Кашляк Виктор Николаевич (1951ж.), өлке танушы.
Виктор Николаевич Кашляк 1951 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавловск қаласында туған.Білімі -жоғары.
Жас кезінен бастап, Ертіс өңірінің Семей тарихымен әуестенген. Мәскеу, Омск, Алматы, Семей қалаларының мұрағаттарында зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 70-тен астам тарихи тақырыптағы мақалалар жазды.
Ол мақалалары Қазақстан Республикасы ғылыми мерзімді басылымдар бетінде жарық көрді.
2003 жылы Омск, Тюмень, Тобольск мұрағаттарындағы "Семей қаласындағы діни құрылыстарының тарихы" тақырыбындағы құжаттармен жұмыс істеді. Қала тарихы туралы ауқымды материалдар жинақтаған.
Алғашқы мақаласы 1965 жылы 21 февральдағы жергілікті "Иртыш" газетінде "Өлкетану материалдарын жинақтайық" деген атпен жарық көрген. XVIII-XIX ғасырлар аралығын қызыға зерттеген.
1998 жылы И.Г.Андреевтің "Қырғыз -қайсақтардың Орта жүз жазбалары" (Алматы, Ғылым; 1998ж.) атты кітабын құрастыруға қатысқан.
1999 жылы автордың "Семей көшелерінің шежіресі" атты кітабы шықты.
1999 жылы Семей қаласындағы "А.фон Гумбольдтың Ресейдегі жүріп өткен жолдары" атты экспедицияның жол көрсетушісі болды. Осы тақырып бойынша дайындаған мақаласы Қазақстан Республикасы ғылыми жинақтардың бірінде жарық көрді. .
2001 жылы фотосуретші В.Павлунин және дизайнер И.Рябухинмен бірлесе отырып, "Семей" атты мерекелік открыткалар жинағын шығарды, сол жылы "Семейдегі Воскресенск Соборы" атты буклет баспадан шықты.
2002 жылы қала тарихына арналған "Семей. Үш ғасыр тарихы" атты өзінің мақалалар жинағын басып шығарды.
Қазіргі уақытта автордың "Семей храмдары: өткені мен бүгіні" атты 612 беттен тұратын кітабы баспаға дайындалуда.
Харламов Прокопий Григорьевич (1888-1971) – Шығыс Қазақстанның байырғы тілшісі, ағартушы, өлкетанушы.
1888 жылы 25 наурызда Бийск губерниясы (қазір Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы) Александровка селосында шаруа отбасында дүниеге келген. Жас Прокопий Харламовқа Александровка селосына жер ауып келген мұғалім Алексей Максимович Угрюмовпен жақын араласуы ерекше әсерін тигізді. Ол П.Харламовты көркем және саяси әдебиеттер оқуға тартты.
Хабаровск қаласында әскери қызметін өтейді.
Әскерден кейін 1913 жылы Александровка, Орловка және Быструха селоларында шаруалар арасында маркстік-лениндік үгіт-насихат жүргізеді. Осындай үгіт-насихат жұмыстары үшін 1915 жылы змеиногорсккіде 3 айға қамауға алынды.
Кейін кооператив лавкасында сатушы бола жүріп, үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Сол үшін Барнаул түрмесіне қамалды. Дегенмен, абақтыдан Ақпан революциясының арқасында босап шықты.
Қазан төңкерісінен кейін, 1917 жылы Прокопий Георгиевич ауылдастары арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізді. Халық үйін ұйымдастырып, спектакльдер қойды, қабырға газеттерін шығарып, лекция-әңгімелер мен диспуттар өткізді.
1925 жылы Мәскеуге келіп, Н. К. Крупскаямен және Е. Ярославскимен кездеседі. Мәскеуден әліппелер, дәптерлер, балалар әдебиетін әкеліп, Александровка селосында ағартушылық жұмыстарын жүргізеді.
Клубты басқарып, «Крестьянская газета», «Лапоть», «Крокодил» газеттерін шығаруға жетекшілік етеді. Змеиногорск, Семей, Өскемен газеттеріне мақалалар жариялап тұрған.
1936 жылы қайтадан мұғалімдік қызметке келді.
1940 жылы 20 желтоқсанда «1939 жылғы совет-герман келісім-шартына қарсы үгіт жүргізгені үшін, анархистер Бакунин мен Кропоткин кітаптарын сақтағаны үшін» «халық жауы» ретінде тұтқынға алынады. 1941 жылы 12 наурызда он жылға бас бостандығынан айыру және құқығын жоюға үкім шығарылады.
Кейін денсаулығының нашарлауына байланысты еліне қайтарылады. Лагерьден соң Верх-Уба ауданының (қазір Шемонаиха ауданы) ара шаруашылығында жұмыс істейді.
Зейнетке шыққаннан кейін «Рудный Алтай» газетіне өлеңдер, повестер, очерктер, пьесалар, мысалдар жариялайды.
1971 жылы қайтыс болды.
1990 жылы 5 қаңтарда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Прокопий Григорьевич Харламов толығымен ақталды.
Деректер
Источники
Ларин, В. Сельский корреспондент [Текст] : [о просветителе из с. Александровка П. Г. Харламове] / В. Ларин // Большевик Алтая. – 1948. – 5 мая. – С. 2.
Обухов, В. Жизнь, прожитая набело [Текст] : [о писателе-восточноказахстанце Прокопии Харламове] / В. Обухов // Рудный Алтай. - 1990. - 11 августа.
Кратенко, А. Деревенский философ [Текст] : [просветитель П. Харламов из с. Александровка Восточно-Казахстанской области] / А. Кратенко // Рудный Алтай. - 1995. - 11 февраля.
Мусин, М. Человек, который Москву удивил [Текст] : к 90-летию "Рудного Алтая" / М. Мусин // Рудный Алтай. - 2007. - 29 ноября. - С. 2.
Лобановский Павел Дмитриевич (1857-1887) – әскери, әуесқой суретші, Қазақстан Алтайын зерттеуші.
1857 ж. дүниеге келген. Ростовта «Халық еркі» ұйымы әзірлеген мемлекеттік төңкеріске қатысқаны үшін жазаланып, Семейге жер аударылады. 1884-1887 жж. Семейде тұрған кезде Абай Құнанбаевпен танысады. 1887 ж. қарындашпен Абай портретін салады. Лобановскидің осы портреті оның ұлы ақын-ағартушымен таныс болғандығын дәлелдейтін тарихи құжат (Абай портреті әдеби-мемориалдық музей қорында сақтаулы).
(Кейбір деректер бойынша 1866 ж. дүниеге келген, қайтыс болған жылы белгісіз. Ағасымен түскен суретінде 1889 ж. көрсетілген).
Деректер
Источники
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Лобановский Павел Дмитриевич: б. 504.
Лобановский Павел Дмитриевич [Электрондық ресурс] // Уикипедия – ашық энциклопедия : сайт. - Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/Павел_Дмитриевич_Лобановский (16.01.2018)
Лобановский Павел Дмитриевич [Электрондық ресурс] // myheritage : сайт. – Режим доступа : https://www.myheritage.com/person-1000212_291539511_291539511/павел-дмитриевич-лобановский?lang=RU (16.01.2018)
Леонтьев Александр Викторович – Алтай өңірін зерттеуші, Семенов полкі лейб-гвардиясының подпоручигі. Саяси жер аударылған.
Александр Леонтьев 1881 жылы Петербург қаласында 5 кластық гимназияны, астана университетінің құқықтану факультетін бітірген. «За храбрость на сабле» деген жазуы бар 4-дәрежелі «Қасиетті Анна», «С мечами и бантом» деген арнайы жазуы бар 3 –дәрежелі «Қасиетті Станислав» ордендерімен марапатталған.
Далалық өлкеге, одан кейін Семей қаласына тау-кен институтының студенті С.П. Гудковпен бірге «Петропавлов бекінісінде отырған адамдармен байланысы үшін» жер аударылған.
Джорж Кеннан (солтүстік америкалық саяхатшы, репортер, зерттеуші 1885-1886 жылдары Ресей мен Сібір аймағына саяхат жасаған.) А. Леонтьевтің сырт келбетін: «Орта бойлы жасы 25 - тер шамасында, шашы ашық қызғылт қоңыр түсті, шошқа сақалды, келбетті бозбала. Көзқарасы ақылды, қыран тұмсықты, иегі жұмыр»- деп суреттеп жазған.
Леонтьев Семейге келе салысымен көшпенділердің өмір салтын, тарихын, этнографиясын т.б. қырларын белсене зерттей бастаған.
Дж. Кеннанның А. Леонтьевпен кездесуін Семей облыстық соты қызметін атқарған М. Маковецкий: «Осында сізге таныстыратын тағы бір ерекше саяси тұтқын бар (Американдық саяхатшымен ең алғаш танысқан талантты суретші П. Лобановский болатын, оны тіпті Америкаға шақырған еді.) - ол Леонтьев деген жас жігіт. Жергілікті сотта қызмет істей жүріп, қырғыздарға (қазақтарға) антропологиялық зерттеулер жүргізуде. Қазақтардың әдеп-ғұрып заңдарына арналған монография жазу үшін материалдар жинап жүр.»- деп суреттеген.
1885 жылы қаңтар айында Александр Викторович Екатерина Ивановна Михайловаға үйленеді.
Сол жылдың қазан айында білімділігі мен отбасылық жағдайын ескере отырып, губернетор оған Семей уездік сотына «ерікті жалдануға» рұқсат береді. Бұл уақытта оның Абаймен таныстығы шын достыққа жалғасқан еді. Абайдың Леонтьевпен алғашқы кездесуі жақын тәлімгерлері - оның ішінде Е.П. Михаэлис те бар, 1883 жылдың қыркүйегінде ашылған кітапханада өтуі мүмкін еді.
Оған мысал Дж. Кеннанның жоғарыда көрсетілген Леонтьевтің Абаймен кездесуін суреттейтін жолжазбалары. А. Леонтьев сияқты қатаң бақылаудағы «саяси қылмыскердің» қазақ тарихын зерттеуі тікелей Абайдың ықпалынсыз жүзеге асуы мүмкін емес еді. Оған нақты дәлел 1886 жылдың сәуір айында А. Леонтьевтің облыстық мұрағат материалдарын пайдалануға рұқсат сұрап, Семей полицмейстеріне хат жолдауы.
1886 жылдың 10 мамырында Семей облыстық әскери губернаторының резолюциясымен бір ай өткен соң Далалық генерал- губернатор Леонтьевтің өтінішін орындаудан бас тартады: «Губерния басқармасының ережелеріне сәйкес, саяси сеніміз адамдарға облыстық басқарма шенеуіктері пайдаланатын, шетел Министрлігі жағынан аса маңызды әрі құпия ақпараттары бар Семей облыстық басқармасының мұрағат материалдарын пайдалануға Леонтьевті жіберуден бас тартамын.- деп жазды Далалық өлкенің генерал –губернаторы, генерал лейтенант Г.А. Колпаковский.
А.В. Леонтьев 1884 жылы қыркүйекте үш жылға жер аударылған еді. Оның мерзімі 1887 жылы қыркүйек айында ақталуы керек болатын. 1886 жылдың 28 қаңтарында Леонтьевтің ішкі істер министрлігіне өзін Ташкент не Верный қалаларына ауыстыруды сұраған өтінішін полиция Департаменті мақұлдамады. Саяси сенімсіз, жер аударылған оның әйелі Екатерина Леонтьева өз мерзімі біткенмен күйеуінің мерзімі біткенше Семейде қалуға бел буады. А. Леонтьевтің одан арғы өмірі беймәлім. Кейбір мәліметтерге қарағанда А.В. Леонтьев С.С. Гроспен бірлесіп «Матеріалы для изученія юридическихъ обычаевъ киргизовъ» атты еңбекті жарыққа шығарған деседі.
Ол туралы
Литература о А.В. Леонтьеве
Альжанова, А. Б. Западная публицистика о казахах в период царизма [Текст] / Каз. нац. ун-т им. аль-Фараби.- Алматы: Қазақ университетi, 2011.- 122 с.
Ауэзова, Л. М. История Казахстана в творчестве М.Ауэзова [Текст] : Учеб.пособие / Ауэзова Л.М. - Алматы : Санат, 1997. - С. 240.
Касымбаев, Ж. Старший султан Кунанбай Оскенбаев и его окружение [Текст] : посвящается 200-летию со дня рождения Кунанбая Оскенбаева / Касымбаев Ж. - Изд. 2-е, перераб. - Алматы : Кітап, 2004. - 208 с.
Книги, которые читал Абай [Электронный ресурс] : Абай Кунанбаев : сайт. - Режим доступа:http://www.abay.nabrk.kz/index.php?page=content&id=78
Селевин Виктор Алексеевич (1905-1938 жж.) - зоолог- ғалым.
Семей (казіргі Шығыс Казақстан) облысы, Змеиногорск қаласында дүниеге келген. Семей мұражайында А.Н. Белослюдовтың жетекшілігінде жұмыс істеген. Томскі университетіне оқуға түсіп, кейін Ташкенттегі Орта Азия университетіне ауысып, аталған оқу орнын аяқтайды. 1936 ж. В. Селевинге диссертация қорғамай-ақ биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне зоология кафедрасының доценті болып тағайындалады.
1920 жылдың ортасынан Алтайдың батыс бөлігіндегі жануарлар әлемін зерттеген. Ертіс бастауын және Зайсан көлі мен Қара Ертісте сараншаның көбеюін зерттеген. Семей облысының оңтүстік аудандарына энтомологиялық экспедиция және Батыс Алтайдағы Семей мұражайының экспедициясы барысында көптеген материалдар жинаған. Бетпақдала сахарасындағы алғашқы кешенді экспедицияға, Алматы және Ташкент университеттері ұйымдастырған экспедицияға қатысқан. Сарыарқа таулы өлкесін зерттеумен де шұғылданған. Экспедиция нәтижесі қоғам қызығушылығын тудырып, көрнекті журналист Эль-Регистан, фотокорреспондент Г. А. Зельма және т.б. туындыларында көрініс тапқан. 1937-1938 жж. жасаған саяхаттары Бетпақдаланы толық зерттеуге мүмкіндік берді. Кинооператор Б. Пумпянский «Айтыс: Побежденная пустыня» (1939) фильмін түсірген. Экспедицияның негізгі нәтижесінде кеміргіштердің жаңа түрі табылған. Қарақастың бір түрі жерлес ғалым құрметіне Selevinia деп аталған. Кенеттен көз жұмған ғалымның зерттеу жұмыстары мезгілсіз аяқталды. Алматы қаласындағы бір көшеге жерлесіміздің есімі берілген.
В. А. Селевинның ғылыми еңбектері
Научные труды Селевина В. А.
Селевин, В. А. Гнездование белощекой крачки CHLIDONIAS HYBRIDUS под Семипалатинском [Текст] / В. А. Селевин // Русский орнитологический журнал. - № 714. - Том 20. - 2011. - С. 2513-2514.
Селевин, В. А. К залетам фламинго PHOENICOPTERUS ROSEUS под Усть-Каменогорск [Текст] / В. А. Селевин // Русский орнитологический журнал. - № 663. - Том 20. - 2011. - С. 1146.
Селевин, В. А. Залёты фламинго (Phoenicopterus ruber antiquorum) в Семипалатинскую губернию [Текст] / В. А. Селевин // Русский орнитологический журнал. - № 770. - Том 21. - 2012. - С. 1507-1513.
Селевин, В. А. Нахождение колпицы PLATALEA LEUCORODIA в Уймонской степи (Центральный Алтай) [Текст] / В. А. Селевин // Русский орнитологический журнал. - № 877. - Том 22. - 2013. - С. 1272-1273.
Авторларымен біріп шыққан басылымдар
Издания, вышедшие в соавторстве
Зверев, М. Конец белого пятна [Текст] : Бетпак дала / М. Зверев, В. А. Селевин. - Гос. изд-во геогр. лит-ры, 1960. - 95 с.
Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности
Попов, Ю. Г. Их помнит Сарыарка [Текст] / Ю. Г. Попов. - Алма-Ата : Казахстан, 1989. - 200 с.
Дурдыева, Г. След на земле Иртышской [Текст] : [о краеведческой встрече в библиотеке им. А. С. Пушкина] / Г. Дурдыева // Семь дней. - 2010. - 11 февраля. - С. 3.
Интернет - сілтемелер
Интернет – ссылки
Кошанаева, К. Сын Бетпак-Далы [Текст] : [Электронный ресурс] [биография] : сайт. – Режим доступа : http://cgaa.kz/index.php-option=com_content&view=article&id=125-2012-01-17-14-23-30&catid=10-2011-04-09-06-52-37&Itemid=26&lang=kz.htm
Проскурин, В. Н. Следопыт Бетпакдалы [Текст] : [Электронный ресурс] [биография] : сайт. – Режим доступа : http://vernoye-almaty.kz/studies/sledopyt.shtml
Селевин Виктор Алексеевич – покоритель пустыни Бетпак-Дала [Электронный ресурс] : [статья] : сайт. – Режим доступа : http://cgaa.kz/deyatelnost/internet-vystavki/19-k-110-letiyu-so-dnya-rozhdeniya-viktora-alekseevicha.html