Известные имена

Шәріпбаев О.

SharipbayevШәріпбаев Орал Тоқтарұлы(1960) -  Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы.

1977 жылы Семей облысы, Жаңа Семей ауданының Бөкенші орта мектебін үздік бітірген.

1982 жылы Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтты озат бітіріп, еңбек жолын қаладағы №119 кәсіптік техникалық училищеде тәрбиешіліктен бастады, 1983–1984 жылдары Совет Армиясы қатарында болды. 1985 жылдан №16 қазақ орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарып, №5 қазақ гимназия мектебіне директордың бастаушы әскери дайындық жөніндегі орынбасарлығына ауыстырылды.

1986-1989 жылдар директордың тәрбие жөніндегі орынбасары және директордың қызметін атқарды. 1990-1991 жылдарыЖаңа Семей аудандық Партия комитетінде идеология саласында қызмет атқарды.

1991 жылдан  бүгінгі күніне дейін Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалында қызмет атқарып келеді. 1991 жылы Жаңа Семей ауданында «Қазақ тілі» қоғамын құрып, ұйымдастырып, кейіннен аудандық төраға болып сайланды. Республикалық қоғамның Халықаралық мәртебе алуына байланысты Облыс жұртшылығының ұсынысымен Халықаралық «Қазақ тілі»  қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. 25 жыл бойы тек бір салада қызмет атқарып келе жатқан Орал Тоқтарұлы Отанға, туған елге, жерге деген ыстық ықыласы, сүйініші жас ұрпақ жүрегіне жалын тастағандай, одан тараған ұшқын нағыз азаматтыққа, өршілдікке бастағандай, тәуелсіздік үшін тәуекелге дейін баруға әзір, қайсар тіл сарбазы.

Мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар
Публикации О. Шарипбаева
Шәріпбаев, О. Ортақ мақсат төл міндет [Мәтін] : [авт. Семейдегі "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы...атқарған істерге тоқталған] / О. Шәріпбаев // Дидар. - 1997. - 10 шілде.
Шәріпбаев, О. Қазақ балабақшасының жазығы не [Мәтін] : [N 16 қазақ балабақшасының жайы] / О. Шәріпбаев // Дидар. - 1997. - 6 қараша
Шәріпбаев, О. Ауылдан көшкен қазақтар,қаладан пана тапты ма ? [Мәтін] : [Семейге ауылдан көшіп келген қазақтардың әлеуметтік жағдайы ] / О. Шәріпбаев, М. Тілеубекова // Үш анық. - 2000. - ақпан. - Б. 2, 5.
Шәріпбаев, О. Абай ескерткішін өмірге әкелген адам [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Семей таңы. - 2003. -  27 маусым. - 6 шілде. - Б. 4.
Шәрiпбаев, О. Ауыл оқырмандарымен жүздестi [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Ана тiлi. - 2008. - 27 қараша - 3 желтоқсан. - Б. 4. - Жазушы Келiс Рахымжанов пен ғалым Талғатбек Әкiм Аякөз ауданында "Бiр ел-бiр кiтап" акциясы бойынша М.Әуезовтiң "Қилы заман" повесiн насихаттады.
Шәріпбаев,  О.  Мемлекеттің күші халықтың бірлігінде [Мәтін] / О. Шәріпбаев  // Дидар. - 2009. - 21 наурыз. - Б. 3.
Шәрiпбаев, О. "Мемлекеттiк тiлге - мемлекеттiк көзқарас"[Мәтін] / О. Шәріпбаев // Қазақ Елi. - 2009. - 2 қазан. - Б. 7-6.
Шәрiпбаев, О. Ертеңге сенiм ұялатады [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Ана тiлi.- 2011. - 24 ақпан-2 наурыз. - Б. 2. - ҚР Президентiнiң биылғы "Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз!" атты Жолдауын қолдау.
Шәрiпбаев, О. Тұнып тұрған шежiре көкiрегi [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Ана тiлi. - 2009. - 3-9 желтоқсан. - Б. 9. - Тiл жанашыры Бәтташ Сыдықұлы туралы.
Шәрiпбаев, О. Рухы биiк елдiң уығы да берiк [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Ана тiлi.- 2011. - 21-27 сәуiр. - Б. 4. - "Қазақ тiлi" қоғамының президентi Ө.Айтбайұлы туралы.
Шәрiпбаев, О. Қаржы бұйырмаған "қазақ тiлi" қоғамы [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Ана тiлi. - 2012. - 19 - 25 қаңтар. - Б. 3.
Шәріпбаев, О. Елбасы -елдің бағы [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Семей таңы  . - 2012. - 30 қараша. - Б. 3.
Шәріпбаев, О. Халықтық Ассамблея [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Егемен Қазақстан. - 2013. - 30 сәуір. - Б. 4.
Шәріпбаев, О. Қазақстан - достықтың Отаны [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Семей таңы. - 2013. - 5 наурыз. - Б. 2.
***
Шарипбаев, О. Делом показывать себя [Мәтін] / О. Шәріпбаев // Казахстанская правда.- 2017. - 13 апреля. - С. 7.- О программной статье Н.Назарбаева "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания".
О. Шәріпбаев туралы
О нем
Шарипбаев, О. Следуя курсу Лидера нации [Электронный ресурс] / О. Щарипбаев// Арнапресс : сайт. - https://www.arnapress.kz/ust-kamenogorsk/opinion/interview/53890/ (20.11201)
Шарипбаев Орал Тохтарович [Электронный ресурс] // tylek.kz: сайт. - Режим доступа: http://old.tylek.kz/successfull/view?id=444
Политические партии и общественные объединения [Электронный ресурс] // Официальный сайт акима города Семей : сайт. - Режим доступа: https://akimsemey.gov.kz/content/view/3/56?lang=ru&version=easy