Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Есімжанов Т.

Есімжанов Төлеуғали жазушы, ақын

Есімжанов Төлеуғали (1942-1978) - жазушы, ақын.

1942 жылы 24 наурызда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Шұбартау ауданы (қазіргі Аягөз ауданы), Малкелді ауылында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) филология факультетін аяқтаған соң, туған ауылында мұғалімдік қызметте, облыстық газетте тілші, Шұбартау аудандық «Новая жизнь» газеті бөлімінің меңгерушісі, аудандық мәдениет бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

Т. Есімжанов Алматы қаласына қоныс аударып (1976), «Ара» журналы хаттар бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

«Ән үзілмейді», «Мамыр айы - махаббат айы», «Соғыстан соңғы жыр», «Қарагер», «Бір ұяның қарлығаштары» повестері мен «Дала тынысы» әңгімелер жинағының авторы.

1978 ж. қайтыс болды.

 

 

 

Есімжанов Т. шығармалары

Произведения Есимжанова Т.

 

Кітаптар – Книги

 

Есiмжанов, Т. Дала тынысы [Мәтін] : повесть / Т. Есімжанов. - Алматы : Жазушы, 1970.

Есімжанов, Т. Аяулым [Мәтін] : өлеңдер, әңгімелер / Т. Есімжанов. - Алматы : Жазушы, 1975. - 87 б.

Есiмжанов, Т. Мамыр айы-махаббат айы [Мәтін] : повестер мен әңгімелер / Т. Есімжанов. – Алматы : Жазушы, 1989. - 320 б.

***

Есимжанов, Т. Апрель - месяц любви [Текст] : повести и рассказы / Т. Есимжанов; худож. Б. Серикбаев. - Алма-Ата : Жазушы, 1989.

 

 

Мерзімді басылымдардағы мақалалар

Публикации в периодических изданиях

 

Есiмжанов, Т. Дәм тату; Молданың сыйы; Инженердiң сылтауы; Кеседен басталған керiс [Мәтін] : сықақ әңгiмелер / Т. Есімжанов // Лениншiл жас. - 1964. - 6 сент. - Б. 2.

Есiмжанов, Т. Тынысым менің туған жер [Мәтін] : (өлең) / Т. Есімжанов // Жаңа өмір. - 1968. - 7 қараша.

Есiмжанов, Т. Қарагер [Мәтін] : (хиқая) / Т. Есімжанов // Жаңа өмір. - 1973. - 24 қараша.

Есiмжанов, Т. Белгісіз солдат туралы жыр [Мәтін] / Т. Есімжанов // Жаңа өмір. - 1975. - 14 қаңтар.

 

 

Есімжанов Т. туралы әдебиеттер

Литература о Есимжанове Т.

 

Кітаптар – Книги

 

Семей өңірінің ақын-жазушылары [Мәтін] : био-библиографиялық көрсеткіш / Абай атындағы әмбебап ғылыми кітапхана. - Семей : Талант, 2005. - 96 б. - Есімжанов Төлеугали: 28 б.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. - Алматы : Ан-Арыс, 2009. - Есімжанов Төлеугали: б. 149.

 

Мақалалар - Статьи

 

Манабаев, А. Жас қаламға жақсы тілек [Мәтін] : («Аяулым» ааты жинағына сын) / А. Манабаев // Семей таңы. - 1975. - 26 наурыз.

Әлімжанов, Б. Қанатты қатқан қарлығаш [Мәтін] : (Т. Есімжановтың «Мамыр айы - махаббат айы» атты кітабына сын) / Б. Әлімжанов // Жұлдыз. - 1979. - № 4. - 221-223 б.

Раев, Қ. Іңкәр жүрек іздері [Мәтін] : (Т. Есімжановтың шығармашылығы хақында) / Қ. Раев // Семей таңы. - 1990. - 17 тамыз.

Айтов, Н. Төлеуғали [Мәтін] : [жазушы Т. Есiмжанов жайында] / Н. Айтов // Ертіс өңірі. - 2008. - 9 сәуір. - Б. 13.

Айтұлы, Н. Төлеуғали [Мәтін] : [жазушы Т. Есiмжанов жайында] / Н. Айтов // Алматы ақшамы.- 2008. - 1 наурыз. - Б. 15.