Известные имена

Құрманбаева Ш. Қ.

kurmanbaevaҚұрманбаева Шынар Қапантайқызы (1970 ж.) - педагог, филолог-ғалым.

Шығыс Қазақстан Облысы, Күршім ауданы, Қаратоғай ауылында дүниеге келген. Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін, кейін Карадениз техникалық университетінде магистратураны аяқтайды (Түркия).

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да тағылымгер-зерттеушіден профессорға дейінгі қызмет жолын атқарған. Әр жылдары аталған ЖОО-да түрлі құрылымдық бөлімдерге жетекшілік еткен: кафедра меңгерушісі, магистратура бөлімінің меңгерушісі, филология факультетінің деканы.

Негізгі ғылыми бағыты: түркология, әдістеме. 180-нен астам ғылыми еңбектің, соның ішінде монографиялар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқулықтардың авторы. Республиканың жетекші  ғылыми орталықтарынан ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өткен: Абай атын. ҚазҰПУ, ҚМЭБИ (КИМЭП), Ю. Емре түрік мәдениет орталығы. "ШҚО туристік орындарына лингвистикалық елтанушылық саяхат" кешенді ғылыми жобаны жасауға қатысып,  жүзеге асырушының бірі.

Мемлекеттік марапаттары: "Жыл әдіскері-2013", "ЖОО-ның үздік оқытушысы-2013", "Тіл жанашыры" құрмет белгісі.

Ш. Құрманбаеваның ғылыми еңбектері

Научные труды Ш. Курманбаевой

 Кітаптар – Книги

Құрманбаева, Ш. Қазақша үйренеміз [Мәтін] : оқу құралы / Ш. Құрманбаева. - Өскемен : Жастар, 2004. - 176 б.

Құрманбаева, Ш. Қазақ тілі [Мәтін] : экология мамандығына арналған тереңдете оқыту құралы / Ш. Құрманбаева. - Алматы : Қазығұрт, 2013. - 128 б.

Құрманбаева, Ш. Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері [Мәтін] : педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Ш. Құрманбаева. - Алматы, 2009. - 44 б.

Авторлармен бірігіп шығарған кітаптары

Книги, вышедшие в соавторстве

Құрманбаева, Ш. Қазақ тілі [Мәтін] : ақпараттық технология және энергетика мамандығына арналған оқу құралы / Ш. Құрманбаева, А. Мұратбекова. - Алматы : Қазығұрт, 2013. - 248 б.

Мерзімді басылымдар мен жинақтардағы жарияланымдары

Публикации в периодических изданиях и сборниках

Құрманбаева, Ш. Фонетикалық дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдары [Мәтін] / Ш. Құрманбаева // Қазақстан мектебі. - 2004. - № 4. - Б. 70-71.

Құрманбаева, Ш. Мемлекеттік тілді жеделдетіп үйретуде тұлғалық қарым-қатынас әдісін пайдалану [Мәтін] / Ш. Құрманбаева// ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестник КазНУ. Серия филологическая. - 2005. - № 7. -Б. 172-174.

Құрманбаева, Ш. Мемлекеттік тілді жеделдете оқытуда грамматикалық формулаларды қолдану [Мәтін] / Ш. Құрманбаева // Қазақ тілі : әдістеме. - 2006. - № 1. - Б. 2-7.

Құрманбаева, Ш. Ғаламдастыру жағдайында филологиялық білім берудің өзекті мәселелері [Мәтін] / Ш. Құрманбаева // Шығыс дарыны. - 2013. - № 2. - Б. 15-16.

Құрманбаева, Ш. Қазақ тілін ересектерге жеделдете оқытуда қолданылатын интерактивті технологиялардың бірі - қатысымдық ойындар [Мәтін ] / Ш. Құрманбаева // Қазақ тілі : әдістеме. - 2014. - № 4. - Б. 3-6.

Құрманбаева , Ш. Алтай Аманжолов мұралары мұқият зерттеуді қажет етеді [Мәтін] / Ш. Құрманбаева // Дидар. - 2015. - 9 ақпан.- Б. 4.

Құрманбаева , Ш. Лингвоелтанымдық материалды тиімді ұсыну жолдары [Мәтін] // Үлкен Алтай әлемі = Мир большого Алтая = World of the Great Altay. - 2015. - № 1.- Б. 244-248.

Өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и деятельности

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. -Құрманбаева Шынар Қапантайқызы: б. 486.      

Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2016. - Құрманбаева Шынар Қапантайқызы: б. 82.

Шынар Қапантайқызы - ғылым докторы [Мәтін] // Дидар. - 2009. - 13 сәуір.-Б. 4.