлігі үшін (1986), Ресейдің атом өнеркәсібінің ардагері (1999), «ҚР-ның мәдениет үздігі» құрмет белгісі (2001).
С. Я. Чибисов туралы әдебиеттер
Литература о С. Я. Чибисове
Кудинов Б. Бенефис Сергея Чибисова : [Беседа с дир. усть-каменогор. ЦДК, музыкантом, автором и композитором С. Чибисовым] /Б. Кудинов // Рудный Алтай. - 1998. - 21 нояб. - С.
Пантюшенко В. Не хлебом единым...; или о деятельности коллектива Центрального Дома культуры УМЗ /В. Пантюшенко // Рудный Алтай. - 2000. - 11 нояб. - С. 6
Туған жер әуендері = Земли родной напевы : ШҚО композиторларының шығармалар жинағы : Сборник произведений композиторов ВКО. - Өскемен : б. ж., 2005. - 200 б.
Секен Тұрысбек (1961) – күйші-сазгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.
Секен Кәрімұлы Тұрысбек 1961 жылы 1 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, 1 Май ауылында дүниеге келген.
Семей қаласындағы Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде Қ. Досымжанов класын тәмамдап, Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын М. Әубәкіровтің жетекшілігімен бітірді.
Консерваторияны бітірген соң «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі және бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. 2001 жылы Еуразия университеті жанандағы «Қоңыр қаз» ансамблінің, кейінірек «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері.
«Жазғы қар», «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Бесік күйі»(«Балауса»), «Күлтегін», «Көк бөрі», «Дарабоз», «Ақжүніс», «Өкініш», «Боздақ», «Аруана»(«Шығыс жұлдызы»), «Мәлғаждар» күйлерінің және «Аққу сазы», «Ерке қусым», «Көктемім менің, көктемім», «Қоңыр қаз», «Шағала», «Мен бір жұмбақ адаммын», «Айхай заман», «Аяулы арман, дуние», «Қос жұлдызым», «Бауырым сонау, күн кайда?», «Анама», «Тарбағатай», «Қоңыр жел», «Қарлығашым», «Толғау», «Қызыма», «Жанымнан тәтті өмір», т.б. ән-күйлер мен романстардың авторы.
Республикалық «Жігер» фестивалінің (1985), Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің XII дүниежүзілік (1985) фестивалінің лауреаты. Қазақстан Жастар одағы және 88 жылғы Қазақстан Комсомолы сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1993).
Отбасында бір қызы, бір ұлы бар. Ұлы Азамат заң саласының маманы, қызы Аят Ұлттық музыка академиясын бітірген.
С. Тұрысбектің мерзімді басылымдардағы мақалалары
Публикации в периодических изданиях С. Турысбек
Тұрысбеков С. Күйді ұқпау-бақытсыздық [Мәтін] : [Күйші...әңгіме/әңгімелескен Р.Қараева] / С. Тұрысбеков // Жас алаш. - 1997. - 8 қараша
Тұрысбеков С. Мұң-жаныңның жарасы [Мәтін] : [Авт. белгілі сазгер.домбырашы өзінің "Саз отауы" жайында әңгімелейді./әңг.Е.Кәпқызы] / С.Тұрысбеков // Қазақ әдебиеті. - 1998. - №20 наурыз(N11).- Б.11
Тұрысбеков С. Астананы "Ақжауынмен" әлдилемекпін [Мәтін] / С. Тұрысбеков // Жас алаш. - 2003.- Б.
Тұрысбек С. "Қызықты сәттерді түсімде көремін" [Мәтін] / С. Тұрысбек, А. Ожарова // Ертіс өңірі. - 2007. - 25 сәуір.- Б.8.
Тұрысбеков, С. Ақ жауын [Электрондық ресурс] : [Күйлер, әндер мен естеліктер] / С. Тұрысбеков, 2008. - 128 б. с.
Тұрысбек, С. Халық менің атағымды емес, атымды іздейді [Мәтін] / С. Тұрысбек // Дидар. - 2009. - 11 желтоқсан.- Б.7.
Тұрысбеков, С. Жазғы қар [Электрондық ресурс] : [Жинақта композитордың ән-күйлері, арнаулар мен партитуралары, сыр-сұхбаттары мен естеліктері топтастырылған.] / С. Тұрысбеков, 2010. - 248 б.
Тұрысбек, С. Жазғы қар [Мәтін] / С. Тұрысбек, 2010. - 248 б.
Тұрысбеков, С. Есте қалмас жүз күйден елді тебіренткен бір күй артық [Мәтін] : [Белгілі күйші-композитор С. Тұрысбековпен сұхбат] / С. Тұрысбеков // Дидар. - 2012. - 13 қыркүйек.- Б.8.
Тұрысбеков, С. Бала күнімде құлағалы тұрған көпірден өтіп, күй тыңдауға барушы едім [Мәтін] : [сазгер, күйші Секен Тұрысбековпен сұхбат.] / С. Тұрысбеков // Дидар. - 2013. - 31 қазан.- Б.8.
Тұрысбеков, С. Пендешіліктен бір қарыс биік тұрғым келеді [Мәтін] / С. Тұрысбеков ; сұхбат: А. Сағатбекова // Дидар. - 2018. - 15 наурыз.- Б.13.
Тұрысбеков, С. Көңіл толқыны-өкініш пен өксіктен туған күй.... [Мәтін] / С. Тұрысбек // Аңыз адам. - 2019. - N9.- Б.5-9
С. Тұрысбек туралы әдебиет – Литература о Турысбек С.
Кітаптар - Книги
Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім) [Мәтін], 2006. - 432 б.
Тарбағатай әуендері: ән жинағы [Электрондық ресурс] : [Жинаққа Тарбағатай ауданының мәдениетіне үлес қосқан өнер тарландары мен қазіргі талант иелерінің туындылары енгізілді. ], 2007. - 104 б.
Әбуғазы, М. Шығыстың шыңырау күйлері [Ноталар] / М. Әбуғазы, 2009. - 303 б.
Шығыс Қазақстан Облысы : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б.-Тұрысбек Секен: 760 б.
Мақалалар - Статьи
Абзалов С. Секеннің саз отауы [Мәтін] : [С.Тұрысбековтың өзі құрған "Ақ жауын" ансамбльімен туған жері Үржар ауданына концерттік іссапарынан] / С. Абзалов // Уақыт тынысы. - 1998. - 10 қазан.- Б.
Исабаев, Е. Күй төгіліп, өлең өріген қос талант [Мәтін] / Е. Исабаев // Семей таңы . - 2012. - 24 қаңтар. - С. 1
Зайкенова Р. "Ақ жауын" жаһан тазалығы [Мәтін] / Р.Зайкенова // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 18 - 24 қараша (№ 47.). - 34-35
Тілеуманова Қ. Қазіргі замандағы шертпе дәстүрі [Мәтін] / Қ. Тілеуманова // Қазақстан мектебі. - 2017. - №2.- Б.27-29.
Секен Тұрысбектің өмірі мен қызметінің тарихи тізбесі [Мәтін] // Аңыз адам. - 2019. - N9.- Б.7
Жұртбай, Т. Әуеннің Әбілхаят суын ішкен [Мәтін] / Т. Жұртбай// Аңыз адам. - 2019. - N9.- Б.10-14
Жайымов, А. Ұлттық күй-өнеріміздегі ерекше құбылыс [Мәтін] / А. Жайымов// Аңыз адам. - 2019. - N9.- Б.15-16
Зайкенова, Р. XIX ғасырда - Құрманғазы, XX ғасырда-Нұрғиза, XXI ғасырда-Секен [Мәтін] / Р. Зайкенова // Аңыз адам. - 2019. - N9.- Б.17.
Ысқақ, Б. Секеннің ұлылығы-қарапайымдылығында [Мәтін] / Б. Ысқақ // Аңыз адам. - 2019. - N9.- Б.18-19.
Есдәулет, Ұ. Секен-нағыз лирик күйші [Мәтін] / Ұ. Есдәулет // Аңыз адам. - 2019. - N9.- Б.20-23
Әлиұлы, Ж. Секең күйлері -құдіретті де киелі қасиетке ие [Мәтін] / Ж. Әлиұлы // Аңыз адам. - 2019. - N9.- Б.23
Жүзбай, Ж. Секен- халқының шексіз махаббатына бөленген бақытты өнерпаз [Мәтін] / Ж. Жүзбай // Аңыз адам. - 2019. - N9.- Б.24
Шүкіман, Е. Әндерінде терең мұң жатады [Мәтін] / Ж. Жүзбай // Аңыз адам. - 2019. - N9.- Б.26-27
Жүзбай, С. Секен өзіне дейінгі ешбір күйшіні қайталаған емес [Мәтін] / С. Жүзбай // Аңыз адам. - 2019. - N9.- Б.28-29
Рысқали, Е. Секен аға-саф өнердің сақшысы [Мәтін] / Е. Рысқали // Аңыз адам. - 2019. - N9.- Б.30-31
Насрединқызы, Н. Күйші жанын терең түсінуге тырысамын.. [Мәтін] / Н. Насрединқызы // Аңыз адам. - 2019. - N9.- Б.32
Үлкенбаева, А. Секен күйлерінде қоңыр үн бар [Мәтін] / А. Үлкенбаева // Аңыз адам. - 2019. - N9.- Б.33
Қазтуғанова, А. Секен аға шертпе күйге жаңа стиль енгізді [Мәтін] / А. Қазтуғанова // Аңыз адам. - 2019. - N9.- Б.34
Төрежан, Қ. "Күйді күйші ғана ұғынатын болса - трагедия" [Мәтін] / Қ. Төрежан // Ертіс өңірі. - 2019. - 28 тамыз.- Б.15
Әмзе, М. Сырбаз күйші [Мәтін] : [күйші-композитор Секен Тұрысбеков шығармашылығы туралы] / М. Әмзе // Қазақ әдебиеті. - 2020. - 28 тамыз.- Б.19.
Шокенов Нуржан Серикович – композитор. певец.
Родился 28 июля 1983 г. в с. Карасу Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области. В 2002-2004 гг. проходил воинскую службу в воинской части Министерства по чрезвычайным ситуациям РК (п. Узунагаш, г. Алматы). В 2013 г. окончил музыкальный факультет ВКГУ им. С. Аманжолова (ныне ВКУ им. С. Аманжолова).
В 2005-2013 гг. работал специалистом по внутренней политике и делам молодежи в аппарате акима с. Карасу Тарбагатайского района. В 2014-2024 гг. - певец в домах культуры Глубоковского района, пос. Касыма Кайсенова и других регионов.
В 2005-2008 гг. - призер конкурса «Оралханның көктемі». В 2012 г. на телевизионном конкурсе «Саз әлемі» (г. Алматы) с авторской песней «Тәп-тәттісің» стал победителем в номинации «Лучшая песня года». В 2013 г. занял 2-е место в проекте «Саз әлемі» с авторской композицией «Қайдасың». В 2023 г. провел творческий концерт в г. Усть-Каменогорске. В 2025 г. состоялся его творческий вечер во Дворце Республики (г. Алматы) при участии артистов «Ертіс концерт» и актеров Молодежного театра ВКО.
Награжден медалью «Тарбағатай тарланы», нагрудным знаком Республики Казахстан «Мәдениет саласының үздігі». С 2025 года является Почетным гражданином Тарбагатайского района.