Щерба Григорий Никифорович (1914-2001) – геология-минералогия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі
1914 жылы 30 қарашада Хмельницкий облысы (Украина) Книжковцы селосында дүниеге келген. Еңбек жолын 16 жасында Әулиеатада (қазір Тараз қаласы) Қазақ геология тресінде коллектор болып бастады. 1934-1937 жж. Алматыда Қазақ тау-металлургия институтында оқи жүріп, Шығыс Қазақстан облысы Қайыңды, Көккөл геология-барлау партиясында коллектор кейін КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалында прораб және кіші ғылыми қызметкер болады.
1937-1948 жж. болашақ ғалым «Казцветметразведка» тресінде инженер болады. 1948-1955 жж. – Қаз ССР Ғылым Академиясының Қ.И.Сәтпаев атындағы Геология институтында ғылыми қызметкер, 1955-1958 жж. – сирек металдар секторының меңгерушісі, 1982-1987 жж. – бөлім басшысы, 1987-2001 жж. – Қазақстан ҰҒА Қ.И.Сәтпаев атындағы Геология институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті.
Ғалым 1958 жылы Лениндік сыйлыққа ие болды.
1961 жылы ғылыми қызметі үшін Г.Н.Щербаға профессор және Қаз ССР ғылымына еңбек сіңірген ғалым атағы берілді. 1970 жылы Қаз ССР ҒА мүше-корреспонденті, ал, 1972 жылы – академик атағын иеленді.
Ғалым 6 ғылым докторы, 30 ғылым кандидатын тәрбиелеп шығарды. Ол Орталық Қазақстан және Қалба-Нарым өңірінің сирек металлогениясы, гранит петрологиясы тақырыптары бойынша 330-дан аса ғылыми публикация авторы. Ғылыми публикациялары еліміз және шетелдерде жоғары бағаға ие болды. Орталық Қазақстанның алғашқы болжамды металлогениялық картасының бірлескен авторы. Олар жер қыртысының сатылы дамуы туралы ғылыми негіздеме жасап, оннан аса жаңа кен орындарын (Успенск, Шу-Іле, Жарма-Сауыр т.б.) ашты. Г.Н.Щерба көптеген халықаралық геологиялық конгресс, симпозиум, жиындарға қатысқан.
Табысты ғылыми еңбегі және ғылым кадрларын дайындап шығарғаны үшін Еңбек Қызыл Ту ордені, «Құрмет белгісі», «Түсті металдар үздігі» медаль-төсбелгілері, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталды.
Лениндік сыйлықтың лауреаты (1958), Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1985). Қазақ ССР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер.
2001 жылы 12 желтоқсанда қайтыс болды.
Г.Н.Щербаның ғылыми еңбектері
Научные труды Г. Н. Щерба
Щерба, Г. Н. Геология Нарымского массива гранитоидов на Южном Алтае [Текст] / Г.Н Щерба. – А-А : Изд-во АН Казахской ССР, 1957. – 214 с
Щерба, Г. Н. Формирование редкометальных месторождений Центрального Казахстана [Текст] / Г. Н. Щерба ; Академия наук Казахской ССР, Институт геологических наук. – Алма-Ата : Наука Казахской ССР, 1960. – 379 с
Щерба, Г. Н. Редкометальное оруденение в Казахстане [Текст] / Г. Н. Щерба // Проблемы геологии Казахстана. – Алма-Ата : Наука, 1968. - С. 182
Щерба, Г. Н. Геотектоногены и рудные пояса [Текст] : (по материалам Казахстана) / Г. Н. Щерба. – Алма-Ата : Наука, 1970. – 182 с.
Щерба, Г. Н. Жарма-Саурский геотектоген [Текст] / Г. Н. Щерба, Б. А. Дьячков, Г. П. Нахтигаль. – Алма-Ата : Наука, 1976. – 199 с.
Щерба, Г. Н. Металлогения Рудного Алтая и Калбы [Текст] / Щерба, Г. Н., Дьячков Б.А., Нахтигаль Г.П. – Алма-Ата : Наука, 1984. – 240 с.
Гранитоидные и рудные формации Калба-Нарымского пояса [Текст] : (Рудный Алтай) / Дьячков Б.А. [и др.]. – Алматы : Гылым, 1994. – 207 с.
***
Щерба, Г.Академик Кассин [Мәтін] : [Қазақстан геологиясының негізін қалаушы Николай Кассин туралы] / Г.Щерба // Егемен Қазақстан. - 1996. - 30 мамыр.
Г. Н. Щерба туралы әдебиеттер
Литература о Щерба Г. Н.
Қазақстан[Мәтін] : ұлттық энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2007.
Т.9: Ұ – І. – 688 б. – Щерба Григорий Никифорович.: б. 625 – 626.
Казахстан [Мәтін] : национальная энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2006.
Т. 5: С – Я. – 558 с. – Щерба Григорий Никифорович с. 452 – 453.
Интернет ресурстары
Интернет-ресурсы
Григорий Никифорович Щерба [Электронный ресурс] : [библиография ученых Казахстана] /Казахская национальная электронная библиотека : сайт. – Режим доступа : http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1155339&locale=ru (10.01.2019)
Щерба Г. Н. [Электронный ресурс] : [к 100-летию ученого] / Официальный сайт национальной библиотеки РК : сайт. – Режим доступа :https://nlrk.kz/page.php/www.goethe.de/admin/upload/files/admin/upload/files/page.php?page_id=23&lang=1&news_id=2761 (10.0.2019)
Щерба Григорий Никифорович – геолог с большой буквы [Электронный ресурс] / Иформационно-аналитический портал недропользования Казахстана : сайт. – Режим доступа : http://infonedra.kz/knizhnaya-polka/item/shcherba-grigorij-nikiforovich-geolog-s-bolshoj-bukvy (10.01.2019)