Известные имена

"Даңқ" Орденінің толық иегерлері

Әубәкіров М.Ә.

AubakirovManafAubakirovichӘубәкіров Манаф Әубәкірұлы (1926-1945) - «Даңқ» Орденінің толық иегері

Манаф Әубәкіров 1926 жылдың 26 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы Зайсан қаласында туылған. Киномеханиктің көмекшісі болыпжұмыс істеген.

1943 жылдан Қызыл Армия қатарында. 375-ші танкке қарсы жеке дивизионның (1-ші Белорусь майданы, 69-шы армия, 312-ші атқыштар дивизиясы) кіші сержанты Әубәкіров 20.08.1944 жылы Польшаның Пулавы қаласының оңтүстік-батысында болған ұрыста жараланады. Бірақ оқ жаудырудытоқтатпастан расчетімен бірге жаудың пулеметі мен оқ қорын құртты.

1944 жылы 25 тамызда ІІІ-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Қаруды оқтаушы сержант Әубәкіров 16.01.1945 жылы Нова-Воля (Польша) елді мекені маңында жараланды, бірақ ұрыс алаңын тастамады, жаудың екі пулемет нүктесін талқандап, карсы жақтын 15 солдатын жайратып салды.

1945    жылы 17 ақпанда ІІ- дәрежелі Даңқ орденіне ие болды.

Қару расчетінің командирі аға сержант Әубәкіров 17.04.1945 жы л ы Германияның Лебус қаласы үшін болған шайқаста жаудың 4 пулеметін істен шығарып, бакылау пунктін қиратты және 15 солдаты мен офицерін жоқ қылды. Қатты жарақат алса да, үрысты тоқтатқан жоқ.

1945жылы 19 сәуір күні  алған жарақатынан қайтыс болды. Германияның Одердегі Франкфурт қаласында жерленген.

1946    жылы 15 мамырда 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен (қаза тапқан соң) марапатталды.

М. Ә. Әубәкіров туралы әдебиет

Литература о М. А. Аубакирове

Андреев Г.И., Вакуров И.Д. Солдатская слава. - М., 1971.

Белан П. С., Потапов А. В., Честнов С. И. Доблесть солдатская. – А, 1974.

Их подвиг будет жить в веках. -  Фрунзе, 1985.

Кавалеры ордена Славы трех степеней: Краткий биографический словарь. — М., 2000.

Рұхы күштілер=Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015.

 

М. Ә. Әубәкіров туралы мерзімді басылымдардағы жарияланымдар

Публикации о М. А. Аубакирове в периодических изданиях 

Захаров, Г. Манап Әубәкіров: Николай Шелихов [Мәтін] / Захаров Г. // Дидар. - 1992. - 9 мамыр. - Б.

Байхонов С..

Желтоқсан "жаңғырығы" [Мәтін] / Байхонов С. // Түркістан . - 2011. - 17 қараша (№ 46). - 9 .

 

***

 

Кузьмин, В. Наука мужества [Текст] / В. Кузьмин // Вести Семей. - 2012. - 14 сент. - С. 2

Интернет-ресурстар:

Победители

Әділбаев Ф.

Әділбаев ФӘділбаев Фазыл (1925-1975) - «Даңқ» Орденінің толық иегері

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданындағы «Балажал» кенішінде 1925 жылдың 7 қарашасында дүниеге келген. 1943 жылы Семей облысы Жарма әскери комиссариатынан Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1944 жылдың мамыр айынан ¥лы Отан соғысына қатысқан.

1945 жылдың 29 қаңтарында Фазыл Әділбаевжэне оның пулеметшілер расчеті Польшаның Сильна-Нова елді мекені жанындағы гитлершілердің екіатыс нүктесінің үнін өшіріп, 10 солдатын жер жастандырды.

1945 жылдың 6 ақпанында Германияның Jleбус қаласы маңындағы плацдармды кеңейту кезіндегі ұрыста Фазыл Әділбаевпулеметшілер расчетін баскара жүріп, жаудың жеті карсы шабуылын тойтарды, үшатыс нүкесін жойып, оннан астам фашист солдатын өлтіріп, үш гитлершіні түтқынғаалды.

1945    жылы 9 ақпанда  ІІІ- дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№241760).

1945    жылы 16 наурызда  ІІ- дәрежелі Даңқ орденіне ие болды (№15047).

1945    жылдың 16-17 сәуірінде сержант Ф. Әділбаевтың пулеметшілер расчеті Одер өзені бойындағы плацдармды кеңейту шайқасында жаудың екі атыс нүктесін жойып, бір взводтан артық неміс солдаттарының көздерін жойды. Фазыл Әділбаев Кунерсдорф (Франкфурттің солтүстік-батысында) пунктіне бірінші болып кіріп, гранатамен жау пулеметінің үнін өшірді.

1946    жылдың 15 мамырында 1- дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№1407).

1945 жылы қазан айында әскер қатарынан босатылды. 1946-47 жылдары кеніште бұрғылаушы болып істеді. 1951 жылы Алматы мемлекеттік заң институтын, сол жердегі әскери дайындық курсын қоса бітірді. Запастағы лейтенант. 

1958 жылдан Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы прокуратурасында тергеуші, өскемен қаласында адвокат, Аягөз қаласы ауылшаруашылық басқармасында заңгер  болып қызмет істеді.

 1975 жылдың 1 қаңтарында қайтыс болды.

Ф. Әділбаев туралы әдебиет

Литература о Ф. Адильбаеве

Белан П. С., Потапов А. В., Честнов С. И. Доблесть солдатская. – А., 1974.

Кавалеры ордена Славы трех степеней: Краткий биографический словарь. — М., 2000.

Рамазанов  А. Знаки солдатской доблести : [о Полном Кавалере ордена  Славы Фазыле Адильбаеве из Жарминского района] // Семь дней. - 2010. - 29 апр. - С. 5.

Рухы күштілер = Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015.

Ф. Әділбаев туралы мерзімді басылымдардағы жарияланымдар

Публикации о Ф. Адильбаеве в периодических изданиях

Төлебаев, Мұрат. Батыр [Мәтін] : [жерлесіміз, "Даңқ" орденінің толық кавалері Ф. Әділбаев туралы естелік] / М. Төлебаев // Егемен Қазақстан. - 2010. - 5 мамыр.- Б.4.

Исадилов, Мұратбек. "Даңқ" орденінің үш дәрежесімен марапатталған [Мәтін] : [Жарма ауданының тумасы, майдангер Ф. Әділбаев туралы] / М. Исадилов // Дидар. - 2010. - 11 мамыр.- Б.3.

Тайжігіт , Берікхан. "Даңқ" орденінің толық кавалеріне ескерткіш тақта орнатылды. [Мәтін] : [Аягөз қаласында "Даңқ" орденінің толық кавалері Ф.Әділбаевқа ескерткіш тақта орнатылды. ] / Б. Тайжігіт // Дидар. - 2015. - 3 маусым.- б.1.

*** 

Тулегенов К. Фронтовая биография юристов : [о работниках прокуратуры ВКО, участниках ВОВ] // Рудный Алтай. - 2010. - 3 мая. - С. 4.

Адильбаева, Г. Горжусь, что я - дочь солдата [Текст] / Г. Адильбаева // 7 дней. - 2015. - 7 мая. - С. 6.

Интернет-ресурстар:

Борков П.Н.

Borkov Ptr Nkl pkosБорков Петр Николаевич (1919-1981) - «Даңқ» Орденінің толық Иегері.

Петр Борков 1919 жылы 1 мамырда  Семей облысы Бородулиха ауданының Бородулиха селосында туған. 1940 жылдан Қызыл Армия қатарында. 1942 жылдың қаңтарынан майданда. 597-ші атқыштар полкінің 120-мм минометі расчетінің (207-ші атқыштар дивизиясы, 3-ші екпінді армия, 2-ші Прибалтика майданы) командирі болды.

Аға сержант Борков 1944 жылдың 13 шілдесінде Великая өзенінен өтерде (Псков облысы, Опочка қаласынан 20 шакырым шығыста) минометімен атқыштарды корғап тұрды, жаудың үш атыс нүктесін жойып, он солдатын жер жастандырды.

1944 жылы 18 тамызда  ІІІ-ші дәрежелі Даңк орденімен марапатталды.

1944 жылдың 29-31 қазан аралығында П. Борков Авикне селосына (Латвия, Добельский ауданы) шабуылдау кезінде минометімен ондаған жаяу әскерді жойды. Жараланса да, үрыс даласын тастамады.

1945    жылы 15 қаңтарда ІІ-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Сол полктің миномет расчетінің командирі (Белоруссия майданы) П. Борков 1945 жылдың 22-30 сәуірінде Берлин үшін айқаста жаудың бес атыс нүктесін жойып, взводка жуық гитлершілерді жер жастандырды.

1945    жылы 15 мамырда  1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1946 жылы туған селосына оралды. 1981 жылы 25 маусымда  кайтыс болды. Бородулиханың бір көшесі Батыр есімімен аталады.

Әдебиеттер:

  • Белан П. С., Потапов А. В., Честнов С. И. Доблесть солдатская. – А., 1974. 
  • Кавалеры ордена Славы трех степеней: Краткий биографический словарь. — М., 2000.
  • Пятков В. К., Белов К. С., Фролов С. С. Третья ударная. - М., 1976.
  • Рұхы күштілер=Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015.

Интернет-ресурстар:

Бикетов М.Ф.

Biketov Mhl Flp pkosБикетов Михаил Филлипович (1923-2002)«Даңқ» Орденінің толық иегері

Михаил Бикетов 1923 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Соловьево селосында дүниеге келген.

1942 жылдан Қызыл Армия қатарында. 1944 жылдыңнаурызынан майданда. 120-шы гвардия атқыштар полкінің (39-шы гвардия атқыштар дивизиясы, 1-ші Белоруссия майданы) қатардағы гвардияшы жауынгер Бикетов 20.07.1944 жылы алғы шептегі отряд сапында Западный Буг (Польша, Хелм қаласының шығыс жағы) өзенінен өтерде алғашқылардың бірі болып арғы бетке шыкты, басқа жауынгерлермен бірге жау шабуылына тойтарыс беріп, адам күшін сақтап қалуға ықпал етті.

1944 жылы 24 шілдеде Люблин қаласындағы көше ұрысында жаудың 10 солдатын өлтірді, жаралы рота командирін ұрыс алаңынан алып шықты.

1944 жылы 5 тамызда  ІІІ- дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1945 жылы 31 қаңтарда Познань қаласының түбінде жау шебіне жасырын барып, автоматпен доттағы 3 пулеметшіні атып өлтірді. Бұдан соң басқа доттағыларды кұртуға қатысты. Осы шайқаста жараланса да, ұрысты тоқтатпады.

1945 жылы 11 ақпанда ІІ- дәрежелі Даңк орденімен марапатталды.

1945 жылдың 25-30 сәуір аралығында Берлин үшін болған шайкаста гранатаметпен төрт пулемет нүктесін жойды, гитлершілер бекінген үйді өртеп жіберді, жаудың 20 солдаты мен офицерін құртты.

1946 жылы 15 мамырда 1- дәрежелі Даңк орденімен марапатталды.

1945 жыл старшина Бикетов әскер қатарынан босады. Зырян ауданында тұрып, ауылшаруашылығы саласында еңбек етті.Кейін Иркутск облысы Казачинско-Ленский ауданы Улькан селосына қоныс аударды. 2002 жылы қайтыс болған.

Бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.

М. Ф. Бикетов туралы әдебиет

Литература о М. Ф. Бикетове

 

Андреев Г.И., Вакуров И.Д. Солдатская слава. Кн. 3. - М., 1971.

Белан П.С., Потапов А.В., Честнов С.И. Доблесть солдатская. – А, 1974.

Есть в памяти мгновения войны  = Отты жылдар есімізде / сост. Л. В. Аксенова. - Усть-Каменогорск, 2010.

Кавалеры ордена Славы трех степеней: Краткий биографический словарь. — М., 2000. — 703 с.

Рухы күштілер=Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015.

 

М. Ф. Бикетов туралы мерзімді басылымдардағы жарияланымдар

Публикации о М. Ф. Бикетове в периодических изданиях

Сосновская, О. Помнить славные дела земляков [Текст]: сразу три сельские школы в Зыряновском районе будут названы в честь земляков-героев, храбро сражавшихся за нашу свободу в годы Великой Отечественной войны / О. Сосновская // Рудный Алтай. - 2015. - 25 сент. - С. 5.

Тургусунов, Степан. Школе - имя фронтовика [Текст] / С. Тургусунов // 7 дней. - 2016. - 22 декабря. - N 51. - С. 2.

Сосновская, Оксана. Школам - имена героев [Текст] / О. Сосновская // Вести Семей. - 2015. - 6 октября. - С. 4.

 

Интернет-ресурстар:

Миноборона России

 

Дмитриев М.И.

Dmitriev Mtv Ivn pkos

Дмитриев Матвей Иванович (1924-1995) - «Даңқ» орденінің толық иегері. Өскемен қаласының Құрметті азаматы
Матвей Дмитриев 1924 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Верхубинка селосында туған. 1938 жылы Өскемен қаласының Комендант кентінде 6 сыныпты бітірген. "Красный партизан" колхозында тракторда тіркеуші болып жұмыс істеді. 1942 жылдың қыркүйегінен Қызыл Армия сапында. 1943 жылдың наурызынан майданда. 137-ші гвардиялык артиллерия полкінің расчет командирі (70-ші гвардиялык атқыштар дивизиясы, 1-ші Украина майданы) гвардия кіші сержанты Дмитриев қарамағындағылармен 1944 жылы 1 тамызда Красно қаласы (Польша) түбінде жаудың сексеннен астам солдаты мен бірнеше пулеметін жоқ етті. 1944 жылы 26 тамызда ІІІ- дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
1945 жылы 8 ақпанда Вронув елді мекеніндегі шайқаста (Польшаның Бальско-Бяла қаласынан солтүстік-батысқа қарай 10 км) Дмитриевтің есебі бойынша Гитлер батальонының қапталынан шабуылға тойтарыс бере отырып, мылтықты тез арада жауынгерлік дайындыққа алып келіп және 300-400 метр қашықтықтан жаудың жаяу әскерін атып тастады. Бұл шайқаста жаудың екі пулеметі мен минометі қиратылып, қырықтан астам гитлершіні өлім кұштырды. 1945 жылы 13 мамырда ІІ-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Ол өз полкінің құрамында жеңіске дейін жетті. 1945 жылы 18 сәуірде Дмитриев бірінші болып Опава өзенінен өтіп, екі взвод жаяу әскердің көзін жойды. 1945 жылы 5 маусымда 2-ші дәрежелі Даңқ
орденімен марапатталды. 1955 жылы 19 тамызда 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен қайта марапатталды. Старшина Дмитриев 1947 жылы туған жеріне оралды. Өскемен каласында тұрды. 1947 жылдан бастап 1974 жылы құрметті демалысқа кеткенге дейін металлургия өндірісінің қорғасын-мырыш комбинатында қорғасын дәнекерлеуші, жөндеу слесарі болып жұмыс істеді.
Өскемен қаласының Құрметті азаматы. 1995 жылы 27 қаңтарда Өскемен қаласында қайтыс болды. Дмитриев тұрған үйге мемориалды тақта орнатылған.

                                                  Дмитриев М. И. туралы әдебиеттер
                                                      Литература о Дмитриеве М. И.
                                                                Кітаптар-Книги
Аупбаев, Ж. Рухы күштілер : ұлы Жеңістің 70 жылдығына /Ж. Аупбаев. - Алматы : Раритет, 2015. - 400 б.
Құрмет кітабы. Өскемен қаласы. = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск /идея авторы және жетекшісі Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - 208 б.

                                                                               ***

Белан П. С., Потапов А. В., Честнов С. И. Доблесть солдатская. – А., 1974.
Венкова Б. С., Дуданова П. Н. Гвардейская доблесть. - М., 1978.
Кавалеры ордена Славы трех степеней: Краткий биографический словарь. — М., 2000.
Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. - 133 с.
Живые голоса Победителей войны 1941-1945 гг. : сборник. - Усть-Каменогорск : Берел, 2015. - 194 с.

                                                               Мақалалар-Статьи

Галиева Н. Памятная встреча : [о полном Кавалере ордена Славы М. И. Дмитриеве]// Расцвет. - 1975. - 20 мая.
Кулаков А. Отважный артиллерист : [о полном Кавалере ордена Славы] М. И. Дмитриеве // Ленинское знамя. - 1979. - 20 окт.
Островидова В. Солдатская доблесть : [о полном кавалере орденов Солдатской Славы М.И.Дмитриеве] // Ленинское знамя. - 1989. - 11 марта.
Готкин П. Его подвиг : [о полном Кавалере ордена Славы, Почетном гражданине г. Усть-Каменогорска, ветеране АО "УКСЦК" М. И. Дмитриеве] // Рудный Алтай. - 1995. - 16 февр.
Боровиков, А. В Великой победе есть вклад наших земляков : одаренные дети /А. Боровиков, В. Ф. Кузьмина // История Казахстана: преподавание в школах и ВУЗах. - 2018. - №6. - С. 58-68.
Вологодская, Г. Героями стали в двадцать лет : [о героях войны Восточного Казахстана, которым в этом году исполнилось 100 лет со дня рождения] / Г. Вологодская // Казахстанская правда. - 2024. - 15 мая (№ 92). - С. 10 : фот.