Демагин Николай Семенович (1929 ж.) – кенші, құрметті кенші, Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген кенші, Социалистік Еңбек Ері.
1929 жылы Алтай өлкесі Змеиногорск ауданы Барановка ауылында дүниеге келген. 1944 жылы Лениногорск (қазір Риддер қаласы, Шығыс Қазақстан облысы) қаласында әскери госпитальда көшір болды. Кейін коногон, шахтада бұрғышының шәкірті жұмыстарын істеді.
1946-1947 жж. ФЗО-да (фабрика-зауыт оқуы) оқып, кейін слесарь болып жұмыс істеді. Ал, 1948 ж. – кен қазушы, бригадир, смена бастығы, Ертіс полиметалл комбинатының Белоусовка шахтасында кен қазушылар бригадирі болды.
1957 және 1963 жж. кеніштік мектептер ашылып, тыңдаушылар Демагин басқаратын ұжым жұмысының әдістерін зерттеді.
Өзі басшылық еткен бригадада жоғары нәтижеге қол жеткізген Николай Семенович ерекше бастама көтеріп, артта қалған бригадаға жетекшілік жасады, сонымен бригаданы алдыңғы қатарға шығарды.
Жоғары кәсіби біліктілігі үшін Н. С. Демагинге 1959 жылы Құрметті кенші атағы беріліп, 1964 жылы Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген кенші атағы берілді. Шығыс Қазақстан еңбекшілерінің ұсынысымен облыс және аудан еңбекшілер депутаттары Кеңесіне депутат болып сайланды. Ол белсенді тілші, шахта кәсіподақ комитетінің басшысы болды.
Жеті жылдық жоспарды табысты орындағаны үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 ж. 20 мамыр Жарлығымен Н. С. Демагинге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Демагин Николай Семенович: б. 316.
Герои Социалистического Труда - казахстанцы [Текст].
Т. 1. - Алма-Ата : Казахстан , 1969.
Демагин Николай Семенович [Электронный ресурс] : [биография] // Государственный архив Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://e-arhiv.vko.gov.kz/kk/SiteGallery/Album?albumId=42 (10.01.2018)