Төлеубаев Әбдеш Тәшкенұлы (1953-2023 жж.) – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Өнер академиясының академигі.
1953 жылы 15 қарашада Қытай Халық Республикасының Чугучак қаласында туған. 1959 жылы ата-анасымен бірге тарихи отанына оралды. 1970 жылы Семей облысы (қазіргі Абай облысы), Ақсуат ауданы Көкжыра ауылында М.Әуезов атындағы орта мектепті бітірген.
1970 жылы Әбдеш Төлеубаев ҚазМУ тарих факультетіне оқуға түседі. Ә. Төлеубаевтың студенттік және ғылыми өмірі академик А. Х. Марғұлан мен доцент А. Оразбаев бастаған экспедициялармен байланысты болды.
1975 жылы КСРО ҒА Миклухо-Маклай атындағы этнография институтының аспирантурасына түседі (Мәскеу қ.). Мұнда ол қазақтардың мұсылмандық сенімге дейінгі нанымдары тақырыбын зерттеумен айналысады. Оның ғылыми жетекшілері Орта Азия мен Қазақстанның белгілі зерттеушілері, ғылым докторлары Т.А. Жданко және Г. П. Снесарев болды. А. Төлеубаев мерзімінде Мәскеуде кандидаттық диссертациясын қорғады.
1979 жылдан бастап Ә. Төлеубаевтың оқытушылық және ғылыми өмірі ҚазҰУ-мен, оның 20 жылдан астам басқарған археология және этнология кафедрасымен байланысты болды.
1983-1984 жылдары Ресейдің Орынбор, Астрахань облыстарындағы қазақтардың этнографиясын зерттеп, ондағы қазақ диаспорасы жөнінде «Орынбор қазақтары» деген еңбек жазған. Ол Тарбағатайдың терістік бөктерінде орналасқан аудандардың аумағынан, Қалба, Шыңғыстау өңірлерінен қола, ерте темір дәуірінің бұрын белгісіз 400-ден астам археологиялық кешенін ашты, оның 60-тан астамын қазып зерттеді. Нәтижесінде осы аймақтарда да беғазы-дәндібай мәдениеті, үйсін мәдениеті жәдігерлері бар екендігі, бұл өңірлердің басқа археологиялық аймақтармен мәдени байланысы, мәдени-этнографиялық ерекшеліктері анықталды. Төлеубаевтың соңғы кездегі археологиялық зерттеулерінің ірі жетістігі - Шілікті жазығынан алтын киімді сақ патшасының мүрдесін ашуы, Үйіктің ерекше көлемі мен зәулімділігі, күрделі архитектурасы, одан шыққан бай алтын қаптырмалар, түймешіктер, зерлер (барлығы 4325 дана) сақ билеушісінің ерекше салтанатын көрсетеді. А.Төлеубаев ашқан археологиялық жауһарлар Мәскеу (2019), Кембридж (2021), Татарстан (2023) мұражайларында бірнеше ай бойы қойылды.
Ә. Төлеубаевтың негізгі еңбектері Қазақстанның ежелгі этномәдени тарихының археологиялық мәселелеріне, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлі этнографиялық мәдениетіне арналған. Әбдеш Төлеубаев бір жағынан ежелгі, ортағасырлық тайпалар мен екінші жағынан қазақ халқы арасындағы мәдени-генетикалық байланысты қадағалайтын Қазақстанның алғашқы ғалым-тарихшыларының бірі болып табылады.
Профессор А. Төлеубаевтың білім беру үдерісіндегі инновациялық технологиясы оның оқыту әдістемесінің белсенді сипатында жатыр. Қазақстан археологтары мен этнографтарының орта және кіші буынының жартысынан астамын А.Төлеубаев ғылыми мектебі оқытып, тәрбиеледі. А. Төлеубаев 300-ден астам ғылыми мақаланың, 5 монография мен 6, 10, 11-сыныптарға арналған Қазақстан тарихы бойынша оқулықтардың авторы.
Марапаттары:
1992 - тарих ғылымдарының докторы;
1995 - профессор;
2006 ж. – Ш. Уәлиханов атындағы бірінші сыйлықтың лауреаты;
2008 ж.- ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері, «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік оқытушысы»;
2010 ж. - ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалі;
2011 ж. - ҚР Өнер академиясының академигі;
2019 жыл – «Құрмет» ордені;
2021 жыл – әл-Фарабидің үлкен алтын медалі.
2023 ж. - ШҚО әкімінің ұсынысымен облыстық мәслихат Әбдеш Төлеубаевқа "Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім қабылдады.
Төлеубаев Әбдеш Тәшкенұлы 2023 жылы 10 шілдеде дүниеден озды.
Ә. Т. Төлеубаевтың ғылыми еңбектері
Научные труды Толеубаева А. Т.
Төлеубаев, Ә. Т. Қазақ халқы этнографиясының мәселелері [Мәтін] : таңдамалы еңбектер мен мақалалар / Ә. Т. Төлеубаев; Т. 2 = Проблемы этнографии казахов : избранные труды и статьи = The issues of Kazakh etnography : selected works and articles. - Алматы : Service Press, 2013. - 496 б.
Төлеубаев, Ә. Т. Қазақстан археологиясының қола және ерте темір дәуірі мәселелері [Мәтін] : таңдамалы еңбектер мен мақалалар / Ә. Т. Төлеубаев; Т. 1 = Проблемы эпохи бронзы и раннего железного века Казахстана : избранные труды и статьи = Some issues of the Bronze Era and the Early Iron Age in Kazakhstan : selected workes and articles. - Алматы : Service Press, 2013. - 520 б.
***
Толеубаев, А. Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (XІX - начало XX в.) [Текст] / А.Т. Толеубаев - Алма-Ата : Гылым, 1991. - 214 с.
Толеубаев, А. Т. Реликты доисламских верований казахов: дис. ... д-ра ист. наук / Казахский гос. ун-т им. Аль-Фараби.- Алма-Ата, 1992.- 469 с.- Библиогр.: С. 423-458
Толеубаев, А. Т. Некоторые проблемы социально - экономического и культурного развития азиатских саков // Сакская культура Сарыарки в контексте изучения этносоциокультурных процессов степной Евразии: тезисы докладов круглого стола, посвященного 20-летию Независимости РК.- Караганды, 2011.- С. 65-68
Толеубаев, А. Т. Рецензия на рукопись книги К.И.Нурова "Казахстан: национальная идея и традиции" // Нуров К.И.Казахстан: национальная идея и традиции.- Алматы, 2011.- С.375-390
Толеубаев, А. Т. Проблемы этнографии казахов [Текст]. Т. 2. - Алматы : Service Press, 2013. - 496 б.
Толеубаев, А. Т. Проблемы эпохи бронзы и раннего железного века Казахстана [Текст] : избранные труды и статьи / А. Т. Толеубаев; Т. 1 = Қазақстан археологиясының қола және ерте темір дәуірі мәселелері : таңдамалы еңбектер мен мақалалар = Some issues of the Bronze Era and the Early Iron Age in Kazakhstan : selected workes and articles / А. Т. Толеубаев. - Алматы : Service Press, 2013. - 520 б.
История Казахстана: учебник для 10 кл. общест.- гуманит. направления общеобразоват. шк. / А. Толеубаев, Касымбаев Ж.К., Койгелдиев М.К., Калиева Е.Т., Далаева Т.Т.; пер. с каз. Ф. Сугирбаева.- 3-е изд., перераб., доп..- Алматы: Мектеп, 2014.- 376 с.: ил., карты, 22 см
Толеубаев, А. Т. История Древнего Казахстана: учебник для 6 кл. общеобраз. шк..- 3-е изд., перераб..- Алматы: Атамұра, 2015.- 224 с.: рис., 22 см
Толеубаев, А. Т. Раннесакская шиликтинская культура [Текст] : научное издание / А. Толеубаев. - Алматы : ИП "Садвакасов А. К.", 2018. - 528 с.
Ғылыми мақалалары
Научные статьи
Төлеубаев, Ә. Т. Тарихымыздың тамыры терең [Мәтін] : немесе университет ғалымдары жүргiзiп жатқан археологиялық және этнологиялық зерттеулер туралы // Қаз МУ хабаршысы. Информ. серия. - 1998. - № 3. - Б. 44-46.
Төлеубаев, Ә. Т. Ғұндар мемлекетi - түркi мемлекетiнiң бастауы [Мәтін] // Байырғы түркi өркениетi: жазба ескерткiштер. - Алматы, 2001. - Б. 2-268.
Төлеубаев, Ә. Т. Шiлiктi жазығы - сақтардың алғашқы мемлекетiнiң ту тiккен ордасы: Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы Шiлiктi жазығындағы обадан үшiншi "Алтын адам" табылғаны, скиф, сақ, үйсiн тайпаларына қатысты зерттеулерi туралы [Мәтін] // Қазақ әдебиетi. - 2004. - 2 шiлде. - Б. 4-5.
Төлеубаев, Ә. Т. Қазақтағы бақсылық [Мәтін] // Қазақ халқының дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптары. - Алматы: Арыс, 2005. - Т.1. – Б. 291-316.
Төлеубаев, Ә. Т. Археологияның асқар асулары [Мәтін] // Егемен Қазақстан. - 2007. - 13 ақпан. - Б. 3.
Төлеубаев, Ә. Т. "Алтын адам" көне көмбеден ұлттық брендке айналуы керек [Мәтін] // Дала мен қала. - 2009. - 23 ақпан. - Б. 8. – Шiлiктiдегi "Патшалар" қорымынан табылған үшiншi Алтын адам жайында.
Төлеубаев, Ә. Т. Алтын адам - Шiлiктi патшасының бүкiл салтанаты қалпына келтiрiлдi [Мәтін] / әңг. Н.Аманжол // Айқын. - 2009. - 28 тамыз. - Б. 3.
Төлеубаев, Ә. Т. Шілікті 1 қорымындағы № 36 обадағы зерттеу жұмыстарының кейбір қорытындылары [Мәтін] // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. историческая. - 2010. - № 4. - Б. 86-90.
Төлеубаев, Ә. Т. Әмір Темір өзбек емес [Мәтін] / Ә.Т. Төлеубаев // Аңыз адам. - 2011. - № 4. - Б. 31.
Төлеубаев, Ә. Т. Археология және этнология кафедрасы [Мәтін] // Қазақ тарихы. - 2011. - № 4. – Б. 4-6.
***
Толеубаев, А. Т. "Долина царей" открывает сокровища саков: "Казмунайгаз" помог археологам разгадать тайны прошлого. Беседа с док. археологии, проф. КазГУ им.Аль-Фараби / Беседовал А.Ибраимов // Известия.- 2003.- 12 нояб.- С.8
Археологические памятники Шынгыстау : могильник Текебулак - 1 (Сарыколь -1) результаты исследований 2002 г. // Исин А.Шыңғыстау, Берел, Шiлiктi, Абыралы: 1999-2003 жж. археологиялық зерттеулер. - Семей, 2004.- С. 37-64
Толеубаев, А. Т. Социально-правовая природа корыстно-насильственных преступлений, совершаемых в отношении женщин // Заңгер.- 2010. - № 1. - С. 65-67
Ә. Т. Төлеубаев туралы әдебиеттер
Литература о Толеубаеве А. Т.
Кітаптар – Книги
Қазақстан [Мәтін] : ұлттық энциклопедия. Т. 8 : С-У. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Төлеубаев Әбдеш: Б. 472-473.
Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2 : Қ-Я. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Төлеубаев Әбдеш: Б. 448.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. – Төлеубаев Әбдеш Тәшкенұлы: Б.751.
Ескекбаев, Д. Б. Дала кезген ғалым [Мәтін] : [Ғалым Ә. Төлеубаев туралы] / Д.Б. Ескекбаев // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 28 қараша. - Б. 19.
Қалшабаева, Б. К. Ғылымның шыққан шыңына... [Мәтін] // Ана тiлi. - 2013. - 7-13 қараша. - Б. 7. – Ғалым Әбдеш Төлеубаев туралы.
Қалшабаева, Б.К. Белгiлi ғалым, ұлағатты ұстаз Ә.Т.Төлеубаев 60-тың белесiнде [Мәтін] // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. историческая.- 2013. - № 4. - Б. 237-242.
Нәсіретов, С. "Алтын адам " мен он алты қалашық тапқан ғалым [Мәтін] : [Зайсан өңірін зерттеуші ғалым Ә. Төлеубаев жайлы] / С. Нәсіретов // Дидар. - 2017. - 28 қаңтар. - Б. 18.
Ержанқызы, А. Шығыстағы оңды істер [Мәтін] / А. Ержанқызы // Рухани жаңғыру. - 2019. - № 1/2. - Б. 30-31.
***
Казахстан [Текст] : национальная энциклопедия. Т. 5 : С-Я. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2006. – Толеубаев Абдеш: С. 222.
Мақалалар - Статьи
Азмухамбетов, Ш. О чем молчит "Царь-курган"?: археолог А.Толеубаев о раскопках "царь-курганов" в Чиликтин. долине Зайсан. р-на ВКО // Страна и мир.- 2005. - 18 февр. (N 7). - С. 13
Сарсембаева, Б. "Золото Великой Степи" представили в Москве : [о выставке артефактов Берельских курганов в Москве и участии там делегации ученых-археологов ВКО: З. Самашева и А. Толеубаева] / Б. Сарсембаева // Рудный Алтай. - 2019. - 7 марта. - С. 13
Сарсембаева, Б. Восток полон загадок : [о выставке "Золото Великой степи" в Москве и участии казахстанских археологов З. Самашеве и А. Толебаеве: об археологах, их открытиях и ходе мероприятия в Москве] / Б. Сарсембаева // Рудный Алтай. - 2019. - 14 марта. - С. 14
Вологодская, Г. Золотые секреты древних курганов : [уникальные археологические находки сезона-2020 пополнили фонд Восточно-Казахстанского областного историко-краеведческого музея] / Г. Вологодская // Казахстанская правда. - 2020. - 9 октября. - С. 5
Антон, Дарья. Золото Великой степи увидят в Британии : открытия именитых казахстанских архелогов Зайноллы Самашева и Абдеша Толеубаева будут презентованы иностранной публике в одном из самых известных музеев Британии - Музее искусств и истории Фицуильяма при Кембриджском университете / Д. Антон // Рудный Алтай. - 2021. - 12 июня. - С. 6.
Антон, Дарья. Золото Великой степи произвели фурор : в Лондоне, в музее Фицуильяма, открылась выставка находок археологов Восточного Казахстана "Золото Великой степи". Эксперты уже назвали ее сенсационной / Д. Антон // Рудный Алтай. - 2021. - 30 сентября. - С. 7.
Сарсембаева, Бахыт. Тайны Долины царей : [в Восточно-Казахстанской области будут продолжены археологические исследования в Долине царей] / Б. Сарсембаева, Т. Шаяхмет // Рудный Алтай. - 2022. - 19 апреля. - С. 4.
Сапаргалиев, Таир. Золотое свечение Великой степи : [в Восточном Казахстане состоялась международная научно-практическая конференция " Алтай - золотая колыбель тюркского мира"] / Т. Сапаргалиев, Т. Шаяхмет // Рудный Алтай. - 2022. - 10 сентября. - С. 1
Кущ, Галина. Ключ к тайнам степной цивилизации : [о международной выставке "Золото Великой степи", как важнейшем достоянии археологической науки республики] / Г. Кущ // Рудный Алтай. - 2023. - 13 апреля. - С. 8.
Интернет-ресурстары
Интернет-ресурсы
"Алтын адам" мен он алты қалашық тапқан ғалым [Электронды ресурс] : сайт. - Кіру режимі : https://www.zakon.kz/4841622-altyn-adam-men-on-alty-1179alashy1179.html
Абдеш Толеубаев: Пятиконечная звезда – знак правителя [Электронный ресурс] : [интервью] : сайт. - Режим доступа : https://e-history.kz/ru/publications/view/4407