Қайыпов Арықтай Қайыпұлы (1914-1993 жж.) – геолог-ғалым, Қазақстан ҒА академигі(1972), геология-минералдық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Павлодар облысы (қазіргі Қарағанды), Баянауыл ауданы, Қарақұдық жерінде дүниеге келген. Қазақ тау-кен металлургиялық институтын (қазіргі Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) аяқтаған соң, Шұбартау геологиялық партиясын басқарған. Қазақ тау-кен металлургиялық институтының аспирантурасын тәмамдағаннан кейін, ҚазССР ҒА-ның Геологиялық ғылымдар институтында кіші ғылыми қызметкер, сектор жетекшісі, директордың орынбасары, бөлім жетекшісі қызметтерін атқарған.
Металл саласының маманы А. Қайыпов Орталық Қазақстанда Ақмая сирек металл кен орнын ашқан. Ол Қаратау, Кенді Алтай, Шыңғыс-Тарбағатай құрылымдық-металлогениялық аймақтарына және Жоңғарияның барлық кеңестік бөліктеріне геология және металлогения бойынша ғылыми зерттеулер жүргізген.
Қазақстан мен Орта Азияның металлогениялық картасын құрастыру жұмыстарына жетекшілік еткен, Зырян кен орны геологиясының өзекті мәселелерін зерттеген және алғаш рет Кенді Алтай тарихында ірі масштабты Зырян-Бұқтырма ауданының металлогениялық болжау картасын құрастырған.
А. Қайыпов алғашқылардың бірі болып Кенді Алтайдағы ірі Малеев кен орнының ашылуына ат салысқан. Солтүстік Қазақстан мен Сарыарқа аудандарында жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде алтынның, мыстың, полиметалдың өндірістік кендерінің палеозойдағы жанартаулық жыныстармен байланыстылығы Қазақстан аумағында алғаш рет анықталды. Әлемдік тәжірибеде алғаш рет А. Қайыповтың жетекшілігімен «Металлогения Казахстана» 11 томдық монографиясы жарық көрген.
Ғалымның қатысуымен кен өндірісі, өңірлік металлогения, кен аудандары, орталықтары мен орындары жайлы 300-ден астам ғылыми жұмыс жазылып, 40 ғылым кандидаты мен төрт ғылым докторы дайындалған.
Халықтар достығы орденімен, медальдармен марапатталған. Алматы геологиялық ғылымдар институты ғимаратында мемориалды тақта орнатылған. Зырян қаласында академиктің құрметіне мемориалды тақта орнатылып, бір көшеге есімі берілген.
А. Қ. Қайыповтың ғылыми еңбектері
Научные труды А. К. Каюпова
Кітаптар – Книги
Каюпов, А. К. Геология Зыряновского полиметаллического месторождения[Текст] / А. К. Каюпов. - Алма-Ата, 1956.
Каюпов, А. К. Основные черты геологии и металлогении Зыряновского района и некоторых его рудных полей (Рудноалтайский полиметаллический пояс) [Текст] : доклад по сумме работ в качестве дис. на соискание учен. степени доктора геол.- минералогич. наук / АН КазССР. Ин-т геол. наук. - Алма-Ата, 1964. - 71 с.
Каюпов, А. К. Геология и металлогения Джунгарского Алатау. - Алма-
Ата: Наука, 1966. - 255 с.
Каюпов, А. К. О природе порфировых образований Рудного Алтая в свете генезиса Алтайских полиметаллических месторождений[Текст] / А. К. Каюпов. -Алма-Ата, 1977.
А. Қ. Қайыповтың қатысуымен шыққан кітаптар
Книги, вышедшие при участии А. К. Каюпова
Геология и минералогия полиметаллических и медных месторождений Южного Казахстана[Текст] / сост. А. К. Каюпов и др. - Алма-Ата: Наука, 1968. - 248 с.
Особенности тектоники ирудо-локализации на Снегиревском и Греховском месторождениях[Текст] / сост. А. К. Каюпов и др. - Алма-Ата, 1975. - С.88-90.
Проблемы генезиса колчеданно-поли металлических месторождений Рудного Алтая[Текст] / сост. А. К. Каюпов и др. - Алма-Ата, 1977. - С. 129-141.
Проблемы магматической геологии Зайсанской складчатой области [Текст] сост. А. К. Каюпов и др. - Алма-Ата,1981. - С. 155-164.
Металлогения Казахстана[Текст] / сост. А. К. Каюпов и др. - Алма-Ата : Наука, 1982.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Каюпов, А. К. ГеологияЗыряновскогополиметаллического месторождения [Текст] / А. К. Каюпов // Полиметаллические месторождения Рудного Алтая. - М., 1957. - С. 213-360.
Каюпов, А. К. Металлогения месторождений цветных металлов Казахстана [Текст] / А. К. Каюпов // Проблемы геологии Казахстана. - 1968. - С. 163.
Каюпов, А. К. Основные гипотезы о генезисе колчеданно-полиметаллических месторождений Рудного Алтая[Текст] / А. К. Каюпов // Проблемыгенезиса колчеданно-полиметаллических месторождений Рудного Алтая. - Алма-Ата,1977. - С. 25-39.
Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности
Қазақ жерінің зиялы азаматтары = Почитаемые люди земли Казахской [Мәтін] : серия биографических сборников. Кн. 1. - Алматы : Дәуір, 1999. - Арыктай Каюпович Каюпов: с. 233-234.
Қазақстан ғылымы [Мәтін] : энциклопедия. Т. 2 : Қ -Я. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2010. - Қайыпов Арықтай: б. 62.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. - Қайыпов Арықтай: б. 430.
***
Нурлыбаев, А. Н. Академик А. К. Каюпов и развитие минерально-сырьевой базы цветной металлургии Республики Казахстан [Текст] / А. Н. Нурлыбаев, НАН РК, Министерство геологии и охраны недр РК, ИГН им. К. И. Сатпаева. - Алматы, 1994. - 20 с.
Каюпов Арыктай Каюпович[Текст] :биобиблиографический указатель. - Алматы : Научная библиотека РГП «Ғылым ордасы», 2014. - 106 с.