
Имаханов Бекен (1936-2023 жж.) – актер, Қазақ КСР халық әртісі
1936 жылы 20 қарашада Семей облысы, Абай ауданында туған.
Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік факультетін бітірген (1959). 1959 жылдан Семей облыстық музыка драма театрының сахнасында өнер көрсетеді. Тұңғыш ойнаған рөлі – Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектакліндегі - Қодар. Имаханов сахнада Ақан, Бекежан (Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқтысы» мен «Қыз Жібегінде»), Абай (М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің осы аттас трагедиясында), Қобыланды, Кебек (Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыландысы» мен «Еңлік – Кебегінде»), Бауыржан Момышұлы (А.А. Бектің «Волоколам тас жолы» повесі бойынша қойылған спектакльде), Дуанбасы (Н.В. Гогольдің «Ревизорында»), Танат (М.Сәрсекеевтің «Жарылысында»), Құрманғазы (М.Ибраевтың «Кісен ашқанында»), Құрбан (Қ.Мұхамеджановтың «Жат еліндесінде»), т.б. басты тұлғаларды өзіндік өрнекпен мүсіндеді. Актер 1971–1972 жылғы театр маусымында Қазақ драма театрына арнайы шақырылып, бірнеше спектакльге (Д.Файзидің «Башмағым»-да Тыңшы рөлі, т.б.) қатысып ойнады. Имаханов «Шәкерімнің соңғы күзі» атты толық метражды түрлі-түсті фильмде Шәкерім бейнесін сомдады.
Б. Имахановтың шығармалары
Произведения Имаханова Б.
Кітаптар - Книги
Имаханов, Бекен. Естен кетпес естеліктер: естеліктер / Б. Имаханов. - Семей: Интеллект, 2016. - 276 б.
Б. Имахановтың мерзімді басылымдардағы жарияланымдары
Публикации Имаханова Б. в периодических изданиях
Имаханов, Бекен. Сахнадағы дүниелердің барлығы өмірден алынады / Б. Имаханов; сұхбат. М. Иманғали // Дидар. - 2010. - 8 ақпан. - Б. 5
Имаханов, Бекен. Тұлғалар бар тумысынан бірегей: [Кеңес Одағынынң батыры З. Белібаев туралы] / Б. Имаханов // Ертіс өңірі. - 2010. - 24 наурыз. - Б. 18
Имаханов Б. "Театр -рухани жан серігім" / Б. Имаханов // Абай. - 2014. - № 6. - Б. 62-67
***
Имаханов, Б. Отождествляя интересы народа и власти / Б. Имаханов, Б. Тастекеев, М. Калачян, М. Жанболатов // Спектр. - 2015. - 3 июня. - С. 2
Б. Имахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Имаханова Б.
Мақалалар – Статьи
Қамбаров Ж. Жаңа ғасыр өнерін жүдетпесе екен: [ҚР Халық әртісі Б.Имаханов туралы] / Ж. Қамбаров // Үш анық. - 1999. - № 18
Тоқпатаев У. Сахнада өткен саналы ғұмыр / У. Тоқпатаев // Дидар. - 2003. - 11 қараша. - Б. 4
Исламбаева З. Семей сахнасының саңлағы: [халық әртісі Б.Имаханов туралы] / З. Исламбаева // Мәдениет. - Алматы, 2009. - № 4. - Б. 8-11
Әлімбек Қ. 50 жыл сахна төрінде / Қ. Әлімбек // Ертіс өңірі. - 2009. - 16 желтоқсан. - Б. 17
Нұғманбекова, Раушан. Сексенінде де образдар сомдап жүр: [Абай театрының белгілі актері Б. Имаханов жайлы.] / Р. Нұғманбекова // Дидар. - 2016. - 8 желтоқсан. - Б. 4
***
Гуляева, Е. «Золотая маска» служителям Мельпомены: [о премии «Золотая маска» актерам Восточного Казахстана. Премии в номинации «За многолетнее служение театру» удостоились Бекен Имаханов и др.] / Е. Гуляева // Рудный Алтай. - 2012. - 27 марта. - С. 1, 2.
Гуляева Е. Театральный фестиваль // Наше дело. - 2014. - 29 мая. - С. 3
Әшімбеков Сапарбек (1942-2020) – актер, композитор, ҚР Мәдениет қайраткері.
1942 жылы 24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Абыралы ауданы, Қоныстан ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Аягөз ауданы Сергиополь мектеп-интернатын тәмамдаған. Төлебаев атындағы музыкалық училищеге түсіп, оны «Халық аспаптар оркестрі» мамандығы бойынша бітірген. 1966 жылы М. Төлебаев атындағы Семей музыкалық училищесін домбыра мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1966 жылы Абай атындағы Қазақ музыкалық драма театрында бастаған. Жиырма жылға жуық театр жанындағы музыка факультетін басқарған.
1974,1976 жылдары «Мелодия» студиясы Сапарбек Әшімбековтің әндер жинағымен грампластинкалар шығарды. Оның бірқатар спектакльдері бар, олардың қатарында: «Досымның үйленуі», «Үйленгім келмейді», «Тойым-той», «Әнім сен едің», «Менің атым Қожа», «Махаббат неге оянбады?»
Сапарбек Әшімбеков 150-ден астам ән мен әуен жазды: «Келші құрбым», «Тыраулайды тырналар», «Жайлау еді», «Дариға жүрек», «Қыз сөзі», сондай-ақ Абайдың өлеңдеріне музыкалық композициялар жазды. Ол «Сырласу», «Саятта», «Дауылдатқан қараша», «Нұр-Астана» күйлерінің авторы.
Қазақ КСР-інің «Үздік мәдениет қайраткері» және «Қазақ КСР кәсіподағының үздік қайраткері», Қазақстан Республикасының Ертіс өңірі Композиторлар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қызметкері» төсбелгілері бар, «Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері» төсбелгісіне ие (2004 ж.), Семей қаласындағы Абай атындағы Музыкалық-драма театрында қызмет атқарған. 2014 жылы «Құнанбай» деректі фильмінде бидің рөлін сомдаған. 2014 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталды.
2020 жылы 28 тамызда Семей қаласында қайтыс болды.
Интернет-ссылки
Ашимбеков Сапаргали [Электронный ресурс]: [Творческая биография] // Официальный сайт музыкально-драматического театра им. Абая. – Режим доступа: http://teatr-abai.kz/teatr-abaya/artisty/ashimbekov-saparbek.html
Ашимбеков Сапаргали. Некролог. http://forum.guns.ru/forummessage/15/2591436-m61262716.html
Манап Мұхтархан Сәдуақасұлы (1943) - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, театр және кино актері, әнші.
15 наурызда Шығыс қазақстан облысы, Күршім ауданы, Сарыөлең ауылында дүниеге келген. Мұхтархан Сәдуақасұлы ҚР Театр Қайраткерлері одағының мүшесі, Арқалық қаласының Құрметті азаматы. 1972 жылы М. Щепкин атындағы Мәскеу Жоғары театр училищесін бітірген. 1958 жылдан совхозда жұмысшы, жүргізуші болады. Өзінің еңбек жолын 1972-1988 жылдары Торғай облыстық музыкалық драма театрында бастаған. 1988-1990 жылдары Жезқазған музыкалық – драма театрында, ал 1990 жылдан Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрында қызмет еткен, 2005 – 2014 жж. - театр директоры.
М.С. Манап үш театр сахнасында 100 рөл ойнаған (Қобыланды – «Қобыланды», комиссар Позднешев – «Между ливнями», Мұрат – «Қызым саған айтам», Назар Дума – «Свадьба в Малиновке және т. б.).
«Абылай ханның ақырғы күндері» спектаклінде Абылай ханның рөлін ойнаған. Бірегей диалог пен лексикамен ерекшеленетін бұл спектакльде М. Манап көрермендерге өткен ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі өмір шындығын жеткізді. Спектакль ең табысты қойылымдардың бірі болып табылады. 1991 жылы режиссер С.Таукеловтың «Батыр Баян» фильмінде Қабанбай батыр рөлін сомдайды.
Стамбул театрының (Түркия) сахнасында, Мәскеу, Омбы, Ленинград, Тбилиси, Бішкек қалаларында және Қазақстанның барлық облыстарында өнер көрсеткен.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет дипломымен марапатталған (1975). М. Манаповтың есімі Қазақ КСР Құрмет Кітабына енгізілген (1976).
М. С. Манап туралы әдебиет
Литература о М. С. Манап
Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Манап Муктархан Садуакасович: б. 3514.

Байқошқарова Ғайникамал (1943) – кеңес, қазақ кино және театр актрисасы.
1943 жылы 8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында дүниеге келген.
1965-1969 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясына түсіп, театр және кино актері мамандығы бойынша театр бөлімін бітірді.
1969 жылдан 1974 жылға дейін Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істейді.
1974 жылдан М. О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актриса болады. Г.Байқошқарова музыкалық-комедиялық жанр, фарс, психологиялық драма және трагедия қойылымдарында 80-нен астам рөл ойнап, жанрлық мүмкіндіктерінің кең ауқымын көрсетті.
Ұлттық классика мен әлемдік драматургияда келесі рөлдерді сомдаған: «Қарагөз» трагедиясында Қарагөз, «Қара қыпшақ Қобыландыда» Көклан, «Айман-Шолпанда» Шолпан, Қ.Шаңғытбаев пен К.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясында Күнсұлу, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасында» Майқанова, Қ.Мұхамеджанов пен Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Алмагүл, Д.Исабековтің «Әпкесінде» Гауһар, Б.Римованың «Қос мұңлық» драмасында Самал, А.Сүлейменовтің «Қыздай жесір – штат қысқартуында» Рита, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Қапиза, С.Балғабаевтың «Сағыныш пен елесінде» Анар, Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?» комедиясында Сары апа және басқа да көптеген рөлдерде ойнаған.
Б. Ғайникамал 15 көркем фильмде ойнаған, оның сомбаған образдары түрлі сипаттағы бейнелер. Актриса түсірген фильмдердің ішінде режиссер Қ.Әбеновтің 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған «Аллажар», «Ауылым Көктөбенің бөктерінде», «Күнә» және т. б. фильмдерін атап өту қажет.
Марапаттары:
2001 – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
2003 – Құрмет Ордені
2005, 2006 – ҚР Әдебиет және өнер мемлекеттік стипендиясының лауреаты
2011 – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
2011 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
2016 – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
Ғайникамал Байқошқарова – М.Әуезов атындағы драма театрдың ең жарқын әрі тәжірибелі жұлдыздарының бірі. Оның таланты мен кәсібилігі жас әріптестері үшін үлкен өнеге болмақ.
Кайров Павел Осипович – (1904 – 1962) – актер, Заслуженный артист Казахской ССР (1947), Народный артист Казахстана (1955).
Родился в г. Таллин, Эстония. Путь в искусстве начал с кружка художественной самодеятельности в Усть-Каменогорске (Восточно-Казахстанская область). Актер Усть-Каменогорского городского театра (1936). В 1936 -1956 – актер Государственного академического русского драматического театра в Алма-Ате (Алматы). Выступал в разнообразных ролях: Василий Царев («Шел солдат с фронта» В. Катаева), Серьга («Лодочница» Н. Ф. Погодина), Караман («Каракыпчак Кобланды» М. Ауэзова), Минутка («Победители» Б.Ф. Чирскова), Боровцов ("Пучина", А.Н. Островского), Якорев, Гриша, Назар Авдеевич («Последние», «Варвары», «Дети солнца» М.Горького), Труффальдино («Слуга двух господ», К. Гольдони) и мн. др.
П. Кайров также известен как киноактер: Чаусов («Беспокойная весна», 1956), Кошкин («Ботагоз», 1957), Поздняков («Шквал», 1958)
Умер 8 апреля 1962 (г. Санкт-Петербург, Россия)
П. С. Кайров туралы әдебиет
Литература о Кайрове П. С.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. - IV том - П. О. Кайров
Казахстан. Национальная энциклопедия [Текст] : энциклопедия . - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. — Т. III. – Павел Осипович Кайров.
Культура Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник / Министерство связи и информации Республики Казахстан ; Комитет информации и архивов. - Алматы : Аруна, 2010. - П. О. Кайров : С. 305.
Интернет ресурстар
Интернет ресурсы:
Павел Осипович Кайров [Электронный ресурс] : [биография] // Кино-Театр.РУ : сайт. – Режим доступа : https://www.kino-teatr.ru/kino/acter/m/sov/254772/bio/print/