Известные имена

Қартаева А. М.

Қартаева Айжан Маратбекқызы

Қартаева Айжан Маратбекқызы (1975 ж.) - филология ғылымдарының докторы, абайтанушы-ғалым, профессор.

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Шілікті ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы мектеп-интернатын алтын медальмен бітірген. 1992-1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін қызыл дипломмен тәмамдаған. 1996-1998 жылдары ШҚМУ-да «Әдебиеттану» мамандығы бойынша магистратураны үздік аяқтады.

1998 жылдан бері С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы; аға оқытушысы; доценті, кафедраның профессоры. 2017-2019 ж.ж. Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгеушісі міндетін атқарды. 2019 ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры.

2002 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде «Абай мұрасы Әуезов шығармашылығында» (“Абай жолы” роман-эпопеясы негізінде) деген тақырыпта кандидаттық диссертация, 2010 ж. Алматы қаласындағы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Абай мен М. Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

Әдебиеттану, абайтану, әуезовтану, Шығыс Қазақтан өңірінің әдеби мұралары саласында 250-ден аса ғылыми-әдістемелік, әдеби-танымдық мақалалардың, соның ішінде 4 монография, 12 оқу құралы, 2 электронды оқу құралы, 4 оқу-әдістемелік құралдың авторы.

Ғалымның абайтану мен әуезовтануға арналаған «Абай мұрасы «Абай жолы» роман-эпопеясында» (2005), «Абай мен Мұхтар Әуезов: рухани сабақтастық пен көркемдік тұтастық» (2010), «Абай және Әуезов: ұлылар үндестігі» (2012), «Тәуелсіздік кезеңіндегі абайтану» (2016), «Абайтану». Таңдамалы еңбектер. XLI том / Абай мен Мұхтар Әуезов әлеміндегі рухани сабақтастық (2020) монографиялары, «Абай мен Әуезов үндестігін оқыту технологиясы» (2001), «Абай мен Әуезов шығармашылығындағы үндестік» (2007), «Абайтану дәрістері» (2013), «Мұхтар Әуезовтің шығармашылық әлемі» (2013), «Абайтану және Әуезовтану дәрістері» (2015), «Абайтану» (2015), «Абайтану негіздері» (2017), «Абайдың толық адам ілімін оқыту» (2020) т.б. оқу құралдары жарық көрген.

ЖОО студенттері мен магистранттарына арналған «Шығыс әдебиеті» (2003), «Қазақ әдебиетінен курс және диплом жұмыс-тарын жаздыру» (2005), «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылардың ғылыми-шығармашылық жұмыстары» (2007), «Әдеби өлкетану» (2016) атты оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген. «Таулар ұйықтамайды» (2019) атты Х.Балшабековтың таңдамалы өлеңдер жинағын құрастырушы. Қазақстан халқы ассамблеясы ҚЭЗИ қолданбалы этносаяси зерттеу институтының тапсырысы бойынша «Әлемді аялаған сөз» (2020) атты Қазақстан этностарының өкілдеріне арналған Абай туралы кітапты құрастырушы.

ШҚО бойынша жалпы білім беретін мектептердің 5-8 сыныптарына арналған «Абайтану» курсы мен «Мұғалім кітабының» авторы (2020).

Республикалық Абай желілік мектептерінің 5-11 сыныптарына арналған «Абайтану» бағдарламасының авторларының бірі (2020).

«2012 жылдың ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік Грантының иегері ретінде өз бастамасымен 28-29 наурызда 2013 жылы Ресейдің Барнаул қаласында И. И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінде «Білім берудегі коммуникативті технологиялар: жетістіктері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференция жұмысының нәтижелері бойынша 2 томдық баяндамалар жинағын шығарды. Ресейдің Барнаул қаласында тұңғыш рет қазақ тілінде өткізілген конференцияның тарихи мәні зор болды.

Қаламыздағы Абай ескерткішінің орнатылуы туралы облыс әкіміне ұсыныс жасаған белгілі ұстаз Қ. О. Бітібаева, абайтанушы философ ғалым Е. И. Григорьев, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Р.Дауытова сынды азаматтармен бірге құжат дайындады. 2013 жылы осы ескерткіштің алдында орналасқан аллеядағы тасқа жазылған Абайдың қарасөздерін саралап, афоризмдерінің үш тілдегі нұсқасын әзірледі. 2015 жылы А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Біздің Абай» атты электрондық кітапханаcын құрастырушы авторлардың бірі болды.

2012 оқу жылынан бастап университеттің бірнеше мамандықтарына тұңғыш рет «Абайтану», «Әдеби өлкетану» пәнін енгізді. 2013 жылдан бері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы ШҚО бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының тыңдаушыларына арналған Абайтану курсының бағдарламасын жасап, облыс, республика мұғалімдеріне дәріс оқыды.

А.М. Картаеваның ұйымдастыруымен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қ.Бітібаева атындағы оқу-әдістемелік дәрісхана» (2015) ашылды.

4-7 қаңтар 2017 ж. Алматы облысының мектеп мұғалімдеріне арналған «Қ.Бітібаеваның инновациялық технологиясы және педагогикалық тағылымы», 27.03-01.04.2017 ж. ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығында облыстың мектеп мұғалімдеріне арналған «Қ.Бітібаеваның инновациялық технологиясы» атты курсты ұйымдастырушы әрі лекторы.

2012 жылдан бері кафедра филиалы ДБА Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының жетекшісі және 2016 жылдан берісол мектептегі республикалық «Қ.Бітібаеваның ғылыми-әдістемелік зертханасында» Дуальды оқыту бағдарламасын жүзеге асырушы.

Облыстағы мектеп оқушыларының ғылыми жобаларына жетекшілік етіп, жыл сайын оқушылары облыстық, республикалық ғылыми жоба қорғау сайыстарында жүлделі орындар иеленуде. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттерінің, магистранттарының ғылыми жетекшілігімен жазылған ғылыми-зерттеу жұмыстары республикалық ғылыми сайыстардың жүлделі орындарына ие болды.

Ғалымның жетекшілігімен 50 магистрлік диссертация қорғалды.

Марапаттары:

А.М. Картаева 2006-2008 жж. ғылыми мәселелерді шешуге белсенді қатысатын, ғылымды дамытуға елеулі үлес қосқан талантты жастарға арналған Қазақстан Республикасының Ғылым мен білім министрлігінің мемлекеттік ғылыми шәкіртақысының иегері;

«С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың үздік оқытушысы» (2011),

ҚР Білім және Ғылым министрлігі «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2012),

Қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы іргелі зерттеулері үшін DIPLOM DI MERITO Европаның алтын медалімен марапатталған. (Москва, 2013),

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай тіл саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған (Нұр-Сұлтан, 2020).

Мемлекеттік «Ерен Еңбегі үшін» медалімен наградталған. (ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев 2020 ж. 13 қазан).

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған (2021 ж.). (Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және дала данышпаны, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлесі үшін).

А. Қартаева  шығармалары

Произведения А. Картаева 

Кітаптар – Книги 

Картаева, А. Шығыс әдебиеті [Мәтін] : оқу құралы / А. Картаева. - Өскемен : ШҚМУ, 2004. - 78 б.

Картаева, А. Абай және Әуезов тіліндегі көріктеу құралдары [Мәтін] / А. Картаева // Абай және XXI  ғасыр : халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясының материалдары 21-22 қазан 2005 жыл. - Өскемен : ШҚТУ, 2005. - Б.167.

Картаева, А. Абай мұрасы "Абай жолы" роман-эпопеясында [Мәтін] / А. Картаева. - Алматы, 2005. - 146 б.

Картаева, А. Абайтану ғылымының қалыптасуындағы М. Әуезовтің еңбегі [Мәтін] / А. Картаева // Абай және XXI  ғасыр: халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциясының материалдары 21-22 қазан 2005 жыл. - Өскемен : ШҚТУ, 2005. - Б. 173.

Картаева, А. Абай мен Әуезов шығармашылығындағы үндестік [Мәтін] / А.  Картаева;  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. - Өскемен, 2007. - 152 б. 

Картаева, А. Абай мен Мұхтар Әуезов: рухани сабақтастық пен көркемдік тұтастық [Мәтін] : монография  / А. Картаева; ред. М. Мырзахметұлы ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. - Алматы,  2010. - 380 б. 

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации в периодических изданиях и сборниках

Картаева,А. Абай қарасөздерінің М. Әуезовтің публицистикалық шығармаларындағы іздері [Мәтін] / А. Картаева // Абай. - 2007. - № 1. - Б.24-29.

Картаева, А. Абай мұрасындағы адамгершілік танымның Мұхтар Әуезов шығармаларындағы көрінісі [Мәтін] / А. Картаева // Шығыс Қазақстан техникалық университетінің хабаршысы. - 1999. - № 4. - Б. 107-110.

Картаева, А. Әуезов шығармашылығындағы перифраз [Мәтін] / А. Картаева // Абай. - 2005. - № 1. - Б. 65-67.

Картаева, А. Ел билеу жүйесінің Әуезов шығармаларындағы көрінісі [Мәтін] / А. Картаева // Абай. - 2007. - № 2. - Б. 74-77.

Картаева, А. Жазушының ғұмырлық тақырыбы [Мәтін] / А. Картаева // Дидар. - 2007. - 13 қыркүйек. - Б. 4.

Қартаева А.Шәкәрім Абай поэзиясындағы ел ішінің дертті көрінісі [Мәтін] / А. Қартаева // Жаһандану сыны жағдайындағы Абай және Шәкәрім мұралары : халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары : 21-22 мамыр 2008 жыл. - Өскемен : ВКГТУ, 2008. - 355 б.

Картаева, А. Шығыстың шынары [Мәтін] / А.Картаева // Дидар. - 2008. -  12 сәуір. - Б. 6.

Картаева, А. Абай поэзиясындағы психологизм Әуезов шығармашылығында [Мәтін] / А.Картаева // ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. - 2006. - № 3.- Б. 120-122.

Картаева, А. "Абайдың діні - сыншыл ақылдың шартты діні" [Мәтін] : [М. Әуезов зерттеулері негізінде] / А. Картаева // Абай. - 2012. - № 1-4. - Б. 60-67.

Картаева, А. Өскемен өңірінің әдеби өмірі [Мәтін]  / А. Картаева // Алтай-түркі әлемінің алтын бесігі: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдары 26-27 тамыз 2013 жыл. 1- бөлім. - Өскемен, 2013. - 387 с.

Картаева, А. Шетелдегі қазақ баспасөзі [Мәтін] / А. Картаева, А. Сағатбекова // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. - 2015. - № 6. - Б. 261-265.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. - Қартаева Айжан Маратбекқызы : б. 454.      

Ысқақұлы, Д. Қазақ әдебиеттанушылары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Д. Ысқақұлы. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013. - Картаева Айжан Маратбекқызы: б. 227.

А. Картаеваның қатысуымен шыққан кітаптар

Книги, вышедшие при участии А. Картаевой

 

Барбосынова, Қ. Қазақ әдебиетінен курс және диплом жұмыстарын жаздыру [Мәтін] : оқу-әдістемелік құрал / Қ. Барбосынова,  А. Қартаева. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2005. - 54 б.