Известные имена

Матыжанов К. С.

matuganov

 

Матыжанов Кенжехан Слямжанұлы (1957 ж.) - ҚР БҒМ ҒК М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры. Филология ғылымдарының докторы, «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» (2007). Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері.

1957 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін (1978) және аспирантурасын (1985) бітірген.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысында мұғалім болып бастаған. 1986 жылдан Ұлттық Академияның М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері болған. 1990 жылы – «Қазақ фольклорындағы балалар поэзиясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

1990-1992 жылдары – Қазақстан Ғылым Академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінің ғылыми хатшысы, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының доценті.

1992 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппаратының Ішкі саясат бөлімінің аға референті.

1993 жыл – Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Тілдер комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

1995-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық саясат комитетінде мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы, ҚР Үкіметі аппаратында әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің тіл саясаты жөніндегі кеңесшісі, ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің тіл саясатын үйлестіру департаменті директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Тілдерді дамыту департаментінің бөлім бастығы болып жұмыс істеді. Мемлекеттік терминология және ономастика комиссияларының тұрақты мүшесі болды.

1999-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейі директорының ғылым жөніндегі орынбасары, 2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры.

2005 жылдан бастап Алматы қалалық әкімдігінде, Мәдениет департаменті директорының орынбасары, Тілдерді дамыту басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 2010 жылдан бастап Алматы қаласының ішкі саясат басқармасын басқарды.

2012 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2004 жылы «Қазақтың отбасылық ғұрып фольклоры» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» марапаттары бар.

100-ден астам ғылыми және танымал ғылыми мақалалардың авторы. Негізгі еңбектері: «Рухани уыз». Монография (1995, 2008), «Алтын сандық» (1996), «Тал бесіктен жер бесікке дейін» (1996), «Ел қазынасы ескі сөз» (1997), «Қазақтың отбасы фольклоры». Монография (2007).

К. Матыжанов мақалалары

Статьи Матыжанова К.

Матыжанов, К. Біздің бірегей брендіміз / Кенжехан Матыжанов // Егемен Қазақстан. - 2013. - № 35. - 20 ақпан. - 5 б.

Матыжанов К. Біздің бірегей брендіміз [Текст] / Матыжанов К. // Егемен Қазақстан. - 2014. - 20 ақпан. - С. 5 б.

Матыжанов, К. Күнге бет алған керуен [Текст] / Матыжанов К. // Егемен Қазақстан . - 2015.- 13 ақпан (№ 29). - 5

Матыжанов, К. Өз міндеттерін алаңсыз атқаратын болады [Текст] / Матыжанов Кенжехан // Егемен Қазақстан . - 2015.- 28 мамыр (№ 98). - 3

Матыжанов, К. Ұлттық рух энциклопедиясы [Текст] / Матыжанов Кенжехан // Қазақ әдебиеті . - 2016.- 12 - 18 тамыз (№ 30). - 20-21

Матыжанов, К. Ұлттық рух энциклопедиясы [Text] / К. Матыжанов // Қазақ әдебиеті. - 2016. - № 30 (3508). - 12-18 тамыз. - 20-21 б..

"Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық": Озықтан үйрен, тозықтан жирен [Текст] // Түркістан . - 2017.- 12 қазан (№ 41). - 1, 8-9

Матыжанов, К. Фин тағылымы [Текст] / Матыжанов Кенжехан // Егемен Қазақстан . - 2017.- 15 мамыр (№ 90). - 8

***

Матыжанов, К. Педагогическое мастерство: шаги в будущее [Текст] / Образование // Мысль. - 2016. - №10. - С. 7-9.

Матыжанов, К. Служение человечеству [Текст] : [юбилей А. Нурпеисова] / К. Матыжанов // Казахстанская правда. - 2019. - 22 октября. - С. 5

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Матыжанов Кенжехан Слямжанович [Электронный ресурс] [биография] // Международная академия информации : сайт. - Режим доступа : http://academy.kz/kz/normativnye-akty/blogger/listings/matyjanov