Жотабаев Жеңіс Рахметұлы (1943 ж.) - физика математика ғылымының докторы, профессор.
1943 жылы 22 қазанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Томск электромеханикалық көлік инженерлері институтын тәмамдаған.
Қазақстан Ғылым академиясы Ядролық физика институтының инженері, аға инженері, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1994-2000 жылдары Атом энергиясы институты Алматы бөлімшесінің институт директорының орынбасары, директоры болған. 2000 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» (Курчатов қаласы) мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары болып істеді.
Ғалымның 85-тен астам ғылыми еңбегі жарық көрген.
«Құрмет» орденімен марапатталған, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Ж. Р. Жотабаевтің жарияланымдар
Публикации Жотабаева Ж. Р.
Жотабаев, Ж. Энергетикалық қауіпсіздік одан әрі нығайтылуы қажет [Мәтін] / Ж. Жотабаев // Егемен Қазақстан. - 2001. - 31 шілде. - Б. 2.
Жотабаев, Ж. Проблемы захоронения радиоактивных отходов [Текст] / Ж. Жотабаев // Рудный Алтай. - 2001. - 27 дек. - С. 4.
Ж. Р. Жотабаев туралы әдебиет
Литература о Жотабаеве Ж. Р.
Кандидаты в депутаты Восточно-Казахстанского областного маслихата [Текст] : [имеется информация о Жотабаеве Ж.] // Рудный Алтай. - 2003. - 23 авг. - С. 7.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Жотабаев Жеңіс Рахметұлы [Электрондық ресурс] : [биографиялық анықтама] // Алаш айнасы : сайт. – Пайдалану орны : http://alashainasy.kz/omir/jens-rahmetulyi-jotabaev-56087/ (01.02.2018)