Известные имена

Дәукеев С.

daukeevДәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы (1950) – инженер-геофизик, геология-минерология ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан геофизиктері қоғамының президенті, Халықаралық геофизиктер-мұнайшылар Қауымдастығының мүшесі, «Казгео» Қазақстан геологтар коғамының президенті.

1950 жылы 17 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген. 1972 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдады. Тау-кен инженер-геофизигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының және Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының және Халықаралық инженерлік академияның академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан геофизиктері қоғамының президенті, Халықаралық геофизиктер-мұнайшылар Қауымдастығының мүшесі, «Казгео» Қазақстан геологтар коғамының президенті.

1972-1979 жылдары «Қазгеофизика» геофизикалық жұмыстар жөніндегі Қазақ өндірістік геологиялық бірлестігінің Іле геофизикалық экспедициясының инженер-геофизигі, аға геофизигі, далалық партиясының бас инженері;

1979-1986 жылдары «Қазгеофизика» ӨГБ Алматы геофизикалық экспедициясының далалық партиясының бастығы, бас геофизигі, бас инженері.

1986-1992 жылдары «Қазгеофизика» ӨГБ Алматы геофизикалық экспедициясының бас геофизигі, бастығы.

1986 жылы Қазақ политехникалық институтының Алматы геофизикалық экспедициясы жанындағы кафедрасының филиалын ашып, басқарады.

1992-1993 жылдары Қазақстан жер қойнауын қорғау және геология министрінің бірінші орынбасары болады.

1993 жылы оның жетекшілігімен «Геология мен геофизиканың қазіргі кездегі мәселелері» ғылыми орталығын құрады, «Нарықтық экономика жағдайларында жер қойнауын пайдалану жүйелерін реттеу мен басқару тұжырымдамасының» авторы мен әзірлеушісі (желтоқсан, 1993 жыл).

1993-1997 жылдары Қазақстан Республикасы жер қойнауын қорғау және геология министрі;

1997 жылы Қазақстан Республикасы энергетика және табиғи ресурстар вице-министрі; Жер қойнауы геологиясы, қорғау және пайдалану жөніндегі комитеттің төрағасы; 

1997 жылдан экология және табиғи ресурстар министрі;

2001-2002 жылдары Атырау облысының әкімі; 

2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті.

2002 жылдан бері Геологиялық ғылымдар институтының директоры. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. 55 басылымның, оның ішінде 7 монографияның авторы.

С. Дәукеевтің еңбектері

Труды С. Даукеева

Минерально-сырьевая база РК на рубеже перехода к рыночной экономике. Минеральные ресурсы Казахстана, А., 1995

Атлас карт. Минеральные ресурсы Казахстана, А., 1996

С. Дәукеевтің мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары

Статьи С. Даукеева опубликованные на страницах периодической печати

 

Дәукеев С. Климаттың өзгеру қатерiне қарсы шұғыл шара қолданбаса, ол әлемдiк апатқа соқтыруы мүмкiн // Атамекен.- 1997. - 24 желтоқсан(N 24). – Б.1.

Дәукеев С. Балқаш көлi ынтымақтастық пен шынайы қамқорлық күтедi: [ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрiмен сұхбат / Әңг. Ж.Нұрғожаев // Атамекен.- 2000.- 6 желтоқсан.- Б.2.

Дәукеев С. Тiршiлiк экологиялық тепе-теңдiкке тәуелдi: [Қазақстан Респ. Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрiмен сұхбат / Әңг. Б.Амалбек] // Егемен Қазақстан.- 2000. - 7 қаңтар

Дәукеев С. Сәтбаев үмiтiн ақтау - парыз: [Ғалым Қ.И.Сәтбаевтың туған күнiне орай] // Егемен Қазақстан.- 2002.- 12 сәуiр.- 3 б.

 

С. Дәукеев туралы

о С. Даукееве

 

Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені=Кто есть Кто=Who is Who 2004-2006 [Текст] : анықтамалық / . - Алматы : Золотой теленок, 2006 - Т. 2. - 996 б.

Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы, 1998,

С.Ж.Дәукеевтi Қазақстан Республикасының Табиғи Ресурстар және айналадағы ортаны қорғау министрi етiп тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы: 1999 ж. 14 қазан // Егемен Қазақстан. - 1999.- 15 қазан

Бақытов Ж.Бiздiң министр: [Қазақстан Респ. Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрi С.Дәукеев туралы] // Атамекен.- 2000.- 16 ақпан.- Б.1.

Қазақстандағы экологиялық жағдайды қалай жақсартуға болады: [Қазақстан Респ. Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрiнiң журналистермен өткiзген баспасөз мәслихаты туралы / "Атамекен-ақпарат"] // Атамекен.- 2000.- 11 мамыр.- Б.1.

С.Ж.Дәукеевтi Атырау облысының әкiмi етiп тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы: 2000 ж. 18 желтоқсан N 514 // Егемен Қазақстан.- 2000.- 19 желтоқсан

Мұқай Ө. Сарыарқада күнде - сайран, күнде думан немесе Дәукеев төркiндеп қайтты: [Көкшетаудағы Атырау облысының күндерi жайында] // Жас Алаш.- 2001.- 29 қараша.- Б.2.

С.Ж.Дәукеевтi Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясның президентi етiп тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы: 2002 ж. 15 сәуiр N 849 // Егемен Қазақстан.- 2002.- 16 сәуiр.- Б. 1.