Известные имена

Мемлекеттік қайраткерлер

Қоғабаев Т.

kogabaevҚоғабаев Төлеухан Құсайынұлы (1923-2010) – қоғам қайраткері, ақын.


1923 жылы 21 наурызда Зайсан ауданының Ақарал ауылында дүниеге келген. Оның балалық және жастық шағы Тарбағатай ауданының «Шілікті» кеңшарында өтті. Ол жас күнінен бастап өз замандастарынан белсенді азаматтық ұстанымымен, бастамашылдығымен, жауапкершілігімен ерекшеленді.
Алғашқы еңбек жолын да 1940 жылы «Шілікті» кеңшарының фермасынан бастаған.
1942 жылдың жазында әскер қатарына шақырылып, екі рет жараланды. Соғысты 1945 жылы Латвияда аяқтады. 1950 жылдың шілде айында Тарбағатай ауданының «Шілікті» кеңшарына қайтып оралды. 1968 жылы Семей малдәрігерлік институтын зоотехник мамандығы бойынша оқып бітірді. Оның ұйымдастырушылық таланты мен тапсырылған іске аса жауапкершілікпен қарау қасиеті студент кезінде-ақ байқалған.
Т.Қоғабаев 1960-1969 жылдары «Ақжар» кеңшарының директоры, 1969-1985 жылдары облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі бөлімін басқарды.
Құрметті демалысқа шыққан соң да қоғамдық қызметпен белсене айналысып, облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы соғыс ардагерлері комитетін басқарды, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы халқы Ассамблеясының мүшесі болды. Төлеухан Құсайынұлы Өскемен қаласындағы «Даңқ» мемориалын салу бастамашыларының бірі еді.
Соғыстағы және еңбектегі ерен қызметі үшін «I дәрежелі Отан соғысы» орденімен, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Құрмет Белгісі», «Отан» ордендерімен марапатталды. Т.Қоғабаевтың бірқатар өлеңдері «Тарбағатай ақындары жырлайды» атты жинаққа енсе, 2003 жылы «Өзекті өмір өрімі» атты ойтолғаулар мен жырларының жинағы, 2005 жылы «Жақсыдан – шарапат» атты өмір жолы мен өлеңдерінен тұрған жинағы жарық көрген.
Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында жеңімпаз майдангерлеріміздің жарқын өкілдерінің бірі, ардақты азаматтың жүрегі соғуын тоқтатты. 2010 жылы 23 наурызда облысымызға танымал тұлға, Ұлы Отан соғысының ардагері Қоғабаев Төлеухан Құсайынұлы ұзаққа созылған науқастан дүние салды.

 

Т. Қоғабаев еңбектері

Труды Т. Қогабаева

 

Қоғабаев Т. Мешіт - имандылық ұясы/ Т. Қоғабаев, Мамырұлы К., Қарнақбайұлы И.. -Өскемен, 2001.-97 б.

Қоғабаев Т.Өзекті өмір өрімі : Ғұмырнама/ Қоғабаев Т.. -Алматы: Шұғылбаспа, 2003.-198 б..

Қоғабаев Т. Жақсыдан - шапағат/ Қоғабаев Т.. -Өскемен: Медиа-Альянс, 2005.-184 б.

 

Т. Қоғабаевтың мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары

Статьи Т. Когабаева на страницах периодической печати

 

Қоғабаев Т. Артында із қалдырған [Мәтін] : [Көп жылдар облыста басшылық қызметте болған А.К.Протозановтың 80 жасқа толуына орай] /Т. Қоғабаев // Дидар. - 1994. - 13 тамыз.

Қоғабаев Т. Бөрте лақ пен Саркүшік, Домбыра мен Ертоқым туралы хикая [Мәтін] / Т. Қоғабаев // Дидар. - 1999. - 27 наурыз

Қоғабаев Т. Он жетінші шабуыл [Мәтін] / Т. Қоғабаев . // Дидар. - 2004. -   13 қараша.- Б.2.

Қоғабаев Т. Қасиетті шаңырақты осылай көтергенбіз [Мәтін] / Т. Қоғабаев. // Дидар. - 2007. - 25 қыркүйек.- Б.2.

 

Т. Қоғабаев туралы кітаптар

Книги о Т. Когабаеве

 

Елубай О. Алтайым, алтын тамырым : Деректі әңгіме, очерк, публицистика,толғау./ Елубай О. -Алматы: Әл-Фараби, 2000.-181 б.

Жеңіс деп соққан жүректер: естелік кітап. -Өскемен, 2005.-240 б.

Ерлік - ұрпаққа мұра/ Оралхан Бөкей атындағы № 44 қазақ орта мектеп-лицейі. -Өскемен: Шығыс-Полиграф, 2010.-299 б.

Қапанов Б.Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров = Герой Советского Союза/ Б. Қапанов, С. Құдабаев. -Өскемен: ШҚМУ, 2010.-254 б.

 

Т. Қоғабаев туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар 

Статьи о Т. Қогабаеве опубликованных на страницах периодической печати

 

Омарханова Ғ. Өр ұрпақтың өкілі [Мәтін] : [Облыстың халық шаруашылығын өркендетуге өз үлесін қосқан Т. Қоғабаев жайында] / Омарханова Ғ. // Дидар. - 1999. - 10 сәуір

Қаңтарбаев Ә. Аман бол,ағаларым. [Мәтін] : [Өскеменнің бетке ұстар азаматы Т.Қоғабаев туралы ] / Қаңтарбаев Ә. // Дидар. - 2000. – 4шілде

Байбатыров Ғ. Жүрек таза, көңіл ақ [Мәтін] / Байбатыров Ғ. // Дидар. - 2004. - 6 сәуір.- Б.2

Байбатыров Ғ. Ғибрат [Мәтін] / Байбатыров Ғ. // Дидар. - 2006. - 18 наурыз.- Б.6

Көшербаев Е. Б.

Көшербаев Ермек Беделбайұлы

Көшербаев Ермек Беделбайұлы – Қазақстанның мемлекет қайраткері, Шығыс Қазақстан облысының әкімі (2023-2025)

1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) «Тарих»-ты шет тілінде оқыту мамандығы бойынша, 1993 жылы КСРО СІМ Дипломатиялық Академиясын «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің аға инспекторы болып бастаған.
1989-1994 жылдары аталған министрлікте түрлі лауазымдарда еңбек еткен. 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің кеңесшісі, Президенттің хаттамалық қызметінің басшысы болады.
1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы елшілігінің бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы қызметтерін атқарды. 1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі болған.
2000-2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2010-2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.
2014-2018 жылдары ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.
2018-2020 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2020 жылдың қаңтарынан - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2023-2025 жылдары Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 ақпандағы №786 жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Төтенше және Өкілетті Елшінің дипломатиялық дәрежесі бар.

Үйленген, екі баласы бар.

Е. Б. Көшербаев туралы әдебиет
Литература о Кошербаеве Е. Б.

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы Е. Б. Көшербаев туралы : [Ермек Беделбайұлы Көшербаевты Шығыс Қазақстан облысының әкімі етіп тағайындау туралы] // Егемен Қазақстан. - 2023. - 19 маусым. - Б. 1
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды // Тәңіртау. - 2023. - № 3. - Б . 3-4
Мұхамадиев, Т. Көпір, экология және ұлттық спорт : [ШҚО-ны басқарған Ермек Көшербаев несімен есте қалды?] / Т. Мұхамадиев // Менің өлкем. - 2025. - 20 ақпан. - Б. 5.
Шығыс Қазақстан: өзгерістер мен өрлеу кезеңі : [ШҚО-ны басқарған Ермек Көшербаев несімен есте қалды?] // Дидар. - 2025. - 20 ақпан (N8). - Б. 10-11.

***

Бахтиярова, Меруерт. Назначен новый аким области : [о назначении акимом Восточно-Казахстанской области Ермека Кошербаева] / М. Бахтиярова // Рудный Алтай. - 2023. - 17 июня (№ 71). - С. 1 : фот. цв.
Токаев, Касым-Жомарт (Президент Республики Казахстан). О Кошербаеве Е. Б. : Указ Президента Республики Казахстан : [о назначении акимом Восточно-Казахстанской области] / К.-Ж. Токаев. - Текст (визуальный) : непосредственный // Казахстанская правда. - 2023. - 19 июня (№ 114). - С. 1 : фот.

Құл-Мұхаммед М. А.

22

Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы (1960 ж.) – Заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі.

1960 жылы Қытайдың Чугучак қаласында дүниеге келген. 1961 жылы Құл-Мұхаммедтің отбасы тарихи Отаны - Қазақстанға Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы) Мақаншы ауданының Мақаншы ауылына оралады.

1982 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) тәмамдаған.

1983-1992 жылдары - Қазақ Совет энциклопедиясы Бас редакциясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және әлеуметтану редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшысы — бас редакторының орынбасары (Алматы қ.).

1992-1999 жж. – «Атамұра» шағын кәсіпорнының директоры, «Атамұра» ЖТАҚ төрағасы, «Атамұра» корпорациясының төрағасы (Алматы қ.).

1994-1999 жж. - С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) қосымша қызмет атқарған (аға оқытушы, доцент, профессор м.а.).

1995 ж. тарихтан «XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері» (революцияға дейінгі орыс энциклопедиясы материалдары бойынша) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

1999 жылы «Жақып Ақпаев және Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы (XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басы)» тақырыбында заң ғылымы бойынша докторлық диссертация қорғайды.

1999-2001 жж. - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (Астана қ.).

2001 жылы Қазақстан Республикасы ЖАК Төралқасының 31.05.2001 жылғы шешімімен Құқықтану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

2001-2003 жж. - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі (Астана қ.).

2003-2006 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі (Астана қ.).

2006-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - ҚР Президентінің баспасөз хатшысы (Астана қ.).

2007-2008 жж. - Қызылорда облысының әкімі (Қызылорда қаласы).

2008 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі болып қосымша қызметке тағайындалды.

2008-2010 жж. - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі (Астана қ.).

2010-2012 жж. - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі (Астана қ.).

2012-2013 жж. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (Астана қ.).

2013-2014 жж.- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі (Астана қ.).

2014-2016 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (Астана қ.).

2015 жылы - президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау мақсатында Республикалық қоғамдық штабты (РОШ) басқарды.

2016 жылғы 6 мамырдан бастап – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары. 2018 жылғы 1 ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болған.

Ғылыми еңбектері: «Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі» (1994), «Революцияға дейінгі орыс энциклопедияларындағы Қазақстан тарихының мәселелері» (1994), «Жақып Ақбаев: политик, патриот, құқықтанушы» (1995), «Алаш ардагері. Ж. Ақбаевтың саяси-құқықтық көзқарастары»(1996), «Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы» (1998), «Алаш Орда көшбасшыларының мемлекеттік-құқықтық идеяларын қалыптастыру және дамыту» (1999), «Қазақстандағы отарлық режим (1868-1917 жж.)» (2000), «Заң шығарушылық: проблемалар мен ізденістер» (2000), «Алаш бағдарламасы: бұрмалау және шындық» (2000) және т. б. Барлығы 200-ден астам ғылыми және ғылыми танымал жарияланымдары бар.

Марапаттары: 3 дәрежелі Барыс ордені (2016), Парасат ордені (2010), «Құрмет» ордені (2004), «Астанаға 10 жыл» медалі (2008), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996), Астана қаласының Құрметті азаматы, Абай ауданының Құрметті азаматы, Аягөз ауданының Құрметті азаматы, «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалі (2018).

 

Публикации М. А. Кул-Мухаммеда в периодических изданиях

Мақалалар– статьи

Кул-Мухаммед, М. ...И стал Казахстан суверенным [Текст] : День республики / М. Кул-Мухаммед // Казахстанская правда. - 2000. - 24 окт. - С. 3

Кул-Мухаммед, М. Парламент: взгляд изнутри [Текст] : Полномочия есть. А реализация?. / М. Кул-Мухаммед // Казахстанская правда. - 2001. - 3 апр. - С. 3

Кул-Мухаммед, М. Миром правит слово [Текст] /М. Кул-Мухаммед // Казахстанская правда. - 2004. - 24 дек. - С. 3-5

Кул-Мухаммед, М. Основа национального бытия [Текст] / М. Кул-Мухаммед // Казахстанская правда. - 2004. - 20 авг. - С. 4-5

Кул-Мухаммед, М. Султан Бейбарс [Текст] /М. Кул-Мухаммед // Казахстанская правда. - 2004. - 28 мая. - С. 4-5

Кул-Мухаммед, М. Великий учитель Востока [Текст] / М. Кул-Мухаммед // Казахстанская правда. - 2004. - 20 февр. - С. 4-5

Кул-Мухаммед, М. Год триумфа Казахстана [Текст] / М. Кул-Мухаммед // Казахстанская правда. - 2006. - 28 февр. - С. 1,3-4

Кул-Мухаммед, М. Лев [Текст] / М. Кул-Мухаммед // Казахстанская правда. - 2006. - 26 сент. - С. 3-4

Кул-Мухаммед, М. Трагедия триумфатора [Текст] / М. Кул-Мухаммед // Казахстанская правда. - 2006. - 17 нояб. - С. 3-4

Крепнут культурные связи [Текст] // Казахстанская правда. - 2011. - 29 апреля. - С. 3.

Кул-Мухаммед, М. Бесстрашный [Текст] / М. Кул-Мухаммед // Казахстанская правда. - 2014. - 28 октября. - С. 7-8; 29 октября.- С.7-8

Кул-Мухаммед, М. Сокровищница казахского языка [Текст] : [Презентация 15-томного Словаря казахского литературного языка] / М. Кул-Мухаммед // Казахстанская правда. - 2011. - 1,7. - С. 1,7

Кул-Мухаммед ,М. Отдавая дань предкам [Текст] / М. Кул-Мухаммед // Казахстанская правда. - 2012. - 5 июня. - С. 4

Голод в Казахстане: осмысливая трагедию [Текст] // Казахстанская правда. - 2012. - 5 июня. - С. 1, 4-5

Кул-Мухаммед, М Триумф Лидера [Текст] / М. Кул-Мухаммед // Казахстанская правда. - 2016. - 30 июня. - С. 3

Кул-Мухаммед, М. Народный герой [Текст] : [100 лет со дня рождения К. Кайсенова] / М. Кул-Мухаммед // Казахстанская правда. - 2018. - 18 апреля. - С. 4. ; 19 апреля. - С. 6

 

Публикации о Кул-Мухаммеде М. А.

 

О назначении Кул-Мухаммеда Мухтара Абарарулы Министром культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан [Текст] / Указ Президента РК // Казахстанская правда. - 2001. - 5 мая. - С. 1

О назначении Кул-Мухаммеда М.А. Государственным секретарем РК [Текст] : Указ Президента РК от 23 января 2012 г. № 245 // Казахстанская правда. - 2012. - 24 января. - С. 1

Кембаева, А. Названы лучшие [Текст] / Кембаева А. // Казахстанская правда. - 2012. - 28 июня . - С. 1,2

Биданова, А. Встречи на земле Абая [Текст] / Биданова А. // Казахстанская правда. - 2012. - 24 августа. - С. 3

Шулембаева, Р. Притяжение земли отцов [Текст] / Шулембаева Р. // Казахстанская правда. - 2012. - 16 октября. - С. 3

Нитченко, Ю. Минкультуры займется развитием казнета [Текст] / Нитченко Ю. // Комсомольская правда. Казахстан. - 2012. - 3 февраля. - С. 4

Осипов В. Стратегическим курсом прогресса и процветания [Текст] / Осипов В. // Казахстанская правда. - 2012. - 25 декабря. - С. 1,2

Кадыров, Б. Новые горизонты культуры [Текст] / Кадыров Б. // Казахстанская правда. - 2013. - 5 февраля. - С. 1,2

К высокой цели - с высокой ответственностью [Текст] : В Службе центр. коммуникаций состоялся брифинг министра культуры и инф. РК Мухтара Кул-Мухаммеда. // Казахстанская правда. - 2013. - 12 ноября. - С. 6

Ахметова, С. "Мирас" наметил планы [Текст] / С. Ахметова // Казахстанская правда. - 2014. - 7 февраля. - С. 4

Бек, Т. Создавать условия для творчества [Текст] / Т. Бек // Казахстанская правда. - 2014. - 7 февраля. - С. 4

Корина, Л. Этапы большого пути [Текст] / Корина Л. // Казахстанская правда. - 2014. - 28 февраля. - С. 4

Ташенов, Ч. Особое внимание - нуждам и проблемам граждан [Текст] / Ч. Ташенов // Казахстанская правда. - 2016. - 18 августа (№ 158). – С. 1,2

Осипов, В. Фактор всеобъемлющего партнерства [Текст] /В. Осипов // Казахстанская правда. - 2016. - 28 июня. - С. 2

Нурберген, А. Новые лица, новая энергия, новые стремления [Текст] / Нурберген Адина // Казахстанская правда. - 2016. - 6 июля. - С. 5

Байгуринов, Ж. Сохранить главное достояние - стабильность и согласие [Текст] / Ж. Байгуринов // Казахстанская правда. - 2016. - 8 июня. - С. 1,3

Байгуринов, Ж. Созданы все условия [Текст] /Ж. Байгуринов// Казахстанская правда. - 2016. - 9 июня. - С. 6

Рыжкова Наталья Контроль на ежедневной основе [Текст] / Рыжкова Наталья // Казахстанская правда. - 2016. - 14 октября (№ 197). – С. 3

Доброта, Л. Возможности для роста [Текст] / Л. Доброта // Казахстанская правда. - 2016. - 26 октября (№ 205). – С. 3

Сыздыкова, Л. В партнерском русле [Текст] / Л. Сыздыкова // Казахстанская правда. - 2017.- 1 июня (№ 103). – С. 3

Сыздыкова, Л. Межпартийный диалог Казахстана и Японии [Текст] /Л. Сыздыкова // Казахстанская правда. - 2017.- 31 мая (№ 102). – С. 2

Федорова, П. От истории края к его развитию [Текст] / П. Федорова // Казахстанская правда. - 2017.- 11 августа (№ 153). – С. 3

Бескорсая, Е. В промышленном авангарде [Текст] / Е. Бескорсая // Казахстанская правда. - 2017.- 12 сентября (№ 174). – С. 4

Иванова, Е. Большая стройка [Текст] /Е. Иванова // Казахстанская правда. - 2017.- 7 сентября (№ 171). – С.3

Споткай, М. По следам сакрального наследия [Текст] / М. Споткай // Казахстанская правда. - 2017.- 11 сентября (№ 173). – С. 5

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Кул-Мухаммед Мухтар Абрарулы [Электронный ресурс] : [биография] : сайт, - Режим доступа : http://senate.parlam.kz/ru-RU/blog/520/biography

Көшкінбаева А.

KoshkinbaevaКөшкінбаева Айғыз (1876-1918) - азамат соғысының қаһарманы

1876 жылы Семей облысы, Аягөз ауданы, Сарыбұйрат ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген. Айғыз бала күнінен әлеуметтік теңсіздіктің, патша отаршыларының зорлық-зомбылықтарының куәсі болды. Тұрмысқа шыққан соң 19 жасында Аякөз қаласына көшіп келеді. Жас кезінен өжет,алғыр, еңбексүйгіш болған. Ауыл азаматтары егін егіп, суару үшін арық                                                                   қазғанда азаматтармен бірге болып, сол арықтың уақытылы бітуіне үлес қосқан.                                                                   Еңбегіне сүйсінген ел ұзындығы 4-5 шақырымға созылатын сол арықты “Айқыз арығы” деп атаған.

Айғыз қазақ қыздарының арасынан шыққан азамат соғысының ардагері, әрі қаһарманы. Болашаққа үміт артқан жас қыз отаршылдықдың азабынан құтыламыз деген үмітпен Қазан төңкерісіне үлкен сенім артады. Аякөз өңіріндегі ақ пен қызыл шайқасы кезінде Мамырсудағы қазақ эскадронын қарусыздандыруға, Сергиопольдегі қорғаныс күндері Айғыз окопқа, шай, тамақ тасып, жаралыларды емдейтін пункт ашқан.

1918 жылы 11 наурызда жұмысшы-шаруалармен бірігіп, қаладағы Уақытша үкіметтің жергілікті органын (приставты) құлатуға қатысты. Аякөзде Совет өкіметін жариялаған митингіде комиссар С. Ғаббасовтан кейін Айғыз сөйлейді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және «Туған елге тағзым» акциясы аясында ауылымызда 2017 жылдың 23 қыркүйек күні мектепте Айқыз Көшкімбаева ескерткішінің ашылуы   аудан көлемінде өткізілді.

Колчак әскерлері қаланы уақытша басып алған кезде, жендеттер Айғызды азаптап өлтірді. Аягөз қаласында бір көшенің аты, жалпы орта білім беретін мектеп, Айғыз Көшкінбаеваның есімімен аталады. Қазақтың қаһарман қызы Айғыз туралы қазақтың белгілі жазушысы Қалмақан Исабаев «Айқыз» атты роман жазды.

 

А. Көшкімбаева туралы әдебиет

Литература о Кошкинбаева А.

Кітаптар - Книги

 

Қазақ Совет энциклопедиясы (Мәтін) Т. 6 : Көз-Қосүйтас.-Алматы: Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясы, 1975.-640 б. - Көшкімбаева Айғыз: б. 54.

Аягөз [Мәтін] : Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының энциклопедиясы.

Т. 1 / суретші: Б. Серікбай, И. Серікбаева. - Алматы : Көркем, 2010. - 676 б.: Көшкімбаева Айғыз: б. 308.

Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. /бас ред. Б.Ө. Жақып.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы,2014. -848 б.- Айғыз Көшкімбайқызы: б. 138.

Метте В. Л.

Метте В. Л. Виталий Леонидович Метте (1947-2003), Қоғам қайраткері, ШҚО әкімі (1997-2003)

Метте Виталий Леонидович Зырян ауданының Козлушки ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Севостополь жоғары-әскери инженерлі училищесін үздік тәмамдап, Су асты кемелеріне ядролы энергетикалық құрылғы орнату мамандығы бойынша әскери инженер-механик дипломын алып шығады. Аспапшы, ауысым шебері, аға инженер-технолог, Үлбі металлургиялық зауытында (ҮМЗ) цех басшысы (1974-1989); ҮМЗ директоры, бас директоры(1989-1994); орынбасар (1994-1995), ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары (1995-1996); «Айвидон интернэшинел» фирмасының вице-президенті (1996 – 1997) қызметтерін атқарады. ҚР ғылым мен техника бойынша Жоғары Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін қатар алып жүреді. 1997 жыл наурыз айынан Семей облысын, кейін мамыр айынан, яғни Семей мен ШҚО біріккен соң Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды (1997-2003).
2003 жылдың наурызынан өмірінің соңына дейін «Қазақстан инжиниринг ҰК» ААҚ отандық әскери-өнеркәсіптік холдингінің президенті болды. Ғылым мен техникадан металлургиялық негіз жасап, аса өткізгіш металдардың өнеркәсіптік өндірісін құрғаны үшін Ресей Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты атанды. Қазақстан өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер Одағының Президенті. Техника ғылымдарының кандидаты. Қазақстан ақша құятын жері мен Ұлттық валютаның қалыптасуына да біршама үлес қосқан.

КСРО ҰШЖК (ВДНХ) Күміс медалімен, РФ Мемлекеттік сыйлығымен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Халықаралық минералды ресурстар академиясының академигі. Гандболдан спорт шебері. Өзін меценат ретінде ұсынып, көптеген мұражай жобаларына қаржылай көмек көрсеткен. Өскемен қаласындағы Андрей Первозванныйдың шіркеуін салуға тікелей араласқан. 2000 жылы мәдениет пен өнер саласында әкімнің сыйлығына ие болды.
2004 жылы наурыз айында Виталий Леонидович 20 жыл бойы (1974-1994) қажырлы еңбек еткен ҮМЗ уран өндірісі ғимаратына мемориалды ескерткіш тақта орнатылды.

Әдебиет

Облыс әкімі Парасат орденінің иегері [Мәтін] : [Республикада сіңірген еңбегң үшін Шығыс Қазақстандықтарды марапаттау туралы ] // Дидар. - 1999. - 21желтоқсан
Тоқпатаев У. Тұрақтылыққа бастаған жол [Мәтін] : [Халқының құрметіне бөленген Виталий Леонидович Метте елу бес жасқа толып отыр. Шығыс Қазақстан облысын басқарудағы атқарған игі істері туралы] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2002. – 2 қаңтар.- Б.1