Известные имена

Губарев А. А.

Губарев Алексей АлександровичГубарев Алексей Александрович (1931-2015 жж.) - Өскемен қаласының Құрметті азаматы.

1931 жылы 29 наурызда Куйбышев облысының Гвардейцы ауылында дүниеге келген.

1936 жылдан бастап Мәскеу маңындағы Чашниково совхозында тұрып, оқыды. 1950 жылы мектепті бітіргеннен кейін теңіз авиациялық техниктер училищесіне оқуға түсуіне байланысты КСРО Қарулы Күштеріне шақырылды, онда оқып жүріп Алексей Александрович Әскери- әуе мина-торпедалық авиациялық училищесіне ауысуға қол жеткізді.

Оны 1952 жылы бітіргеннен кейін КСРО Әскери-әуе күштерінің бөлімдерінде ұшқыш, звено командирі болып қызмет етті. 1961 жылы Әскери-әуе академиясын бітіріп, Қара теңіз флотында Ил-28 ұшақтары эскадрильясының командирі болды.

1962 жылы ол өзін ғарышкерлер жасағына жіберуді сұрап рапорт береді, және бір жылдан кейін Әскери әуе күштерінің Ғарышкерлерді даярлау орталығына қабылданды. А.А.Губарев алғаш рет ғарышқа 1975 жылғы 11 қаңтар мен 9 ақпан аралығында «Союз-17» ғарыш кемесінің командирі ретінде ұшты және бұл «Салют-4» ұзақ мерзімді орбиталық станцияға алғашқы негізгі экспедиция жасады.

Губарев Алексей Александрович екі мәрте Кеңес Одағының батыры, авиация генерал- майоры, техника ғылымдарының докторы.

Ғарышқа ұшып келгеннен кейін Әскери-әуе күштерінің Мемлекеттік Қызыл Ту ғылыми-зерттеу институты бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Өскеменде алғаш рет 1980 жылы болды. Осы сапардан кейін Алексей Александрович жыл сайын Қазақстанның шығысында болып, жаңа достар тапты және өзі үшін жақсы көріп үлгерген табиғаттың бірнеше түкпірлерін ашты.

А.А.Губарев екі Ленин орденімен, «Ғарышты игеруге сіңірген еңбегі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен, К.Э.Циолковский атындағы және Ю.А.Гагарин атындағы алтын медальдармен, шет мемлекеттердің бас салмақты наградаларымен марапатталған. Алексей Александрович – жеті қаланың құрметті азаматы.

А. А. Губарев туралы әдебиет

Литература о А. А. Губареве

Губарев Алексей Александрович // Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. - С. 42-43

Губарев Алексей Александрович // Құрмет кітабы. Өскемен қаласы = Книга почёта. Город Усть-Каменогорск / автор идеи и руководитель проекта Коротин С. В. - Алматы : Print House Gerona, 2021. - С. 70-71