Панин Михаил Сергеевич (1940 ж.) –қоғам қайраткері, биология ғылымдарының докторы, профессор.
1940 жылы Семей облысы Бородулиха ауданы Камышенка селосында дүниеге келген. 1957 жылы Н. Островский атындағы орта мектепті бітірді. 1963 жылы Семей педагогика институтының (қазар Шәкәрім ат. Семей мемлекеттік университеті) биология-химия факультетін аяқтайды, осы оқу орнында оның еңбек жолы басталды.
М. С. Панин ассистенттік қызметтен бастап, оқу орнының бірінші басшысы дәрежесіне дейінгі жолдан өтті. 1971-1988 жж. химия кафедрасын басқарды, 1971-1988 жж. биология-химия факультетінің деканы, оқу ісінің проректоры, 1985 -1995 жж. – педагогика институтының ректоры, 1995-1997 жж. – «Семей» Мемлекеттік университетінің ректоры, 1997-2004 жж. – Шәкәрім ат. Семей мемлекеттік университетінің бірінші ректоры, 2004- 2005 жж. – оқу ісінің проректоры, ал, 2005 ж. бері – Семей мемлекеттік педагогика институтының ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс бойынша проректоры, экология-химия және география пәндері кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
М. С. Панин Қазақстан биосферасы химиялық элементтері миграциясын оқып-үйрену саласы бойынша жетекші ғалым болып табылады.
М. С. Панин – шетелдік, республикалық, оқу орны басылымдарында жарияланған бес ірі ғылыми монография, 1300 аса ғылыми еңбек, 190 астам жоғары мектеп мәселері бойынша ғылыми-әдістемелер авторы, олар «Казахстанское образование: взгляд ученого, педагога, руководителя» (2009 ж.) жинағында жарияланды.
М. С. Паниннің басшылығымен оқу орнында ірі ғылыми мектеп, экология кафедрасы құрылды, кафедра ғалымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ядро орталығы, алдыңғы қатарлы оқу орындары мен ТМД-нің ғылыми орталықтары, қоршаған ортадағы ауыр металдар мен радионуклеидтерді зерттейтін алыс шетелдермен тығыз байланыста қызмет етеді.
М. С. Панин жүргізген ғылыми зерттеулердің экология, биогеохимия, гидрохимия, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, топырақтану, агрохимия т.б. ғылымдардан алатын теориялық және қолданбалы мәні үлкен.
М. С. Паниннің бастамасымен Семей қ. алты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды (2000, 2002, 2004, 2006, 2008, 2010 жж.) Конференцияға ТМД елдері, шетелдік және Қазақстан Республикасы ғалымдары қатысты
М. С. Панин У. У. Успанов ат. Топырақтану және агрохимия Институты (Алматы қ.) жанындағы Д 53.21.01. диссертациялық докторлық кеңес мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым Комитетінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми сарапшысы, «Ізденіс = Поиск», «Қазақстанның биология ғылымдары = Биологические науки Казахстана», «Экосфера», «Семей мемлекеттік педагогикалық институты хабаршысы = Вестник Семипалатинского государственного педагогического института», «Ұлттық ядро орталығының хабаршысы = Вестник Национального ядерного центра», «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті хабаршысы = Павлодарского государственного университета им. С. Торайгырова», «Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті хабаршысы = Вестник Семипалатинского государственного университета им. Шакарима», Международного научного журнала «Мир науки, культуры, образования» халықаралық ғылыми журналs, «Экологическое образование в Казахстане» журналы т. б. ғылыми журналдардың редакция алқасының мүшесі болды.
Оның басшылығымен «Экология», «Геоэкология» мамандықтары бойынша 5 докторлық, 32 кандидаттық және 54 магистрлік диссертация қорғалды.
Оның бастамасы және тікелей басшылығымен 2006 жж. бері институтта халықаралық «Проблемы биогеохимии и геохимической экологии» атты үш тілді Халықаралық журнал шығады.
«Құрмет белгісі» (1976) ордені, «Достық» (2010), «Ерен еңбегі үшін» медальдары. «В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына» (1970), «Еңбек ардагері» (1989), Ы. Алтынсарин атындағы медаль (1991), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Орыс тілін оқытып-үйрету және мәдени мұраны сақтау, тарату, ұлттар мен халықтар мәдениетін жақындатуға қосқан зор үлесі үшін, Ресей Федерациясы Президенті В.В. Путиннің бұйрығымен Пушкин медалімен марапатталды (2007). М. С. Панин «Әлемнің жетекші ғалымдары» сыйлығының номинанты ретінде «Ведущие Ученые Мира - 2007» медалі, «Химическая экология» оқулығы үшін А. Байтұрсынов медалі, Ресей Жаратылыстану Академиясы Президиумының шешімімен Н. И. Вавилов атындағы медалімен марапатталды. Келесідей құрмет грамоталарының иегері: Кәсіподақтардың Бүкілодақтық орталық кеңесі президиумының (1987), Кәсіподақтардың Қазақ республикалық кеңесі президиумының (1987), Білім және ғылым министрлігі қызметкерлерінің республикалық кәсіподақ комитетінің (1990), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (2000 ж.; 2010 ж.), Шығыс Қазақстан облысы әкімінің (2000; 2005; 2010), Қазақстан Республикасы Президентінің (2005); келесідей құрметті атақтар иегері: «Қазақ ССР-і жоғары мектебіне еңбек сіңірген қызметкер » (1987), «Семей қ. Құрметті азаматы» (1997), «Бородулиха ауданының құрметті азаматы» (2010);төсбелгілері: «Қазақ ССР-і халық ағарту үздігі» (1974; 1977), «Социалистік жарыс жеңімпазы» (1973; 1976; 1977), «СССР-дің азаматтық қорғаныс үздігі» (1986), «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» (1996), «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» (2004), Ресей шетелдер орталығының «За вклад в дело дружбы» (2006); Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарымен марапатталды (2008; 2010; 2011).
М. С. Панин Ғылым мен техниканы дамытуға қосқан зор үлесі үшін, ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері (2000, 2010), «Үздік оқытушы» мемлекеттік гранты, «Золотой фонд Отечественной науки» сериясының «Золотая кафедра России» дипломының иегері.
М. С. Панин жыл сайын оқушылардың экология бойынша ғылыми жобаларына жетекшілік жасайды, олардың бірқатары қалалық, облыстық, республика және халықаралық олимпиада сыйлығының иегері болды.
М. С. Паниннің ғылыми еңбектері
Научные труды М. С. Панина
Панин, М. С. Тестовые задания по аналитической химии [Текст] : теория и практика / М. С. Панин. – Семипалатинск, 1997. - 234 с.
Панин, М. С. Экология почв [Текст] / М. С. Панин. - Алматы : Раритет,2008. - 528 с.
Панин, М. С. Экология Казахстана [Текст] : учебник / М. С. Панин. - Семипалатинск : Семипалатинский гос. пед. ин-т, 2005. - 548 с.
Панин, М. С. Казахстанское образование: взгляд ученого, педагога, руководителя [Текст] / М. С. Панин; под. ред. Е. Б. Сыдыкова. - Алматы : Раритет, 2009. - 615 с.
Панин, М. С. Химическая экология [Текст] : [учебник для вузов] / М. С. Панин. - Семипалатинск, 2002. - 852 с.
Панин, М.С. Тестовые задания по аналитической химии [Текст] : теория и практика / М.С. Панин. - Семипалатинск, 1997. - 231 с.
Панин, М. С. Вечное утро в душе [Текст]. - Семипалатинск, 2005. - 204 с.
Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары
Публикации в периодических изданиях и сборниках
Панин, М.С. О некоторых концептуальных положениях экологической безопасности производств и химическом загрязнении окружающей среды [Текст] / М.С.Панин // Вестник КазНУ. Серия: Химическая. - 2011. - № 3. - С. 241-244.
Панин, М. С. Актуальные экологические проблемы - в общественное сознание Казахстана [Текст] / М. С. Панин // Вести Семей. - 2012. - 10 апреля. - С. 4; 17 апреля. - С. 4
Панин, М. С. Эпоха ноосферы [Текст] / М. С. Панин // Спектр. - 2012. - 4 июля. - С. 8.
Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности
М. С. Панин: человек - наука - судьба [Текст] : юбилейный биобиблиографический справочник. - Алматы : Раритет, 2010. - 236 с.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. - Панин Михаил Семенович: б. 611.
Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық.Т. 2 : Қ-Я. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2012. - Панин Михаил Семенович: б. 273.
Есенжолов, Е. Педагог, ғалым, қоғам қайраткері [Мәтін] : [Шәкәрім атындағы университеттің ұстазы, жаратылыстану ғылымдарының академигі Панин М. С. 60 жаста] / Е. Есенжолов // Семей таңы. - 2000. - 3-9 ақпан.
Әліәкбар, С. Қазақстан ғылымының таңшолпаны [Мәтін] : [жерлесіміз СМПИ-дің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, академик М. С. Панин жайлы] / С. Әліәкбар // Аудан тынысы. - 2010. - 5 ақпан.- Б. 3.
Тәлтенов, А. Кемелдікке жол тартқан ғұмыр [Мәтін] : [Шәкәрім атындағы университеттің ұстазы, биология ғылымдарының докторы Панин М. С. 60 жаста] / А. Тәлтенов, Қ. Бибеков // Семей таңы. - 2010. - 4 ақпан. - Б. 4; Ертіс өңірі. - 2010; 22 желтоқсан. - Б. 1; Семей таңы. - 2012; 22 мамыр. - Б. 2.
Қуанғалиева, А. Паниннің еңбегі алтын медальмен бағаланды [Мәтін] : [профессор М. Панин биогеохимия саласындағы іргелі зерттеулері үшін сапа дипломымен және алтын медальмен марапатталды] / А. Қуанғалиева // Дидар. - 2013. - 16 қаңтар. - Б. 1.
***
Ержанов, Н. Новая книга профессора Панина [Текст] / Н. Ержанов // Вести Семей. - 2012. - 17 января. - С. 3.
Шайхынова, А. Золотая награда Михаилу Панину [Текст] / А. Шайхынова // Вести Семей. - 2013. - 11 января. - С. 2.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
http://www.famous-scientists.ru/10620/
http://www.centrasia.ru/person2.php?st=1257668200
http://www.arnapress.kz/culture/44484
http://kp.kazpravda.kz/k/1152078625/2005-03-03