Известные имена

Хахлов В. А.

hakhlov venedikt aХахлов Венедикт Андреевич (1894-1972 жж.)  - совет ғалымы-геолог, Томск университетінің Еңбек сіңірген профессоры. РСФСР ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер (1960).

1894 ж. 11 наурызда Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Зайсан қ. дүниеге келген. Ол Шығыс Қазақстан өлкесінің ғалым-натуралисі және зерттеушісі Андрей Степанович Хахловтың ұлы.   

Венедикт Андреевич Томск ерлер гимназиясын бітіріп (1912 ж.), Томск технология институтының тау-кен факультетіне түседі. 1916 жылы маусымда армияға шақырылып, оқуда үзіліс болады; Иркутск әскери училищесінде қысқа мерзімді әзірліктен өткен соң, Петроградтағы әскери инженерлік училищеге емтихан тапсырады; 1917 жылы армияға шақырылып,  Солтүстік майданға қатысады, жол-көпір ротасының командирі, инженерлік әскер подпоручигі болады; 1918 жылы ақпанда әскерден қайтқан соң, институттағы оқуына қайта оралады, дегенмен, маусым айында армияға қайта шақырылып, Томскіде Сібір инженерлік дивизиясында адъютант қызметін атқарады; Томскіде совет өкіметі орнаған соң, 5-ші армияның ерекше бөлімінен тексеруден өтіп, 1919 жылы желтоқсанда ғана оқуын бастайды. Ол өзін оқытқан профессорлар арасынан М. А. Усов,  тау-кен ісінен Н. С. Пенн, алтын өндіру бойынша В. Я. Мостовичті үнемі еске алатын.  1921 жылы институтты аяқтап, «Об остатках девонских растений озера Балхаш» диплом жұмысын М. А. Усовтың жетекшілігімен қорғайды.

1923 жылға дейін Технология институтында жұмыс істеді. 1923 жылы Томск университетіне ассистент болып барды, 1924 ж. – доцент, геология кафедрасын басқарды, 1929 ж. – профессор. Физика-математика факультеті деканының орынбасары, геоминералогиядан пән комиссиясы және жазғы өндірістік практика комиссиясының басшысы (1926-1928), факультет деканы  (1927-1928),  1930 жылдан – геология-география бөлімі бойынша өндірістік комиссия басшысы және геология-география бөлімі басшысы міндетін атқарған. 

Сібір тау-кен институтын ұйымдастырушының бірі, директор міндетін атқарған, 1930 ж. 1 маусымынан – директордың ғылыми және оқу ісі бойынша орынбасары. 1933 ж. 1 сәуірінен – палеонтология кафедрасының профессоры, сонымен бірге – тау-кен және маркшейдерлік бөлімдерінде  геология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.  

1934 жылы 1 қаңтарда Томск университетінің тарихи геология және палеонтология кафедрасын басқарды (1938 ж. 21 қаңтарда палеонтология кафедрасы болып өзгерді). 1933 ж. 3 қазанда – геология кабинетінің меңгерушісі.   1933 ж. 15 мамырдан 14 қазанға дейін және 1934 ж. 1 тамызынан 1939 ж. дейін – геология-топырақ-география факультетінің деканы. В. А. Хахлов геология кафедрасында кабинеттер құруға белсенді қатысты (палеонтология, тарихи геология, петрография, жалпы және динамикалық геология кафедралары). 1938 жылы 29 маусымда В. А. Хахловқа ешқандай диссертациялық қорғаусыз геология-минералогия ғылымдарының докторы атағы берілді.   

Ұлы Отан соғысы жылдарында Томск облысының солтүстік жартысына алғашқы мемлекеттік геологиялық түсірілім жасады.

1949  ж. 20 сәуірде геологтардың «краснояр ісі» бойынша қамауға алынып,  «мемлекеттік өндіріске зиян келтіргені үшін» деген айыппен 58 б. 7 п. сәйкес 10 жылға сотталды. 1951 жылға дейін Норильскі  лагерінде жұмысшы болып, кейін Геология басқармасында геотехник мамандығы бойынша жұмыс істеді. Кайеркан кен орнында тау-кен қорын есепке алумен айналысты. Сонымен бірге, палеонтологиялық коллекция жинап, палеоботаника бойынша құрал құрады. Геологтарға арналған палеоботаника және Сібір платформасының солтүстік-батыс стратиграфиясы бойынша курстар  ұйымдастырды.

1954 жылы сәуір айында СССР Жоғарғы соты коллегиясының шешімімен, қылмыстық ісі дәлелденбеуі себепті қамаудан босап шықты. Осы жылы профессорлық қызметіне оралып, 28 мамырдан палеонтология кафедрасына басшы болып тағайындалды.  Ол бұл қызметті 1972 ж. 1 ақпан айына дейін атқарып, өмірінің соңына дейін осы кафедрада қызметте болды. Палеонтологтар мен геолог-стратиграфтар мектебін құрды.

Томск университетінің Палеонтология музейі В. А. Хахловтың есімімен аталады.

«Ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткер» төсбелгісі және «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалімен марапатталған.

В. А. Хахловтың ғылыми еңбектері

Научные труды Хахлова В. А.

Хахлов, В. А. Ископаемые растения Кузбасса [Текст] : науч.-попул. очерк / В. А. Хахлов; [предисл.: "От редактора". инж.-геолог П. Дорофеев]. - Новосибирск... и др.: Онти, 1936 [на обл.: 1937].

Хахлов, В. А. Стратиграфия угленосных отложений юго-восточной части Кузбасса [Текст] / В. А. Хахлов. -        Томск : Красное знамя, 1937         .

Хахлов, В. А.О чем рассказывают нам остатки ископаемых растений и животных [Текст] / В. А. Хахлов; Томское обл. лекц. бюро. - Томск : Красное знамя, 1946. - 19 с.

Хахлов, В. А. Сорт и агротехника томата в северных районах Сибири [Текст] / В. А. Хахлов. -   Томск : Изд-во Томский гос. ун-т, 1947.

Хахлов, В. А. Верхнепалеозойская флора севера Сибири [Текст] : [в 7 вып.] / В. А. Хахлов. - Томск: Изд-во Том. ун-та, 1964.

Хахлов, В. А. Розы в Сибири [Текст] : руководство по культуре роз в открытом груте в Сибири / В. А. Хахлов. - Томск, 1965. - 117 с. - Библиогр.: с. 115-116.

Хахлов, В. А. Палеоботанический метод синонимики пластов каменного угля [Текст] / В. А. Хахлов; Томский ордена Трудового Красного Знамени гос. ун-т им. В. В. Куйбышева. - Томск: Изд-во Том. ун-та, 1967. - 25 с.

В. А. Хахловтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Хахлова В. А. в периодических изданиях и сборниках

Хахлов, В. А.  Материалы к стратиграфии Кузнецкого каменноугольного бассейна, 1931 [Текст]       / В. А. Хахлов // Труды Научно-исследовательского угольного института Востугля. Серия Г. - 1931-1933. - Вып. 4.

Хахлов, В. А. Стратиграфия Норильского угленосного бассейна [Текст] / В. А. Хахлов // Сов. геология. - 1960. - № 1. - С. 51-56.

Хахлов, В.А.Каныш Имантаевич - студент [Текст] / В. А. Хахлов // Академик К.И.Сатпаев: сборник, посвящ. памяти выдающегося сов. ученого.- Алма- Ата,1965.- С.254- 259.

Хахлов, В.А.Студент Қаныш [Мәтін] / В. А. Хахлов // Қаныш аға: академик Қ.И.Сәтбаев туралы естелiктер. - Алматы:Жазушы,1989. -Б. 290-295.

В. А. Хахловтың қатысуымен шыққан басылымдар

Издания, вышедшие при участии Хахлова В. А.

Труды Научной конференции по изучению и освоению производительных сил Сибири, 25-30 июня 1939 г. Т. 3 [Текст] / [ред.В. А. Хахлов]; Томский гос. ун-т им. В. В. Куйбышева. - Томск : Красное знамя, 1941.

Палеонтология Западной Сибири [Текст] / под ред. В. А. Хахлова. -          Томск, 1948.

Доклады читанные на Конференции "30 лет советской науки" [Текст] / [ред. В. А. Хахлов]. - Томск: Тип. № 1 Полиграфиздата, 1948.

Вопросы естествознания [Текст] : [сборник статей] / [ред.В. А. Хахлов]. -Томск: Изд-во Том. ун-та, 1964.

Природа и экономика Привасюганья [Текст] / Томский гос. ун-т им. В. В. Куйбышева; [ред. В. А. Хахлов]. -  Томск: Изд-во Том. ун-та, 1966.

Некоторые вопросы геологии Западной Сибири [Текст] : [сборник статей] / [ред. проф. В. А. Хахлов]. -       Томск: Изд-во Том. ун-та, 1967.

В. А. Хахловтың өмірі мен ғылыми шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и научной деятельности Хахлова В. А.

Зайсан мұражайына 40 жыл [Мәтін] : тарихи-танымдық фото альбом / құраст.: Ә. Әбілмәжінов, Ф. Жүнісов. - Алматы : Елтаным баспасы, 2014. - Хахлов Венедикт Андреевич: б. 137.

***

ГАТО. Ф. Р-815. Оп. 29. Д. 421.

ГАВКО, ф.818, оп.1, 72 ед.хр., 1883-1984 г.г.

Томский технологический институт за 25 лет своего существования. 1900-1925[Текст]: юбилейный сборник. Ч. 2. - Томск, 1928.

Масанов, И. Ф. Словарь псевдонимов русских писателей, ученых и общественных деятелей [Текст] : в 4 т. Т. 4 / И. Ф. Масанов. - М., 1960. - Хахлов Венедикт Андреевич: с. 498.

Мейен, С. В. Кордаитовые верхнего палеозоя Северной Евразии [Текст] / С. В. Мейен // Труды Геол. ин-та АН СССР. Вып. 150. - М.: Наука, 1966. - 184 с.

Запорожченко, А. А. История организации геологической науки и службы в Зап. Сибири. [Текст] / А. А. Запорожниченко. -Новосибирск, 1977.

Левицкая, Л.В. Венедикт Андреевич Хахлов[Текст] : библиографический указатель : (к 100-летию университета) / Л. В. Левицкая. - Томск : изд-во Томский гос. ун-т,Научная б-ка, 1980. - 22с.

Черных, С. Е. Одна, но пламенная страсть[Текст] / С. Е. Черных. - Алма-Ата, 1986.

Крылов, Г. В. Исследователи природы Западной Сибири[Текст] / Г. В. Крылов, В. В. Завалишин, Н. Ф. Козакова. - Новосибирск, 1988.

Вылцан, И. А. О В. А. Хахлове - декане, лекторе, наставнике[Текст]: из воспоминаний / И. А. Вылцан // Вопросы геологии Сибири. - 1994. - Вып. 2.

Добрынина, Л. В. Жизнь и научная деятельность В. А. Хахлова в Норильсклаге [Текст] / Л. В. Добрынина // Вопросы геологии Сибири. Томск : Изд-во Том. ун-та, 1994. Вып. 2. С. 19-28.

Ивания, В. А. Венедикт Андреевич Хахлов[Текст]: к 100-летию со дня рождения / В. А. Ивания // Вопросы геологии Сибири. - 1994. - Вып. 2.

Подобина, В. М. Профессор В. А. Хахлов - выдающийся ученый и организатор геологического образования в Сибири[Текст] / В. М. Подобина, Д. А. Васильев, А. И. Родыгин// Проблемы геологии Сибири: тезисные доклады. Т. 1. - Томск, 1994.

Репрессированные геологи[Текст]: биографические материалы. - 2-еизд, испр. и доп. М; СПб., 1995.

Профессора Томского ун-та[Текст] :биографический словарь. Том 2. - Томск,1998. - Хахлов Венедикт Андреевич:с. 451-458.

Пороховниченко, Л. Г. Эколого-функциональный подход в изучении кордаитантовых и некоторые взгляды на их систематику [Текст] / Л. Г. Пороховниченко // Эволюция жизни на Земле. Материалы II международного симпозиума. - Томск, 2001. - С. 33-38.

Репрессированные геологи - выпускники и сотрудники ТТИ-СТИ-СГРИ-ТИИ-ТПИ [Томского политехнического университета] [Текст] // Столетие горно-геологического образования в Сибири / Том. политехн. ун-т. Ин-т геол. и нефтегазового дела; [ред.-сост. В. В. Кривошеев]. - [Томск], [2001]. - С. 137-145.

Подобина, В. М. Воспоминания о Венедикте Андреевиче Хахлове [Текст] : (к 110-летию со дня рождения) / В. М. Подобина, С. А. Родыгин, Л. Г. Пороховниченко, В. А. Ананьев, Л. И. Быстрицкая // Lethaea Rossica. Российский палеоботаничекий журнал. - 2014. - Т. 10. - С. 85-88.

Интернет – сілтемелер

Интернет – ссылки

«Хахлов Венедикт Андреевич» [биография] :[электронный ресурс]. - Сайт. – Электронная библиотека Томского политехнического университета. - Режим доступа : http://wiki.tpu.ru/wiki/Хахлов_Венедикт_Андреевич (05.12. 2018)

«Хахлов Венедикт Андреевич» [биография] :[электронный ресурс]. - Сайт. – Режим доступа : http://ggf.tsu.ru/content/faculty/history/person/hahlov/ (05. 12. 2018)