Известные имена

Өлке зерттеушілері

Бердус И.В.

berdusБердус Иван Васильевич (1906 -1970) – еңбек сіңірген энергетик.

Иван Бердус 1906 жылы 23 қаңтарда Чернигов губерниясы Новозыбкопский ауданы Карповичи селосында шаруа отбасында туған.

15 жасынан Славгород қаласындағы  көлік материалдық басқармасында сынықтар тасушы көшір болып істеген. 17 жасында Омск индустриалды техникумына оқуға түскен. Студент кезінде токарь, от жағушы, фрезеровщик т.б. қосымша жұмыстар атқарған. 1928 жылы техникумды аяқтай салысымен Риддер қаласына жұмысқа жіберіліп, станцияға электромонтер болып қабылданды.

Революцияға дейін Риддер қаласының бар энергетикасы 40 аттық күші бар «Вольф» атты бу қозғалтқышынан және 100-200 квт. күші бар ағаш тірекке бекітілген су турбинасынан  тұратын. Алғашқы күннен бастап Иван Васильевич жұмысқа бар ынта- жігерімен кірісті.

Бастамашыл, принципшіл, жігерлі жас қиын сәттерді әсіресе апат жағдайында ауыр жұмыстарға бел шеше кірісіп, басқаларға үлгі бола білді. Өз пікірін аямай ортаға салатын.

1928 жылдың 14 маусымында Қазақстандағы алғашқы Хариузов су электр станциясын (СЭС) іске қосқан күні басқару тетігінде кезекшілік атқарды. Быструшинск станциясы мен бу турбинасында меңгеруші көмекшісі, кейін екеуінде де бір мезгілде меңгеруші болып жұмыс істеді.

1933 жылдан Жоғары және Төменгі Хариузов СЭС-тың меңгерушісі. Ұлы Отан соғысы жылдарында апатсыз үздіксіз жұмыс істегені үшін СЭС-ның бір топ қызметкері марпаттқа ие болды. Иван Бердус  «За доблестный труд в Великой отечественной войне» медаліне ие болды. 

1947-1954 жж. Хариузов және Тишинск СЭС-ның директоры болған. Күз, қыс маусымдарда СЭС-тың қызметін пайдалану барысында тау өзендерінде пайда болатын мұз қабыршақтарына қарсы күресте айтулы маман ретінде танылды.

1954 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, құрамында 1937 жылы іске қосылған Үлбі СЭС бар Лениногорск сарқырамасындағы СЭС-тың директоры қызметін атқарды. Тың және тыңайған жерлерді игеру басталған кезде Иван Васильевич тыңға көмек ретінде каскадтан бірнеше көлік  бөліп отырып,  СЭС-тың  қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз еткен. 1957ж. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталды. 1966 ж. "Ленин" орденімен, 1970 ж. "В.И. Лениннің туғанына 100  жыл"  мерейтойлық  медалімен марапатталды. И.В. Бердус басқарған өнеркәсіп 42 жыл бойы апатсыз жұмыс істеді. 1990 жылы И.В. Бердус қайтыс болған соң   өндірістік-техникалық бөлім бастығы, бас инженер В.С. Комов: «Иван Бердус – су электр станциясының барлық энергетикалық құралдарының апатсыз, сенімді жұмыс істеуіне үлкен еңбек сіңірді. Ұйымдастырушылық қабілеті күшті, қиын жағдайда жігерлі, батыл шешім қабылдайтын,  өзгелерге үлгі болатын, мейірімді, елгезек жан еді..."  – деп жазды.

Иван Бердус қайтыс болған соң 30 жыл өткеннен кейін Хайрузов СЭС-на  Қазақстандағы тұңғыш, КСРО-дағы Волхов СЭС-нан кейін  И.В. Бердустың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды. И.В. Бердус 1928 жылы 14 маусымда Хайрузов СЭС іске қосу сеніміне ие болған еді.

Оның өмірбаяны мен қызметі туралы ақпарат «Ресей  энергетиктері» атты энциклопедияда жазылған.

И.В. Бердустың «Первые электростанции Казахстана. Лениногорский каскад ГЭС» атты еңбегі Ресей ұлттық, Санкт-Петербургтегі  Н.А.Некрасов атындаға көпшілік, Мәскеу энергетикалық институтының кітапхана қорларында сақталған. Қазақ ССР-не  еңбек сіңірген энергетик.

 

И. В. Бердустың шығармалары

Произведения Бердус И. В. 

 

Бердус И.В. Первые электростанции Казахстана.Лениногорский каскад ГЭС [Текст] / Бердус И.В. - Усть-Каменогорск : РИА "7ДНЕЙ", 1997. - 40 с.

Бердус И.В. Первые электростанции Казахстана [Текст] : Лениногорский каскад ГЭС / Бердус И.В. - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГУ, 2003. - 108 с.

И. В. Бердус туралы әдебиет 

 Литература о Бердус И. В. 

Кітаптар - Книги

 

Курносова Ю. Иван Васильевич Бердус. 1906-1970 [Текст] : Очерк / Курносова Ю. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2003. - 72 с.

Немцев М. С. "Лениногорск литературный" [Текст] : биографический справочник / Немцев М. С. - Лениногорск : Полиграф-Сервис, 2002. - 167 с.

Немцев М. С. Литературный Риддер [Текст] : биографический справочник / Немцев М. С. - Усть-Каменогорск : Медиа - Альянс, 2012. - 245 с.

 Мақалалар - Статьи

Поломошнова Л. Первый среди многих: [О заслуженном энергетике Казахстана, бывшем директоре Лениногорского каскада ГЭС Иване Васильевиче Бердусе]// Рудный Алтай.- 2001.-10 нояб.-С.7

Брюханов В. А.

Брюханов Виктор Антонович (1884 - өлген жылы белгісіз) — Семей өлкесін зерттеуші.    

1884 жылыда дүниеге келген. 1897 жылдан Семей қаласында тұрған. Семейдегі қалалық училищесінің 5 класын бітірген. 1900-1904 жылдары Семей облыстық статистика комитетіңде істеген. 1904 ж. шаруалар бастығының іс-қағаздарын жүргізуші. «Қоңыр әулие» деген очерктің авторы. Ол Абайды бірнеше рет көріп, ақынның балалары, туған-туыстарымен, әсіресе, Тұрағұл, Шәкеріммен араласып тұрған. Олар жайында естелік жазып қалдырған. Брюханов жазбаларында Н. Я. Коншиннің Э. П. Михаэлис арқылы Абаймен танысқанын, ақынның Коншинмен тез тіл табысып, араласып кеткенін, екеуінің ұзақ әңгімелесетінін баяндаған. Статистикалық комитет басып шығарған «Ескерткіш кітабыңда», «Экономикалық шолуларда» Абайға жиі сілтеме жасалып, Абайдың орысша тәп-тәуір сөйлейтіні, сауатты болғаны, статистикаға қажетті мәселелерді жақсы білетіні жайында да жазылған.

 

 

  1. Абай энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,

Ватсон Н. Э.

Ватсон Николай Эрнстович

 Ватсон Николай Эрнестович (1865-1895) – политический ссыльный, исследователь края

Николай Эрнестович Ватсон родился в городе Санкт-Петербург. Его отец – Эрнест Карлович Ватсон (1839-1891 гг.) известный публицист в Петербурге, был одним из активных членов редакционной коллегии журнала «Современник», за участие в студенческом революционном  движении был уволен и выслан из Москвы. В 1974 году женился на поэтессе и переводчице Марии Валентиновне (урожденная де Роберти де Кастро де ла Серда (1848-1932).  

С 1875 г. по 1883 годы Николай Эрнестович обучался в первом реальном училище в городе Петербург. В 1886 г. поступает в Петербургский лесной институт. В студенческие годы знакомится с Александром Ильичём Ульяновым. Вместе с Ульяновым входил в студенческий кружок. 17 ноября 1886 года с кружковцами принимал участие в подготовке "Добролюбовской" демонстрации в Петербурге. И одним из первых гневным протестом откликнулся на казнь… и с 16 мая по 23 июля 1887 года содержался под стражею Петербургской тюрьме. Он привлечен к дознанию при Санкт-Петербургском жандармском управлении в 1887 году, в виду показаний В. П. Попова о получении им от Ватсона рисунка с изображением повешенного и с надписью "память 8 мая 1887 г.". На допросах Ватсон Н.Э признал, что написанная маслом картина принадлежит ему, а также он признался в том, что им был написан один из проектов воззвания по поводу казни участников 1-го марта 1887 года. Первома́ртовцы — это группа восьми террористов-«народовольцев», участвовавших в подготовке и осуществлении убийстваимператораАлександра II 1 марта (13 марта) 1881 года.   

Так, осенью 1888 года было объявлено «Заключение о дальнейшем направлении дознания по обвинению в государственном преступлении». Николая Ватсона и определяют ссылку в Степной край. В последующих письмах отцу он писал, о том, что ехать в ссылку желательно с хорошей библиотекой.

Открытие библиотеки в Зайсане связано с именем политического ссыльного Николая Эрнестовича Ватсона (1865-1895), который с 1889 по 1895 годы отбывал ссылку в Зайсане.

К приезду Николая Ватсона в Зайсане уже были «старожилы» из ссыльных: Николай Коншин, Христиан Томашевский, Феликс Манкевич, Александр Худыковский.

Перу Ватсона принадлежат поэмы: «Выводы, мысли и заметки (декабрь 1888 г.). И далее: «Психика человека находящегося на распутье двух или даже большего количества дорог…».

Вскоре начинает другую поэму, которая посвящена героической борьбе и гибели борцов за свободную долю.

Н.Э. Ватсон туралы әдебиеттер

Литература о Ватсоне Н. Э.

Мақалалар-Статьи

Алексеенко Н.В. Ссыльный народоволец в Зайсане //Знамя коммунизма// 1961 г.- 12 марта

Алексеенко Н.В.  Был близок с Ульяновым. \\Простор.  1976 г. № 4  с-96-107

Сапарғалиев Қ. Зайсан тұтқыны [Мәтін] : [Н. Ватсон туралы] / Қ. Сапарғалиев // Коммунизм туы . - 1981. - 26 август.- .; 4 сентябрь.; 5 сентябрь

Жаксылыкова К. Купеческий город Зайсан.\\ Рудный Алтай. 1992 г. - 1мая

С. Черных. Друг Абая. \\Простор. 1979.№ 6. 

Фонд ВК областного архитектурно – этнографического и природно-ландшафтного музея – заповедника: автор: Ибраев Шангерей. Картина: Зайсанский узник Ватсон Н.Э.  1980 г. Акт № 174-1989 г.  

Қарасаев, Ғ. Шығыс Қазақстанға саяси жер аударылғандар [Мәтін] : [ХІХғ. 60-жылдарынан бастап Шығыс Қазақстанда кесімді мерзімдерін өтеген саяси жер аударушылардың халқымыздың даму тарихын, қазақ халқының тұрмыс, салт-дәстүрін зерттеуде, халықтардың достығын қалыптаастырудағы еңбектері туралы.] / Қарасаев Ғ. // Қазақ тарихы. - 2001. - №3.- Б.18-22.

Кумарова Б.М. Уездный город Зайсан в конце XIX начале  XX в.в. 145-летию основания г. Зайсан\\Научный журнал. Региональный вестник Востока. №3.2014 г. -194

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Кумарова Б.М. Николай Эрнестович Ватсон. 150-летию посвящается [Электронный ресурс] : //Официальный ресурс ВКО  архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник – Режим доступа : http://www.vkoem.kz/index.php/2010-03-09-08-54-46/85-2010-03-09-10-07-22/1929-kumarova-bm-nikolaj-ernestovich-vatson-150-letiyu-posvyashhaetsya (1905.202

Буров П.П.

Буров П.П. Павел Петрович Буров (1902-1944 гг.)

Өскемен қаласындағы Буров атындағы көше 1945 жылға дейін Медвежья көшесі деп аталып, сол кезде бұл қаладағы шеткі көшелердің бірі болған. Көше Медвежья (кейін Пионер) аралынан басталғандықтан солай аталған екен. Ұзақ жылдар бойы бұл көшедегі әдемі үй - Риддер темір жол басқармасының ғимараты болған.

1940 жылы бұл ғимаратқа Кенді Алтайдың геологиялық орталығы деп есептелген "Алтайцветметразведка" тресі орналасқан. Осында бас инженер болып П.П.Буров қызмет еткен-ді.
Буров Павел Петрович 1902 жылы 4 наурызда шаруа жанұясында дүниеге келген. 1929 жылы Ленинградтағы тау-кен институтын бітіріп біздің өлкемізге жас маман ретінде жолдамамен келген екен.

Студенттік кездегі геологиялық - барлау партияларында жұмыс істеп, жиған тәжірибелері ескеріліп, тау инженері П.П.Буров Риддер геологиялық-барлау партиясына бастық етіп тағайындалған. Ол кезде Риддер қаласы көңілге жағымсыз, көшелерін батпақ басып жататын, үйлері аласа, көріксіз қала болған. Геологтың жұмысы да оңай емес, оның қиындығына төзген, соған шын көңілін берген адам ғана істейтін жұмыс. Ол уақытта геология жұмысында өзіндік қиыншылықтар да болған, шет ел концессионерлері зерттеулерінің қорытындысы қанағаттанарлықсыз, ал одан басқа геологиялық деректер жоқтың қасы.

Міне, осындай кезде біздің өлкеге келген, өлкеміздің жер қойнауындағы бағалы қазба байлықтарын барлау іздестіру жұмыстарын қолға алып, оған тікелей басшылық еткен азамат П.П.Буров болған еді.

1931 жылы П.П.Буров басқарған геологиялық - барлау партиясы Риддер комбинатына қарасты еді. Буровтың ұжымы осы ауданның қазба байлықтарын, жаңа кен көздерін барлау, іздестіру жұмыстарын атқарған. Риддер, Сокольный кен көздері ашылғаннан кейін, Белоусов пен Зыряндағы кен көздерін барлау жұмыстары белгіленіп, оған басшылық ету Буровқа тапсырылған. Осы жылы Зырян концессиясы таратылып, Зырян кен басқармасы құрылған. Зырян кен басқармасы кен көздерін іздестіру-барлау жұмыстарын үнемі Риддер комбинатымен бірлесіп атқарған да, сол жауапты жұмыстың басы-қасында Буров болған, ол бірде техникалық басқарушы, бірде бас геолог немесе геологиялық-барлау партиясының басшысы болып істеді.

Алтайдың ескікөз геологтарының бірі, геология-минерология ғылымдарының кандидаты К.Ф.Ермолаевтың естелігінде:
"Буров өткен зерттеу жұмыстарының нәтижесін терең оқып - меңгеріп, кен-өнеркәсіптік шоғырлану байланысын орнатып, зерттеудің жаңа әдістерін қолданып, тау-геометриялық анализдер жасап, геологиялық-барлау жұмыстарын кешенді түрде іске асырған. Осының нәтижесінде Риддер және Сокольный кен көздері түсті металл қорының молдығы жөнінен Одақ бойынша бірінші орында тұр", -деп жазылған.

Кейінгі жылдары зерттелген қорлар санының өсуі Риддердегі кенді жазықтың құрылысы туалы П.П.Буров пен Н.Н.Куректің жасаған қорытындыларын және олардың зерттеу-барлау жұмыстарының нәтижесін растап берді. Бұл жөнінде олар жазған ғылыми еңбек "Риддерская группа полиметалических месторождений" деп аталған. Қос автордың "Риддерское рудное поле" деген монографиялық еңбектері де бар.

Геология саласындағы еңбектері үшін Буров бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, 1935 жылы "Қазақстанға-15 жыл" белгісімен марапатталған. 1940 жылы геологиялық-барлау жұмыстарындағы жетістіктері үшін П.П.Буров "Түсті металлургия халық комиссариатының социалистік жарыс үздігі" белгісімен марапатталған.

1940 жылы Лениногор геологиялық -барлау партиясының базасында "Алтайцветметразветка" тресі құрылды. Кейіннен Өскемен қаласына көшірілген осы тресте П.П.Буров бас инженер, трест басқарушысының орынбасары болған. Тәжірибесі мол геолог П.П.Буров Николаевтан жаңа кен көзі табылған соң дереу геологиялық-барлау партиясын құрып, асқан қызығушылықпен бұл жұмысты қолға алған.

П.П.Буров 1944 жылы сәуір айында Москва қаласындағы конференцияға баяндама алып барып, осы іссапарында жүріп, конференцияға бір-екі күн қалғанда 6-сәуірде кенеттен қайтыс болды.

П.П.Буров өз өмірін Алтай жеріндегі кен көздерін барлау, зерттеу жұмыстарына арнаған азамат. Осы жұмысқа бар күшін сарп еткен ол қоғамдық жұмысқа да, ғылыми еңбекке де уақыт тапқан. Оның педагогикалық еңбегінің өзі-келешектің қамы, одан үйренген, оның тәжірибесіне ден қойған геологтар П.П.Буровтың ісін жалғастырып, Кенді Алтайда тұрып жатыр. Ол артық сөзі жоқ, көпшілікке қадірлі, кең мінезді жан болған, таулардың сырын түсінген, жер қойнауындағы байлықтың көзін ашқан адам. Оның маңдай тері мен мол еңбегінің нәтижесінде біздің Кенді Алтай өлкесінің мәртебесі өсіп отыр.

42 жасында өмірден кеткенмен П.П.Буровтың Кенді Алтай жерінде және осы өлкенің тарихында есімі мәңгілікке қалды. 1945 жылдан бері қаламызда оның есімімен аталатын көше бар.

Вязигина Т. Г.

Вязигина Тамара Георгиевна – журналист, өлкетанушы.Вязигина Тамара Георгиевна (1937 ж.) – журналист, өлкетанушы.

1937 жылы 6 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Кендірлік ауылында (қазір Сарытерек) дүниеге келген. Бала кезден мүгедек. Үйде ауыл мектебінің директоры С. В. Сотникованың қатысуымен оқып білім алған. Көп оқуының нәтижесінде өзінің алғашқы өлеңдерін шығарған.    

1953 ж. аудандық «Красное Знамя» газетіне алғашқы мақаласын жазған. Ал, 1954 ж. 17 жасында ауыл тілшісі болып, аудандық «Совет туы», «Красное Знамя», «Достық» газеттеріне өлеңдері мен прозалық әңгімелерін жариялаған. Жергілікті газет бетінде ауылдастарының мұң-мұқтажы, тұрмыс-тіршілігі жайында мақалалар жазған. Оның мақсаты – өмірден күдерін үзген жандардың рухын көтеру, өмірдің мәнін түсінуге жетелеу, әр адамның өмір сүруге құштарлығын ояту туралы кітап жазу еді. Тамара Георгиевна «Я люблю тебя, жизнь!» атты повесть жазды. Ол «Нива», «Простор», сондай-ақ, Ресей, Украина баспаларында жарық көрді.      

Шығыс Қазақстан облыстық «Рудный Алтай» газетінің штаттан тыс тілшісі болды.  

Қазақстан Компартиясы Зайсан аудандық комитеті және еңбекшілер депутаттарының аудандық атқару кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды (1955-1966).

 

 

 

Т. Г. Вязигинаның еңбектері

Труды Вязигиной Т. Г.

 

 

Вязигина, Т. Пал смертью героя [Текст] : [о подвиге Героя Советского Союза Баитова Семена Егоровича во время Великой Отечественной войны] / Т. Вязигина // Рудный Алтай. - 2001. - 8 мая. - С. 2.

Вязигина, Т. Родина моя [Текст] : [история Зайсана и Зайсан.края;в т.ч. история с.Кендерлык(Сартерек)] / Т. Вязигина // Рудный Алтай. - 1998. - 18 июня.

Егоров, А. Я люблю тебя,жизнь! [Текст] : [об одноименой рукописи зайсанской писательницы Т.Вязигиной] / А. Егоров // Рудный Алтай. - 1999. - 6 апр.

Вязигина, Т. Кендерлыкский выселок [Текст] : [история с. Кендырлык Зайсанского района] / Т. Вязигина // Семь дней. - 2010. - 28 окт. - С. 9.

Вязигина, Т. Край ты мой, зайсанский [Текст] : [история г. Зайсана] / Т. Вязигина // Семь дней. - 2009. - 19 ноября. - С. 8. ; 26 ноября. - С. 9.

 

 

Т. Г. Вязигина туралы әдебиеттер

Литература о Вязигиной Т. Г.

 

Жапаров, Б. Қазақтың құт қонған Зайсаны [Мәтін] / Б. Жапаров. –Өскемен : Рекламный Дайжест, 2011. – Вязигина Тамара Георгиевна: 119 б.

***

Егоров, А.  Я люблю тебя,жизнь! : [Об одноимен.рукописи зайсан.писательницы Т.Вязигиной] / Егоров А. // Рудный Алтай. - 1999. - 6 апр.

 

 

Интернет – сілтемелер

Интернет – ссылки

 

Вязигина Тамара Григорьевна [Электронный ресурс] // geum.ru  образовательный портал. – Режим доступа : http://geum.ru/next/art-35882.leaf-7.php (08.11.17)

Я люблю тебя, жизнь [Электронный ресурс] : [о Вязигиной Т. Г.] // Культура архив ВКО : сайт. – Режим доступа : http://cultura-arhiv.vko.gov.kz/ru/news.htm?id=000410&mode=print (08.11.17)

Я люблю тебя, жизнь [Электронный ресурс] : [о Вязигиной Т. Г.] // ЗОЖ : сайт. – Режим доступа : http://z0j.ru/article/a-4743.html (08.11.17)