Мұтанов Ғалымқайыр (1957 ж.) – техника ғылымдарының докторы, профессор, оннан аса халықаралық академия академигі.
1957 жылы 27 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Белтерек ауылында дүниеге келген. 1979 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазір Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті) бітірген. Еңбек жолын Рудененск индустриалды институтында бастап, онда 1979-1994 жылдары ассистент, оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Мәскеудің болат-қорытпа институтында екіжылдық ғылыми тәжірибеден өткен (1980-1982). Мәскеу мемлекеттік тау-кен университетінің аспирантура және докторантурасын бітірген (1983-1986). Кандидаттық және докторлық диссертациясы жасанды интеллектіні пайдалана отырып, технологиялық процестерді автоматты басқару тақырыбына арналды. Ғалымқайыр Мұтанов 36 жасында техника ғылымдарының ең жас докторы, техникалық және әлеуметтік-техника саласының белгілі ғалымы атанды. 1995 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды. Мұтановтың басшылығымен Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 7 жыл бойы елімізде және елімізден тысқары жерлерде үздік оқу орны ретінде танылды. 2002 жылы Ғалымқайыр Мұтанов ҚР Білім және ғылым саласының алғашқы вице-минстрі болып тағайындалды. Ол бұл қызметте білім мен ғылымды жаңғырту ісіне, Қазақстанның әлемдік білім және ғылыми кеңістігіне кірігуіне елеулі үлесін қосты. 2003 жылы Ғ.Мұтанов Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры болып тағайындалды. Оқу орнында қысқа мерзім арасында жүргізілген инновациялық өзгерістер өңірдің жаңа бағытта тиімді дамуына ықпалын тигізді. Елімізде тұңғыш рет инновациялық жоғары оқу орны – «университет-технопарк» үлгісі жүзеге асты. 2010 жылы Ғ.Мұтанов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.
Ғ. Мұтанов оннан аса халықаралық академияның академигі, 400 ден аса ғылыми публикация авторы, соның ішінде 20 дан аса АҚШ, Чехия, Швеция, Германия, Швейцарияда жарық көрген әлеуметтік-экономикалық, техникалық процестер мен жүйелер саласы бойынша әдістемелік құралдар, монографиялар, оқулықтардың авторы; 40 тан аса патенттер мен өнертабыстар авторы болып табылады.
Ғ.Мұтанов жасанды интеллектіні қолдану, сараптамалық жүйелер негізінде техникалық және әлеуметтік-экономикалық саласын басқару бойынша ғылыми мектеп құрды. 2014 жылы әлемге танымал «Шпрингер» баспасы автордың еңбегін бағалап, «Mathematical Methods and Models in Economic planning, Management and Budgeting» атты кітабын шығарды.
Ғ. Мұтановтың басшылығымен 4 докторлық және 30 дан аса кандидаттық және 3 PhD диссертация қорғалды.
«Парасат» (2006) және 3-дәрежелі «Барыс» (2014) ордендері; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерекелік медальдары; «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасы Президентінің Ерекше белгісі» төсбелгілерімен марапатталған.
Құрметті атақтары: «ҚР ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер», ҚР құрметті инженері, вице-президент және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі,Қазақстан Жоғарғы мектебі Ұлттық ғылым академиясының президенті,Бүкіләлемдік Өнер және Ғылым Академиясының мүшесі (The World Academy of Art and Science),Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубының вице-президенті,«Техникалық жоғарғы оқу орнының европалық оқытушысы»,ҚР ҰҒА-ның белгілі ғалымдарға арналған гранты,IGIPХалықаралық инженерлік педагогика қоғамының Орталық-Азия бөлімінің президенті және мониторинг комитетінің мүшесі (Швейцария),Халықаралық Университеттер Президенттері Ассоциациясының Мүшесі (International Association of University Presidents),Халықаралық эконометрия қоғамының мүшесі (Econometric Society), Корольдік Экономикалық қоғамының мүшесі (Royal Economic Society).
Шетелдік марапат иегері:Академиялық пальма орденінің кавалері (Франция) және Ерекше қызмет орденінің иегері (Польша).Қоғамдық ұйымдар марапаттары:«Ғылым және білім беру ісіндегі ерен жетістіктері үшін», Жоғарғы мектептің Халықаралық ғылым академиясының атаулы алтын медалі, Жаратылыстану ғылымдары Қазақ Ұлттық Академиясының алтын медалі,М. Кюри алтын медалі, ТМД ордені (Мәскеу), Халықаралық библиография орталығының күміс медалі (Кембридж), «Біріккен Еуропа» алтын медалі (Оксфорд),«Ғылымдағы есім» халықаралық марапаты (Оксфорд), Лиссабон жоғарғы инженерлік институтының «Ғылым және инновациядағы ерен жетістіктері үшін» медалі (Португалия), Бехешти университеті медалі (Иран), Иордания ғылым және технология университетінің медалі.
Ғ. М. Мұтановтың шығармалары
Произведения Г. Мутанова
Кітаптар - Книги
Мұтанов, Ғ. Жан жылуы [Мәтін] / Ғ. Мұтанов. - Алматы : Қазақ университеті, 2017. - 128 б.
Мұтанұлы, Ғ. Жаһанға жаңа тұрпатты университеттер керек [Мәтін] / Ғ. Мұтанұлы // Қазақ әдебиеті . - 2019. - 15 наурыз.- Б.6-7; 20-21.
Мұтанұлы , Ғ. Жаһанға жаңа тұрпатты университеттер керек [Мәтін] / Ғ. Мұтанұлы // Қазақ әдебиеті. - 2019. - 15 наурыз.- Б.6-7
Мұтанұлы, Ғ. Әл-Фарабидің әлемдік өркениетте алар орны ерекше [Мәтін] : сұхбаттасқан Р. Нұғманбекова / Ғ. Мұтанұлы // Дидар. - 2020. - 21 шілде.- Б.4.
Мұтанов, Ғ. Ғұлама [Текст] : [ғалым Ақжан Жақсыбекұлы Машанов туралы] / Ғ. Мұтанов // Егемен Қазақстан. - 2021. - 29 желтоқсан.- Б.7
***
Мутанов, Г. Образование. Наука. Инновации [Текст] / Г. М. Мутанов. - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГТУ, 2010. - 226 с.
Авторларымен бірігіп шыққан басылымдар
Издания, вышедшие в соавторстве
Мутанов, Г. М. Теория графов [Текст] : Учеб. пособ. для математических спец. вузов / Г. М. Мутанов, Р. А. Акбердин. - Алматы : Рауан, 1999. - 256 с.
Мутанов, Г. М. Математическое моделирование бюджета [Текст] / Г. М. Мутанов, А. У. Шинтемирова. - Астана, 2008. - 176 с.
Мутанов, Г. М. Синтез адаптивных алгоритмовиуправления непрерывными технологическими процессами [Текст] / Г. М. Мутанов, Д. Ж. Сыздыков, Ж. Ш. Узденбаев , М. К. Кылышканов . - Усть-Каменогорск, 2006. - 146 с.
Ғ. М. Мұтановтың қатысуымен шыққан басылымдар
Издания, вышедшие при участии Мутанова Г. М.
Кенжеғали Сағадиев [Мәтін] / Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; бас ред. Ғ. М. Мұтанов; ред.: Г. Бекбердиева, А. Шуриева. - Алматы : Қазақ университеті, 2012. - 356 б. - (Өнегелі өмір).
Ғ. М. Мұтановтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары
Публикации Мутанова Г. М. в периодических изданиях и сборниках
Мұтанов, Ғ. М. Дамудың даңғыл жолдары [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Дидар. - 2005. - 15 наурыз. - Б. 2.
Мұтанов, Ғ. М. Білім экономикасының көшбасшысы [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Дидар. - 2008. - 25 қыркүйек. - Б. 5.
Мұтанов, Ғ. М. Инновациялық университеттің үлгісін жасадық [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов; сұхбат. У. Тоқпатаев // Дидар. - 2010. - 26 сәуір. - Б. 5.
Мұтанов, Ғ. М. Жолдасбеков дәстүрі жалғасын табады [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Ақиқат. - 2011. - № 4. - Б. 35-38.
Мұтанов, Ғ. М. Биік парасат иесі [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Егемен Қазақстан. - 2012.- 27 қаңтар. - Б. 5. - Ғалым, түсті металдар маманы Ә. Ә. Әшімов туралы.
Мұтанов, Ғ. М. Қош болыңыз, асыл ұстаз, ғұлама ғалым аға! [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Егемен Қазақстан. - 2012. - 10 қаңтар. - Б. 9. - Ғалым Мейірхан Мүбәракұлы Әбділдин туралы.
Мұтанов, Ғ. М. Ұлағатты ұстаз, зиялы ғалым және қоғам қайраткері, академик С. Сатубалдинге - 75 жас [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы = Вестник КазНУ. Серия экономическая. - 2012. - № 2. - Б. 148.
Мұтанов, Ғ. М. Өмір мұраты [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Егемен Қазақстан. - 2013. - 18 мамыр. - Б. 5. - Химия ғылымдарының докторы, академик Еренғайып Шайқұтдінов туралы.
Мұтанов, Ғ. М. Тұңғыш университет [Мәтін] : қазақ елінің білімі мен ғылымының алтын діңгегіне айналып отыр / Ғ. М. Мұтанов // Егемен Қазақстан. - 2014. - 16 қаңтар. - Б. 4. - Әл-Фараби атын. ҚазҰУ-ға 80 жыл.
Мұтанов, Ғ. М. Келешекке кемел қадам [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Егемен Қазақстан. - 2014.- 17 мамыр. - Б. 5. - Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына орай.
Мұтанов, Ғ. М. Азамат. Қайраткер. Ғалым [Текст] / Ғ. М. Мұтанов // Егемен Қазақстан. - 2016. - 29 сәуір. - Б. 11. - Физика-математика ғылымдарының докторы, академик Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов - 70 жаста.
Мұтанов, Ғ. М. Асыл мұра [Мәтін] / Ғ. М. Мұтанов // Айқын. - 2016. - 1 наурыз. - Б. 5. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде академик Ө. Жолдасбековтің 85 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті.
Мұтанұлы, Ғ. Қарыз бен парыз [Текст] / Мұтанұлы Ғалымқайыр // Қазақ әдебиеті . - 2017.- 6 - 12 қазан. - С. 12
Мұтанов Ғ. Ғылым мен технологияның төл таңбасы [Текст] / Мұтанов Ғалым // Егемен Қазақстан . - 2017.- 25 қыркүйек. - С. 3
***
Мутанов, Г. М. С уважением к прошлому, с энтузиазмом в будущее [Текст] / Г. М. Мутанов // Рудный Алтай. - 2003. - 8 ноября. - С. 1-2.
Мутанов, Г. М. Инновационный университет - это реальность [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2005. - 8 октяьря. - С. 7.
Мутанов, Г. М. Ориентиры инновационного пути [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2006. - 2 марта - С. 4.
Мутанов, Г. М. Важный шаг политической модернизации [Текст] / Г. М. Мутанов // Рудный Алтай. - 2007. - 26 мая. - С. 2.
Мутанов, Г. М. К "умной экономике" через умное образование [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2007. - 15 марта. - С. 7.
Мутанов, Г. М. Когда перспектива становится реальностью [Текст] : [интервью с ректором ВКГТУ] / Г. М. Мутанов; вел С. Г. Байменов // Современное (столичное) образование. - 2010. - № 2. - С. 20-25.
Мутанов, Г. М. Глобальная модель прогресса [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2012. - 13 сентября. - С. 7. - Об идее Общества Всеобщего Труда.
Мутанов, Г. М. Жизнь посвятил науке [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2012. - 10 января. - С. 8. - Памяти академика Мейрхана Абдильдина.
Мутанов, Г. М. Кадры для устойчивого развития [Текст] : идеи Президента страны о глобальной энергоэкологической стратегии получают свою реализацию / Г. М. Мутанов; беседу вела О. Малахова // Казахстанская правда. - 2012. - 8 июня. - С. 13. - Беседа с ректором КазНУ им. аль-Фараби.
Мутанов, Г. М. Символ новой эпохи [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2013. - 6 июля. - С. 5. - О 15-летии Астаны.
Мутанов, Г. М. По глобальным проблемам человечества [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2014. - 4 ноября. - С. 9. - О предстоящей междунар. конференции в КазНУ им.Аль-Фараби.
Мутанов, Г. М. Форпост образования и науки Казахстана [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2014. - 28 января. - С. 6. - К 80-летию со дня основания КазНУ им.Аль-Фараби.
Мутанов, Г. М. Международное признание [Текст] / Г. М. Мутанов // Казахстанская правда. - 2016. - 5 июля. - С. 3. - Об избрании Казахстана членом Совета Безопасности ООН.
Мутанов, Г. Патриарх юридической науки [Текст] / Г. Мутанов // Казахстанская правда. - 2017.- 13 октября (№ 197). - 6. - К 90-летию академика НАН РК, профессора КазНУ им. Аль-Фараби Султана Сартаева.
Ғ. М. Мұтанов туралы әдебиеттер
Литература о Мутанове Г. М.
Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені=Кто есть Кто=Who is Who 2004-2006 [Текст] : анықтамалық. Т. 2. - Алматы : Золотой теленок, 2006 - Мутанов Галимкаир Мутанович: с. 405-406.
Путь длиною в 50 лет [Текст] : (история и люди). - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГТУ, 2008. - Мутанов Галимкаир Мутанович: с. 8.
Қазақстан ғалымдары [Текст] : энциклопедия. Т. 1. - Алматы : Инновациялық технология- лар институты, 2015. - Мутанов Галимкаир Мутанович: б. 161-162.
Замандас келбеті [Мәтін] : ғұмырбаян / құраст.: Б. Жақып, Д. Дүйсебаев, Ғ. Мұқанова. - Алматы : Қазақ университеті, 2017. - 307 б.
Мақалалар - Статьи
Қонарбайұлы, А. Ұлттық басылым һәм ұлт мүддесі [Мәтін] : ["Айқап" журналы, "Қазақстан" газетінің шыққанына 100 жыл] / А. Қонарбайұлы // Жас қазақ. - 2011. - 29 сәуір. - Б. 1. - Мұтанов Ғ. М. туралы ақпараты бар.
Аманжол, Қ. ҚазҰУ жұмысына жоғары баға [Мәтін] / Қ. Аманжол // Егемен Қазақстан. - 2015. - 28 мамыр. - Б. 2. - Мұтанов Ғ. М. туралы ақпараты бар.
Түрік тіліне аударылды [Мәтін] // Қазақ әдебиеті. - 2015. - 12 - 18 маусым. - Б. 2. - ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың "Заман рухымен тілдесу" атты өлеңдер жинағы түрік тілінде жарық көрді.
Тоқбай, Е. Ғылыми білім беру орталығы ашылады [Мәтін] / Е. Тоқбай // Егемен Қазақстан. - 2016. - 20 қыркүйек. - Б. 7. - Әл-Фараби атын.ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов Катар мемлекетінің білім министрі Мұхаммед әл-Хаммадимен кездесіп, ҚазҰУ мен Катардың ЖОО арасындағы серіктестік мәселелерін талқылады.
Торманов, Н. Екі елдің білім ордасы байланысты нығайтады [Мәтін] / Торманов Нұртай // Айқын. - 2016. - 25 ақпан. - Б. 4. - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғ. Мутановтың бастауымен арнаулы делегация М. Ломоносов атын. ун-тінің ректоры, В. Садовничийдің шақыруымен Мәскеуде болды.
***
Сарин, Г. Ректор ВКГТУ им. Д. Серикбаева - Галимкаир Мутанов [Текст] / Г. Сарин // Рудный Алтай. - 2003. - 29 июля. - С. 1.
Открыт клуб Абая [Текст] : [о Мутанове Г. М.] // Деловой Усть-Каменогорск. - 2005. - 21 января. - С. 7.
Избран от стран Центральной Азии [Текст] // Рудный Алтай. - 2007. - 12 июля. - С. 3. - Кандидатура ректора ВКГТУ им. Д. Серикпаева профессора Г. Мутанова выдвинута в правление Международной федерации обществ инженерного образования (IFEES).
Слово о своем руководителе [Текст] : [о Мутанове Г. М.] // Рудный Алтай. - 2007. - 27 марта. - С. 3.
Пугасов, М. Вуз как горнило инноваций [Текст] : [о ректоре ВКГТУ им. Д. Серикбаева Галыме Мутанове] / М. Пугасов // Казахстанская правда. - 2010. - 7 окт. - С. 1, 4.