Байқошқарұлы Түбек (1780-1870) – ақын, айтыс өнерінің көрнекті өкілі.
1780 жылы Абай ауылына көршілес Сыбан ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Үшбиік т.ж. бекеті) өскен. Жастайынан суырып салма ақындығымен көзге түскен. 15 жасынан өлеңді серік еткен ақын алқалы жиындарда көптеген ақындармен сөз сайысына түскен.
Түбектің Тезек төре, Сабырбай, Құлмамбет, Қарқабат, Қосан, Бақтыбай, Орынбай сияқты танымал жыр жүйріктерімен айтысына М. О. Әуезов өз еңбектерінде ерекше тоқталып, Түбектің айтыс өнеріне жоғары баға берген.
Поляк саяхатшысы А. Янушкевич 1848 жылы Семей өңірінде болған кезде Түбек ақынмен кездесіп, бұл туралы өзінің «Қазақ даласына саяхаттан күнделік және хаттар» деген кітабында тебірене жазып, ақын талантына сүйсінген.
1863 жылы Құлмамбет ақынмен Тезек төренің үйінде айтысып жеңіске жетуі Түбектік даңқын бүкіл Жетісу өлкесіне мәшһүр еткен.
1830 жылы Керекуде ақындығымен танылған апалы-сіңлілі Жәкежан мен Айымжандарды жеңген. Бұл жағдайды М. О. Әуезов «Абай жолы» эпопеясында шынайы суреттеген.
Түбек ақынның талантына орыстың түрколог ғалымы В. В. Радлов, ұлы ағартушы – педагог Ы. Алтынсарин жоғары баға беріп, оның Жанақ ақынмен айтысын өздері құрастырып, жинақтарға енгізген.
Халық ақыны Қ. Алтынбаев «Қалбатау» кітабында (1997) Түбектің өмірі мен шығармашылығы жайлы зерттеу мақаласын жарияланған.
1870 жылы Жалғызтал қыстағы қайтыс болды.
Т. Байқошқарұлы туралы әдебиет
Литература о Байкошкарулы Т.
Бес ғасыр жырлайды [Мәтін] : XY ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары : үш томдық / Қазақ ССР ғылым академиясы М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Т. 2 : үш томдық, 1984. - 336 б.
Бес ғасыр жырлайды [Мәтін] : XV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / Қазақ ССР ғылым академиясы М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Т. 1 : үш томдық, 1989. - 384 б.
Ай, заман-ай, заман-ай... 2-томдық [Мәтін] : бес ғасыр жырлайды. Т.1, 1991. - 384 б.
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы. - 1995. -720 б.: Б.558.
Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.
Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін] : XIV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Т. 1 / құраст. Е. Дүйсенбайұлы , 2004. - 400 б. Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім) [Мәтін], 2006. - 432 б.
Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы [Мәтін]. Т. 4 : XV-XVIII ғғ. билер мен ақын-жыраулар тағылымы, 2007. - 464 б.
Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін] : XIV ғасырдан XX ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Т. 1 / құраст. Е. Дүйсенбайұлы , 2008. - 400 б.
Білгенге маржан [Мәтін] : қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер / құраст. А. Қ. Керімтаев, 2010. - 416 б.